ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

Кененбаева З.М.

Университет «Мирас»,  Шымкент қ., Қазақстан

 

 

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                    

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштерімен көрінеді. Экономикалық тиімділіктің көрсеткіші жалпы түрде келесі формуламен анықталады:

  «Экономикалық тиімділік» көрсеткіші ретінде бухгалтерлік (жалпы) пайда, өнім сатудан алынатын пайда және таза пайда (салық салынғаннан кейін) алынады. «Қорлар немесе шығындар» ретінде қорлар (инвестициялар), мүлік (активтер), сатылатын тауарлардың өзіндік құны.

  Тәжірибеде қаржылық және экономикалық рентабельділік көрсеткіштерді  ажыратады. Экономикалық рентабельділік – бұл бизнес-жоспардың инновациялық немесе инвестициялық жобада көрсетілетін болжамдау пайда шамасынан есептелінетін параметр. Қаржылық рентабельділік кәсіпорынның қаржылық (бухгалтерлік) есептемесіне еңгізіліп нақты пайда негізінде анықталады. Рентабельділік талдаудың маңызды аспекті сату көлемнің табыстылығын бағалауда және оған әсерін тигізетін факторларды (өнімнің бағасы және өзіндік құны)  есептеуде тұрады.  Өнімнің өзіндік құн және бағаның өзгерудің  әсерін есептеу  тізбекті  ауыстыру әдіспен анықталады.

1.                      Сатудан түсетін түсімнің (D ВР) өсуіне байланысты сатудың рентабельділігін өзгеруін есептеу:

 

ВР0 и ВР1базистік және ағымдық кезеңде өнімді сатудан түсетін түсімдер

С0  базистік кезеңде сатылған өнімнің өзіндік құны

2.                      Сатылған өнімнің өзіндік құнның (DC) өсуіне байланысты сатудың рентабельділігін өзгеруін есептеу:

С0 и С1 базистік және ағымдық кезеңде сатылған өнімнің өзіндік құны

3.                     Екі фактордың жалпы әсерін  оларды қосындылау арқылы анықтайды.

Талдаудың басқа маңызды аспекті активтердің айналымдылығы мен  сатудың рентабельділік көрсеткіштері  арасындағы  өзара байланыстарын зерттеуде тұрады.

Ра –  активтер рентабельділігі, %

БП -  бухгалтерлік пайда      

   есеп айыратын кездегі  активтердің орташа құны

ВР –  өнім сатудан түсетін түсімдер (сату көлемі)

1.Активтер рентабельділігінің өзгеруін олардың айналымдылығының тездетілулігіне

         байланысты келесі формуламен анықтайды:

DРа (DОа) – активтер айналымдылығының  тездетілулігіне байланысты олардың рентабельділігінің өзгеруі

Оа1 и Оа0  базистік және ағымдағы кезеңдерде активтердің айналымдылығы

Рn1 –   ағымдағы кезеңде сатудың рентабельділігі, %

2. Сату табыстылығының тербелуіне байланысты активтер рентабельділігінің өзгеруі:

DРа (DРп) –  Сату табыстылығының тербелуіне байланысты активтер рентабельділігінің өзгеруі

Ра1 и Ра0  базистік және ағымдағы кезеңдерде сатудың рентабельділігі, %

3.        Екі фактордың жалпы әсерін  оларды қосындылау арқылы анықтайды.

Арнайы есептердің негізінде инвестициялар және өндіріс рентабельділіктің өзгеруіне кейбір факторлардың әсері анықталады.

  Инвестиция айналымдылығымен олардың рентабельділік мөлшері арасында өзара байланыстарын келесі түрде көрсетуге болады:

Ри –  инвестиция рентабельділігі, %

БП – бухгалтерлік пайда (салық салынғанға дейінгі пайда)

ОП – сатудың көлемі

И –  бухгалтерлік баланс бойынша инвестициялар сомасы (меншікті капитал + ұзақ мерзімді несиелер және займдар)

Тәжірибеде инвестициялар рентабельділігін 2 әдіс бойынша көтеруге болады:

1)                     Сату көлемінің 1 теңгесіне келетін     пайда мөлшерін жоғарылату

2)                    Инвестициялар айналымдылығын тездету

Инвестициялар айналымдылығын келесі факторлар арқылы тездетуге болады:

·                        Инвестициялардың  бұрынғы мөлшерінде  сату көлемін жоғарылату;

·                        Сатудың жеткен деңгейіндегі қалпын ұстауға қажетті инвестициялардың көлемін төмендету

Бірақ соңғы фактор өндірістің құлдарауына алып келеді және халық шаруашылығының экономикалық өсуінің қажеттіліктеріне сай келмейді.

 

Пайдаланылған әдебиетттер тізімі:

 

1. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник 2 – е издание / И.А. Богдиновская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и д.р. под общ.ред. В.И. Стражева – М.М. выш.школа 1998 – 397 с

2. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субьекта 2 – е издание, доп.- М.: Финансы и статистика, 2000 – 208с

3. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы: экономика, 1998 – 294с

4. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы:  «Қаржы – қаражат», 1998 – 512с

5. Кареин Т.П., Макмин А.Р. Анализ финансовых отчетов( на основе GAAP): учебник, пер. с англ. – М.: ИНФРА – М, 1998 – 448с