Мажитаева Ш., ф.ғ.д., профессор

Сатжанова Корлан,

Е.А.Букетов атын.Карағанды мемлекеттiк университетi,

 КАУс-32 тобынын студентi 

 

МОДУЛЬДIК ОКЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫН ТИІМДIЛІГI 

 Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке  қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы, сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Оның ішінде қарастыратынымыз – модульдік оқыту технологиясы [1].

Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.                                                                                                  

Модульдік оқыту технологиясының тұжырымдамасын американ зерттеушісі Дж. Рассель жасаған. Ол модуль деп - білім алушылардың әрекетін бірізділеу және оқу материалының тұжырымды бөлігін қамтыған оқу жиынтығы дейді. ЮНЕСКО - ның тезаурусында модульдік оқытудың бірнеше туынды балама ұғымдары бар: модульдік әдіс, модульдік жол, модульдік дайындық. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жоспарланған алдағы нәтижеге жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады [2].

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушының іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, оларды өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.  Модульдік оқыту жеке тұлғанаң ақыл-ойын, танымдылығын және шығармпашылық қабілеттерін дамытуға, шешуге алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар дағдыларды оқушы бойына қалыптастырады.

Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан 1-2 сағат теория бөлігіне беріледі, қалғанын практикалық жұмыстарға пайдалануға болады. Барлық қалған уақыт бөлімінің меншігінде болады. Мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілірге сүйене отырып түсіндіреді [3].

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшілігі бар. Оқытудың белсенді және өз ойын кеңінінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте (13–тен 24 ретке дейін) қайта оралып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл технологияның маңызды шарты-оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс сабақ барысында не істеуі керек екенін жақсы біледі, ойткені мұғалім балаларды сабақ ережелерімен, оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Сөйлесу бөлімінің жұмысы төменгідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:

• оқу материалын бір тұтас беру қағидасы;

• «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңында-мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен факті – деректер еңгізу арқылы).

Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.

• сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды), бұл іс жүзінде оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да меңгерілген білімді бекіту үшін өте қажет.

Оқу модулінің бұл бөлімінде көбірек қолданған әдіс-бірін-бірін тексеру әдісі [4]. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір–біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми еңбек көздерін пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқу пәнінің ерекшелігіне орай оқушы білімін бақылаудың түрлері ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе сынақхат қолданылады, бұл оқу модулінің қорытынды бөлімінде іске асырылады.

Қорытынды бөлім – бұл модульдің тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі. Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім-білік дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.  Оқушылардың білімін әділ бағалау және оларға жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болу үшін біз бақылаудың бірнеше түрін даярладық. Біріншісі - міндетті - тестілеу. Екіншісі - мұғалімнің өз таңдауы бойынша (сынақ, бақылау жұмысы, диктант т.б.) жұмыстар. Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау оқушылардың білімдік, танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін толық ашпайды.

Бұл технологияның жан-жақтылығы оны жоғары, орташа, төмен, білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істегенде гимназия, лицей сыныптарында, жалпы білім мектептерінде де қолдануға болатындығы. Айырмашылығы –  тек бағдармалық материалды меңгертудің түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін оқушылар санының әр түрлі болатындығында.

Алайда, осы технология бойынша бір сыныпта бірнеше жыл бойы жұмыс істеу барысында, білім деңгейі төмен оқушыларды неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік берітіні айқындалды.

Бұл технологияны қолдану барысында оқушылардың танымдық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың пән бойынша фонетика, лексика, грамматикадан алған білімдері күрделеніп, синтаксис бөлімінде сөздердің орын тәртібі мен сөздердің байланысуын жетік меңгергендегі байқалды [5].

Қорыта айтқанда, модульдік оқыту әдісімен жан-жақты толық танысып, дидақтикалық материалдарды, көрнекіліктерді, оқыта-үйрету ойындарын, қазақтың ұлттық ойындарын, мұғалімнің өз тарапынан шығармашылық жұмыс жасау арқылы тіл үйретуді коммуникативтік қарым-қатынас деңгейіне көтеруге және жеткізуіне мол мүмкіндіктер бары сөзсіз.

Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Айтбаева А.Б.Білім берудегі жаңа технологиялар. Алматы, 2011.

2.     http://www.zkoipk.kz/ru/nisconf2s/700-conf.html.

3.     Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.  Алматы, 2002.

4.     Ксюнин А.Г. Некоторые принципы модульной организации системы контроля знаний, новые образовательные технологии. Сб. статей по проблемам высшей школы. Новочеркасск, 1998.

5.Бұзаубақова  К.Ж.  Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004.