Муратова Д.Б. – э.ғ.к., доцент м.а.,  Досанбаева  А.- магистрант  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНТЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ШЕТЕЛДІК  ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУ

 

Шет елде клиенттердің инвестициялық  қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма “Дан энд Брэд форд” 3 млн жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық жєне аймақтық анықтамаларда жариялайды.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне 67% — ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі тиеді (1-кесте).

1-кесте - Инвестициялау  барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

22%

 

Компанияның банкроттығы

 

12%

Инвестицияға деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалауы

21%

 

Кредиторлық қарызды қайтаруын талап етуі

 

11%

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі

18%

 

Жұмыссыздық/ Отбасы мәселелері

 

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

5%

 

 Алдау

 

4%

 

Инвестиция  бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының инвестициялық қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі жєне заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Коммерциялық банк қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауын куәландыратын белгілерге: шоттағы айналым қаражаттарының қысқаруы, алдында мерзімі ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі (екінші рет мерзімі ұзартылғаннан кейін несие проблемалық несиелер қатарына жатқызылады) және басқаларды жатқызуға болады.

Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел кластарына жіктейді:

• ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);

• ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;

• шектеулі тәуекелі бар несиелер;

• ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер).

Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне — потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақтылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.

Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARI  әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:

Р — Person— потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;

A — Amount— сұрайтын несие сомасының негіздемесі;

R — Repayment— несиені қайтару мүмкіндігі;

S — Security— қамтамасыз ету құралы;

Е — Expediency — несиенің мақсаттылығы;

R — Remuneration — несиені беру тєуекелі үшін банктің

пайыз мөлшерлемесі.

CAMPARI:

Character — қарыз алушының беделі;

A — Ability — қарыз алушының бизнесін бағалау;

М — Means — несиеге деген қажеттілігін талдау;

Р — Purpous — несиенің мақсаты;

A — Amount — несие сомасының негізделуі;

R — Repayment — несиені қайтару мүмкіндігі;

I — Insurance — несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

 

Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білудеалты си ережесіқолданылады:

  character (қарыз алушының сипаты);

• capacity (қаржылық мүмкіндігі);

• cash (ақшалай қаражаты);

• collateral (қамтамасыз етуі);

  conditions (жалпы экономикалық жағдай);

• control (бақылау).

Қарыз алушынын сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дєрежесін, қарызды өтеуге дайындығын білдіреді.

Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларың, акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие алу барысындагы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.

Инвестицияны сапасына қарай топтау және талдаудың маңызы бар. Инвестицияның сапасы деп сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Инвестицияның сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал (несие сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым оның қайтарылуы күмәнсіз және керісінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығыбұл банктің берген несиелері бойынша анықталатын нақты шамасында. Инвестицияның сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде, тұтыну, ипотекалық және басқа) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

Несиелік тәуекелді басқару, реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:

несиелік портфельді диверсификациялау;

қарыз алушының төлем қабілетін алдын ала талдау;

несиелік тәуекелді жабуға арналған резерв құру;

несиелік портфельдің оңтайлы (банк үшін) құрылымын талдау және қолдау;

несиелердің қамтамасыз етілуін жєне олардың мақсатты пайдалануын талап ету.

Инвестициялардың қайтарылмауынан зиян шегукез келген банк қызметінің қашса құтылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады.