Педагогические науки/ 5. Современные
методы преподавания
п.ғ.к.,
профессор
Казимова Д.А.
3-курс студенті Исатай А.М.
Академик Е. А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
ИНФОРМАТИКА
САБАҒЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН
ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Компьютерлік
технологиялар соңғы жылдары оқыту әдістерінің
қатарына берік орнықты. Бүгінде оқыту сапасын
жақсарту, белсенділікті көтеру, индивидуалдылықты
қамтамасыз ету мәселелерін шешуге
оқу үдерісінде педагогикалық дәстүрлі
әдістермен қатар компьютерлік техниканы да пайдалану негізінде
ғана қол жеткізуге болатыны айқын. Қазіргі технологиялардың
ақпараттық мүмкіндіктері мен шұғылдығы
оқытушылардың педагогикалық шығармашылығына
кеңінен жол ашып,
технологиялардың ескісін жетілдіруге, жаңасын енгізуге,
оқытудың жаңа формаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Сабақты
дайындау және өткізу уақытын оңтайландыруға -
электрондық ресурстарды қолдана отырып оқытушы мен оқушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін арналған. Электрондық
ресурстардың арнайы қызметтері қажетті тапсырманы орындау
үшін, нақты-тармаққа өту үшін,
студенттің білім деңгейін тексеру үшін көмектеседі.
Электрондық
ресурстардың элементтеріне келесілер жатады: электрондық
оқулық, компьютерлік
энциклопедиялар мен сөздіктер, электрондық оқу
құралдары, слайд-бейнелер, презентациялық көрсетілімдер
және т.б.
Электронды
оқулық қосымша материалдың үлкен мөлшерін
қамтиды, сондықтан сабаққа жақсы
дайындалуға болады. Оқулықта интербелсенді тесттер мен
тапсырмалар көп, сондықтан кез келген мәселе бойынша өз
білімдерін тексеруге болады. Мектеп оқу процесінде электрондық
оқулықтарды пайдалану толық функционалдық
мүмкіндік береді (1 сурет).
1 cурет. Электрондық оқулықтың
интерфейсі
Компьютерлік
анықтағыштар мен энциклопедиялар үйрету
бағдарламасының тек оқу материалдарын ұсынуға
ғана арналған түрі. Әдетте үйрету
бағдарламасының бұл түрі оқу
ақпаратының молдығымен және қажетті деректерді
іздеу тетіктерінің көптігімен сипатталады. Қазіргі кезде
мұндай бағдаламаларда оқу материалын беру үшін
мультимедиа және гипертекст технологиялары қолданылады.
Компьютерлік бағлардамалар - әдістемелік кешенің негізгі бөлігі болып
табылады, ол өзіне педагогикалық бағдарламалар,
құралдардан басқа берілген бағлардамалардың
әдістік және
дидактикалық сүйемелденуін қосады.
Слайд-бейне
жиынтығы (слайдтар), ортақ тақырыппен біріктіріледі
және жай ойнатылатын суреттер ретінде, проекциялық экранда ойнату
үшін белгілі бір ретпен таңдалады.
Презентациялық көрсетілімдер - ақпаратты ұсынуға,
оның даралығын атап және оны құруға
көмектеседі, тиімді жарнамалық-ақпараттық
құрал. Дұрыс құрылымды ақпарат, жақсы
графика шешімі, бейне және дыбыс объектілері - осының бәрі
табысты мультимедиялық презентациялар кілті болып табылады (2 сурет) .
2 сурет.
Презентациялық көрсетілімдер
Электрондық
ресурстарды пайдалану және
ұйымдастыру технологиялық және әдістемелік
тұрғыда оңай міндет емес. Әлеуметтік
маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты компьютерлік
оқу-әдістемелік материалдар индустриясы кеңейіп, дамып
келеді. Мәселен, оқытудың компьютерлік құралдары
өз бетінше және дербес жұмыс істеу үшін пайдалы,
оқытудың тұлғалық-бейінді жүйесі үшін
өте маңызды. Анимация, бейнекөріністер, дыбысты ілестіру –
бұлардың бәрі дидактиканың көрнекілік,
эмоционалды әсер ету сияқты қағидаттарын жүзеге
асыру дәрежесін ұлғайтуға, оқу материалын
ақиқат болмысқа жақындатуға мүмкіндік бере
отырып, оқытылатын материалды беру аясын кеңейтеді. Осыған
байланысты электронды құралдарды құру мен
жасаудың білім беруді дамытудың қазіргі идеяларына сай
келетін тұжырымдамаларын ұсынудың өзектілігі
сөзсіз.
Әдебиеттер:
1.
Казимова Д.А., Шарзадин А.М. Кәсіптік
білім беруде педагогикалық бағдарламалық
құралдарды жобалау негіздері. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. –
110 б