ӨЗГЕ ТІЛДІ
ДӘРІСХАНАЛАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Даркенбаева
Күлсімхан Қалибековна.,
педагогика
ғылымдарының магистрі,аға оқытушы
Абдыкадырова
Айнұр Рахманалыевна.,
педагогика
ғылымдарының магистрі,аға оқытушы
С.Ж.Асфандияров
атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Алматы
қаласы
Қазақ тілін
білу – біздің мемлекетте тұратын кез келген өзге ұлт
өкілінің міндеті болып табылады. Тақырыптың
өзектілігі біріншіден, қоғам тарапынан өзге ұлт
өкілдерінің бойында қазақ тіліне деген
қызығушылықты, оны оқып үйренуге қатысты
ынта-жігерін зорлық-зомбылық жолымен емес, білім беру
үрдістерінің шеңберінде тиімді технологиялар,
әдіснамалар арқылы қондыру жолын зерттеудің
маңыздылығымен айқындалады.
Қазақстан Республикасында тілдерді
дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында, мемлекеттік тілді оқып-үйрену
және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік
әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар енгізу
жөніндегі практикалық шаралар кешенін іске асыру
қарастырылады [1].
Тақырыптың өзектілігін
айқындайтын екінші мәселе, қазіргі кездегі
қоғамның даму үдерісінде білім берудің гуманистік
философиялық бағыты алуан түрлі технологиялар,
оқытудың озық үлгілері арқылы жүзеге
асырылып отырғандығына байланысты. Технологиялар арқылы әрбір
білім алушының бойында шығармашылыққа деген қызығушылықтарды
оятып, өз бетінше оқуға деген ынтасын арттыруды оятуға
болады.
Технология – грек тілінен аударғанда шеберлік деген
ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы
педагогика саласында қолданғанда шеберлікпен өнім алу,
нақты нәтижеге жету, белгілі бір жүйемен оқыту деген
ұғымдарға барабар. Педагогикада оқыту технологиясы мен
білім сапасы бір-бірінен ажыратуға болмайтын, өзара тәуелді,
өзара сабақтас егіз ұғымға айналды. Себебі
оқыту технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге
әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей
байланысты болса, ал үйлесімді басқару жүйелілік арқылы
сапаға қол жеткізудің басты шарты болып саналады.
Қазақстандық ғалымдар: «Қазіргі білім беру
саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болуы қиын. Жаңа технологияны
меңгеру – оқытушының интелектуалды, адамгершілікті, рухани
азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына әсерін тигізуіне, өзін-өзі дамытып
оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.», - деп оқыту технологиясын қолдану
жөнінде өз пікірін білдіреді [2].
Осындай технологияның бір түрі жобалау
әдісі болып табылады. Қазақ тілін
өзгетілді аудиторияларда жобалап оқыту әдісі арқылы
үйрету осы қадамдағы маңызды шаралар қатарына
кіреді. Орыс
тілді немесе өзге ұлт азаматтарына қазақ тілін
жобалық әдісті қолдану олардың тілдік және
сөйлесімдік дағдылары мен біліктерін дұрыс
қалыптастырып, дамытуға, коммуникативтік
құзырлылықтарын жетілдіруге септігін тигізеді.
Жобалау әдісі алғашында ХІХ ғасырда Америка
Құрама Штаттарында ауыл шаруашылық жұмысшыларын белгілі
бір тақырыпта жобаны орындауға дағдыландыру негізінде
қалыптасқан.
ХХ ғасырдың басында американдық философ Джон Дьюи педагогикада
жобалау әдісін қолданған болатын. Оқытудың
дәстүрлі үлгісіне балама ретінде Дьюи, мәселені шешу
әдістеріне оқыту үлгісін ұсынған. Дьюи пікірінше,
тәжірибелік дағдылар арқылы адамзат, қоршаған
ортамен «диалектикалық қатынасқа» түсіп, ол
арқылы мәселенің шешу жолдарын тауып, белгілі бір идеяларына қанығады
[3, 143 б].
Карл Фрей
өзінің «Жобалық әдіс» атты еңбегінде, оқытушылар
және оқушылар жобаларды жасау арқылы бірлесе отырып
жетістіктерге жететін дәйектеген. Ол жобалау әдісінің 17
ерекшелігін айрықшалайды, мысалы: жоба қатысушылары жобалық
бастаманы өмірден алады, жоба қатысушылары оқытудың
нысаны туралы өзара келісімге келеді, жобалық бастамаларды дамыта
отыра, барлығына жеткізеді, жоба қатысушылары бір-бірін жұмыс
барысы туралы хабардар етіп отырады, жоба қатысушылары пікірталастар
арқылы мәселені шешеді ж.т.б. [5, 35б]
Жобалау әдісін қазіргі таңда отандық,
әлемдік ғылымда зерттеулердің аясы кеңейе түсуде.
Зерттеліп отырған әдіске қатысты ғылыми ізденістер уақыт
өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып
келеді. Жобалау әдісі
арқылы оқыту технологиясының қыр-сырымен айналысып
жүрген Ресейлік зерттеушілер қатарынан И.А. Зимняя, Е.С. Полат, Бухаркина М.Ю., Моисеева М.
В., Петров А.Е., Конышева А.В. және
басқаларына атап өтуге болады.
Отандық
зерттеушілер қатарынан Ф.Оразбаева, М.Жанпейісова, Қ.Қадашева,
Р.Шаханова, З.Бейсенбаева, К.Жақсылықова, Н.Құрманова, Н.Оразахынова, Н.Шадиева, Ж.Дәулетбековалардың жаңа
технологияға қатысты ізденістерін, еңбектерін атауға болады.
Жобалау
әдісі- бұл педагогикалық үдерістің құрылымдық-ұйымдық
түрі, ол арқылы оқытудың
тұлғалық-бағыттағы әдісі жүзеге
асырылады [7, 62б].
Жобалар
әдісі – қандай да бір түрде
безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен
аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы
дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі.
Е.С.Полат жобалау әдісін, танымдық қызметті
белсендірудің дидактикалық құралын білдіретін
ізденістік, мәселелік әдістердің жиынтығы ретінде
қарастырады. Ғалым, жобалау әдісіне қойылатын
талаптарды былайша жіктеп көрсетеді:
· зерттеу, шығармашылық
түрдегі маңызды мәселенің болуы;
· болжамды
нәтижелердің тәжірибелік, теориялық маңызы;
· оқушылардың
сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы өзіндік
іс -әрекеттері;
· жобаның
мазмұндық бөлімін құрылымдау;
· зерттеу әдістерін
қолдану, болжам және оның шешімін қарастыру, зерттеу
әдістерін талқылау, алынған нәтижелердің талдауы,
қорытындылар жасау. [8,7б].
И.А. Зимняя,
Т.Е. Сахаровалар жобалау әдісін, нақты, тәжірибелік
нәтижемен аяқталатын мәселені толық қарастыру
арқылы дидактикалық мақсатқа жету тәсілдері деп
қарастырады [9, 10б]
Кесте 1 жобалардың
дидактикалық тұрпаттамасы
|
1 |
Іс-әрекет түрі бойынша |
Зерттеу, шғармашылық,
рольдік-ойындық, ақпараттық,
тәжірибелік-бағыттық |
|
2 |
Пәндік мазмұны бойынша |
Моножобалар, пәнаралық
жобалар |
|
3 |
Үйлестіру сипат бойынша |
Ашық үйлестіру жобалары,
жабық үйлестіру жобалары |
|
4 |
өзара қатынас сипаты бойынша |
Ішкі, аймақтық,
халықаралық |
|
5 |
Қатысушылардың саны бойынша |
Жеке, жұптық, топтық |
|
6 |
Мерзімі бойынша |
Қысқа, орта,
ұзақ мерзімді |
Жобалап оқыту әдісінің негізгі
сипаттамалары төмендегідей:
· білім
алушының іс-әрекеті
арқылы оқыту;
· оқытылатын
пәнге байланысты жобаны құруға бағытталған
білім алушының іс әрекеті;
·білім алушының топтық жұмысы, әріптестікке
үйрену (кооперация);
· оқытылатын
пән мазмұнынан туындайтын қандай да бір мәселені
(теориялық немесе тәжірибелік) шешуге бағытталған білім
алушының жобалық қызметі;
· мәселені
шешудің оң мотивациясы (нәтижеге қол жетудегі
әрбір білім алушының мүдделілігі,
қызығушылығы).
Жобалап оқыту әдісі төмендегідей
қағидаттарға негізделеді:
· білім алушының
мәселені шешуге бағытталған, жеке және
ұжымдық танымдық қызметі қағидаты;
· мұғалім
және білім алушының оқу міндеттерін шешу барысындағы
әріптестік қағидаты;
· тәрбие
қатынастарындағы гуманистік қағидаты;
· білім алушының
жоба тақырыбына деген жеке мүдделілігі,
қызығушылығы қағидаты.
Жобалау әдісі төмендегідей мақсаттарды
көздейді:
· білім алушыны
ынталандыру;
· қандай да бір
объектіні немесе процессті жобалауға байланысты өз бетінше
топтық немесе жеке жұмыстарға топтың барлық
мүшелерінің қосылуы;
· алуан қабылеттерді
(танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, кәсіби)
дамыту.
Тілді үйренуге қатысты жоба – бұл мұғаліммен
арнайы ұйымдастырылған және шығармашылық
өнімнің алынуымен аяқталатын, білім алушының өз
бетінше орындайтын іс әрекеттер кешені.
Жобалап оқыту әдісін төмендегі кесте
түрінде жүзеге асыруға болады:
Кесте 2 Жобаны орындау дәйектілігі
|
№ |
Кезеңдер |
Міндеттер |
Оқушы
іс-әрекеті |
Оқытушы
іс-әрекеті |
|
1 |
Мақсатты анықтау |
Тақырыпты анықтау, бір немесе бірнеше мәселені
айқындау. Жұмыс тобын таңдау |
Ақпаратты толықтырады. Тапсырманы талқылайды,
мәселелерді анықтайды |
Оқушының қызығушылығын тудырады,
мақсаттарын түсіндіреді, бақылау жасайды |
|
2 |
Жоспарлау |
Мәселені талдау, болжамдар ұсыну, әрбір болжамды
негіздеу |
Болжамдар ұсынады, міндеттерді айқындайды |
Талдау жасауға көмек береді, бақылайды |
|
3 |
Алынған болжамдарды тексеру әдісін таңдау |
Алынған болжамдарды тексерудің әдістерін, дерек
көздері мен ақпараттарды талқылау |
Тексеру әдістерін талқылайды, тиімді нұсқасын
таңдайды, дерек көздерін анықтайды |
Бақылайды, кеңес береді. |
|
4 |
Орындау |
Болжамды дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын
ақпараттарды іздестіру. Жобаны орындау |
Ақпараттармен жұмыс жасайды. Идеяларға талдау жасайды.
Жобаны ресімдейді |
Бақылау жасайды, талдау үдерісіне бағыттайды |
|
5 |
Жобаны қорғау |
Жоба нәтижелерін ұсыну, жобаны бағалау |
Жобаны қорғайды, жобаны ұжымдық
бағалауға қатысады. |
Ұжымдық талдауға және жоба нәтижелерін
бағалауға қатысады |
Ресейлік
ғалым А.В. Конышева көзқарасы тұрғысынан, жобалау
әдісін қолданудың басты мақсаты төмендегідей
болып табылады:
·
оқыту үдерісінде зерттеу тәжірибелерін меңгеру;
·
зерттеу мәселелеріне қатысты жеке мүдделерін іске асыру;
·
білім алушының бойында тілдік негіздер қалыптастыру;
·
тілді меңгерудің деңгейін көрсету;
·
білім алушының белсенді дамуына, өз бетінше пайымдауын
жетілдіруге жағдай жасау;
·
білім алушының бойында ұжым шеңберінде жұмыс
жүргізу қабылетін жетілдіру.
Жалпы, тілді
үйрету үрдісінде жобалау әдісін пайдалану өте
қажетті де маңызды дүние. Жобалау әдісі тілді
әлеуметтік феномен ретінде үйрету мүмкіндік береді .
Тілдерді
меңгерудің Еуропалық жүйесіне сәйкес, тілді
үйрену үдерісінде тұлға бірқатар әдістерді
дамытады. Ол: жалпы және коммуникативтік деп бөлінеді.
Әдебиеттерде тілдерді үйрену үшін
қолданылатын жобалардың үш түрі көрсетіледі:
· барлық топпен
жүргізілетін, әрбір білім алушының таңдалған
тақырыптың белгілі бір түрлерін зерттейтін топтық жоба;
· сұрау және
интервью арқылы жеке әлеуметтік сұрау жүргізуді
көздейтін мини-зерттеу;
· жеке жұмысқа
сәйкес, білім алушының қызығушылығын
тудырған тақырып бойынша әдебиетпен жұмыс.
Қазақ тілін жобалай
оқыту технологиясын қолдану арқылы білім алушының
білімінің сапасын көтеру үдерісі – осы ұсынылып
отырған жобалай оқыту технологиясының сапасын,
студенттердің осы технология бойынша қазақ тілінен
алған білімінің сапасын, қазақ тілін үйретуші
оқытушылардың шығармашылық жұмысының
сапасын, қазақ тілін үйрету әдістерінің сапасын
танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс.
Сатбекова А.А., жобалай
оқыту технологиясын қазақ тілін оқыту үдерісінде
қолданудың тұжырымдық негіздерін төмендегідей
пайымдайды:
·
қазақ тілін жоба
әдісі арқылы оқып-меңгеру студент үшін
басқарылып отыратын болғанымен, негізінен, студенттің
ерік-жігеріне көбірек сүйенетін, сол қасиеттерді
дамытуға бағытталған үдеріс болып табылады білім алушы
өзінің қазақ тілі туралы білім алу қажеттілігін
практикалық тұрғыдан анықтап қана осы тілді
меңгеруге белсенділікпен кірісе алады;
·
сол үдерісте
қазақ тілін оқып-білудің негізгі әрі белсенді субъектісіне
айналады;
·
қазақ тілінен берілетін
білім мазмұнын білім алушы проблемалық оқыту
тұрғысынан оқыту үдерісі ұйымдастырылуы керек;
·
Білім алушының
қазақ тілін оқып-білу үдерісінің өмірмен
тікелей байланыста болуы қажет;
·
қазақ тілін оқыту
үдерісінің оқу әрекеті теориясы тұрғысынан
ойын, еңбек, жанды үдеріс түрінде ұйымдастырылуы керек.
Жобалау жұмысы тіл
үйренудің формалдық сипатын жоюға, тілді
үйренудің тәжірибелік нәтиже беруіне ықпал етеді.
Жоба оқытушы мен білім алушының функционалдық міндеттерін
өзгертеді.Білім алушы қазақ тілін оқытудың
нақты бір сабағының мазмұнын таңдауда,
ұйымдастыруда, құрастыруда белсенді қатысса,
оқытушы кеңесші, көмектесуші немесе ойынға қатысушы
ретінде ғана көрінеді.
Жобалай оқыту
технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертуде, қазақ
тілінің оқыту құралдарын, бағдарламалары мен
оқулықтарын талдау арқылы және тест, сауалнама,
жаттығу-тапсырмалар арқылы жеткізуіне болады.
Жоғарыда
айтылғандарды жалпылама талдай келе, төмендегідей
қорытындылар жасауға болады:
1 Өзге ұлт
өкілдерін қазақ тіліне жобалап оқыту әдісі
арқылы үйретуде, ең алдымен олардың танымдық
қызығушылығын, тілді тәжірибе түрінде
қолдануға деген қажеттіліктерін ескеру қажет,
яғни тілге үйренуге деген ұмтылыс өз еркімен болуы
керек. Сондықтан да, нақты мақсаттарды тұжырымдау,
білім алушының және мұғалімнің өзара
жауаптылығы; жұмыс нәтижесі сияқты негізгі
қағидаттар қолданылуы тиіс, ал бұл
қағидаттардың қолданылуында оқытудың жобалық
әдісі таптырмайтын құрал;
2 Жобалап оқыту әдісі
арқылы білім алушының қазақша мәтінді өз бетімен
оқып, соның негізінде қатысымға түсетіндей
қабілетке ие болу, өз ойын тыңдаушысына түсінікті етіп
жеткізе білу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік
жасайтындығымен және оқушы алдына қойып отырған
мәселенің шешімін тауып, оның нәтижесін көруі
үшін ізденеді, игерген теориялық білімінің маңызын
байқайды, оны есіне түсіреді. Бұл үрдіс адамның
әр түрлі жағдаяттарды шешудің әдіс-тәсілін
игеруге мүмкіндік жасайды, іскерлік қабілеттерін
қалыптастырады.
ӘДЕБИЕТ
1 Қазақстан
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. www. akmo. gov.
kz
2 Шаханова Р.Ә., Балтабаева Ж.Қ.,
Ныязбекова К.С. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану. //
Психология, социология и педагогика. – № 4 Апрель 2013 [Электронный ресурс]. URL:
http://psychology.snauka.ru
3 Дьюи Джон. Общество и его проблемы. Перевод с англ.И. И. Мюрберг, А. Б. Толстова, Е. Н.
Косиловой. —М.: Идея-Пресс, 2002. — 160 с.
4 Олешков М.Ю. Современные образовательные
технологии: учебное пособие. –– Нижний Тагил: НТГСПА, 2011. – 115с
5 Frey,
Karl Die Projektmetode. Text. / Weinheim (Beltz), 1993. - 89 s.
6 Педагогический
энциклопедический словарь / Под ред. Б.М. Бим-Бада. М., 2002 -528с
7 Полат Е .С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М. В., Петров А.Е. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования . М.: Академия, 2000.-272с
8 Полат Е.С., Бухаркина
М.Ю., Моисеева М.В., Петров А.Е. Новые педагогические и информационные технологии в
системе образования: Учебное пособие для студентов пед. вузов и системы
повышен. квалифицир. пед. кадров. – М.: Академия, 2000. – № 4. – С. 7
9 Зимняя И.А., Сахарова
Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку // Иностранные языки в школе.
– 1991. – № 3. – С. 10
Аbstract
The article focuses
on the current state of problems of the use of project training technologies in the practice of the
national education. The problem of learning the Kazakh language in the
foreign language classroom through the use of design technology
Key words: method of projects,
educational project, educational project activity, technology of training.