Автомобильдерді автоматты түрде іске қосу
Кдырбаева А.К, Исмаилов А.О
Қостанай мемлекеттік университеті
Инжекторлы қозғалтқыштар пайда
болғаннан бастап автоматты түрде іске қосылуы бар
сигнализация танымалдылыққа ие бола бастады. Автоматты түрде
іске қосуы бар сигнализацияның алғашқы моделі
қарапайым және радиоарна бойынша, салпыншақ
бұйрығы арқылы іске қосудың бір
нұсқасын ғана орындаған. «Шарт бойынша»
қозғалтқышты іске қосу мүмкіндігі уақыт
өткелі пайда болды. Қазір автоматты түрде іске қосуы
бар сигнализацияда таймер, оятқыш, температура, радиоарна бойынша
салпыншақтың командасы, ұялы телефон арқылы SMS-командасы, web-интерфейс арқылы
және басқа да автоматты түрде іске қосу
нұсқалары бар.
Автоматты
түрде іске қосу. Автосигнализация
функциясы тек қыз мезгілінде емес, сонымен қатар жаз мезгілінде
пайдалы екенін атап өту керек. Күннің ыстығында
көліктен шықпас бұрын қажетті температураны
таңдап, климат-бақылау жүйесін қосулы
қалдыруға немесе кондиционерді, қыс мезгілінде
орындықты жылыту және сигнализацияны «күзет» режимінде
қалдыруға болады. Жолға шығар алдында
қашықтықтан қозғалтқышты іске қосу
командасы сигнализациясын беру керек. Таңғы шаруаларды бітіріп
шыққанша, қозғалқыш жылынып, климат-бақылау
жүйесі жұмыс жасап тұрады. Бірнеше минуттан кейін
көлігіңізге отырасыз, қозғалтқыш жылыған,
климаты жақсы, жазда-ыстық емес, қыста-салқын емес,
бірден жолға шығуға болады. Қыста терезені
қардан, мұздан жиі тазалап тұрамыз. Байқасақ,
жылынған көлікте қар өзі сырғып түседі, ал
мұз болса, жай ғана терезе тазалағышпен бір сүртіп
өтсе, дым болмағандай болады. Яғни, бұл күніне
бірнеше рет көлікті тазалауға кеткен уақытты
үнемдейміз. Күнделікті көлікті пайдалану барысында, шамамен
үш минут таңертен жұмысқа шығар алдында, кешке
үйге қайтар кезінде тағы да екі минуттан десек,
барлығы: күніне 5 минут, шамамен айына екі сағат, шамамен
жылына бір тәулік біз қозғалтқыштың жылынуын
және көлік салоны ыңғайлы болуы үшін
жұмсаймыз [1].
Қазіргі
таңда. Уақыт қазір жоғары бағаланып
келеді, біз уақытты үнемдеуді, барлық оқиғаларды,
айналамызды оңтайландырып, уақыттың бекер өтпеуін
қадағалаймыз. Мысалы ақпаратты жеткізу үшін, бұрынғыдай
поштаға жүгірмейміз. Барлық ақпараттарды
электрондық түрде жібереміз, бұл уақытты, күшті
және құралдарды үнемдейді. Уақытты
оңтайландыруға ұмтылу қоғамның ойын
түбегейлі өзгертті, ешкім уақытты көп кетіретін ескі
тиімсіз технологиларды қолданғылары келмейді. Автоматты
түрде іске қосу – бұл осы
күн! Тіс қаққан әуесқой автомобильшілер,
автоматты іске қосуы бар сигнализацияны қолданып
жүргендердің балығы, өздерінің келесі автомобильдерін бұл керемет функциясыз елестете
алмайды.
Қарап шығу
модульдері. Кейін жетекші авто концерндер автомобильдерді
штатты айдап кетуге қарсы жүйесімен жабдықтай бастады,
бұл тек «туған кілті» болғанда ғана, тұтатуды
қосқан кезде ғана
қозғалтқышты іске қосу рұқсат береді.
Ақырында штатты иммобилайзер қарап шығу модульдері пайда болды, себебі автоматты түрде іске
қосу көптеген
сервистердің арасында нарықта өз орынын ала білді. Автоматты
түрде іске қосу функциясын іске асыру үшін арнайы
дүкенде немесе ресми дилерде штатты кілттің дайын күйін тапысырыс
беріліп, ол кілтті кесіп, машинаға жаздыртып, және соңында
штатты иммобилайзер қарап шығу модуліне орнату керек. Осы
қадамдарды орындаған соң, автоматты түрде іске
қосу іске асырылатын. Сонымен қатар төмен температурада
автоматты түре іске қосуда мәселелер туындады. Аязды
күні, автоматты түрде іске қосу өте қажет
кезінде, көліктердік кейбір маркаларында, қарап шығу
модулінде чипі бар сұлба тұрақты жұмыс жасамады.
Жаңадан шыққан штатты айдап кетуге қарсы жүйелер
күрделенген және штатты қарап шығу иммобилайзер
үшін алдындары қолданылып жүрген сұлба енді кейбір
көліктерде маңызды емес [2].
Сақтандыру компаниялары. Автомобильдерді айдап кету
транспорт құралдарының иелерін әр күні мазалайтын
мәселенін бірі болып табылады. Қазіргі таңда өз
көлігін «күзетсіз» және сақтандырусыз елестете алатын
адамдар жоқтың қасы. Көптеген сақтандыру
компаниялар, айдап кету кезінде күзету жүйесінің барлық
штатты кілтін және салпыншақты талап етеді. Бұл талап автоматты
іске қосу мен сигнализацияны бірге орнатуды қалайтындар саны азайтылды,
себебі сақтандыру компаниясы авто-қосуды іске асыруға
рұқсат бермейді, немесе рұқсат етеді, бірақ
сақтандыру премиясы үлкейіп және авто-қосу
арзанға шығатын болады[3]. Бәріне кедергі автомобиль
салонындағы штатты иммобилайзер қарап шығу модуліндегі штатты
кілт. Сақтандыру компаниясы осы кілтпен автомобильді айдап кетуге
қолдануға болады деп тұжырымдайды. Бірақ бұл
тұжырымдама қате және тек бірнеше жағдайларда
ғана дұрыс болуы мүмкін. Мысалы, автожүргізуші «күзеттен» үнемдейміз деп,
күзеттік және айдап кетуге қарсы жүйелердің ескі
түрлерін, орнататын маманды және орнататын жерді қате
таңдайды. Бұл
үнемдеулер көптеген мәселелер тудыртады. Қате
орнатылған құрылғы, кате комплекттелген көліктегі кілт, тіпті тәжірибесі
жоқ ұрыларға оп-оңай беріледі. Бұл жағдайдың
негізі автожүргізушілердің бірнеше қателіктерінен болады. Тек сапалы қызмет көрсететін
жергелерге барған жөн. Ол үшін ғаламторда «айдап
кетуден қорғау» атты форумдар көптеп кездеседі.
Болашаққа бір қадам. Автомобильдердегі
жаңашыл штатты айдап кетуден қорғау жүйелері мен
жоғарыда аталған манипуляциялар және авто-қосу
функциясын іске асыруда тудыртатын қиындықтар, Fortin Electronic Systems канадалық
компанияның жетекші инженерлері авто-қосу функциясының
орындалуының жаңа нұсқасын өндірген. Қазіргі таңда CAN-интерфейсі бар универсалды
штатты иммобилайзер қарап шығу модульдерінің түр-түрі
қолданысқа ие. Олар ортақ FORTIN атауымен аталады, кілтсіз
қарап шығу штатты иммобилайзері. Бұл класстың негізгі
айырмашылығы оның сенімділігінде, пайдалаушыларға
қауіпсіз және орнатушы мамандар үшін
қарапайымдылығы. Шартты түрде, ФОРТИН
құрылғысы "Plug&Play"
құрылғысына ұқсас сипаттауға болады.
Алдымен қосамыз, бағдарламалау батырмасын басып тұрамыз,
сосын құрылғы жұмысқа дайын болады. Блок өзін
орнатқан «көлікті» автоматты түрде анықтайды,
және штатты СAN-шинасымен байланыстыру үшін қажетті хаттаманы
таңдайды. Бағдарламалаудан кейін FORTIN жүйесі бір
бүтінге айналып және көлікте «туған» құрылғысы ретінде
қабылданады. Нәтижесінде, бізге кілтке тапсырыс беріп, қосымша
кілтті немесе чипті кесіп, қосымша
кілтті тіркеп, қарап шығу модуліне кілтті орнатып және
авто-қосу мүмкіндігі болу үшін аннтена шеңберін іске
қосу құлпын ілудің қажеті болмайды. Сақтандыру
құны бұл жағдайда ұлғаймайды, себебі кілт
немесе чиптің бетбелгісі жасалмайды. Автомобильдің айдап кетуден
қорғау қасиеті жоғары деңгейде қалады,
штатты айдап кетуден қорғау жүйесі бұрынғыша
жұмыс жасайды, рөл бұғатталған, іске қосу
құлпында аннтена сақинасы жоқ. Чиптің
болмағаны - айдап кетудің мүмкін болмауы. ФОРТИН
жабдығы әртүрлі нұсқада авто-қосудың
интеллектуалды алгоритмін қамтамасыз етеді және дұрыс
күзету комплекстің айдап кетуден қорғау комплексіне
әсер етпейді. Дұрыс күзету комплексі дегеніміз сапары
орнатылған, бір-бірінен тәуелсіз
заманауи күзеттік және диалогты коды бар айдап кетуден
қорғау жүйелері, құлптар және GPS/ГЛОНАСС
маяктар және мониторинг жүйелері [4].
ФОРТИН модули
Канададан шыққан, ол жақта аса ылғалды және
температураның күрт төменддеулері байкалады. Фортин Электроник
Системс инженерлері жабдықты аса мықты етіп жасаған. ФОРТИН
модули әртүрлі ауа райында жұмыс жасай береді. Ал,
авто-қосу функциясын қолданып көрмегендерге айтарым,
бұл фунцияны бір рет қолданғаннан-ақ сізге унайды,
әрі барлық отбасыныздың көліктеріне орнату ойы пайда
болатынына сенімдімін.
Автоматты
түрде іске қосу нұсқалары. Нарықта
авто-қосу функциясының бірнеше әртүрлі
нұсқалары бар, көптеген электронды күзету
жүйелері ұсынылған. Алдындары біз салпыншақ
арқылы арақашықтықта көлікті іске қосатын
болсақ, ал қазір біз көлікті жыл бойы пайдалануда
өзімізге ыңғайлы етіп нұсқаларды таңдап,
біріктіре аламыз.
Қозғалтқышты
арақашықтықта іске қосу.
Бұл салпыншақ арқылы күзет жүйесіндегі команда
бойынша қозғалтқышты іске қосу функциясы
классикалық үлгіде болса да, сонғы жиырма жылдай
уақытта өзгерген. Бұл прогресс бізге компьютер, ұялы
телефонды және интернетті алып келген, сонымен қатар автомобильдерді
де атап өтпеуге болмайды. Жеке және корпоративті клиенттерге
арналған GPS-GSM мониторинг және әртүрлі
конфигурацияларды басқару жүйелері пайда болды. Осы мониторинг
жүйесінің кейбіреулері авто-қосу функциясын қамтамыз
ете алады. Салпыншақ арқылы
жіберілетін команданы, енді SMS-хабарлама арқылы да жіберуге болатын
мүмкіндік пайда болды. Сонымен қатар, интернетке
қосылған компьютер, планшет немесе смартфон, web –интерфейсі
арқылы да қозғалтқышты іске қосуға болады.
Осы жерде «Осыншама көп нұсқалардың қажеті не?»
деген сұрақ туындайы. Мүмкіндік- бұл біз көп
мән бере бермейтін, алайда маңызды ұғым болып табылады.
Себебі осы мүмкіндік біздің алдымызға қойылған
мақсатты, құралдарды, біздің жетістігімізді және
біздің жайлылығымызды анықтайды. Автосигнализациядағы салпыншақтың
үлкен қашықтықта жұмыс істейді деген тұжырымдамаға
қарамастан, біз қала жағдайында салпыншақ арқылы
автосигнализацияны басқаруда кейде бірнеше мәселелерге
жолығамыз. Тұрақсыз байланыстың себептері
әртүрлі болуы мүмкін. Қалада көптеген
радиокедергілер көздері өте көп. Теле-радио станцияларынан
бастап, банктердің офистарымен және басқа да арнайы
қызметтерді атап өтуге болады. Сонымен қатар салпыншақ
пен автосигнализацияның арасындағы ғимараттардың
әсері бар. Сондықтан салпыншақ арқылы
автосигнализацияны басқару кей кездері сәтсіз аяқталады, немесе
бір дегеннен қосымауы мүмкін. Мүмкіндіктеріне оралсақ.
Автокөлікте GSM жүйесі болғанда,
қозғалтықшы SMS-арқылы, телефон, смартон, компьютерлер арқылы іске қосуға
болатынын білеміз және әркім қолданылып жүр деген ойдамын.
Мүмкіндік
- бұл жайлылықтың негізін құраушысы. Бұл
мүмкіндіктің барына, далада қатты аяз күндері
және керісінше қатты ыстық күндері риза боласын. Яғни,
біз команданы береміз, машина жылынған, климат нормада, бекер уақыт
өткізбей, жолға шыға беруге болады.
Автоматты
іске қосу ол арақашықтықта іске қосу функциясын
арқашан толықтырады. Алайда, автоматты іске қосу мәнін
төмендетуге болмайды, себебі ол белгілі бір жағдайларда негізгі
рөлді атқарады. Автоматты іске қосуды көбінесе
солтүстік аймақтың тұрғындары пайдаланған,
себебі бұрындары қатта аяз күндері жүргізушілер
қозғалтқыштарын түнімен қосулы қалдыратын. Арасында
температура -30 градуска дейін төмендейді, түнде қатып, май
қоюланып, аккумулятор қатып және қозғалтқыш
кез келген машинада қосыла бермейтін, моторды іске қосу үшін
бірнеше қиындықтар болған. Немесе
қозғалтқышты автоматты қыздыруды
қолданғанда бұндай мәселе туындамас еді. Автоматты іске
қосуда көптеген шарттар және параметрлер бар. Берілген
контекстте қолданушыға аса маңыздыларын
қарастырайық. Автоқосуда қосу шарттары, жылыту
уақыты және жылыту периоды бар. Мысалы, еліміздің
солтүстігінде күн аяз, бірақ ауа райы тұрақты.
Бұл жерлерде таймер бойынша жылыту функциясын қолдануға
болады. Жүйеде жылыту уақытын және периодын орнатады.
Күз, көктемде, мысалы бірнеше минут жылытса да болады, ал
қыста мәнін үлкейтуге болады. Ал жылыту периодын
қысқы периодқа қосуға болады. Қатты аяз
күндері жылыту уақытын
улейтіп, периодын азайтуға болады. Оятқыш бойынша іске
қосу функциясын қолдануға болады, сонда тек белігілі
уақыт кезінде ғана жылыту орындалады. Бұл функция
уақытқа байланған адамдарға өте
ыңғайлы. Мысалы, әркүні балаларды
балабақшаға немесе мектепке, әдетте сағат 8-де апару
керек. Оятқыш бойынша іске қосу уақытты да
үнемдейді. Ал ауа райы
тұрақсыз өңірлерде температура бойынша қыздыру функциясын
пайдаланған жөн. Жүйеге температура өлшегіш
құрылғы орнатылған, біз белгілі бір температура
болғанда жылытқышты автоматты түрде қосуды шартты
түрде орнатуға болады.
Қорытындылай
келе, Фортин жабдығын қолданумен, көлікті
автоматты түрде қосу әртүрлі ауа райында, тіпті
төменгі температурада көлікті бірден қолдануға
көмегін тигізеді. Күзеттік комплекстегі және штатты
жүйедегі айдап кетуден қорғау қасиеті жоғары
деңгейде жұмыс істейді және барлық жүйелер
тұрақты қызмет етеді. Қосымша штатты кілтті алу және
жазу үшін артық шығын да кетпейді. Сақтандыру
қымбатқа түспейді. Автожүргізуші уақытын,
қаржысын үнемдейді, максималды жайлылықты және
жылынған автомобильді алады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Золотниций В. Определние и устранение неисправности
своими силами в автомобиле: АСТ,Астрель, 2007
3. Автомобильный справочник Bosch. Изд. 2-е,
перераб. и доп. - М.: За Рулем,2002.
4. Агунов А. В. Схемотехника
систем автоматизации: Учебное пособие Издательство: СПбМТУ, 2005