Педагогика. Современные методы  педагогики

Байқожаева  Ұлтуған  Мұхамырқызы 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті пәнінің мұғалімі

№57 жалпы  білім  беретін  мектеб»

 Алматы  қаласы, Қазақстан 

 

Диалогтік оқыту арқылы  оқушылардың  қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мұғалімге жүктелген міндет оқушыға сапалы білім, беру және сол алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Жалпы білім саласында Назарбаев зияткерлік мектептерінің әдіс-тәсілдері мен тәжіріибесін таратудың, қолданудың маңызы ерекше екені дәлелденді. Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін игеріп,  алған теориялық білімімізді, екінші кезең, мектептегі тәжірибе  кезінде іске асыруда оқушылар үшін де, біз, мұғалімдер,  үшін де қатты қызығушылық тудырды. Пажарестің (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ойы маңызды [МАН,7-бет] деген пікірін ескере келе сабаққа деген көзқарасымды өзгерттім, жаңа әдіс-тәсілдің тиімділігін көріп шешім қабылдадым. Осы тәсілдердің бір түрі «диалогтік оқытуды» рефлексивті есебіме таңдап алдым. «Диалогтік оқыту» тәсілін алған себебім,  сабақтарымда оқыту кезінде диалог жасаудың тиімділігін байқап, нәтижелілігін көрдім. . Бұрынғы сабақтарымда диалог жасалса да, оны оқытуда қалай тиімді пайдалану керек екенін зерделеп, осы тәсілге онша мән бермей келгенімді аңғардым. «Диалогтік оқыту» тәсілімен оқытуда көп нәтижеге жеттім. Осыны басшылыққа ала отырып  бірінші бетпе–бет кезінде меңгерген жаңа әдіс-тәсілдердің бір түрі - «диалогтік оқытуды» төрт сабағымда тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Себебі тәжірибемде «диалогтік оқыту» тәсілін пайдаланғанымда оқушылардың сөйлеу қабілеті ашылды және өзара қарым-қатынас жасау үрдісі арқылы білімді меңгеруі жағынан өз нәтижесін берді. Оқушылар тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым.
Маған бұл тәсілді пайдалану сабақ үдерісін оңайлатынын түсіндім. Оқушыларды жеке тануда, тілдік қорларын дамытуда, оқушылар мен қарым-қатынас нәтижесі көрінді. Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.

Сондықтан сабақта диалогты қолданудағы мақсатым: оқушылардың тақырыпты жоғары деңгейде меңгеріп, ұғынуына, өз - өздерін бағалап, сындарлы ойлау қабілетін арттыруға, диалог арқылы  сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, дамыту.

6 «А» сыныбының жетекшісі болғандықтан, мектептегі тәжірибемде өз сыныбымды алуды ұйғардым.

Сабағымның тақырыбы: «Кітап- білім бұлағы»сабағымда білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырдым. Кітаптың адам өміріндегі ең қымбат зат екенін айта отырып, кітапқа деген қызығушылығын арттырдым. Сыныпта бірінші ынтымақтастық атмосферасын және психологиялық жақсы ахуал тудыру мақсатында шеңбер құрып, бір-біріне тілектер айтқызып, «Мозайка» әдісімен топқа бөлдім. Оқушылар сабақ барысында АКТ – да берілген кітап туралы жазылған нақыл сөздерді оқи отырып сыни тұрғыдан  өз ойларын ортаға салды және бүгінгі тақырыпты ашып айтып отырды. Дарынды  және талантты оқушылар өздерінің алғырлығымен алға суырылып шығып, белсенділік танытып отырды.  Сабағымның сәтті болатына сенімім арта түсті. Сабақтың кіріспе бөлімінен бастап диалогқа көңіл бөлдім. Жаңа сабаққа дайындық кезеңінде оқушыларға түрткі болар сұрақтар қойдым:

 Балалар, кітап туралы жазылған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың нақыл сөздерін оқи отырып, сабақтың тақырыбын  ашты.

.Қабілетіне қарай әр түрлі деңгейдегі оқушыларды ескере отырып, үй тапсырмасын сұрау кезінде «диалогтік  оқыту» тәсілін пайдаландым. Диалог арқылы оқушылар өз пікірін білдіріп, ойларын еркін бөлісе алды. Қабілеті жағынан төмен деңгейдегі оқушылар өз ойларын айтып, сабаққа белсенділігі артып, сабақ үдерісіне қатысуға ынтасы оянды.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сұрақты  оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. [МАН 41-б.]. Оқушыларға сұрақ қойғанда қиын сұрақтарды жеңілдету керек екендігін аңғардым, мен  таңдап алған сұрақтардың кейбіреулері  оқушыларыма сәл қиындау тиді. Мен осы сұрақ қою техникасы арқылы оқушыларымның білім деңгейін анықтап алдым. Тақырыптан көп ауытқымай уақытты тиімді қолдануға тырысты.

«Диалогтік оқытуды» қолдануарқылы оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, сонымен қатар, сабаққа деген  ынтасын оята алатындығымды білдім.  Әр оқушы - ағып жатқан бұлақ, тек бұлақтың көзін ашудың жолын білу керек екен. Тәжірибемде санама осыны түйдім. Мұғалім оқушыны білім нәрімен сусындауына жағдай жасап, бағыт беріп отырса ғана  кез-келген оқушыны білім арқылы адамгершіліктің ең жоғарғы мұратына жетуіне жол көрсетіп бере алады екен.

Питер Клайн: Оқушыға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік жасаған сайын баланың жақсы оқуға құлшынысы ашылатындығын айтқан. Жоғарыдағы  пікір осы бағдарлама идеясымен ұштасып жатқаны анық, ал Альберт Эйнштейн өзің оқушыларға ешқашан еш нәрсе үйретпегенін, оларға тек оқуы үшін жағдай жасағанын  тілге тиек еткен. Бұл ойларды жинақтасақ мұғалім бағыт беруші, оқушы ізденуші, мұғалім ұсынады, оқушы талдайды. Демек, мұндай оқушы -  тапсырманы өзі орындайды, қоданады, өмір мен білімін ұштастыра алатын және  өмірге бейім тұлға болып қалыптаса алады.

Болашақта осындай нәтижеге жету үшін мен алдыма үлкен мақсат қойдым.

Бұдан кейінгі сабақтарымда да сыни ойлаудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, «диалогтық оқыту» тәсілін үздіксіз қолданып, үздіксіз іздене, зерттеу жүргізе отыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, алған білімдерін өз өмірлерімен ұштастыра білуіне жағдай жасау. Өмірге бейім ұрпақ тәрбиелеу.