ӘОК 004.9
Ақпараттық - анықтамалық
жүйелерді құруда қолданылатын TADOTable компонентінің
қасиеттеріне талдау
Алибиев Д.Б., Омаров А.Б.
Ақпараттық - анықтамалық
жүйе - интерактивті режімде жұмыс істейтін және
пайдаланушыларға анықтамалық сипаттағы
мағлұматтар беретін автоматтандырылған жүйе. Ақпараттық
– анықтамалық жүйелерді құруда көптеген
технологиялар қолданылып, компоненттер пайдаланылады.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелерді құру
үшін Delphi программалау ортасының компоненттері кеңінен
қолданылады. Соның ішінде аса назар аударып қолданылатын TADOTable
компоненті көптеген пайдалы қасиеттерге ие. Бұл компонентті
қолдану барысында өзіндік ерекшеліктер кездеседі.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелермен жұмыс
жасау барысында ақпараттың басым көпшілігі деректер қорында
сақталады. Деректер қорында сақталған мәліметтер
үшін қажетті бағдарламалау ортасының
таңдалған компонентінің қызметі маңызды болып
табылады. Деректер қорындағы кестенің қызметін іске
асырудағы тиімділікті
қамтамасыз ететін компоненттер көптеп келтіріледі. Ең
қолайлысы және тиімдісі TADOTable болып табылады.
ReadOnly-егер бұл
қасиет true болса, онда кестені өңдеуге болмайды. Бұл
жағдайда мәліметтер тек бейнеленеді. Бұл қасиетті
деректерін өзгертуге болмайтын және қолданушы ол кестелерді өзгертпейтін
кестелер үшін қолданылады.
TableDirect-бұл
қасиет кестеге қандай қатынау жүретінін
көрсетеді. Егер нәтиже true
тең болса, онда кестеге аты бойнша тікелей қатынау жүреді.
Егер false болса, онда сен үшін SQL деректерге сұраныс білінбей
жасалады (SQL сұранысы жайлы астынан оқы). Барлық деректер
қоры тікелей қатынау жұмысын жасамайды, сондықтан
бұл қасиет үндемес жайында false тең.
TableName- біз
өңдейтін кестенің аты.
CacheSize-кеш жадының
көлемі. Егер бұнда 50 санын орнатсақ, онда ең бірінші
қосылғанда компонент басындағы 50 жолын таңдап локальді
жадыға жазып, оларға қатынауды тездетеді.
CanModifi - ReadOnly
қасиетіне ұқсас және кестелердегі деректерді
өңдеуге нұсқайды.
CommandTimeout - бұйрықты
орындай уақытын күту. Компонент базаға бұйрықты
жібергенде, күту таймерін іске қосады, жұмыс аяқталуы
бойынша қате жайлы хабарлама келеді.
Connection - TODOConnection компоненті
көрсетіледі, сол арқылы іске қосу орындалады.
ConnectionString – деректер
қорының қосылу жолы.
Cursor Location - деректерді
санап, ағымдағы кестенің позициясын көрсететін
курсордың орналасуы.
CursorType - курсор типі.
Мұнда келесі нұсқалардың біреуі болуы мүмкін:
-
ctUnspecifided курсордың орналасуы көрсетілмеген
-
ctOpenForwardOnly-курсор тек алға жылжи алады
-
ctKeyset бұл кесте тек бір қолданушы үшін
қолдануға арналған, басқа қолданушыларға
көрінбей жасырын тұрады.
Қасиеттер:
Default Expression- мұнда
үндеместен мәнін орнатуға болады. Болашақта жаңа
жолдар құрған кезде, жолға бірден осында
көрсетілген мағыналар орнатылады.
MaxValue - максималды енгізілетін
мән. Егер бұл сандық жол болса және ол
анықталған шекараларда (мысалы, 0 ден 100) өзгеретін болса,
онда бұл шектеулерді осында орнатқан жөн. Программалау
барысында бірнеше қателіктер кетуі мүмкін.
MinValue - минималды енгізілетін мән.
ReadOnly - оқуға
ғана арналған өріс. Егер қандайда бір жол
өзгертілмеуі тиіс болса, онда оны ReadOnly қасиетінің true
мағынасында орнатыңыз. Бұл жағдайда сен
бағдарламаны кездейсоқ өзгерістерден сақтауға
болады.
Required - егер бұнда true
болса, онда жол міндетті болып табылады және міндетті түрде бір
мағынаға ие болуы керек. Егер қолданушы еш нарсе
көрсетпесе, онда бағдарлама дұрыс жұмыс істемей
қалуы мүмкін. Мысалы, бір жол сенде есептеулерге қатысатын
болсын. Егер бұл жолда деректер болмаса, онда бағдарлама жұмыс
істемей қалады. Екі жол бар - есептеуде деректер жолын тексеру немесе
қолданушыдан осы жолды толтыруын талап ету. Екінші жолы егер бұл
жол нақты керек болса, онда оны толтыру қажет.
Tag - қарапайым
сандық мән. Оны өз қалауынша қолдануға
болады.
Егер де курсор клиентте
орналасқан болса, онда тек қана статистикалық курсорды
қолдануға болады. Барлық әр түрлі типтердегі
курсорлар бір негізгі деректер базасымен жұмыс жасай алмайды. Бір
деректер базасы бір типті қолдайды, ал басқасысы барлығын
қолдай алады.
Filter – сүзгінің
жолы.
Filtered – кесте
сүзгіленген бе. Егер де мұнда false – ты құрса, онда
сүзгінің жолы (Filter) жауап бермейді.
IndexFieldNames – индекстелген
колонканың аты. Индекстер деректерді сұрыптау үшін немесе
кестелердің арасындағы байланысты орнату үшін
қолданылады.
RecNo – ағымдағы
белгіленген жолдың номері.
Record Count – кестедегі
жолдардың саны.
Sort - сұрыптаудың
типі көрсетілген жол. Мысалы, «Телефон» өрісі бойынша сұрыптау
үшін, мұнда жолды жазу керек: Ado query.Sort :=’ Телефон ASC’. ASC
операторы өсу тәртібі боынша сұрыптау керектігін айтады. Desc
операторы азаю тәртібі бойынша сұрыптау керектігін айтады.
Active – егер мына қасиет
true – ге тең болса, онда кесте ашық болып табылады.
Agg Fields – мұнда
барлық агрегатты өрістер сақталады.
Auto Calc Fields – егер де
мұнда true болса, онда автоматты түрде өрісті қайта
санайды.
Bof - бұл қасиетке
әсер етуге болмайды, бірақ егер де ол true – ге тең болса,
онда біз файлдың басында отырмыз.
Bookmark – мұнда
ағымдағы закладка орналасқан.
Eof - бұл қасиетке
әсер етуге болмайды, бірақ егер де ол true – ге тең болса,
онда біз файлдың аяғында отырмыз.
Fiekd count- мұнда
кестедегі өрістердің саны сақталған.
Fields - осы өріс
арқылы өрістердің белгіленуі жайлы қатынас алуға
болады. Айталық, 4-ші өрісте ненің сақталғанын
білу керек. Ол үшін келесіні жазу керек:
Table.Fields.Fields[4].AsString.
AsString тәсілі бізге жол
тәріздес мән алу керектігі туралы айтады. Бұл өте
оңай тәсіл, сондықтан мен оны қолданбаймын.
Кітаптың соңына дейін мен өрістерді атымен атаймын.
Field Values - осы
қасиеттің арқасында оңайлықпен барлық
берілген өрістерге қатынас алуға болады. Өрістің атын
төртбұрышты жақшаларда көрсету керек. Мысалы,
Table.Fields.Values[‘Телефон‘]:=’3346598’;
Filter Option -
сүзгінің баптаулары. Мұнда келесі параметрлерді
көрсетуге болады:
-foCase Insensitive регистрге
сүзгі сезімтал болмайды;
-foNo Partial Compare егер де осы
параметр тұрса, онда теңеулер сүзгі де белгіленген
мәндер нақты көшірмемен орындалады. Мысалға, егер де
сүзгі де «са» сөзі белгіленіп беріліп тұрса, онда
сүзгіге «са» сөзінен басталатын барлық сөздер
түседі (самолет, самокат).
Modified – егер де мына
қасиет true ге тең болса, онда кестеде енгізулер бар деген
ұғым.
TADOTable компонентінің тәсілдері
Жалпы программалау тілдерінде
қолданылатын қасиеттер өте көп және де
олардың көбісі жарамды. Деректер қорындағы кестемен
жұмыс істеу барасында қолданылған компоненттің
тәсілдерін меңгеру маңызды қызмет атқарады.
Bookmark Valid – осы тәсіл
закладканың дұрыстығын тексереді. Жалғыз
параметрдің сапасы ретінде ТBookmark Valid закладкасын көрсету
керек және де егер де ол нақты болса, онда нәтижесі true
болады.
Cancel Updates - Кеш жадта
сақталған өңдеклерді алып тастау.
Compare Bookmarks - екі
закладкаларды салыстыру. Бұл тәсілде ТBookmark Valid типті екі
параметрі бар. Бұл екі закладкалар салыстырылады. Егер закладкалар
тең болса, онда нәтиже де нольге тең. Егер біріншісі
екіншісінен кіші болса, онда нәтижесі -1- ге тең. Егер біріншісі
екіншісінен үлкен болса, онда ол бірге тең.
Delete records - жазбаларды
өшіру. Тәсілде тек бір ғана параметр бар о қандай
жазуларды өшіру. Сен келесілерді параметрлер деп орнатуыңа болады:
- ar current тек
ағымдағы жазуды өшіру.
- ar filtered сүзгіге
орнатылған, оны қанағаттандыратын жазуларды өшіру.
-
ar all барлық жазулар.
-
ar all chapters ADO – дағы барлық бөліктерді өшіру.
Append- кестенің сонына
жаңа жазу енгізу.
Cancel- ағымдағы
жолдың өзгертулерін жою, егер, Post тәсілінің
көмегімен өзгерулер әлі сақталынбаған болса.
Close- кестені жабу.
Delete- ағымдағы
жолды өшіру.
Edite- редактрлеу режиміне
көшу. Содан кейін өрістердің мәнін өзгертуге
болады.
Field by name – өрісті атымен
іздеу.
First- кестедегі бірінші
жлға көшу.
Insert- кестеге жаңа жол
енгізу.
Is empty – егер де тәсілі
true – ді қайтып алса, онда кестеде жазу жоқ.
Last- кестедегі ең
соңғы жазуға көшу.
Next – келесі жазуға
көшу.
Post- барлық
өзгерулерді қабылдау.
Prior-кестедегі алдынғы
жазуға ауысып отыру.
Refresh- деректер жайлы
ақпараттарды өңдеу.
Update record –
ағымдағы жазуды өңдеу.
Деректер қорын
басқару жүйелері негізінен тұрақты бар ақпаратты
сақтауға, таңдауға және модификациялауға
негізделген. Ақпарат құрылымы көбіне өте күрделі,
бірақ деректердің құрылымы әр түрлі
ақпараттық жүйелерде әр түрлі, бірақ
олардың арасында көптеген ортақ нәрселер болады.
Ақпаратты басқару үшін есептеуіш техниканы
қолданудың бастапқы кезеңінде деректерді құрылымдандыру
мәселелері әрбір ақпараттық жүйелерде жеке, дара
шешілді. Файлдық жүйелерге (бағдарламалар кітапханасы)
компиляторлардағыдай, редакторлердегідей және т.б. жасалатындай
керекті баптаулар орындалады. Осы аталған қызметтерді орындау
үшін компоненттің дұрыс таңдалуы мен қызмет етуі
бағдарламының құрылымының дұрыстыға
акеледі.