Психол.ғ.к.,
доцент Бапаева М.К.
Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫН
ДАМЫТУДЫҢ
Қазіргі
кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың
білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді,
жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың
баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда психология,
педагогика ғылымыдарының өзекті мәселелерінің
бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім
беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып,
шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті,
дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
Білім берудің
жаңа бағытырының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін
алдын ала болжап, оқу барысында студенттердің психологиялық
ерекшеліктерін толық зерделей отырып, студентті толымды тұлға ретінде
қалыптастыруға бағдар тұту.
Студенттер деп жоғары және кәсіби,
арнайы оқу орындарында оқып жүрген
ұл-қыздардың әлеуметтік қоғамдастығын
айтамыз. Бұл әлеуметтік кәсіби категорияның тарих
бетінде пайда болуы XІ-XІІ ғасырларда алғашқы
университеттердің ашылуымен байланысты. Студенттердің негізгі
әрекеті -оқу, яғни
мақсатты түрде жүйелі, тыңғылықты білім
алуға, кәсіби еп-дағдыларды үйренуге ұмтылуы.
Мәселен, Т. Тәжібаев өз еңбегінде:
“Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті
жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі,
өзін басқалардан ажырата
білетін, өзінің кім екенін
түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады [1].
Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта
кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық
тұлға” деп анықтама берсе [2], танымал
қазақстандық ғалым Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке
тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам.
Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен
байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына
байланысты болады”, - деп тұжырымдайды [3].
XX ғасырдағы психолог ғалым
А.Н.Леонтьев: “Менің өмірімде
нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба,
жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты,
қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін,
менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы
қандай …” – деп “мән” мен “мағына”
ұғымдарының мағынасын зерттеген [4].
Бұл
арқылы біз, студенттерге берілген білім мен тәрбиенің
қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап
отыруымыз қажеттігіне мән берілуі тиіс деп ұғынамыз.
Студенттік шақ - жастық шаққа
кезең. Жастық шақ адам өміріндегі көптеген
өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл
кезеңінде физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам
қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты игереді.
Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі -
өзіндік сана сезімімен тұлғалық дамуын айтуға
болады.
И.С. Кон былай деп жазды: «Студент бір жағынан, ол
нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық
жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге
белгілейді. Екінші
жағынан, тұлға индивидтің әлеметтік
қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе
жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген
бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің
жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен
қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным
және қарым-қатынас субъектісінде көреді. Тұлға
- жауапкершілік пен саналылықты өз ішкі қасиеттеріне
сәйкес және құқық пен еркіндікке сай
қолданған адам”, - деп көрсетеді [5].
Студенттердің
негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап
алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке
толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау
және осы бағытындағы тұрақтылық
қасиеті. Егер студент болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса,
ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы
да құштарлығы да жоғары болады.
Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы
туралы мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген
ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу
нәтижелері негізінен студенттердің оқуға деген
ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын
көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттердің
басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда білім деңгейі,
танымдық мотивтері жоғары болады әрі олар мәдениет
мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады.
Жалпы, студенттер тобына тән нәрсе әлеуметтік
белсенділіктің жоғары
деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды
және әлеуметтік толысудың гормониясы. Студенттердің
осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір шәкіртіне
сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде
қабылдауға итермелейді.
Студенттер педагогткалық қарым-қатынаста өз
әрекеттерін өз беттерімен ұйымдастыра алатын ынталы субъект.
Оларды оқытудың негізгі нысаны (формасы) таңбалы-контексті
жүйе болып табылады.
Студенттік шақ - адамның тұлға болып
қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың
алуан түрлі нәрселерге ынта-ықыластарының,
қызығушылықтарының артуы шыңына жетеді,
олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады
(спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларынды және т.б.).
Болашақ қайраткерлер, кәсіп иесі-маман ретінде
студент жастардың әлеуметтену процесі өте
қарқынды өтеді.
Адам
өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам
көп қиыншылық көреді, өйткені бұл
оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен
қажеттілік - адамның белгілі
бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық
әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада
түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы
берілген. Біз студенттердің психологиялық ерекшеліктерін сараптау барысында студенттің білім
алуы үшін ең қажетті үрдіс “түрткі” ұғымын толығырақ қарастыруды жөн
көрдік.
Ал,
түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір
қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі
орындалу барысында адамда қызығушылық пайда болады.
Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге
әсер ететін тұлғаның іштей
құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі
іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта
көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа
ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік
тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді.
Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті
мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас.
Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп
білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке
ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады.
Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал
етеді. Былайша айтқанда түрткіні тұлғаның
мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін
жетекші фактор деп танимыз [6].
Түрткі
- қажеттіліктің өзі емес, оның құралы
және тұлғаның бағдарлайтын жол екендігін мойындап,
мынандай тұжырым жасауды орынды деп білеміз. Түрткі дегеніміз - қажеттілікті өтеудегі
тұлғаның ізденуі, іс-әрекет,
қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт
еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге
іс-әрекет жасауы. Қызығушылық - заттар мен
құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған
адамның біршама тұрақты ерекшелігінің бір
көрінісі. Сөйтіп, адамның қызығуы - асыра зейін
қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойланудан
туындайды [4].
Түрткілер мамандықты таңдап алуға
байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы,
келешек мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән,
әдебиет, спорт т.б.). Бұл әрекетте
оқытушы мен студенттің белгілі мақсатқа ынталануы
қажет. Аталған
мәселе негізінде оқуға деген “түрткі” (мотив) туындауы
керек. [4].
Ал, оқу түрткілері -
бұл білім алушының әрекетіне әсер ететін
әртүрлі бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының
таланттылығы өзі оқитын обьектінің жұмысына
бағытталған болса, онда танымдық түрткілер
жоғарылай түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі
оқуға басқа адамдармен қарым-қатынасында
байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар
әлеуметтік түрткілер де пайда болады.
Түрткілер даму жолдары негізінде
сыртқы және ішкі болып екіге түрлердің бөлінеді.
·
сыртқы
түрткілер -
(танымдық және әлеументтік).
·
ішкі
түрткілер -
(өз мақсатына ынталандыратын және ниет тудыратын).
Сонымен
қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе
түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
1)
Танымдық түрткі:
а) оқушылардың жаңа
білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау
түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны
іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:
2)
Әлеуметтік түрткілер:
а) кең
мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда
белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы
әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және
жолдастарының, құрбы-құрдастарының
арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік
түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара
әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру [6].
В.А.Сластенин тұжырымдауынша түрткі студенттердің оқу-танымдық
іс-әрекетіндегі маңыздылығын атап көрсетеді:
- жеке тұлғаның
қалыптасуының негізі,ол студенттің әрі қарай
дамуының факторы ретінде көрінеді;
-ойлау жүйесін реттеуге әсер
етіп,интеллектуалды белсенділігінің көзі болады;
- танымдық тапсырмаларды
шешуге,ізденуге шығармашылық күш беріп, білім сапасына,
оның тереңдеуіне әсер етеді;
- өздігінен білім алуға
ұмтылушылықтың дамуының ішкі шарты болып табылады [7].
Студенттердің
оқуға деген негізгі екі түрлі мотивтері болады:
· Табысқа
жету;
· Танымдық
мотив.
Танымдық мотив оқу-танымдық
әрекеттің, яғни ойлау іс-әрекетінің негізін
құрайды. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуация
кезінде пайда болады да студенттер мен оқытушылардың қарым-қатынасының
дұрыс жағдайда өрбуіне өсіп, дамиды. Ал, табысқа
жету мотивтері оқыту процесінде танымдық және кәсіби
мотивтерге бағынышты болады.
Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.
В.А.Петровский былай деп жазды: «Бір жағынан, тұлға нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді» [8]. Ғылыми әдебиеттегі студенттердің тұлға ретінде анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, С.Л.Рубинштейн бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған [9].
А.Н. Леонтьевтің пікірінше, жеке
тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы
және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне
ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен
қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі,
тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз
қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың
сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің
алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық
қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі деп
қарастырады [4].
Демек, жеке тұлға өзіне
тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім,
дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі,
қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады.
Студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерінен
қарастырмас
Жоғары оқу
орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар,
кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін
іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық
қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру
арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптасады.
Қоғам талабына сай даму
кезеңінде, ақпараттар
тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр
студент өзінің болашақ ісіне қажетті
өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде
қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Студенттердің психологиялық даму
ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен
қатар өзіндік іс-әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға
мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат
психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын
зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология,
әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина
т.б. ғылымдармен тығыз
байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге
ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің
заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста
зерттеуде әртүрлі ғылыми
жаңалықтар енгізіліп отыр.
Әдебиеттер:
1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. – Алматы, 1961
2.
Алдамұратов Ə. Жалпы
психология. – Алматы, 1996
3.
Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi.
Оқулық. - Өңд., 4-шi бас. - Алматы : Кітап,
2002. - 415 б.
4.
Леонтьев
А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1986
5. Кон И.С.
Психология ранней юности. — М.: Просвещение,
1989 .
6. Божович
Л.И. Проблемы формирования личности. – М., 2001
7. Сластенин
В.А. и др. Педагогика. – М., 2012
8. Петровский
А.В. Психология. – М., 2012
9. Рубинштейн
С.Л. Основы общей психологии. – М., 2011