Психология/Педагогическая
психология
Доцент
Қаженбаева А.Е.
Магистр
Карабаева
Н.Б.
Халел
Досмұхамедов
атындағы
Атырау Мемлекеттік
Университеті.
Қазақстан
Республикасы,
Атырау қ.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
Жаңа білім беру парадигмасына сәйкес қай маман иесі болсын, жұмысты жаңа бастаған маманның негізгі білімі, мамандығына сай икемділігі мен біліктілігі, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарынан, бағалаушылық жағынан хабары болуы тиіс, жаңа өзекті мәселелерді шешуге даяр болуы қажет. Ал мұндай сапалар тек интербелсенді оқыту негізінде қалыптасады.
Интербелсенді оқыту
ең алдымен
білім игеру процесіне
қатысушылардың
тиімді
қарым-қатынасына
негізделеді.
Ағылшын тілінен
келген «интерактив»
сөзі де осы
ұғымды білдіреді:
«inter» дегеніміз
«өзара»
мағынасында,
ал «act»
- «әрекет
жасау» дегенді білдіреді.
Басқаша
айтқанда, «интербелсенді»
дегеніміз
біреумен
тығыз
қарым-қатынаста
болу, онымен
бірлесе
әрекет жасау,
диалог құру.
«Интербелсенді»
оқыту -
диалог
арқылы оқыту,
яғни «оқытушы
– студент»,
«студент –
студент»,
«студент -
өзімен өзі» форматтарында
жасаған
қарым-қатынас
(«әңгіме»,
«сұхбат», «бірлескен
әрекеттер»).
Интербелсенді оқыту
барысында
білім игеру процесін
ұйымдастырудың
артықшылықтары
келесідей:
1) барлық
студенттерге
бірлескен
таным процесіне
белсенді
араласуға
мүмкіндік жасау;
2) әрбір
студенттің
өзінің
үйренгені
мен өз білімі
туралы
түсініктерін
ортаға салып,
бірлесе
талқылап, олар
туралы
ой толғауына
мүмкіндік жасау.
Сонымен, интербелсенді
оқыту бірлесе
үйрену идеяларын
ұстанады. Бірлесе
үйренуде
әрбір
студент
танымның
(оқу, үйренудің)
ортақ
мағынасына
және аяққы
нәтижесіне
өз үлесін
қосып,
басқалармен
өзінің білгенімен,
идеяларымен,
ойларымен
алмасады,
тиімді
нәтижеге (білімге)
қандай бірлескен
оқу
әрекеттері
арқылы жете
алатындығын
анықтайды.
Қазақстандық
зерттеуші
А.Әлімов интербелсенді
оқытудың негізгі
қағидалары
мен
мақсаттарын
төмендегідей
анықтайды [1]:
Интербелсенді оқуды
ұйымдастыру ережелеріне
тоқтала кетсек,
оларды келесі талаптар
арқылы
жүзеге
асыруға болады:
1. Аудиторияны
жұмысқа дайындау.
2. Топқа
бөлу. Студенттерді
4-6 адамнан
тұратын
шағын
топтарға
бөлуге болады.
Алайда
шағын топ
құрамы үнемі
өзгертіліп
отырғаны
дұрыс,
студент кез-келген
командада
жұмыс істей
білуге
дағдыланғаны
жөн деп ойлаймыз.
3.
Мақсаттарды
және
күтілетін
нәтижелерді айқындау.
Тапсырмалардың
нақты болуын
және
студенттердің
бәрінің атсалысуын
қамтамасыз етуге
көңіл бөлуді назардан тыс
қалдырмау керек.
4. Жұмыс ережелерін
қабылдау.
Сабаққа кешікпей
келеміз, кез-келген
пікір құнды,
тұлға емес
жеке пікірлер
сыналады,
нақты
мәселелер талданады,
уақытымызды
қадірлейміз
және т.с.с. ережелерді
қабылдауға болады.
5. Сенім және
жұмыс атмосферасын
қалыптастыру
(ойсергектер
- жағымды
психологиялық
сезім
қалыптастыратын,
логикалық
ойлауға негізделген
тапсырмалар).
6. Барлық
студенттер
жұмысқа
қатысуы керек.
7. Тыңдай
білу:
барлық пікірлер
тыңдалуы керек.
8. Жазбаша
жұмыстар. Жазу
(жазба
жұмыстары) -
ойлаудың
шырқау биігі
болғандықтан,
әртүрлі жазу
тапсырмалары
орындалады.
9. Кері байланыс.
Бүгінгі
сабақтан не
үйрендім?
Жаңа тақырып жайлы
қандай
сұрақтар, ойлар
пайда болды?
Менің
бүгінгі
тақырып бойынша
қандай
ұсынысым, тілегім
бар? сынды
сұрақтарға студенттер
жауап беруге
жағдай
жасауға болады
[2].
Жоғары мектепте өзіміз жиі қолданатын интербелсенді оқытудың
әдістерінің
ерекшеліктеріне
тоқталуды
жөн көрдік.
Жеңілдетілген анықтама. Студенттерге «Жоғары мектеп
педагогикасы пәні» тақырыбын меңгеру барысында техникалық пәндерді жоғары оқу орындарында оқыту ерекшеліктеріне тоқталып, өз мамандықтары бойынша қандайда бір ұғым немесе түсінік таңдауды ұсынудым. 1-2 минут ойланғаннан кейін осы ұғымды 10 және 15 жастағы балаға түсінікті болатындай анықтама немесе түсіндірме беруді өтіндім. Тапсырманы алдымен жұпта, одан кейін топта орындауға болады. Нәтижесінде білім алушылардың өздері педагогика пәнінің орнын анықтауға көмектесті.
Білемін,
білгім келеді, білдім. Дәріс басында
сабақтың
тақырыбы хабарланғаннан
соң, студенттерден
осы тақырып бойынша
бұрыннан не білетіндерін
дәптерлеріне
жазуға тапсырма
беріледі.
Бұл тәсіл
студенттердің
өздері білетіндерін
естеріне
түсіруіне, сонымен
қатар жаңа
тақырыпты
меңгеруге зейіндерін
шоғырландыруға
көмектеседі. Тапсырманы
орындағаннан
кейін не білгісі келетіндері
туралы ойларын жазу барысында
студенттер
болжау
жасауға,
мәселені әртүрлі
қырынан
қарастыруға
үйренеді.
Студенттердің
ойларын
тыңдағаннан кейін
оқытушы
дәрісті ары
қарай
жалғастырады.
Соңынан,
дәріс біткен
кезде
«бүгінгі
дәрістен не білдім?»
сұрағына жауап
береді.
Нәтижесінде
қаншалықты болжамдай
алды,
күтілген
нәтижеге қол жеткізе алды ма,
тағы да
қандай
мәселелерді ескеруге болады екендігін
талдайды.
Галереяны
шарлау. Студенттердің
алдын-ала
дайындаған жұмыстарымен
практикалық
сабақ басында
танысып,
орындалған
жұмыс туралы
пікірлерінжазбаша
қалтыруын немесе ауызша баяндауын
қамтитын интербелсенді
әдіс.Осы
әдісті
қолдану барысында
студенттер
орындалған
жұмыстың жетістіктерін
атап өту
арқылы
бір-бірінің
қызығушылықтарын
арттырып,
әділ
бағалауға
үйренеді, сонымен
қатар ұқсас
жұмыстар орындаудан
бас
тартатындығы
оның тиімділігін
көрсетеді.
Қос жазба
күнделігі. Студенттердің
дәріс
мазмұнына
көңіл аударып, өзінің
қабылдауы
мен түсінуін,
өзінің ойын
жазуға көмектесетін
кестенің
түрі. Дәріс барысында
цитата
(үзінді) және
түсіндірме
(комментарий)
бөлімдерінен
тұратын кестені
толтыру
ұсынылады
Үзінді
бөлімінде ерекше
көңілбөлген негізгі
ұғымдарды, сөз тіркесін
жазып, келесі
бөлімге
келтірілген
сөз тіркесі
немесе ұғым
туралы өз
ойын,
түсінігін,
дәлелдемелерін
жазады.
Осылайша
студент тек
тыңдаушы
ғана емес,
жаңа білімді
игеруде
белсенді
атсалушы
ретінде
қатысуға
жағдай жасалады.
Оңай және
қиын
сұрақтар. Практикалық
сабақта
студенттердің
білім деңгейін,
өздік жұмыстарды
орындау сапасын
анықтау үшін
қолдануға болатын
әдістердің бірі.
Дәстүрлі
сұрақ-жауап
әдісінің орнына
қолдануға болады. Алайда
сұрақты
студенттердің
өздері
құрастырады.
Оңай
сұрақтардың жауабы
олардың
дайындаған
жұмыс
мазмұнында болуы
мүмкін, алайда
қиын
сұрақтардың жауабын
табу үшін
студенттердің
өздері жаңа білім құра алуы керек.
Яғни
танымдық
деңгейдің
жоғары
дәрежесінде
өз
іс-әрекеттерін
ұйымдастыра
алуға үйренуге
мүмкіндік береді.
Аквариум. Білім
алушылардың
қандай да бір
мәселені «көрермендер» немесе
«жұртшылық» алдында
диалог барысында
талдауды
қамтитын
әдіс. Сабақ барысында
студенттерді
шағын
топтарға
бөліп, әр
топқа жеке
тапсырмалар
беріледі.
Осы
топтардың ішінен
оқытушы бір
топты
«аквариум» ретінде
таңдайды. Студенттер
шағын топ ішінде
берілген
мәселелік
жағдайды,
мәселені шешу
жолдарын
талқылайды.
Ал
аудиториядағы
басқа студенттер
осы топты
бақылай алады,
алайда
мәселені шешуге
араласа алмайды,
топтағы
студенттердің
мәселені шешу
барысына,
диалог
құруына назар
аударады.
Бұл әдісті
қолдану арқылы
студенттердің
өз ойларын
дәлелдеуге,
қарым-қатынас
құруға, тіл
табысуға,
мәселені
қалай шешуге
болатынын
және ортақ
мәмлеге
қалай келуге
болатынын
үйренуге
жағдай
жасауға болады.
Шығу
парағы. Сабақ
соңында
оқытушы
студенттердің
жаңа білім бойынша
ойланып,
осы сабақта білгендері
мен
түсінгендерін
тұжырымдайды,
өзінің жаңа білімін
бағалайды,
нақты бір
мәселені шешуде
жаңа білімін
қолдану жолдарын
талдайды.
Яғни, «шығу
парағында» берілетін
бүгінгі
сабақта «не білдім немесе
үйрендім?»,
«Бұл білімді
қалай қолданамын?»,
«Алған білімімді
ары қарай
қалай дамытамын?»,
«Тағы да не білгім
келеді?» сынды
сұрақтарға жауап беруге
талпынады.
Аталған әдіс
әр студентке
сабақта
қалай жұмыс
жасағандығы туралы есеп беруге,
жауапкершіліке,
уақытын бос
өткізбей,
нәтижелі жұмыс
істеуге баулиды.
Қорыта
келе,
студенттің белсенділігін
арттыру
мен оқу
процесінің
нәтижелі болуын
тудыру
үшін келесі
негізгі жолдарды атап
көрсетуге болады:
1)
студенттің
оқу сарынын:
а) ішкі
және б)
сыртқы негіздер
(негіз-ынталар)
арқылы
күшейту;
2)
жаңа
және осыдан
да жоғарғы
мотивация
түрлерін
қалыптастыруға
шарт
туғызу (мысалы,
А. Маслоу ойынша жеке
тұлғалық
қалыптасу
және
тұлғалық
өсуге талпыныс;
В. А.
Сухомлинский
пікірінше
оқу процесінде
өзін-өзі
көрсетуге
және өздік
танымдыққа ұмтылыс);
3) білім мен
іскерліктің
жаңа
түрлерін белсенді
қабылдап,
жүзеге асыруы
мақсатында
студентке
жаңа және
нәтижелі тәсілдерді
ұсыну;
4) бірлескен формалар
мен оқу
тәсілдерін
оның
мазмұнымен
сәйкес келуін
қамтамасыз ету;
5) сабақтарда
уақытты тиімді
пайдалана
отырып,
студенттің
ақыл-ой
жұмысын
қарқындату,
оқытушы мен
студент және
студенттердің
өзара
қарым-қатынастарын
жандандыру;
6) материалды
студенттің
логикалық
анализ және негізгі
мазмұнды
бөліп
көрсетуіне
ғылыми негізді
талдау жасап,
қамтамасыз ету ;
7) студенттердің
мүмкіндігіне
және дара ерекшелігіне
аса мән беріп,
оларды ескеру.
Жоғары
аталып
көрсетілген
әдістердің тиімді
таңдалуы мен
қолданылуы
оқытудың
нәтижелігін
жоғарылатады.
Сонымен интербелсенді
семинар
сабағында
оқытушы интерактивті
әдістерді
қолдану
арқылы
студенттің еркін ойлануына,
ақыл-ойын
дамыуға,
шығармашылық
белсенділігін
арттыруға,
ұжымдық
іс-әрекетке, тіл
байлығын
жетілдіруге,жан-жақты
ізденушілігін
арттыруға
жағдай жасайды.
Ал оқытушы
үшін тиімділігі,
ол түрлі
әдістерді пайдалану
арқылы
сабақтың
мәнін терең
ашуға, аудиторияны
толық
қамтуға, әр
студенттің білім
деңгейін
анықтауға, оларды
ізденіске,шығармашылыққа,
өз бетінше
жұмыс істеуге
және
барлығын
бағалауға болады. Интербелсенді
әдістер білім
алушылардың
өздік және
өзіндік
дамуына,олардың
өз
мүмкіншіліктері
мен ұстанған
құндылықтарын
түсінуге
және бағалауға
жетелейді.
1. Әлімов
А. Интербелсенді
әдістерді
жоғары оқу орындарында
қолдану. Оқу
құралы. –
Алматы, 2009. – 328 бет.
2. Әлімов
А.Қ. Интербелсенді
әдістемені
ЖОО-да
қолдану
мәселелері.
Оқу құралы. –
Алматы, 2013. – 448 бет.
3. Зыкова
Н.М.
Психология
высшей школы.
– А., 2011