Қанапина Сәуле Ғалымбекқызы
Филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
Әбдрахманова Әмина Бейбітқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының 4 курс студенті
Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институты
Қазақстан Республикасы
ЖАЗУШЫ С. ДОСАНОВТЫҢ “АПТАНЫҢ СЕГІЗІНШІ КҮНІ ” ШЫҒАРМАСЫ ТІЛІНДЕГІ
АВТОРЛЫҚ АФОРИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІГІ
Афоризмдер-жазушының
қазақтың халық тілінің фразеологиясын
байытуда,яғни әдеби тілдің образды тобын молайтуда
қосқан үлкен үлесі көп.Мысалы, «Өз бетін
аямаған кісі бетін шиедей қылады»,
«Күтпесең,таһаратсыз ұстасаң,соғып кетеді
«болмаса өле-өлгенше азық болады».Суреткер
шығармаларындағы «афоризм» деп бағалауға лайық
көркем де ойлы тұжырымдардың мол болуы автордың ой
түюінің қуаттылығын,халықтың тіл
қазынасын еркін меңгергендігін
аңғартып,шығармалардың танымдық көркемдік
шеберлігін экспрессивті-эмоционалды реңкін арттыра
түседі.Афоризм-жазушы немесе ақындардың,философтардың
көрген-білгенінен,бастан өткен оқиғаларынан ой
түйе отырып,айтқан нақыл сөздер.Жалпы жазушы
шығармасында айтылған осы нақыл сөздер арқылы
шығарма кейіпкерімен жазушы ойының бір жерге
түйісіп,тоғысатынын анық байқауға болады [1, 14 – 15 бет].
Афоризмді
мақалдан айыру қиын. Өйткені, көптеген афоризмдер
мақал – мәтелдердің қатарына қосылып, халық
аузында айтылып кетеді. Шынында, афоризм дегеніміз де халық
мақалы. Бірақ бір – біріне
қаншама ұқсас болса да, олардың өзара кейбір
айырмашылығы барлығы байқалады.
Афоризм мақал мен мәтелдерге
қарағанда, белгілі бір автордың атынан айтылады. Сонымен
қатар, афоризм, көбіне, жазба әдебиет тұсында пайда
болатын категория. Ал мақал-мәтелдер, әрқашан, ауыз
әдебиеті негізінде жасалып, ауызша пайда болатындықтан, оның
авторы болмай, халық қазынасы деп аталады.
Ақын Мұзафар Әлімбаев афоризмге мынадай анықтама
береді: ‟Қанатты сөздердің қайнар көзі –
халық тілі – мақалдар мен мәтелдер, тұрақты
сөз тіркестері, әдеби тіл – жазушылардың,
оқымыстылардың, тарихта өткен атақты
қайраткерлердің өткір нақылдары, сөз байламдары”.
Афоризм мен мақал – мәтелдердің аралық жігін дәл
жоғарыдағыдай етіп бөлу, жазба әдебиеті соң басталған
халықтар үшін, оның ішінде қазақ халқы
үшін кейбір ерекше жағдайды қажет етеді. Өйткені,
мақал – мәтелдер мен афоризмді бір – бірінен ажыратуға
мұны меже тұтатын болсақ, жазба әдебиетіміз
афоризмдерге аса кедей болар еді. Оған себеп, ауыз әдебиетінде
белгілі ақын, жырау, салдардың атынан айтылатын кейбір афоризмдерді
ешбір категорияға жатқызуға болмас еді. Сондықтан,
қазақ афоризмдері, жазба әдебиеті ертеден дамыған орыс
афоризмдеріне қарағанда, өзіндік ерекшеліктері арқылы
ажыратылады. Сонымен қатар, ертеректе белгілі ақын, сал, жыраулардың
атынан айтылатын қазақтың нақыл сөздері,
көбіне, өлең түрінде, басқаша айтқанда,
прозалық түрден гөрі, поэзиялық құрылымда
жасалатын болған. Бұған себеп, қазақ
әдебиетінде (ауыз әдебиетінде де) поэзия прозадан бұрын
қалыптасты. Сондықтан нақыл сөздердің де ерте
кезде поэзиялық құрылыспен жасалуы заңды жағдай.
Кеңес үкіметі тұсында пайда болған нақыл
сөздердің құрылысы әр түрлі. Олар
поэзиялық, прозалық түрде де кездесе береді.
Жалпы
алғанда мақал – мәтелдерден афоризмді мынадай жақтарына
қарап ажыратуға болатын сияқты:
а) афоризм әрқашан оқиғаны,
затты, яғни өмірде болатын істің мазмұнын терең,
өткір етіп береді. Сонымен қатар, афоризм қашанда
оқиғаны тура мағынада да, ауыспалы мағынада да
қолданыла береді. Дегенмен, мақал – мәтелдер, афоризмге
қарағанда, оқиғаны образды түрде бейнелейді.
ә) мақалдар мен мәтелдер ауыз
әдебиетінің ерекше жанры ретінде қарастырылса, афоризм,
көбіне, жазба әдебиетіне байланысты жасалып отырады.
б) мақалдар мен мәтелдер өмір
құбылысының жақсы, жаман жағын бірдей
көрсететін болса, афоризмдер өмір құбылысының,
көбіне, жақсы жағын үлгі ретінде ғана баяндайды.
Афоризмдер
өзінің пайда болу жағынан, көбіне, жазба
әдебиетке тәуелді болады. Сонда, кейбір афоризмдер белгілі
авторға байланысты айтылмай, халық қазынасы ретінде
көбірек айтылады. Мұндай жағдайды қазіргі газет – журналдардың
бетінен жиі ұшыратамыз. Өйткені, келелі, өткір ойды
жинақтап, ұғымды етіп халыққа жеткізу
мақсатымен кейде, авторы белгісіз жаңа афоризм
сөздердің пайда болуы көп кездеседі. Баспасөзде
кездесетін мұндай афоризмдердің көбі халық арасында
мақал ретінде танылады. Өйткені, олардың авторы – жалпы
ұжым.[2, 76 – 78 бет].
Жазушы С. Досановтың “Аптаның сегізінші күні ” шығармасы тіліндегі
авторлық афоризмдердің қолданыс ерекшелігі
төмендегідей:
«Поезды тоқтатуға болады,ал махаббатты
тоқтату мүмкін емес.Егер ол шын махаббат болса...» ( «Аптаның сегізінші
күні»,70 бет
«Қашықтық-ғашықтыққа
сын». (
«Аптаның сегізінші күні»,70 бет)
–«Асыл зат таппаса да жерде
қалмас,жасықты берсеңдағы ешкім алмас...» «Алтын
таң түннен қорқып,тұрмас атпай...Нар
тәуекел,құлаш ұрдым қиянға...»Өмірімді әлі талай
өрнектермін өлеңмен.Бойымдағы бар
қазынам,халқым,сен жолыңда. ( «Аптаның сегізінші
күні»,83 бет)
«Екі тілек тілесең құдай
да соның біреуін береді»-дейді ғой білгіштер.Сенің
менің құдайым екенін рас,-екі тілегімнің біреуін бер. (
«Аптаның сегізінші күні»,95 бет)
«Адам өмірі,-деп ойлады
Қасым,-дүниедегі ең
қысқа өмір.Оның есесіне ол мынау жарық
дүниедегі ең мағыналы өмір.Сайып келгенде,өмір
ұзақтығымен емес,мағыналылығымен
қымбат.Ұзақ,бейжай тірліктен қысқа аспанына
самғататын қос қанаты бар.Оның бірі-еңбек
те,екіншісі-махаббат.Бұл екеуінсіз өмірде ешқандай
мән-мағына жоқ.Бірақ өмірдің
күрделілігінің бір қыры мынада: еңбек ету өз
қолыңда болғанмен,оның
бағалануы,жұлдызыңның жануы сенің өмір
сүрген ортаңа байланысты». ( «Аптаның сегізінші
күні»,96 бет)
Содан
да болар ұлы Маркстің
«Өмір дегеніміз-күрес»дейтіні.Өмірде
қиындыққа қайыспай қарсы тұрған
мақсатқа жетеді.Сен өмірге қонақ
емес,қожасың.Қайрат-жігері мол адамдар ғана
мағыналы өмір сүреді.Бұл-өмірдің өз
заңы.
(
«Аптаның сегізінші күні»,96 бет)
Ақын сөзі-замана үні.Ендеше ол ең алдымен
бүгінгі күннің биік
талабы деңгейінде болу керек,-деп өршеленді Асхат. (
«Аптаның сегізінші күні»,142 бет)
–Жарық дүниедегі жақсылық атаулы үшін біз
махаббатқа қарыздармыз.Барлық
ұлылықтың анасы-махаббат. ( «Аптаның сегізінші
күні»,142 бет)
Бақыт деген мен үшін үш асылдың
қоспасы.Алғашқы ардың ісі-әдебиет
десем,сосынғы екеуі жүректегі сөнбейтін
от-махаббат,бірі-елге,бірі-жарға өле-өлгенше берілген!-Қыза
сөйлеп,кілт тоқтаған Мұхтар Қасымға күле
қарады. ( «Аптаның сегізінші күні»,267 бет)
Дүниеде
жоғалмайтын,жойылмайтын,өлмейтін,өшпейтін
мәңгілік мұра-жазушының кітабы. ( «Аптаның сегізінші
күні»,268 бет)
Жазушы болу-қиынның қиыны.Мына
табиғат,болмыс,өмір сыры туралы,тағысын тағылар жайлы
сала ғылымның бір тарауын игерудің өзі оңай емес.
( «Аптаның сегізінші күні»,268 бет)
Қорыта айтқанда, қазақ
афоризмдері жазба әдебиеті негізінде жасалып, жаңадан
қалыптасып келе жатқан жас тұлға. Бірақ,
қазақ афоризмі қазақ әдебиеті тарихында болмаған
категория деуімізге болмайды. Өйткені, жазба әдебиеті кеш
басталған қазақ әдебиеті сияқтыларда ауыз
әдебиеті аса күшті дамығаны айқын. Ал ауыз
әдебиеті тұсында афоризмдердің бәрі дерлік халық
қазынасына айналып кеткені мәлім. Жазушы С.Досановтың
“Аптаның сегізінші күні” романы тілін талдау барысында 20
авторлық афоризм теріліп,талданды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Есіркепова К.Қ. «Қазақ тілінің
стилистикасы».- Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. – 160 бет.
2.Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі
мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі
(Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде). –
Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. – 180 бет.
3.С.Досанов «Аптаның сегізінші күні».-Астана, «Елорда».2003-445
бет