Педагогические науки
Тараз
қаласының №35 «Ер Төстік» балабақшасының
қосымша білім беру
педагогы
Тлешова
Г.К.
ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ЖАҢА
ЗАМАН БАЛАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ
Президентіміз 2006 жылдың
қазанында өткен Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХІІ құрылтайында Н.Ә.Назарбаев
«Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс
және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін
жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Болашағымыз
үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек» - деп атап
көрсетті.
ҚР МЖМБ «Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту» стандартында (2009 ж) балаларға
қазақ тілімен бірге ағылшын, орыс тілдерін
үйретудің мақсат, міндеттері жақсы көрсетілген.
Үш тілідібалабақшадан бастап меңгерту балалардың
бастауыш мектепке барғанда тілдік пәндерді оқуына, мектепке
жеңіл бейімделуіне, еркін қарым-қатынас жасауына
мүмкіндік ашады.
Елбасымыздың салып берген сара жолы қазақ тіліне
үлкен басымдылық беріп отыр. Себебі Н.Ә. Назарбаев «Үштұғырлы тіл»
бағдарламасын енгізе отырып, «қазақ тілі үш тілдің
бірі болып қалмайды,үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы,
маңыздысы бола береді» деп басып айтты.
Заман
талабына сай өскелең ұрпақ қазақ тілін
дамыта отырып, өзге тілдерді үйрену арқылы әлем
тілдерінің ерекшелігімен
және мәдениетімен танысып, инновацияның ағымына ілесуге
үлкен мүмкіндік алады.
Осы «үштұғырлы
тіл» саясатын жүзеге асыру үшін үш тілді меңгертуді
балабақшадан бастау керектігі мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеудің жаңа стандартында көрсетілген.
Тіл-
қатынас құралы, тіл баланың өмірінде маңызды рөл атқарады. Ана тілі мен қоса өзге тілді де балалар
балабақша табалдырығынан үйреніп,
қызығушылықтары мен ұмтылыстары артып, мектепке
барған кезде еш қиындықсыз ары қарай білімдерін
жетілдіруге мүмкіндік алады. Өскелең
ұрпақтың үш тілді оқып үйренуге
ұмтылыс жасауы – тілге деген қызығушылығынан туындап
отыр. Сондықтан бала
бойындағы ұлттық құндылықтарды сақтай
отырып, тілге деген қызығушылығын арттыру, жаңа технологиялық
әдістерді игеруде жаңа талпыныстар жасалуда.
Бүгінгі таңда үш тілді
меңгеру сән емес, заман талабынан туындаған сұраныс.
Осындай игі бастама негізінде 2013-2014 оқу жылынан бастап Тараз қаласының №35 «Ер Төстік»
балабақшасы «Балабақша жағдайында көптілді
тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында
ғылыми-педагогикалық экспериментті жүргізуші алаң
ретінде таңдалып алынды.
Балабақшадағы жұмыс
қазақ тілінде ұйымдастырылған, негізгі
көңіл балалардың өзінің ана тілінде сауатты
сөйлеуіне, еліміздің салт-дәстүрін, тарихын,
мәдениетін меңгертуге басымдық
берілген.Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл,
өз тіліңді құрметте», «Өз тіліңді біліп,
өзге тілде сөйлеу – қасиет, өз тіліңді білмей, өзге
тілде сөйлеу - қасірет» деген бабалар даналығын,
қазақ тілінің мәртебесі қашан да биік
ұстанамыз.
Біздің балабақша
эксперименттік жұмыс жүргізуші обьект болғандықтан
балалардың үш тілді меңгеріпшығуына ерекше жағдай
жасалып отыр.Эксперименттік жұмысты жүргізуші шығармашылық
топ құрылып, мамандарды іріктеу, қажетті
материалдық-техникалық жабдықтау, әдістемелік
қамтамасыз ету, жағымды психологиялық ахуал, ата-аналарды
тарту т.б. жұмыстар жүргізіліп кетті.
Ағылшын, орыс тілдері оқу жоспарының міндетті
бөлімінен басқа, вариативтік қосымша білім беру
бөлімінде тереңдетіліп оқытылады, балалардың бос уақытын
ұйымдастыруда тілдік-танымдық шеберханасы «Тілдер патшалығы»,
3+ жасар балалармен«Тәтті тіл», 4+ жасар балалармен «Өзім
айтып беремін»,5+ жасар балаларға арналған «ABCD» үйірмесі
жұмыс жасайды. Үйірмеде балалардың іс-әрекеттеріне
ерікіндік беріледі, әр түрлі ойындар, топсеруен, табиғатты
бақылау, ертегілерді сахналау, қуыршақ театрлары сияқты
жұмыс түрлері жүргізіледі.
Негізгі мақсатымыз
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің
құндылықтарын меңгерген, мәдени –
әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасымен ауызша
және ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге
қабілетті, коммуникативтік–тілдік құзыреттілігі
қалыптасқан, мектеп жасына дейінгі көптілді
тұлғаны тәрбиелеу.
Осындай заманауи талаптар ағымы
балалар психологиясының өзгеруіне, бүлдіршіндердің
үш тілді қатар меңгеру барысында тілдік
қатынастың аса маңызды түрі–ауызша сөйлеу
дағдысын қалыптастырады. Ол сөздерді байланыстырып айту
арқылы жүзеге асады. Балабақшадағы оқу
іс-әрекетінде, күнделікті қарым-қатынаста, ойында
бүлдіршіндердің үш тілде сөйлеу дағдысын
қалыптастыру, оларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге ерекше
көңіл бөлінеді.
Балалармен арнайы ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті, тіл ұстарту жаттығулары, ойын-тапсырмалар, халық
ауыз әдебиетінің үлгілері, логикалық, тілдік
жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.
Тіл үйретудегі негізгі-мақсат балаларға жалаң
сөз жаттату емес әрбір ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде үйренген сөздерді ауызекі айтуға,
сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге
үйрету.
Тәрбиешілер әрбір оқу іс-әрекетінде жаңа
ұғымдарды балаларға қазақ, орыс,
ағылшынтілдерінде айтып, білімдерін бекітіп, байланыстырып сөйлеу
тілін жаттықтыруға мүмкіндік жасап отырады. Біздің
балабақшада ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын
құрғанда, полингвалды сыңардың жүзеге
асуына ерекше мән беріледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға өзге тілді
үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық
ақуал, мейірімді орта, қазақша, орысша және
ағылшынша тілдесуге қуануға жағдайлар тудыру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретуде
балалардың сөздік қорларын байыту, жетілдіру,
күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, әр
тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл
мәдениетін дамытудың маңызы зор.
Балалардың үш тілде сөйлеуін,
сөздік қорын дамытуда сөздің мағынасын
дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс
қолдануға үйретуде инновациялық
әдіс-тәсілдерді ойын арқылы меңгерту қажет.
Балалардың қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін меңгерту ойынарқылы жүргізіліп
бағдарлама мазмұнын жеңіл, тез қабылдап, тілін
жаттықтыруға мүмкіндік жасайды. Әр бөлімнің
соңында балалармен тақырыптық ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттен тыс, қорытынды іс-шаралар жүргізіп
тұрамыз.
Балаларды қазақ, орыс,
ағылшын тілінде сөздерді анық айту, өзінің
және жақын туыстарының аты – жөнін,өзінің
тұратын мекен жайын айта білуге, қарапайым
сұрақтарға жауап беруге дағдыландырамыз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде кейбір
заттардың атауын, сипатын, қасиетін білдіретін сөздерді;
сөздің мазмұнын түсініп, оларды күнделікті іс –
әрекетте пайдалану; сөздерді тиісті орнымен пайдалану; дыбыстарды
бір – бірінен дұрыс ажыратып, мәнерлеп оқудың
тәсілдерін қолдану; антоним, синоним және көп
мағыналы сөздерді түсіну, сөйлеу барысында қолдану;
ауыспалы және астарлы мағыналы ойларды түсіну; тілді
үйренуде үш тілді қатар алып жүру қажеттілігін
қалыптастыру; халық ауыз әдебиетін пайдалану; айнала
қоршаған ортадағы заттарды танып – біліп, атап, іс –
әрекет жасай білуге машықтандыру; өлең, ертегі,
әңгімелерді шығармашылықпен айтуға
дағдыландыруға ерекше мән беріледі.
Қазақ,
орыс, ағылшын тілінен ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде әрбір ұғымды меңгертуде: -Тілдің дыбысталу мәдениеті.
-Сөздік жұмыс жүргізу.
-Тілдің грамматикалық
құрылымын қалыптастыру.
-Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту
жұмыстары жүргізіледі.
Балалардың
жүйкесіне шамадан тыс жүк түсірмейтіндей, айтуға
жеңіл, ойнақы, есте тез сақталатын өлеңдер,
жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығуларын, тіл ұстарту
жаттығулары санамақ, мадақтамақ, мақал-мәтелдерді
көп қолданамыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Үштұғырлы тіл» саясаты. //Егемен Қазақстан 2006
ж.
2. Соқыртеке: Ауыз әдебиетіндегі
балалар ойындарының үлгілері / Құраст. Ш. Ыбыраев. –
Алматы: Өнер, 1990. – 176 б.
3.Жұмағожина
Р. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында
пайдалану.-Алматы: Мектеп, 1981.-43 б.