М.Х. Дулати атындағы ТарМУ оқытушысы Нурманалиева Г.А.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДАҒЫ

ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ РӨЛІ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді [1].

Жылжымайтын мүлікті, оның ішінде меншіктегі жерді де, кепілге  қоюмен және сол арқылы мәмілені сенімді етіп берілетін ипотекалық несие несиелендірудің нарық экономикасында белсенді қолданылатын нысандарының біріне жатады. Жерге деген меншік құқығы нарықтық несиелік қатынастар аясына меншігінде жекешелендірілген пәтерлері, жер телімдері, тұрғын үй қорлары бар кәсіпорындарды, ұйымдарды, фирмалары, халықты тартады.

Ипотекалық несие кәсіпорындардың, фирмалардың және тұрғын үй құрылысының қажеттіліктерін мемлекет тарапынан қаржыландыру көздерін банк несиесімен алмастыруда үлкен роль атқарады. Оның алға басуы шаруашылық ететін субъектілердің ұзақ мерзімді сипаттағы несиелік ресурстардың тапшылығы, инфляцияның жоғары қарқындылығы жағдайында инвестициялық белсенділігін ұлғайтуға әсер етеді.

Ипотекалық несиелендіру жүйесі екі бағыттан тұрады:

-  ипотекалық несиелердің шаруашылық ететін субъектілерге және халыққа тікелей берілуі;

-  ипотекалық  несиелерді (несиелік міндеттемелерді) несиелендіруге ресурстардың қосымша тартылуын қамтамасыз ететін екінші рынокта сату.

Ипотекалық несиелендірудің көптеген елдерде халықты баспанамен қамтамасыз етуде атқаратын ролі көпшілікке мәлім. Табыстары шағын болғанымен, оны тұрақты алатын азаматтар үшін тұрғын жайды меншікке сатып алуға жағдай жасаумен қатар, ипотекалық несиелендіру жүйесі құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногын қамтамасыз етеді.[2]

Ипотекалық несиелеу – жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға жəне салуға (қайта құруға) несиелер беру. Сонымен қатар, көптеген нарық субъектілерінің өзара əрекетін білдіретін маңызды экономикалық жəне əлеуметтік функцияларды орындайтын несиелік қатынастардың нысаны болып табылады. Жылжымайтын мүлікті несиелеудегі ең ірі бағыттар – тұрғын үйді сатып алу жəне салуға, жер учаскелерін игеруге, коммерциялық жəне өнеркəсіптік мақсаттағы құрылысқа берілетін ссудалар. Сонымен қатар, ипотекалық несие берілген жылжымайтын мүлікті сатып алу (салу) мақсатында жылжымайтын мүлік объектісінің кепіліне ақшалай немесе ипотекалық облигациялар нысанында берілетін несие. Ипотекалық несиенің мəні жылжымайтын мүлікті арнайы құжаттармен – ипотека келісімшартымен жасалатын қамтамасыз ету нысаны ретінде емес, оның мақсатты пайдаланылуы – жылжымайтын мүлікті сатып алу немес салу болып табылады. ҚИК қызметінің мақсаты – екінші дең гейдегі банктердің ипотекалық несиелер бе ру көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын са тып алу жолымен екінші деңгейдегі банк терді қайта қаржыландыру болып табылады.ҚИК инфляцияның, инвесторлар мар жа ларының, ҚИК маржа ларының, сақ тандыру резервтері мен эмиссияға жұмсалатын шығыс тардың деңгейіне бай ланысты болатын бағамды мөлшерлеме бойынша талап ету құқығын сатып алады. ҚИКБҚ қызметінің мақсаты – екінші дең гейдегі банктер мен ипотекалық несие бе руші ипотекалық компаниялар, инвесторлар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы несиелік тəуекелдерді бөлу жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.[3]

Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағында кəсіпкерлік қызметтің объектісіне шетелдік инвесторға тиесілі азаматтық құқықтар дың, соның ішінде ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық құндылықтардың жəне ақпарат нəтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүлік тік құқықтар объектісі түрінде шетелдік капитал салу. Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу əдісі ретінде қарастырылуы жəне жаңа өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін.

Шетелдік инвестиция:

- Халықарлық қаржы институтары;

- трансұлттық компаниялар;

- коммерциялық  банктер.

Негізгі шетелдік инвесторлар – АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Қытай, Еуропа мемлекеттері болып табылады. Əлемде 20000-нан астам трансұлттық компания бар. Қазақстан аумағында олардың қызметтері біріккен кəсіпорындардың құрылуымен байланысты дамыды:

1. Ең ірі трансұлттық компаниялар – Шеврон, Brіtіsh gas,Қытай Ұлттық компаниясы, Тексака, Филип Морис болып табылады.

2. Халықаралық қаржы институттары:1) Халықаралық қайта құру жəне даму банкі;2) Азия қайта құру жəне даму банкі;3) Еуропа қайта құру жəне даму банкі;4) Жапонияның Эксим банкі;5) Жапонияның халықаралық серіктестік қоры.

3. Шетелдік коммерциялық банктер. Мемлекеттік портфельді инвестициялау кезінде олардың иесі үшін тек табыс маңызды болады, ал кəсіпорындарды бақылау олардың мүддесіне жатпайды. Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды тарту келесідей əлеуметтік-экономикалық дамудағы мəселелерді шешуге көмектеседі: Шетелдік инвестиция тартудың объективті алғышарты:нарықтық қатынастарға өту халықаралық қатынастардың қамтылуын жəне ұлттық экономиканың əлемдік экономикалық кеңістіктегі интеграциясын анықтайды. Осыған байланысты 1994жылы 27 желтоқсан айында «Шетелдік инвестициялар туралы»Заң қабылданды. Бұл заң шетелдік инвесторлардың құқығын жəне ҚР аумағында инвестициялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Негізінен барлықинвестицияның 80%-ы шикізатқа, мұнай өңдеу, газ, қара жəне түсті металлургия мен энергетика саласына келеді.[4]

 

Әдебиеттер

1.       ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.             3 ақпан, 2011 жыл

2.       Ғ. Сейітқасымов, Ж. Бекболатұлы, С. Кәрімжанов. Қазақстанның банк жүйесі. Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008.

3.       С.Б. Мақыш. Банк ісі: Оқулық.- Алматы: Жеті жарғы, 2009.

4.       Ж. Бекболатұлы. Қазақстанның банк жүйесі. Алматы: Экономика баспасы, 2009.