Жалиева Нуржамал Бухарбаевна
Қазақстан
ғалымдарының дидактиканың өзекті мәселелері
туралы ғылыми-зерттеулері
Қазақ
гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қазақстан
Біраз
жұмыстарда дидактика - оқытудың пәні,
нысанасы, ол оқыту - оқытушыға қатысты әрекет деп
айқындалған. Екеуінің
байланысының нәтижесінде, оку процесі алға жылжып,
өнімді еңбекке қол жеткізеді. «Дидактика» деген ұғым біздің
ұстанымымызда «үлгілі»
деген мәнде қолданылып отыр. Бұл екі мәндегі
ұғым «таным» деген ұғымсыз өнімді іске
бағдарламайды. Кәсіби деңгейліктерін бір жүйеге
ыңғайластырып, соңғы нәтижеге жеткізерлік
амалдарды болжаудың қажеттілігін туғызады.
Біраз жұмыстарда дидактика - оқытудың пәні, нысанасы, ол оқыту -
оқытушыға қатысты әрекет деп айқындалған. Ғалым- педагог Алма
Есімбекқызы Әбілқасымова «Қазіргі дидактика» атты
негізгі ғылыми еңбегінде дидактиканың төмендегідей өзекті мәселелеріне мән беріп отыр:
1)
Мұнымен бірге оның өзі оқыту материалдарын ұтымды
сұрыптау мен оқу үрдісінің міндеттерін дұрыс
талдай білу дәрежесідегі танымдық қызметті дамытудың
мүмкіндігіне тоқталады;
2)
Екіншіден, танымдық қызметті дамытарлық амал-әдістерді
даралап-саралап қолданудың мәнін айқындайды;
3)
Қабылдауға тиісті жекелеген тараулардың барлық
жүйесін жинақтап, негізгі маңыздылығын анықтаудың
әдіснамасын жіктейді;
4)
Танымдық қызметтің бағдарламалық негізін
құрастырудың заңдылығын дәлелдейді;
5)
Біліктің әдіснамалық жүйесінің әдістемелік
элементтерін оқыту процесінде қолданудың үлгісін
қүрастырады;
6)
Аталған компоненттердің нәтижеге жетуі үшін әр
студенттің өз білімін тексеру принциптерін жүйелейді.
Белгілі ғалым-педагог Құмашқызы
Нүрғалиева тұлғаны құндылыққа
бағдарлаудың психологиялық,
педагогикалық негіздері жүйесінің тұжырымын
құрып берген:
тұғырнамалы, халқына
қызмет етерлік мықты президенттік мемлекет
құрылуы;
жеке адамның бағалы
бағдарламасы әрбір істің нәтижелілігіне ыңғайлануы;
жеке адамды
әлеуметтік өмірге араластыру проблемасын шешуі;
кез-келген мамандықты еркін
таңдауға үйренуі;
іс-әрекеттің түрлерін туғызатын,
жүйе жасайтын интеграцияның мәнін дәлелдеуі .
Құрмет Қабдықайров математика пәнінен
дәріс пен семинар-тәжірибешілік, зертхана жұмыстарын
өткізу барысында біліктілік пен тәрбиелілік міндеттерді
жүзеге асырумен шектеліп қоймай, студенттердің
бойындағы бар қасиеттер мен қабілеттіліктерді ашу, оны
тәжірибеде орынды қолдана алу мүмкіндігіне қол жеткізу,
тек есептерді шығару мәресінде қалмай, комплексті де
күрделі, ғылыми-өндірістік, әлеуметтік-психологиялық
біліктілік пен дағдыны ширатудың амалдары айқындалып
берілген.
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Қазақстан
ғалымдарының бірі
Талғат Сабыров дидактиканың өзекті мәселелері туралы бірнеше мақалар, оқу
құралдар жазды. Ол қазақ
тілінде оқыту мен дамытудың психологиялық жақтары мен
заңдылықтарын зерттеуге үлкен үлес қосқан психологтарды
атап өтеді. Белгілі Казақстандық ғалым Досымхан
Рахимбек болашақ математика мұғалімін окушылардың
логика-методикалық білімдерін жетілдіруді жұмыста дайындауды
дидактикалық, әдістемелік зерттеулерге талдау жасап, өз
пайымын айқындайды және ақыл-ой, іс-әрекетінің
екі түрлі жіктемесін ұсынады:
арнаулы
(спецификалық) логикалық ақыл-ой;
жалпы
логикалық ақыл-ойдың біліктілік негізі.
Ғалым-педагог Хорлан Рахимбек зерттеу еңбегінде химиядан
жоғары оқу орнында білік пен ғылым негіздерін
әдіснамалық сипатта меңгерудің мақсатын
айқындап беруге ерекше тоқталады және келесі зерттелім
айналымдарының түрлері мен әдістерін ұсынады:
Ғалым–педагог Әспет Қағазбаева ресейлік
ғалымдардың еңбектерін жүйелеп,
әрқайсысының бағытын анықтап береді:
-
проблемалы оқытудың теориясы мен әдісін зерттегендер (А.М.
Матюшкин, М.И. Махмутов, Ю.М. Колягин, т.б.);
-
проблемалы оқытудың жоғары оқу орнындағы
теориялық негізін зерттегендер (С.И. Архангельский, А.А. Вербицкий, В.П.
Беспалько);
-
проблемалы оқытудың теориясын және әдістерін ойын мен
модельдеу әрекетінде меңгеруді зерттегендер (Л.С. Выготский, С.Г.
Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, Б.Г. Ананьев, А.А. Вербицкий, Ф.И. Петерсон, Е.В.
Семенова, Н.К. Ахметов және басқалар);
-
проблемалы оқытудың теориялық міндетін зерттегендер (С.Л.
Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Г. Балл, Ю.М. Колягин, М.М. Фридман);
-
проблемалы оқытудың дидактикалық бірліктерін ірілендіру
процесіндегі әдісін зерттегендер (П.М. Эрдиниев, Б.П. Эрдниев).
Ал
бүгінгі жоғары оқу орнындағы оқытудың
педагогикалық білік пен ғылым меңгертудің
біртұтас жүйесінің әдіснамалық негізін зерттеп
бергендер деп Н.Д.Хмель, Т.С.
Садықов, Ә.Әбілқасымоваларды атап ерекше
көрсетеді..
Әспет Қағазбаеваның зерттеу еңбегіндегі басты
(біздің еңбегімізге қатысты) ұстаным мыналар:
•
Тұлға - субъект - объект (қоғамдық қатынас
нәтижесі);
•
Тұлға - субъектінің қызметі (А.Н. Леонтьев);
•
Тұлға - ішкі жағдайлардың жиыны, өзара
ықпалдастық әрекетте бұзылып, қайта
құрылып отыратын сипат (С.Л. Рубинштейн):
Жаңғырту
- қайталаным деңгейі (1);
Ыңғайлану
- бейімделу деңгейі (2);
Модельдеу
- пішіндеу деңгейі (3);
а)
локальді - модельдеу деңгейі (За);
ә)
біртұтастық - модельдеу, іс-әрекет жүйесінің
деңгейі (Зә);
б)
жүйелі-модельдеу қызметі, іс-әрекеті,
қарым-қатынасты деңгейі (3б);
Аталған ғалымдардың жалпы оқытудың дидактикалық
жүйесін құрып берді. Олар
өздерінің ғылыми еңбектерінде пәннің ішкі заңдылықтарына орай
дидактиканың біртұтас жүйесі бар екенін айқындайды. Аталмыш ғалымдардың докторлық диссертациялардың зерттелім сарынынан
дидактиканың біртұтас жүйесін оқыту қызметіне
танымдық қажетсіну мәнде қолдану мүмкіндігі
толық айқындалған.
Түйіндеме
Қазақстан
ғалымдарының жалпы оқытудың дидактикалық
жүйесін оқыту
қызметіне танымдық қажетсіну
мәнде қолдану мүмкіндігі туралы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. Абдраман. А.Ш. Жоғары техникалық оқу орны
студенттеріне кәсіби-техникалық бағыттылықты
қалыптастырудың дидактикалық негіздері: Педагогика
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация. - Алматы, 2000.-250 б.
2. Нұрғалиева.
Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования
личности: Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. -
Алматы, 1993. - 300 б.
3. Абылкасымова
А.Е. Дидактические основы обучения в
высшей школе. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы РБК. 2000. - 200 б.
4. Қабдықапаров. Қ.
Дидактические основы совершенстования математического образования в высшей
школе: Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін
дайындалған диссертация. - Алматы, 1994. - 250 б.