Қазақ тіл біліміндегі бағалауыш сөздер: зерттелу тарихы
Ф.ғ.к. А.Жүсіпов, ф.ғ.м. Г.Оралова
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті» АҚ
Қазақ тіл
білімінде коммуникативтік бағдары
айқын газет мәтіні, публицистика стиліне арналған
зерттеулерде бағалау мәні арнайы қарастырылған.
Бағалауыш лексика терминін тілші ғалымдар ААлдашева,
О.Бүркітов, Б.Момынова және басқа да
ғалым газет
тілінің ерекшеліктеріне қатысты қолданған. Б.Момынова
«Газет лексикасы: жүйесі мен құрылымы» атты еңбегінде
газет тіліндегі бағалауыштық лексикаға арнайы токталады.
Ғалым бағалауыштықтың әлеуметтік сипатының
өзіндік қырларын көрсетеді. Бағалауды тілдік
құрал орнында жұмсау барысында газет
қоғамдағы жағымды, жағымсыз құбылыс,
өмір өзгерістеріне идеологиялық қарсылас ретінде
жекелеген адам мен басқа да қоғамдық
құрылымға әлеуметтік және саяси
тұрғыдан баға беру мүмкіндігіне ие болатындығын
атап
көрсетеді [1,134-6.].
Газет мәтінімен
байланысты Ф.Жақсыбаеваның зерттеуінде бағалаушы лексиканын қоғам
контексіне өте сезімтал болатындығы көрсетіледі. Зерттеу
жұмсының «Газет тіліндегі бағалауыш лексика» деп аталатын
тармақшасында бағалауыш лексиканың ерекшеліктері
айқындалған. Қазақ газеттеріндегі
бағалауыш лексиканың прагматикалық функция атқаратындығы
жөнінде сөз қозғалған [2].
З.Ерназарова
«Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі»
деген зерттеу еңбегінде мынандай тұжырым жасайды: «Бағалау
сөйлеу актісі үстінде дүниеге келеді. Соңдықтан
бағалау мәнді сөйлеу актілері бірден-бір прагматикалық мәнге
ие
болады. Адамзатқа тән құндылықтар
тұрғысынан құбылыс - әрекеттерді бағалаушы
мақсатта жұмсалатын сөйлесімнің
қалыптасуына прагматикалық мәнбірлер ықпал етеді. Бағалау
жағымды- жағымсыз тұрғыда берілетін болса, сөйлеу
тілінде
осы мақсатқа икемделген бірліктер бар» [3,169 -б.].
Зерттеуші Ш
Нұрғожина сөздердің бағалауыштық
қасиеттері А — В деген құрылым арқылы
жақсы//жаман деген екі мағынада
жұмсалатындығын айтады. Бағалауыштық
ұнату//ұнатпау; қуану//ренжу сияқты сөздер
арқылы субъектінің эмоциясын білдіреді деген тұжырымға
келеді [4].
З.Құрманәлиеваның
«Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық
құрылымы» деген еңбегінде зат есімнің реңк
мағынасына объектіні бағалауға қатысты сөздер де,
эмоция, сезім, стилистика, ауызекі тілге
қатысты туынды сөздер де кіретіндігін айтады. Оларды объектіні
бағалауға қатысты реңк мәнді туынды сөздер
және сезімдік мәнді туынды сөздер деп үлкен екі топқа
бөліп қарастырады [5].
Б.Сағынова
«Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика /этнолингвисткалық
зерттеу/» атты кандидаттық диссертациясында адамдар арасындағы
сыйластық сезімі адамның ішкі сезім дүниесінен туындап,
бағалау сипатын білдіретіндігін айтады [6].
Д.Бекзат «Қазақ тіліндегі
мақал-мәтелдердің танымдық прагматикалық
аспектісі» атты кандидаттық диссертациясында мақал-
мәтелдерге тән ерекшеліктің бірі олардың
бағалауыштық танытуы деп атап көрсетеді. «ММ-дер кез келген
жағдай, соның ішінде адамға қатысты оның
мінез-құлқы, іс-әрекеті
және
т.б. қасиетіне баға береді» [7,20
-6].
Ғ.Танабаев
субъектив мәнді етістіктердің семантикалық
құрылымын зерттеген еңбегінде бұл етістіктердің
мағыналық кұрамы эмоциялық және бағалау
семасына бағынатындығын, олардың мағынасы
амал-әрекет, болған қозғалыс пен субъектінің
қалпына баға беру мәнін
білдіретіндігін көрсетеді [8].
А.Бақытов «Француз және қазақ
тілдеріндегі бағалай сөйлеудің
ұлттық-мәдени ерекшеліктері» атты еңбегінде француз және
қазақ тілдеріндегі жағымды және жағымсыз
бағалауды білдіретін сөздер мен сөйлесімдерді
коммуникативтік, прагматикалық және когнитивтік бағытта
салғастыра зерттеген [9].
Логикалық философиялық
және лингвистикалық түсінікте де бағалауды
сөздің кең және тар мағынасында ажырата білу
қажет. Бағалау кең мағынасында берілген затты
таңдап алынған эталонмен салыстыруға сүйенетін зат
туралы танымдық субъектіні байымдау деп анықталатын жіктеу
арқылы берілген [10,81-б.]. Бағалау
кең мағынасында «мөлшерлік бағалау»,
«көлемнің бағалануы» бірліктерімен беріледі. Бағалау
тар мағынасында субъекті мен объекті арасындағы
бағалауыштық қатынасы анықталған
«жақсы//жаман» белгілеріне байланысты болады. Н.Арутюнова, А.Ивин,
Н.Лукьянованың
еңбектерінде бағалаудың лингвистикалық,
философиялық және логикалық сипаты тар мағына
тұрғысынан зерттеледі.
Бағалау
категориясын кең және тар көзқарас тұрғысынан
ажырата білу мәселені жеңілдетеді, бірақ оны анықтауды
толығымен шеше алмайды. Е.Вольф дәстүрлі бағалауды
сөйлеушінің сөйлеуге қатынасының эмоционалдық субъективтік
көрінісі, ал бағалаудың көріну мүмкіндігін кез
келген сөзге тән ерекше экспрессивтік әлеует,
экспрессивтік
атмосферамен байланыстырады [11]. Ал В.Телия,
Н.Арутюнова сынды ғалымдар тіл білімінің қазіргі дамуы
тұрғысынан бағалауды жиі логикалық
семантикалық
категория ретінде қарастырады. Олар бағалаудың сипаты,
оның табиғаты бағалауыш атаулардың ерекшелігін,
олардың семантикалық құрылымын және олардың
арасындағы қатынас түрлерін байланыстырады деп есептейді [12;
13]. Н.Арутюнова бағалауды бағаланатын
нысандардың белгісі ретінде берілген қатынас деп түсінеді [14,230-6.].
С.Хидекель және Г.Кошель бағалау - бұл тілді қолданушының
тілден тыс нысан және тіл мен сөйлеу фактілеріне бекітілген
қоғамдық қатынасы («жақсы- жаман») деген
анықтамаға тоқталады [15,7-6.]. Е.Вольф
бағалау семантикалық ұғым ретінде «А (бағалау
субъектісі), ал Б (бағалау объектісі) жақсы//жаман» деп
түсіндіруге болатын тілдік көріністердегі мағынаның
бағалауыш аспектісі деп түсіндіреді.
Соңғы кезде,
XX ғасырдың 80-90 жылдарында, тіл білімінде бағалаудың
экспрессивтік стилистикалық
қызметі, жеке тіл категориясы екендігі жөніндегі монография,
зерттеу жұмыстары жарық көрді. Бағалауыштық
лексика орыс тіл білімінде М.Скорнякова [16], А.Родимкинаның
[17] еңбектерінде қарастырылған.
«Рассматривая категорию оценки как категорию языковую, что является единственно
правильным, приходится очертить ее границы комплексом тех значений, которые
выражаются ее суффиксами, независимо от привходящих моментов контекста », - деп
жазады В.Никитевич [18, 84- 61].
Бағалауға
қатысты көзқарас, пікірлердің логикалық
қыры мен нақты лингвистикалық қырын ажыратып
алудың мәні зор. Біз бағалауды барлық атауыш
сөздің әлеуметтік детерминденген компоненті деп
қарайтын кейбір лингвистің (С.Панина, Г.Маманова т.б.)
көзқарасымен келісе алмаймыз. Мысалы, Г.Маманованың пікірінше
«бағалау мәні терминде де болуы мүмкін» (19,214].
Біздің ойымызша, лексикалық мағынасында
бағалауыштық компонент бар сөздер ғана
бағалауыштық бірліктер деп аталына алады.
Жекелеген
лексемалардың бағалауыштық мәнін айқындауға
Н.Шрамм [20], Ш.Алтайбаева [21], Г.Маманова [22],
О.Новоселова [23], Л.Сергеева [24] т.б. ғалымның еңбектері
арналған.
Сөздің
таңбалануының прагматикалық аспектілерін зерттеу коннотация
ұғымымен байланысты. Коннотацияның бірнеше
(семиотикалық, стилистикалық, психологиялық,
философиялық) теориясы
қалыптасқан. Көптеген ғалым сөздің
лексикалық мағынасы денотаттық және коннотаттық
элементтен тұратынын қолдайды. Кең мағынада танылатын
денотация сөз мағынасының логикалық заттық
бөлігін қамтиды. Ал коннотация сөздің
таңбалануының субъективтік бағытын
көрсетіп, сөйлеуші тұлғасымен коммуникативтік
жағдай туралы мәлімет береді.
Коннотаттың
негізгі компоненті - бағалауыштық, эмоционалдық,
экспрессивтік
және функционалдық стилистикалық компонент [25].
Коннотацияның барлық элементі бір-бірімен тығыз
байланыста болады.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1.
Момынова Б.Қ.
Газет лексикасы (жүйесі мен
құрылымы). – Алматы,
2003.-228 6.
2.
Жақсыбаева Ф.З. Газет
мәтінінің прагматикалық функциясы қазақ тілінде
шығатын газет материалдары бойынша /: филол. ғыл. канд.... дисс.
авторефераты. -Алматы, 2000. -21 б.
3.
Ерназарова 3.
Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі.
-Алматы, 2001. -192 б.
4.
Нұрғожина Ш.И.
Эмоциональность и экспрессивность высказывании устной речи // Вестник
КазГУ. Серия филологическая. №
48.2001 -30-34 - б.
5.
Құрманәлиева
З.А. Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық
құрылымы. Филол. ғыл. канд. дисс. -Алматы, 2003. -158 б.
6.
Сағынова Б.Ұ.
Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика /
этнолингвистикалық зерттеу/. Филол. ғыл. канд...дисс,-Алматы, 1999. -117 б.
7.
Бекзат Д.Б. Қазақ
тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық-
прагматикалық аспектісі. Филол. ғыл. канд.... дисс.
авторефераты.-Алматы. 2002. -28 6.
8.
Танабаев Ғ.Ө.
Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді
етістіктердің семантикалық құрылымы. Филол. ғыл.
канд. дисс. - Алматы, 2005.-137 б.
9.
Бақытов А.Т. Француз
және қазақ тілдеріндегі бағалай сөйлеудің
ұлттық-мәдени ерекшеліктері. Филол. ғыл. кан.
дисс.-Алматы 2005. -138 6.
10. Кругликова Г.Г. К семантике количественной оценки. -Л., 1991.-210с.
11. Вольф Е.М. Функциональная семантика оценки.-М., 1985.-232 б.
12. Арутюнова Н.Д. Типы
значений: Оценка. Событие. Факт.-М.,341с.
13. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики номинативных единиц –М 1986.-144 с.
14.
Аспекты семантических исследований /Под. ред. Арутюновой Н.Д., Уфимцевой А.А. -М., 1980.
-335 с.
15. Хидекель С.С. Кошель Г.Г. Оценочный
компонент лексического значения слова II Иностр. яз. в школе. 1981. № 4 -С.
7-10
16. Скорнякова М.Ф. Лексико-семантические и стилистические особенности моделей названий лица с суффиксами субъективной оценки. Автореф. дисс....канд.филол.наук. –М., 1961. -24 с.
17. Родимкина А. М. Уменьшительно-
оценочные существительные в современном русском языке. Автореф. дисс...канд.филол.наук.-Л., 1980. -22 с.
18. Никитевич В.М. К вопросу о категории оценки в русском языке // Автореф. дисс...канд.филол. наук. –Л., 1980. -22с.
19. Маманова Г.И. О природе категории
оценки и ее общих и различительных
признаках в русском и казахском языках // Филологический сборник. - Алма-Ата, 1976.
-251с.
20. Шрамм А.Н. Очерки по семантике качественных прилагательных. -Л., 1979. -134 с.
21. Алтайбаева Ш.Ю. Семантика и сочетаемость прилагательных, обозначающих высокую
положительную оценку, Дисс....канд. филол. наук. -Алма-ата, 1985. -199 с.
22. Маманова Г.И. Существительные и прилагательные со значением степеней признака и
оценки в современном русском языке, Диcc.... канд. филол.
наук. -Алма-Ата, 1978. -166 с.
23. Новоселова О.А. Семантика оценочных прилагательных и их лексикографическое описание /
на материале русских говоров сибири/. Дисс.... канд. филол. наук. -Новосибирск, -1990. -201 с.
24. Сергеева Л.А. Качественные прилагательные со значением оценки в современном русском
языке. -Уфа, 1980. -157 с.
25. Хасанов Ғ.Қ. Лексикалық
мағына.- Орал, 2005. -145 б.