Психология/Педагогическая психология

Жанабилова М.А.

№ 123  мектеп-гимназиясының мұғалімі

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

 

 Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

Қазіргі білім беру жүйесі бойынша Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім бағдарламасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі дамытуға, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру мақсаты көзделіп, еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқарылуда. Мұндай өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында нақтылайды.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.

«Технология» дегеніміз не?  Технология – tehne  (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».

        Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған  әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.

Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жобада жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.

Технологияның кезеңдері:

•  Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
•  Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;

•  Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою. Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.

Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсаттар қойылады.

Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар

Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
•  қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.

•  нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)

•  қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.

Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді. Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.

         Сондықтан, үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымынажақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса, оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.

Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі, адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.

Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.

 

Оқыту технологиясының негізгі сатылары:

 

 

 

  Мақсаты:

1.     әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;

2.     денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3.     дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4.     оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

  Ерекшелігі:

1.       таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;

2.       оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;

3.       білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді;

4.       түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру;

5.       үлгермеушілерді анықтау және іріктеу;

6.       олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру;

7.       оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

    Күтілетін нәтиже:

1.     оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және  өзін-өзі жетілдіру;

2.     дарынды балалар болса қушының – зерттеу жұмыстарын дамыту;

3.     мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады;

Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының  бірі –деңгейлік саралау  оқыту педагогикалық технологиясы. Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен  танымдық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.  Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болып отыр.

Білім беру технологияларыбілім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.

Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен, жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге әр бір педагог міндетті.

 

        Əдебиеттер тізімі:

1.     Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999.

2.     Қазақстан РеспубликасыБілім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2000. - №33-34

3.     Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994ж

4.     Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.

5.      Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан мектебі. – 1998.-№11-12, 24-35б.

6.     Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4, -1999.