Психология/Психология развития

«6M050300-Психология» мамандығының

 1-курс магистранты Тоқтар Ділнұр

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Оқыту процесін екі қырынан қарастыруға болады: оперативті және мотивациялы. Оқыту процесінің оперативті қыры білімгерлердің болмысты тануға қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуды қамтиды. Бұл дағдыларды олар дайын схемаларды үйрену арқылы да, өз беттерінше оқу арқылы да меңгере алады. Динамикалық немесе стереотипті құрылымды схемалар деп аталатын бұл үлгілерді Т.Томашевский «систему действий, утвердившихся в субъекте деятельности» немесе «упрочившиеся результаты этих действий, схематичные картины или отражение действительности» деп көрсетеді. Адамзаттың кез келген әрекетіндегі қозғалыс күші, яғни, кез келген оқу түрі оның мотивациялық жағы болып табылады. Мотив организм белсенділігінің мүмкіндігі мен бағытын айқындайтын ішкі шиеленіс күйі ретінде анықталады. Білім берудің тиімділігі оқыту процесінде осындай ішкі шиеленістің көрініс табуына байланысты болады. Сондықтан да дидактикада оқыту процесін ұйымдастыруға белгілі бір оқу жұмысының оқытуда оң мотивтердің көрінуіне ықпал етуі тұрғысынан ерекше мән беріледі. 

Мотивация құрылымын зерттеу үшін Б.И. Додоновтың төрт құрылым компоненттерін бөліп көрсетуі орынды болды: тұлғаға мәжбүрлік қысым көрсетіп, іс әрекет үшін марапаттап «мотивациялық» күш, іс әрекет нәтижесінің тұлғаға маңыздылығы, іс әрекеттен қанағаттану. Бірінші құрылымдық компонент шартты түрде мотивациялық құрауыштары бар  «гедоникалық» деп атадық, ал қалған үшеуін оныңқұрауыштары болып табылады. Бірінші және екінші компонент іс әрекетке іштей қатынас болып табылатын іс әрекетте бағдарлану (оныңүдерісі мен нәтижесі), бағыттылығын анықтайды, ал үшінші және төртінші компонент ықпал етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қолайлы және қолайсыз қатынас) сипаттайды. Дж. Аткисон бойынша жазалаудан қашатын, марапаттау ретінде анықталатын соңғы екі компонент мотивацияның мақсатқа жету компоненттері болып табылады. Мотивацияны құрауыштардың осындай компоненттері оқу іс- әрекеті құрылымымен сәйкес келуі өте тиімді болып шықты. Мотивацияны және оныңқұрылымдықұйымдастырылуын түсіндіру адамның негізгі қажеттіліктері терминдерімен түсіндіріледі (Х. Мюррей, А. Маслоу, Дж. Аткинсон және т.б.) [1]

Мотивация мәселесі отандық және де шетел психологиясында ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Х. Хеккаузеннің «психологиялық зерттеу аймағында осы мотивация мәселесі сияқты кең әрі жан-жақты мәселе табылмас» деген [2]. Бұл мәселені зерттеп, сырын ашуға адамзат баласының көптеген ғалымдарын толғандырған. Өткен ғасырлардың ұлы ғалымдары Р.Вудвортс, З.Фрейд пен У.Макдугалл, А.Н.Леонтьев және т.б. қарастырған.

Бірқатар педагогтар А.К. Маркова, А.Т. Матис, Ю.Б. Орлов, М.В. Матюшкина оқу іс-әрекетінің мотивациясын ерекшеліктерін зерттеуге үлкен үлестерін қосты. Мотивация мәселесі әдістемелік және теориялық жағынан қарағанда өте маңызды болып саналады. Оқу мотивіне танымдық қызығушылық, мақсат, қажеттілік, эмоция, осы сияқты көптеген жағдайлар жатады.

Оқу іс-әрекетінің мотивациясына тәрбиелеу – оқытушың, топ жетекшісінің бірлесе атқаратын кешенді мәселесі болып табылады.

Оқу мотивациясын екі үлкен категорияға бөлуге болады: Оның біріншісі – оқу әрекетінің мазмұнымен және оны орындау процесімен байланысты болса, ал екіншісі – адамдардың қоршаған ортамен кең көлемдегі қатынасымен байланысты. Алғашқысына танымдық қызығушылық, зияткерлік белсенділікке ұмтылушылық және жаңа шеберлікті, дағды мен білімді меңгеру жатады [3].

Тұлға мотивациясын қарастырған (тұлға қажеттілігі терминдерінде) алғашқы зерттеушілердің бірі, өзімізге белгілі, Х. Мюррейдің (1938) жұмысы болып табылды. Мінез құлықтың қозғаушы күштерін қарастырушы авторлардың көпшілігі негізгі төрт қажеттілікті атап көрсетті: жетістікке жетуге қажеттілік, басымдық танытуға қажеттілік, дербестілікке қажеттілігі, аффиляцияға қажеттілік.  Бұл қажеттілітерді М. Аргайл (1967) кең контексте қарастырды. Ол жалпы мотивация (қажеттіліктер)  құрылымына:

1.  әлеуметтік ықпалдасуды (суға, тамаққа, ақшаға биологиялыққажеттіліктер) тудыруы мүмкін әлеуметтік қажеттіліктерді емес;

2.  беделді, қолында билігі бар адамдардан көмекке, қорғауды, жетекшілік етуіне, тәуелділікке қажеттілік;

3.  аффилияцияға қажеттілік: басқа адамдардың ортасында, достыққарым- қатынаста, топпен, құрдастарының арасында болуға ұмтылу;

4.  басымдық танытуға қажеттілік; көп сөйлеп, шешім қабылдауға рұхсат берілген басқа адамдар немесе топта сені көшбасшы ретінде қабылдау;

5.  сексуальдыққажеттілік, бір жыныс өкіліімен тартымды келесі бір жыныс өкілімен достық және интимді әлеуметтік өзара ықпалдасу, физикалық жақындық;

6.  агрессияға қажеттілік, физикалық және вербальды зиян келтіру;

7.  өзінің адамгершілік қасеиттерін сезінуге қажеттілік (self-esteem), өзін өзі идентификациялау, өзін маңызды тұлға ретінде сезінуді жатқызды.

О.В. Виштак  көптеген зерттеушілердің пікірлеріне сүйене, өз ойын: «жас жеткіншіктердің жоғарғы оқу орнын таңдауы – олардың кәсіби анықталуы,  белгілі бір өмір сүру тәсілін таңадауы мен болашақ тағдырларын анықтауда ерекше әсерін тигізетін маңызды кезең» деп қорытқан. Ғалымдардың пікірінше, талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсуіне түрлі мотивтер негіз, солардың бірі соңғы уақыттағы елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді атауға болады. Дегенмен қоғамдықөзгерістерден тәуелсіз тұрақты көрініс табатын мотивтерді де атап өтуге болады.

Зерттеуші Е.П. Ильин пікірінше, жоғарғы оқу орнына түсудің негізгі  мотивтеріне: түлектің, студент жастардың ортасында болу қалауы;  қоғамға қажетті маман болғысы келуі; кәсіп немесе талапкер таңдаған мамандықтың оның жеке қызығушылықтарына сәйкескелуі [4].

Студенттердің арасында оқу әрекетінің мотивациясын арттыру – қазіргі білім берудің негізгі проблемаларының бірі. Бұл проблема түрлі әлеуметтік себептерге негізделген: отандық педагогикалық дәстүрден ауытқушылық, акселерация процесінің нәтижесі (адамның физикалық жетілуі шапшаңдап, физикалық даму мен әлеуметтік толығу арасында едәуір айырмашылық пайда болды); білім беру жүйесіндегі басымдықтардың өзгеруі. Ақпараттар көлемінің тым артуы қазіргі қоғамды білімгерлердің практикалық қолданбалы білімін арттыру және жаңа ғылыми пәндер мен жаңалықтарды меңгеруі үшін гуманитарлық білімді қысқартуға негіз болды. Бүгінгі білім жүйесінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер кейінге ығыстырылып, техникалық, жаңа инновациялық, нанолабораториялық пәндер жетекші орындарға ие болып отыр. Алайда, қоғамның ізгілігін, адамгершілігін, тәрбиелігін арттыру мен жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға деген қажеттілік бізді білім берудегі дегуманизацияны және соның нәтижесінде пайда болған жеке адамның, тіпті жалпы қоғамның құлдилауы сияқты күрделі проблемаларды шешуге мәжбүрлеуде. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесіндегі гуманитарлық талаптарды қайта қарап, оны жетілдіру керек. Бұл проблемаларды толық, кешенді шешу педагогтердің, әлеуметтік қызметкерлердің, отбасы мен психологтардың өзара тығыз ынтымақтастықтағы жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Бүгінгі жастардың білімге деген қызығушылығын ояту, оларды оқуға мәжбүрлеу, үйрету, бір қарағанда оңай болғанмен, қоғам алдында тұрған – ең қиын міндеттердің бірі. Әлемдік дүниетанымды, ұлттық құндылықтарды, ізгілік мұраттарды, рухани қажеттіліктерді білмей тұрып, толық білімді болудың мүмкін емесін жастар саналы түрде түсінуге тиіс. 

Студенттердің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мотивтерді үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) танымдық мотивтер; 2) әлеуметтік мотивтер.

Танымдық мотивтер өз ішінен бірнеше шағын топтарға бөлінеді: 1) кең ауқымды танымдық мотивтер; 2) оқу-танымдық мотивтер; 3) өзін-өзі дамыту мотивтері.

Ал әлеуметтік мотивтердің түрлері мынадай болады: 1) кең ауқымды әлеуметтік мотивтер; 2) тар ауқымды әлеуметтік мотивтер немесе позиционды мотивтер; 3) әлеуметтік тұрғыдан бірлесіп еңбек ету мотиві.

Аталған мотив түрлерінің қалыптасуы келесі кезеңдерді қамтиды: дағдылы мотивтердің актуализациялануы, осы мотивтер негізінде жаңа мақсаттардың пайда болуы, мақсатқа жету барысында мотивтің бекуі және соның негізінде жаңа мотивтердің шығуы, әр түрлі мотивтер иерархияның құрылуы, бірқатар мотивтерде жаңа қаситтердің пайда болуы т.б.

Мотивтердің сапасы оқу іс-әрекетінің спипатына байланысты мазмұнды және тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты динамикалық болады [5].

Студенттердің оқу мотивтері олардың бағыттылығына және дәрежесіне байланысты; мотивациялық аймақтың иерархиясына байланысты; жеке мотивтердің өзара келісімділігі мен үйлесімділігі бойынша; мотивтердің тұрақтылығына байланысты; мотивтердің әрекеттері мен олардың мінез-құлыққа тигізетін әсері бойынша сипатталады.

Мотив формаларының ерешкеліктері мотивтердің динамикалық сипатын құрайды. Оларды жекелеп, айқындалық.

1. Алғашқы немесе маңызды ерекшеліктердің бірі – мотив тұрақтылығы. Мен студенттер үшін құнды мотивтердің тұрақты болып қалыптасуы аса маңызды деп санаймын.

2. Мотивтердің көріну формасының екінші ерекшелігі – оның эмоциональдік бейнесі, модальдігі. Психологтар оқу мотивациясының жағымды және жағымсыз жақтары туралы сөз қозғайды. Жағымсыз мотивация студенттердің оқу үрдісінде жауапсыздық танытуға кезінде саналы түрде пайда болатын жағдай (ескерту, төменгі бағалар, берілетін сөгіс, уайымдау, т.б.) арқылы көрінеді. Жағымды мотивация – студенттің оқу еңбегінде жеткен жетістіктері мен, жаңа білімді меңгерімен, қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуымен байланысты.

Мотивациялық аймақтың дамуы ешқашан тоқтамайды. Жүргізілген зерттеулер оқу мотивтерінің студенттік шақта толассыз өзгеріске ұшырайтынын көрсетеді. Өзін-өзі дамыту мотивтері өмір бойы адамның кәсіби іс-әрекеті барысында дамып, жетіліп отырады. Ересек адамның мотивациялық аймағының қалыптасуы - өзін-өзі тәрбиелеудің міндеті ретінде көрініс табады [6]. Мотивтер мәселесі күрделі және жан-жақты. Мотив ұғымы, мотивтердің түрлері, студенттердің оқу мотивтері қарастырылды. Көптеген сұрақтар мен аспектілер әлі тереңдете зерттеуді қажет етеді.

 

Әдебиеттер:

1.   Якобсон П.М. Психологические проблемы мотивации поведения человека. –М., 1969.

2.   Мартынова Т.Н. Особенности системы ценностных ориентация студентов с различной мотивацией выбора исследования / Т.Н. Мартынова // Социс. – 2004. – №3. – С. 27–31.

3.   Маркова А.К. Психология профессионализма. М., 1996.

4.   Асеев В.Г. Проблема мотивации и личности // Теоретические проблемы психологии личности. М., 1974. – С.122-130.

5.   Джакупов С.М. Мотивационное обеспечение учебной деятельности студентов в условиях дистанционного образования // Вестн. КазНУ. — Серия психологии и социологии. — 2003. — № 2 (11). — С. 17–23.

6.   Дубовицкая Т.Д. Методика диагностики направленности учебной мотиваций. Психологическая наука и образование, 2002. - № 2.