Жаратылыстану
ғылымдары
Сағындықова
Айнұр Ибрагимқызы аға оқытушы
Ибадилдаева Асима
Иранқызы оқытушы
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық активті заттары
Дәрілік
өсімдіктердің құрамында көптеген
биологиялық әсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді емдік
мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организміне еніп,
әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызады.
Өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық
әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты.
Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық
әсерлі заттардың тобына алкалоидтар, гликозидтер, эфир майлары,
сапониндер, илік заттары, витаминдер, органикалық қышқылдар
тағы басқа да көптеген заттар кіреді.
Алкалоидтар -
табиғаттағы күрделі азотты заттар. Бұлар
өсімдіктерге тұздар немесе олардың негізі түрінде
болады. Бұл заттың аты араб сөзі «алкали»- сілті және
грек сөзі «ейдос» - сияқты деген екі сөзден тұрады.
Алкалоидтардың фармакологиялық қасиеттері алуан түрлі
және әсерлі. Сондықтан болу керек, алкалоидты препараттармен
емдеу көбіне нәтижелі аяқталады. Елімізде өсетін
көптеген өсімдіктерден алынатын алкалоид мөлшері
өсімдіктер өсетін жердің табиғат жағдайына,
оларды жинау мен кептіру мерзіміне байланысты. Өсімдіктердегі алкалоидтар
мөлшері 2-3 пайыздан болады. Алкалоидтардың әсіресе,
орталық нерв жүйесіне тигізетін физиологиялық әсері
өте күшті. Оларды жоғары мөлшерде
қолданғанда улану қаупі туады да, ал аз мөлшерде
әсерлі емдік қасиеті болады.
Гликозидтер молекулалары
қанттан (гликон) және қантсыз (агликон), азотсыз заттардан
тұратын топтарға жатады. Сақтау кезінде гликозидтер
ферменттердің және сыртқы әсерлерден
бұзылысқа түседі. Сондықтан жиналған
өсімдікті дереу кептіріп, ал сақталған уақытта
дымқылданбағаны жөн. Өйткені ферменттер
құрғақ өсімдікте өз әсерін
жүргізе алмайды. Гликозидтердің бір тобы жүрек ауруларын
емдеуге пайдаланылады.
Олар
өте улы. Дегенмен жүрек ауруларын емдеуге бұл
гликозидтердің аз мөлшерінен жасалған препараттар өте
пайдалы. Гликозидтердің ащы түрлері асқазанның ас
қорыту жұмысын жақсартуға қолданылады.
Гликозидтердің бір түрі - сапониндер. Олар
өсімдіктердің 70-тен астам тұқымдастарында сапониндер
көп болады. Бұлар қақырық түсіруді
жеңілдетуге, зәр, өт айдауға керекті препараттардан
дайындауға пайдаланылады. Соңғы жылдары флавоноидты
гликозидтер бактерицидтік препараттар алуға және радиактивтік
заттарды организмнен шығаруға қолданылып жүр.
Эфир майлары
-
өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде
кездесетін күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Эфир майы
өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі. Бұл
өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол
өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне
және ауа-райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Эфир майы, әсіресе әртүрлі микробтармен, вирустармен
күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар,
жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін,
асқазан - ішек қызметін жақсартуға және
қақырық түсіруге мүмкіндік туғазады.
Өсімдіктерден
алынатын илік заттар - танидтер тобына жататын көп атомды фенолдар.
Оларды илік заттар деп атайды. Бұл илік заттар ішек,
асқазан ауруларын емдеуге бактерицидтік препарат ретінде жиі
қолданады. Сонымен бірге алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен
уланғанда қолданады.
Химиялық
құрамы жағынан эфир майына өте жақын,
өсімдіктерге кездесетін заттардың бірі смолалар. Қою,
қолға жабысатын аромат иісті, әртүрлі күрделі
қосылыстардан тұратын зат. Смоланың ұзақ
уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды. Смоланың
бактерицидтік қасиеті өте күшті.
Дәрумендер
– организм тіршілігіне өте қажетті
органикалық зат. Оның аз ғана мөлшерінің
өзі адам, жан-жануар тіршілігінің өсіп-жетілуіне
мүмкіндік туғызады. Организмдегі зат алмасуда ақуыз,
көмірсу, май секілді тағамдық заттарды сіңіру процесін реттеуде өте үлкен
қызмет атқарады. Дәрумен жетіспеген уақытта
организмдегі зат алмасу процесі бұзылып, жалпы мүшелер
функцияларының жұмыс істеу қабілеттілігі нашарлайды.
Қазіргі уақытта табиғатта дәрумендердің
көптеген түрлері бар. Олардың көбі осы дәрілік
өсімдіктерге кездеседі. Бұлардан басқа өсімдік
құрамында қызғылт сары түсті каротин (А провитамині),
фитонцидтер (микроорганизмдерді жоюға әсерлі), кверцетин (сары
түсті) сияқты заттар бар.
Дәрілік
өсімдіктердің құрамындағы әсерлі
заттардың тағы бір тобы-микроэлементтер. Бұлардың
қатарына жататындар - калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор, йод
т.б. Тек теңіз капустасының өзінде ғана 59-дан астам
осындай элементтер бар. Бұл микроэлементтер адам организміне
өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта
әртүрлі ауру процестерін тоқтатуға көмектеседі.
Мысалы, кәдімгі қияр шырынындағы калий қан
қысымын реттеуге, ал бақбақ шырынындағы магний
сүйекті беріктендіруге әсерлі.
Фитонцидтер -
микроорганизмдерді құртуға ыкдал ететін қорғаныш
химиялық құрамы жағынан әртүрлі,
олардың ішінде патогендік микроорганизмдерге қашықтан
әсер ететін ұшпа фракциясы және ұласа әсер ететін
ұшпайтын ұлпа шырындары бар. Ұшпа фитонцидтерге эфир майлары
жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары бар эфир
майлары немесе ерекшелігі жоқ заттар - альдегидтер, төменгі
ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фитонцидтер
химиялық жағынан әлі зерттелген жоқ. Ұшпайтын
заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау
қиынға соғады.
Фитонцидтік
қасиеті бар өсімдіктер ерте заманнан бері халықтық
медицинада кең қолданылып келді. Қазір де көптеген
ауруларды: грипп, жоғары тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері
мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, ем-шаралар жасауда табысты қолданылып жүр, оның
үстіне олар ішек-қарынның қозғалыс,
секрециялық қызметін күшейтеді, ішектегі шіру мен іру
процестерін жойып ішекті жақсартуға себепші болады.
Фитоцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, жүйке
жүйесінің ауруларын емдеген кезде
айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың
фитонцидтік дәрі-дәрмектері гипертония ауруы мен атеросклерозды
емдеуге қолданылады.
Фитонцидтер-бактерицидті
шығаратын, саңырауқұлаққа қарсы
әсері бар органикалық қосылысты комплекстер. Фитонцидтер
биологиялық ортаның тұрақты ұсталуына,
ауадағы микроб флорасының құрамын реттеуде,
маңызды қызмет атқарады.
Төменгі
және жоғарғы өсімдіктердегі фитонцидтерден
медициналық тәжірибеде кең қолданылатын антибиотиктер
алынады. Фитонцидтердің микробқа қарсы жоғарғы
белсенділігіне көптеген мысалдар дәлел бола алады. Себебі
дәрі - дәрмек 1: 1 000 000 эвалиптен үйлестіріп
жасалған немесе мойыл бұтағындағы фитоцидтер бірденнен
дәрілік микроағзаларды өлтіреді. Фитонцидтің
микробқа қарсы әсерінің спектрі өте кең,
олар дизентерия, туберкулез, тұмау вирустарының
қоздырушыларына қауіпті әсер етеді.
Сонымен
бірге кейбір өсімдіктердің фитонцидтері асқорыту
каналының секреторлық және қозғаушы функцияларын
күшейтеді, регенерация процестерін жақсартып жараның жазылуын
тездетеді, ағзаның қорғаушы күштерін
ынталандырады, артериялық қысымды төмендетеді,
антнатеросклеротикалық түрде әсер етеді. Сәйкес дозада
фитонцидтер жүрек бұлшықеттерінің
қысқаруын, орталық жүйке жүйенің
қызметін, зат алмасуды реттейді.
Дәрумендер -
ағзадағы алмасу процесінің ағымына, клетканың
жаңаруы мен өсуі үшін қажетті биологиялық
белсенді заттар. Олардың ағзада жеткіліксіз түсуі,
асқорыту жолындағы меңгеруін сәйкестену
арасындағы қажеттілігінің жоғарылауы және кемуі
гипо және авитаминоз дамуына әкеп соғады. Ол
анықталған белгілі комплекстермен көрінеді.
Полисахаридтер -
поликонденсациялы моносахаридтер өнімінің жоғары молекулалы
қосылысы. Табиғатта кездесетін көмірсулар негізінен
полисахаридтермен көрсетіледі. Функциональды мәнінде негізгі
құрылыс материалы болып табылатын полисахаридтер целлюлоза
және клетка мен ұлпаның өзіндік қоректік заттар қорын
көрсететін полисахаридтер деп ажыратылады. Кейбір полисахаридтер адам
ағзасында ерекше функцияларды орындайды. Мысалы, гепарин - табиғи
антикоагулянт, ал гиалуронды қышқыл - барьерлік функция орындауда
қатысатын ұлпаның клетка ішіндегі негізгі затын
құрайтын бөлік.
Целлюлоза
(клетчатка) - өсімдіктің клетка
қабықшасының негізі құрылыс компоненті. Ақ
түсті клетчатканың иісі мен түсі болмайды, суда ерімей,
үйлестірілген қышқылдар мен негіздерде ерімейді. Ішектегі
микроағзалардың әсерінен ол біртіндеп өзгереді.
Ішектегі клетчаткалардың ашу
процесінің әрекеттесуі метеоризммен еріп жүреді.
Өсімдік тағамының целлюлозасы нервті бұлшықет
аппаратына механикалық фактор сияқты әсер етеді,
ішектің перистальтикасын - күшейтеді.
Камеди -
кейбір өсімдіктердің жарақаттанған немесе кесілген
жерлерінен бөлінетін қою шырын. Камеди химиялық
құрамы бойынша құрамында кейбір пентоза, гексоза,
түрлі деңгейдегі қышқылдар бар полисахаридтерге жатады.
Кепкен камедилер өздігінен шыны тәрізді қатты, сары
және қоңыр түсті ұнтақталған
бөлшектерді көрсетеді. Камедилар коллоидты ерітінділер түзе
отырып суда ісінеді немесе толығымен ериді. Органикалық
еріткіштерде (спиртте, эфирде, бензинде) олар ерімейді. Камедилердің суда
ерітіндісі ішек-қарындағы дәрілік заттардың
сіңуінің баяулауы немесе олардың қоздырғыш
әсерінің азаю құрамы ретінде қолданылады. Сонымен
бірге оларды майлы эмульсияларды дайындауда эмульгатор ретінде қолданады.
Пектиндік заттар-көп көлемде болатын
өсімдіктер құрамындағы полисахаридтер. Олардың
ішінен ең маңыздысы метил спирті. Ол жемістерде, картоптардан
және өсімдіктің бұтақтарынан табылған.
Қайнау процесінде пектинді заттар гидролизденеді. Олардың
өзіндік ерекшелігі мұздай массаны түзу қабілеті болып
табылады. Ішекте пектинді заттар толығымен сіңбей ағзадан
өзгермейтін күйінде шығады.
Пектинді
заттар асқорытуды жақсартады, ішекте түзілетін немесе
ағзаға түскен уларды залалсыздандырады. Олар ішек
қарынның микрофлорасындағы дәрумендердің
синтезіне себепкер, ағзадағы холестериннің артық
мөлшерін шығаруды тездетеді. Қанға сіңген
пектинді заттар оның ұюын баяулатады.
Слизи -
желімделгіш және шумақталған сулы ерітінділер түзетін
каллоидты полисахаридтер. Олар химиялық құрамы бойынша
табиғи полисахаридтердің азотсыз байланыстарына жатады.
Слизидің көптеген мөлшері зығыр тұқымында,
дәрілік түймедақта, үшбөлімді итошағанда,
жолжелкенде және т.б. болады.
Крахмал -
қосымша қоректік зат рөлін атқаратын полисахарид.
Өсімдіктерде көмірқышқыл газы ассимиляциясының
соңғы өнімі ретінде түзіледі. Крахмалдың
көп мөлшері өсімдіктің түйнектерінде, жемістерде,
тұқымдарда, бұтақтада, тамырында және тамыршасында
крахмалды дән түрінде кездеседі. Олар
суық суда ісініп, қайнағанда шумақталған
коллоидты ерітінді- крахмалды желім түзеді.
Крахмалда
минералды заттар (0,2-0,7%), негізінен фосфорлы қышқыл, сонымен
бірге кейбір пальмитинді, стеаринді (0,6% дейін) майлы қышқылдар
болады.
Крахмал
шырынды қабықтарды қоздырудан қорғағыш
құрал ретінде қолданады. Ол дәрілік препараттармен
улардың сіңуін баяулатады, сонымен қатар ішектегі
соңғы әсерді ұзартады. Бұдан басқа крахмал
ішек қарын бактериясымен рибофлавиннің синтезіне әсер етеді.
Өздігінен рибофлавин өт қышқылындағы
холестериннің қайта түзілуін және оның
ағзадан шығуын жылдамдатады. Ол, яғни атеросклераздың
алдын ала емделуін қамтамасыз етеді.
Катехиндер -
көптеген дубильді заттардың негізгі құрылыс
бірлігі-ыстық суда, спиртте жақсы еритін, ашты, органикалық
қосылыс, олар көрсетілген Р-дәруменнің белсенділігін
көрсетіп, жеңіл қышқылының жүргізілуіне
әсер етеді.
Дубильді
заттарды құрайтын өсімдіктер препараттары (итмұрын,
қара қарақат, шайқурай бұтағы,
итошоғар, аққайын жапырағы мен қабығы,
шәңкіш жидегі мен қабығы, мойыл жапырағы мен
гүлдері, жусан шөбі, жалбыз, таңқурай жидегі, раушан
жапырағы және т.б.), суықтағанға қарсы,
жергілікті қанның қалпына келу құралы ретінде
пайдаланады. Оларды сонымен қатар іш өткенде, алкалоидтармен
және металдың тұздарымен уланғанда қолданады.
Өсімдік
пигменттері - әр жақты
фармакологиялық әсері бар биологиялық белсенді заттар тобына
жатқызылады. Негізгі өсімдік пигментінің функциясы энергия
жарығының аккумуляциясына әкеледі. Сондықтан оларды
фотосинтетикалық деп атайды. Сонымен қатар 65-70% дейін
табиғи пигментті құрайтын өздігінен каротиноидты
көмекші пигменттер кездеседі. Жасыл өсімдіктердегі
каротиноидтардың құрамы 0,07-0,2%
құрғақ массаны құрайды. Пигменттер, сонымен
қатар каротиноидтар зат алмасуда маңызы зор. Олар ретинол мен
родопсин түзілетін бастапқы өнім болып табылады. Пигменттер
бактерицидті және жарақат жазылу ерекшелігін көрсетеді,
әсіресе суықтың асқынған процесінде
көрінеді.
Өсімдіктің
жасыл пигменті химиялық құрылысы бойынша
хлорофилл-гемоглобинге жақын. Хлорофилл негізгі алмасуды ынталандырады,
жараның түйіршіктелуін және эпителийленуін жақсартады,
қандағы лейкоциттер мен гемоглобиннің санын көбейтеді,
ішектің, тыныс орталығының, жүрек-тамыр
жүйесінің тонусын жоғарылатады.
Қан
ағуда (өкпеде, бүйректе, ішек-қарында)
қалақай препаратының тиімділігі ондағы
дәрумендердің құрылуы ғана себепті емес, сонымен
бірге осы өсімдіктегі шамамен 5% оның
құрғақ массасын құрайтын хлорофиллдің
де әсері бар деп есептейді. Құрамында пигменттер бар
өсімдіктер медицинада кең қолданады.
Химиялық
элементтер -
клетка және ұлпа құрамының негізгі бөлігі.
Олар өсімдіктерде кейде көп мөлшерде кездеседі, кейде микро
мөлшерде, яғни олардың мөлшері өсімдіктің
құрғақ массасының процентіндегі
мыңдаған (микроэлементтер) немесе миллиондаған (ультромикро
элементтер) бөлігін құрайды. Ағзада
мөлшерінің құрамына қарамай химиялық
элементтер ұлпалардың, кейбір физиологиялық рөл атқарады.
Химиялық элементтер ұлпалардың, кейбір ферменттердің,
дәрумендердің, гармондардың құрылыс компоненті
және ағзаның толығымен қарсылығын
күшейтетін биохимиялық процестің катализаторы болып табылады.
Ақырында адамның барлық ағза жүйесінің негізгі физиологиялық функциясын орындауын
қамтамасыз етеді. Әртүрлі ұлпадағы әр
элементтің жиналуы бірдей емес. Мысалы, кобальт және цинк инсулин
биосинтезі үшін пайдаланылатын қарын асты безінді түзіледі;
йод-қалқанша безінде түзіледі. Ол жерде ол осы бездің
құрылыс элементінің горманына, яғни тиреоидинге
айналады. Ұлпадағы химиялық элементтер арасындағы
өзара байланысындағы сапасы мен мөлшерінің
бұзылуы ағзада маңызды жетіспеушілік және
патологиялық өзгеріс, кейде өмір үшін қауіп
тудырады. Мысалы, ішетін суда құрамында фтордың азаюы
тістің құрттауына әкеп соғады, ал көбеюі -
тіс кіреукесінің бұзылуына және теңбілдің
түзілуіне әкеледі.
Органикалық
қышқылдар -
(құмырсқа, сірке, сүт, май, пирожүзім, янтарь,
оксиянтарь, альфа-глютарлы, лимон, изолимон және т.б.).
Өсімдіктерде эфир немесе тұз түрінің бос күйінде
белгілі мөлшерін құрайды. Органикалық
қышқылдар көп мөлшерде жидектерде,
тұқымдарда, жемістерде, жапырақтарда, бұтақтарда,
тамырларда жиналады. Органикалық қышқылдар ағзада
түрлі функцияларда қатысады, белгілі фармакологиялық
белсенділік көрсетеді: біреуі атеросклероз дамуын ескертсе,
басқалары зат алмасуда белсенді қатысып қышқылды -
негіз тепе-теңдігін ұстап секреторлық без жұмысына
әсер етеді, кейбіреулері бактерицидті заттар болып табылады.
Қанықпаған май қышқылдары гармон
клеткаларының құрамына, яғни қарапайым
гландиндерге кіреді. Көп мөлшерде органикалық
қышқылдар таңқурайда, түймедақта, жусанда,
мыңжапырақта, қарақатта, итмұрында,
құлмақта болады. Органикалық
қышқылдардың оларда жиналуы фотосинтетикалық
қызметіне, ферментациялық реакцияның интенсивтілігіне,
температураға, ауадағы көмірқышқыл газының
құрамына және т.б. тәуелді.
Аминқышқылдары
- белок түзілуіне, ферментердің белсенді
топтарына, дәрумендер, фитонцидтер және т.б. үшін
қажетті органикалық қосылыс. Белок құрамына
кіретін барлық амин қышқылдары өсімдіктермен
синтезделеді. Бұл оларды кейбір амин
қышқылдары синтезделетін жануарлар ағзасынан ерекшелендіреді.
Өсімдіктердегі белок синтезі неорганикалық қосылыстағы
фотосинтез жолымен жүзеге асады. Амин қышқылдары бір амин
қышқылының басқасына ферментальды құрылуы
толық анықталмаған күрделі жолмен түзіледі. Амин
қышқылдары, олардың амиді мен амині тек маңызды
физиологиялық мәнге ие емес, олар сонымен қатар жоғары
белсенді фармакологиялық заттар болып табылады. Белгілі 20 амин қышқылдарының
жартысы адам ағзасында өсімдік қорегінің
көмегімен толтырылады. Шайырлар -
құрамына спирт, фенол, дубильді заттар, көмірсулар, шайырлы
қышқылдар және басқа да қосылыстар кіретін
өсімдік секреті. Өсімдік шайыры мөлдір, түсті суда
ерімейді, күймейді және шірімейді, әлсіз қасиеті бар
және фитонцидті көрсеткішті жағымды иісі бар. Олар эфирлі
майлардың фармакологиялық белсенділігін жоғарылатып бальзамді
әсерін тудырады. Шайырға ақ қайың,
шайқурай, алоэ, раушан, қылқанды ағаштар және басқа
да өсімдіктер жатады.
Майлы майлар -
адам өмірінде негізгі маңызы бар өсімдіктермен
өндірілетін зат. Олар адам ағзасы синтездей алмайтын толық
май қышқылының қатарын құрайды. Майлы
өсімдік майлары ішектің патогенді флорасына қатысты
бактерицидті қасиетке ие. Майлы майлар ішекте жеңіл сіңіп,
ағзадан жылдам шығатын холестерин қосылысын түзеді.
Өсімдік майларының тамақтан құрамында
көбеюі және азаюы атеросклерозбен жануарлардың ауруының
төмендеуі табылған.
Майлы
өсімдік майлары кейбір дәрілік заттар үшін еріткіш ретінде,
сығынды, май, линимент жасауда жұмсартуда қолданады.
Әдебиеттер:
1.
P.M.Абдуллабекова «Табиғи шикізаттан
алынған биологиялық белсенді қоспаларды жасап
шығарудың технологиялық және гигиеналық
негіздері». Шымкент.
2002ж.
2.
M.H.Аширматова, Ф.И.Шарипова,
Б.К.Махатов «Влияние фитопре-паратов на обменные процессы». Алматы. 1999ж.
3. Қ.
Рахимов «Қазақ халық емшілігіндегі өсімдіктердің
шипалық қасиеті» зерттей түсу - негізгі
мақсаттардың бірі. Денсаулық журналы №3, 2002ж.
4. A.Исин «Дәстүрлі
қазақ медицинасының ерекшеліктері». Абай журналы №2, 2002ж.
5.
A.Отарбаев
«Жабайы өсімдікті шетке теппейік» (өсімдіктердің емдік
қасиеті туралы). Жаршы №2, 2002ж.