Нүркенова Г.Қ., Шутенова С.С., Есмагулова А.А.

ЖММ "Болашақ" Академиясы, Қазақстан

Қазіргі оқыту жағдайында педагогикалық колледж оқытушыларының шығармашылығын дамыту

 

XXI ғасырда әлемдік өркениет дамудың жаңа этапына кетуде. Қазіргі заманғы жағдайда кез - келген мемлекеттің даму деңгейі табиғи ресурстармен ғана емес, ол интеллектуалды және шығармашылық потенциалмен, ғылыми өндірісте жаңа технологияларды енгізумен де байланысты.  Сонымен қатар, музыкалық, әдеби, шығармашылық, инновация, ғылыми ашулардан құралған. Шығармашылық потенциалдың ұлттық индексін өлшейтін ерік те өлшенуде. Бұл жағдайда креативтілікті жүйелі зерттей отыра, ресурс ретінде дамытуға болады.

Практикаға жаңа технологияларды енгізу шығармашылық ойлауы арқылы өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңалықтар енгізетін тұлғалар қатарын көбейтуде. Мемлекеттің дамуында зор үлесті елдің интеллектуалды және шығармашылық потенциалы ойнайды.

Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты - бәсекелестік қабілетке ие шығармашыл тұлғаны дамыту. Бұл дегеніміз қазіргі заманғы педагогикалық колледжде болашақ мамандар тек қана белгілі бір білім, дағдыларды меңгеріп қана қоймай, меңгерген шаблон мен алгоритмдерді бүкіл өмір ағымында қолдануы қажет.

Педагогикалық колледждегі білім жүйесі педагогтің шығармашылық потенциалын дамытуға зор үлес қосу қажет, өнімді ойлауға үйрету керек.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде педагог шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайға без икемділік қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді.

Осыған орай, XXI ғасыр мектебінде жаңа талап, жаңа заманға сай педагогтардың ғылыми – қоғамдық атқаратын жұмыстары болашақ мамандардың ғылым мен техникалық немесе өнердің бір саласы тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына зор ықпал етеді.

Қазіргі оқыту жағдайындағы педагог шығармашылығын дамыту ғылыми тұрғыдан қарастырылып, жеке мәселе ретінде қарастырылмаған. Педагогикалық колледждердің креативтілік қабілетін оқу процесіне пайдалана білуге дайындау қазіргі оқыту жағдайындағы жеткілікті, тиімді, ғылыми негізделген түрде ұйымдастырылмай отыр.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.

Педагогикалық шығармашылық – оқу – тәрбие міндеттерін мұғалімнің соны, жоғары тиімділікпен шешуі, тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін байытуы.

Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы, суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған. В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никандров:

1)       педагогикалық ойдың пайда болуы; 2) түпкі ойды талдау; 3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру; 4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау.

В.И. Загвязинский: 1) жаңалықты көру; 2) педагогикалық өнертапқыштық құрастыру, модельдеу; 3) жетілдіру [3].

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл – ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдау алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция.

Қазіргі инновациялық оқытудағы жаңашылдықты тану тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет – сапалары іске қосылып, танымдық процестерді өне бойына өткізеді. Өйткені кез келген оқыту формасы ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді. Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын педагог пен оқушылар әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интуитивті түрде жобалай алу, тұлғаның дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі.

Қорыта келе айтарымыз, «шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогиклық, әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1     Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей / Д.Б. Богоявленская. – М.: Просвещение, 2002. – 296 с.

2     Визлогузова М.А., Сушкова Ф.Б. Технология подготовки к творческой педагогической деятельности / М.А. Визлогусова, Ф.Б. Сушкова. – М.: Педагогика, 1995. – 208 с.

3     Кан – Калик В.А., Никандаров Н.Д. Педагогическое творчество / В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никандаров. – М.: Просвещение, 1990 – 128 с.

4     Морозов А.В. Креативность преподавателей высшей школы // А.В. Морозов. Высшее образование сегодня – Higher education today. – М.: 2004. - №3. – С. 64с.

5     Мұқаметқали М.М. Мұғалімдерді кәсіби – педагогикалық инновациялық іс - әрекетке даярлау жолдары / М.М.Мұқаметқали. - Өскемен: ШҚМУ, 2004. – 198 б.

6     Морозов А.В. О разработке модели творческого преподавателя высшей школы / А.В. Морозов. – М.: Академический Проект, 2003. - № 6. - С. 72с.