Педагогика
Бабаев Батырхожа,
волейбол бөлімінің
жаттықтырушысы, №193 орта мектебі,
Жаңақорған ауданы, Қызылорда
облысы, Қазақстан Республикасы
ЖЕКЕ
АДАМНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ СПОРТТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Спорт - белгілі
ережелер немесе дәстүрлерге сай көбіне жарыс түрінде
өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда дене күшінің
мығымдығы өте маңызды болатын әрекетті сипаттай
отырып, ақыл-ой іс-әрекетімен және
қимыл-қозғалысты спортына қатысты орындалады.
Жеке адам баласы спортпен
денсаулығын жақсарту, дене күшін нығайту және өмірден
қанағат алу, өзін-өзі дамыту үшін
шұғылданады.
«Тұлға және спорт» тақырыбына еңбектер өте көп, бiрақ көптеген
әдiснамалық мәселелер әлi шешiлмеген.
Физиологиялық, морфологиялық және генетикалық
факторлардың, физикалық
дайындықтың деңгейлерi мен тұлғалық
қырларды меңгеруде спорттық
қызығулар және спорт шеберлiгiмен байланыстыру
сынақтары қолданылады.
Бұл мәселелермен авторлар
(Davis and Mogle, 1994) зерттеудiң негiзгi мiндетi болып спортшы емес
адамдардың ұстанымдар дифференциациясы, сонымен, «үздiк
спортшылардың» және басқалардан «жоғары жетiстiктермен»
ерекшеленетiн спортшылардың дифференцияциясын зерттеген [1].
Дэвистiң айтуынша, спорт
психологиясының саласында көптеген мифтер мен қарапайым
көзқарастар бар. Спорттық шеберлiкке жеке адамның
көптеген техникалық қабiлеттері мен iскерлiктері,
қозғалыс жылдамдығы, физикалық (дене күші)
деңгейінiң дайындығы, тұрақтылығы,
болашақты болжай алуы, темперамент сияқты факторлардың
үйлесiмдiлiгiне тәуелдi болады. Автор, жалпы спортшылардың
мiнез-құлқына әсер ететiн мынадай сегіз
«психологиялық» факторларды суреттейдi:
-тұлғалық сипаттамалар
және бейімділік;
-спорттық жарыстарға
қатысудың тәжiрибесi;
-психологиялық
қолдаудың болуы және кеңесшілер;
-әлеуметтiк қысым;
-жүйелiлiк,
тұрақтылық және сенiмдiлiк;
-психологиялық дайындық
және мотивация.
Дэвис бойынша, жеке тұлғаны
бағалауға арналған барлық өзiндiк мiндеттердiң сауалнамаларын қолдану нәтижесiнде диссимуляциямен
байланысты мәселелер туындайды [2].
Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің
айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан
әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы
ықпал жасауда спорттың алар орны ерекше.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуындағы
әсерлер екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер:
табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы
тәрбие мен орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен
толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады.
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі
фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан
дүниесіне ұнамды қозғау салып, (өзіне
бағдарланған) өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра
алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай
алғаны.
Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік
нəтижелерге жетеді, ал екінші біреулер - ондай мүмкіндікке ие емес?
Бұл процестің жəне оның нəтижесі неге байланысты?
Ұзаққа созылған зерттеулер осы
сұраққа орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі
жəне сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі
жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жəне
психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар – бұл
адамның қоршаған ортасы, оның өсіп-өнген
аймағы, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде
адамның ішкі мəні өзгереді, жаңа қасиеттері,
мақсаттары мен міндеттері қалыптасады, ал бұл, өз
кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.
Жеке адам тұлғасын қалыптастыру,
оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік дамуының,
өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Ол
қазіргі білім беру процесінде заманауи талаптарға сай
жабдықталған. Енді осы жерде жеке адам өз болашағын
жоспарлауда маңызды сапаларына қол жеткізуге мүмкіншілігі
бар.
Мысалы, жеке адам спорт түрлерімен көп
еңбектенеді, бірақ өз іс-әрекетіне
құлықсыз, көңілі толмай, орындалуы қалай
болса, солай енжар болуы мүмкін. Əрине,
мұндай іс-əрекет жеке адамды жоғары нəтижелерге
жеткізбейді.
Жеке адамның дамуының тиімді болуы
іс-əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй
жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған ісіне
жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің
бəрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға
ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай қызмет жеке
адамға қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен
қуаттың көзіне айналады. Сондықтан да,
іс-əрекеттің маңыздылығы оның өздігінен
ғана емес сол əрекетте көрінетін тұлға
белсенділігінің деңгейіне де байланысты.
Сондықтан, білім беру процесінің
мақсаты жеке адамның дамуы мен қалыптасуына, оның
табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік
ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Қорыта айтқанда, өсіп, дамып келе
жатқан адамдарға спорттағы толық іс-əрекет
мүмкіндігін ашуға, өз күш-қуатын белсенді
қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен
қаруландыруға бағыт берулері тиіс. Олардың жеке
тұлғалық ерекшеліктерін жете зерттей отырып жəне əр
тұлғаның болмысындағы табиғатпен берілген қабілеттерін
мейлінше ашу - əрбір тұлғаның даму процесін
ақыл-оймен бағыттаушы ұстаз-педагогтардың
қоғам алдындағы борышы.
Әдебиеттер
1.Дэвид Майерс,
Социальная психология. СПб., 1999.
2.Ферхнем А.,
Хейвен П. Личность и социальное поведение. – СПб.: Питер, 2001. – 368 с.
3. Бәшірова Ж., Әлқожаева Н.
Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасы. Оқу
құралы. «Қазақ университеті»,
2011ж. –250 бб.