Педагогика
ғылымдарының магистрі
Жолаева Г.Б.
Тур-12 тобының студенті
Сейлбек Ұ
Қарағанды
қ.,Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті
ТЕРМИН
СӨЗДЕРГЕ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУ ЖОЛДАРЫ
Тіліміз мемлекеттік мәртебе алғаннан бері ғылым салалары бойынша
терминдер базасын жасау шаралары қолға алына бастады. Терминологияға
айрықша көңіл бөлінуі тіліміздің қолданыс
аясын кеңейтті. Термин деп аталатын арнаулы сөздер мен
сөз тіркестері ғылым мен білімнің ең қажетті
құбылысының бірі екендігі, ұлттық ғылыми
дамуда, болашақ ұрпақтарға терең де
түбегейлі білім беруде олардың атқаратын рөлі
жоғары екендігі сөзсіз. Қай салада болмасын термин
сөздер қозғаушы күш секілді.
Қазақ тілінде
термин дегеніміз – ғылым мен техниканың
әрбір саласына байланысты қолданылатын арнаулы
сөздер деп ереже берілген. Және термин сөздердің бір
ғана ұғымы болады.
Қоғамның дамуына
байланысты туындайтын жаңа ғылыми әрекеттер тілге жаңа
сөздер алып келеді. Қандай салаға байланысты болмасын ол сөз
өзінің қажеттілігіне қарай өмір сүреді.
Өзінің қолданылуына қарай, ол тек кәсіби
сөз болуы не жалпы халықтық болуы мүмкін. ХХ
ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында тілімізде
қолданылып жүрген термин сөздер өте көп. Солардың
көпшілігі қазір қазақ тілінің төл
сөзімен тең боларлықтай дәрежеге жетіп отыр. Термин
сөздердің қолданылуы – тіл пайда болғаннан бері
қолданылып келе жатқан құбылыс. Әр
ұлттың ана тілі болуымен қатар, өзге тілдің
енуі арқасында сөз лексикасы (қоры) байи түседі.
Тағы да ережеге сүйенетін болсақ, «терминдердің
көбі интернационалдық сипатта, көп тілге ортақ болып
келеді» делінген. Термин сөздердің қазақ тілінде
қолданылуының мәселесін ең алғаш көтерген –
Ахмет Байтұрсынов атамыз. Егер естеріңізде болса, Ахмет
Байтұрсыновқа тағылған айыптың бірі –
«Байтұрсынов термин жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни
қазақ тіліне орыс сөздері мен интернационал-дық
терминдерді жолатпауға тырысты» деген пікір болатын.
Қазақ тілін
ғылым-білім тіліне айналдыруда кейбір мамандар: термин жасау ісінде
қазақ тілін шет ел сөздерімен қанықтыру,
яғни ғылым-білімде расында да жиі ұшырасатын шет тілдерден
енген терминдерді қазақша тәржімаламау, сол күйінде
қалдыру. Бұған себеп болған көптеген
қазақ жастарының шет елде білім алып, сол жақта
ғылыми жұмысын қорғау болды. Яғни, шет елдіктер
қазақстандық жазған ғылыми еңбекті
оқығанда, өздеріне таныс термин сөздердің молынан
қолданылуын қажет деген де ұғым болды. Ал
өздерің ойлап көрсеңіздер шет елде оқып
жүрген ешбір қазақ азаматы жұмысын қазақ
тілінде қорғамайды. Тіпті өзімізге өте жақын
болып кеткен орыс тілінде қорғағанның өзінде ол
ғылыми жұмыс қазақ ғылымының дамуына
қосылған жұмыс болып саналмайды.
Тағы бір
мәселе, термин сөздерге қосымшалардың жалғануы.
Қазақ тілі Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жалғама
тілдер тобына жатады. Мысалы:
банкке немесе банкіге, депозитіне немесе депозитке, ведомостіні немесе
ведомостьті. Осы берілген жалғаулардың қайсысын дұрыс
деп ойлайсыздар.
Байланысшы кәсібіне байланысты «канал», «якорь», «реле», «тракт», «зона»,
«микротелефон», тағы басқа термин сөздер жеткілікті.
Келтірілген мысалдардың «канал» - «арық», «ор»; «зона» - «белдем»,
«белдеу» сөздерінің қазақша аудармалары бар да, (бірақ
байланыста олар толық қолданысқа ие болған жоқ)
өзгелерінікі жоқ. Якорь сөзіне қосылатын қосымша
жоғарыда келтірілген «ведомость» сөзіне жақын келсе, тракт
сөзі қазақ тілінде «а» дыбысына байланысты жуан сөз
болғанмен, қосылатын қосымшалар жіңішке «трактісінде»,
«трактіге» болады. Орыс тілді студент «трактыда», «трактыға» деп жазғанды
қате деп санаймыз. Ал үндестік заңына бағынсақ,
оқушы жалғауды дұрыс жалғады емес пе?
Меніңше, қазіргі қолданыстағы қазақ
сөздерінің көпшілігі термин сөздер сияқты.
Мысалы: грамматика, әйел, лексика, фонетика, морфология, сөйлем
мүшесі, сөз табы, үндестік заңы, физика, флот,
корпус, батарея, аудитория(кейде дәрісхана), банк, студент, аспирант,
доктор, профессор, академик, сайт, банкомат, компьютер, принтер, полиция,
шаңсорғыш, тоңазытқыш, теледидар, телефон, медицина,
оператор, мектеп, кітап, торт, шәйнек, тағы басқа да
көптеген атауларды келтіруге болады. Және қазақ тілінде
кім? не? сұрақтарына жауап беретін барлық сөздер
септеледі, омоним мен синонимдер өте көп. Ал орыс тілінде
қосымшаға ие болмайтын сөздер көп-ақ... Осы айырмашылықтар
да орыс тілді оқушылардың қазақ тілін тез
меңгеріп кетуіне (әсіресе, грамматика жағынан)
әсерін береді.
«Қай тілде болмасын жаңа
термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып,
терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі,
ең алдымен сол тілдің сөздік құрамы, жалпы
әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады.
Яғни, терминдер де байырғы сөздер
сияқты тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде
жасалады. Олай болса, бұлардың қатарында ұлт тіліне
тән неше алуан құрылымдық типтері (түбір, туынды
түбір, күрделі сөз, сөз
тіркесі) молынан кездеседі.
Термин сөздерді тілімізге
енгізудегі бірінші мақсат – оның қолданыс аясын
кеңейту, ұлт тілін өркендету. Сауатты жазу, мәнерлеп
оқудан артық болмаса, кем түспейді. Ал қазір
барлық оқу орындарында қолданылып жүрген
қатысымдылық құзіреттілік өз
халқымыздың ішінен болашақ ғалымдарды дайындап
шығару да қазіргі қазақ тілінің өзге
тілдермен тең дәрежеде тұруын талап етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Аманжолов
С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша
курсы. А., 1994.
2.Амиров Р.С. Особенности синтаксиса казахской
разговорной речи. А., 1972.
3.Аханов К. Грамматика теориясының
негіздері. А., 1972.
4.Әбілқаев А. Қазіргі
қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. А., 1963.
5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы А.,
1992.
6.Балақаев М. Қазақ әдеби
тілі А., 1987.
7.Балақаев М., Қордабаев Т.
Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1961.
8.Балақаев М., Сыздықова Р.,
Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968.