Көркем шығарма тiлiнде кездесетiн жергiлiктi тiл ерекшелiктерi
(Сафуан Шаймерденов шығармашылығы негiзiнде)
Мынбаева Жазира,
КО-41 тобының студентi
Мажитаева
Ш., ф.ғ.д, профессор
Е.А.Бeкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi
ХХ ғасырдың 50-жылдары қазақ әдебиетіне,
оның ішінде проза саласына бір топ талантты жазушылар шоғыры келіп
қосылды. Қазақ прозасына соғыстан кейінгі жылдары келіп
қосылған майталман жазушылардың бірі Сафуан Шаймерденов
өз шығармаларында адамдық асыл мұраттарды жырлап, нағыз
адамгершілік жыршысына айналды. Сафуан Шаймерденов әдебиет майданына
араласа бастағаннан-ақ өз шығармасының
тақырыбын адамды зерттеп, тануға, оның сан қилы
мінез-құлқын, толғаныс-тебіренісін, адамдық
қасиетін, қоғамдық орта мен жеке адамның
өзара байланысын, қарым-қатынасын көрсетуге
құлаш ұрды. Суреткер шығармаларының бойында өз ойын,
көзқарасын, әлемді түйсінуін басқаға
дәл, нақты, әсерлі, бейнелі жеткізу үшін тілдің
экспрессивті құралдарын
өз қажетіне мейілінше уәжді жаратуға
тырысқан. Қаламгер туындыларында тілдің синонимия, антонимия,
омонимия, полисемия, фразеология сияқты эмоционалды-экспрессивті
әлеуметі мол құралдары мен сезімге, санаға әсер
ететін синтаксистік конструкциялары, мақал-мәтелдер, қанатты
сөздер мен афоризмдердің стильдік қызметі айырықша
ескерілген. Шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу
түрінде орын алатын диалектизмдер мен окказионал сөздер де кейіпкер
тілінде қолданылып, шығарманың тілдік бояуын арттыра
түскен. Автор қолданысындағы осындай нормадан тыс элементтер
контекст ыңғайына қарай бейнелілігімен, әсерлілігімен,
дәлдігімен көзге түседі. Дегенмен, бұл сөздер
қазақ тілінде бар үлгі моделінен жасалғанымен жалпы
халықтық қолданысқа түсе алмайтындығы
белгілі. Себебі бұл сөздердің әдеби тілде
семантикалық дублеттері болады. Сондықтан олар окказионалды
және потенциялды
сөздердің қатарында қала береді. Сафуан
Шаймерденовтың қаламынан туған көркем дүниелерде
мақсатты түрде қолданылатын
бейнорма элементтері өте сәтті жұмсалып, шығарма
кейіпкерін неғұрлым нанымды, жан-жақты сипаттауына
мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн.
Суреттеу кезінде жергілікті диалектілерді, сөйленістерді пайдаланған. С.Шаймерденов
повестеріне, атап айтқанда, «Жыл құсы», «Мезгіл», «Өмір
нұры», «Ит ашуы», «Мәжнүн талға» отызыншы-алпысыншы
жылдар арасындағы қазақ ауылындағы жаңа
өзгерістер, жаңа ұғым мен сананың туу,
қалыптасу процестері арқау болып тартылған. Повестер айтар
идеясымен ойына сай көркемдік шешім тапқан.
Негізінен, диалектілік
сөздердің көркем әдебиетте атқаратын стильдік
қызметі кейіпкерлер тілінде қолданылып, шығарманың
тілдік бояуын (колоритін) күшейтумен байланысты. Дегенмен, жергілікті
сөздерді көркем әдебиетте орынсыз қолдану,
мәселен, автордың өз атынан айтылатын баяндауларда шамадан
тыс тықпалай беру шығарманың көркемдік әріне
нұқсан келтіретіні сөзсіз.
Фонетикалық
ерекшеліктер әдетте кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен,
сөздердің жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір
дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты
болады.
Дауысты дыбыстардың алмасуы
ә~а; і~ыАйнала ажым
басқан кішкене шегір көзін қадап бір қалақ
тұр![1.10].
ә~a: Мәулен кәзір сол Сабырды ойлап жатқандай көрінді
оған [1.17].
~ө; і~ү: Өтек іздеп тобан аяқ болғанша... – деп ол шешіне
бастады[1.67].
ұ~ы; ы~о: Дайыров
Мәуленнің бұлай қиямпырос
сөйлеп,қыңырая тартып отырғанына мән бермеген
түр білдірді [1.30].
е~а: Есік
алдында бейсеуат тықыр естілсе
де, ит үрсе де «Мәулен болар» деп жүгіре шығатын[1.33].
а~ә: - Тез киін де, түрегел, шәйің суып қалады[2.19].
а~ә; ы~і: Осындайда
сыртқа шықсың болды, көз алдыңда қарайып,
қалқайып көрінген көрші үйлерден табар астында
көз жазасың да, ақ сұрқай қоймалжың
бір зәһәрлі
дүниенің ішіне еніп жүре бересің [2.23].
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы
г~к: Күз жаңбырыменқайта көктеп, көкалсыны енді-енді қылтия
бастаған кер дала.[1.3]. Көгал
- көкал[4.403].
г~к: Аракідіккөк тартып
жыра-сайлар, кшкгірім өзендер де кездесіп қалып жатыр. [1.3] .Арагідік - аракідік[4.52]
ғ~қ; н~ң: Осы бір ұлаңқайыр
жапан даланың бетіне болмашы бір көк жолақ ирелең
сызық тастап шағын өзен ағып жатыр[1.8].
қ~к: Мәулен кәзір сол Сабырды ойлап жатқандай көрінді
оған[1.17].
х~қ: - Қақың
жоқ![1.168].Хақы –
еңбек, ақы [4.885].
х~қ: Ол өз хаупін, өз қорқынышын артық-кем демей кімге
болса да ұсынады. [1.169]
п~ф: Күтіп отырғандай-ақ, өре
тұра келіп, иіліп, ілтифат
көрсетіп жатыр. [2.11] Ілтипат – ықылас, пейіл, көңіл.
[4.951]
м~п: Битабардың ойлауына пұрсат болған жоқ. [2.45]
Апокопа (Бүтін сөздің соңғы бір
дыбысының не бір буынның түсіп қалуы).
Аржақ шынтағында кішкене блокноты ашық жатыр. [1.18]
Мұндағы, аржақ
сөзі арғы жақ сөзіндегі
–ғы буынының түсіп
қалуы және жақ сөзінің бірігуі арқылы
жасалған.
Жамбастап қалған көн етігім бар. [2.18] Қарамен берілген сөз көне деген сөздің
соңғы е дыбысының
түсіп қалуы арқылы жасалып тұр.
Ал
жазушы туындыларында мына төмендегідей диалектілік лексикалық
ерекшеліктер де кездеседі:
1.Үй-жай, баспана және ыдыс-аяқ
атауларына байланысты диалектілер
Дегенмен сирек көретін басқа
саймандардың бірсыпырасы – ат сеялкасы, бричка деймісің, шөп
жинайтын ат тырнауышы, соқа саймандар деймісің, әйтеуір ауыл қотанына жинала берді [2.15]. Қотан
– (Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданы) бір
бөлек ауыл [3.462].
Жалаң аяқ саман үйдің лайын басып жүргенсияқтымын [2.18]. Саман – сабан араластырған
балшықтан құйылған үй [4.705].
Сықсиманы жағып қояйын десем, жалп етіп сөніп
қала береді [2.27].Сықсима – (Солтүстік Қазақстан облысы:
Щучье ауданы, Еңбекшілер ауданы, Қызылту ауданы, Қызылорда
облыс: Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Павлодар облысы: Ертіс ауданы,
Батыс Қазақстан облысы: Чапаев ауданы, Жымпиты ауданы,
Қостанай облысы: Семиозер ауданы) лампасыз май шам. [3.605]
- Албардың құлпын сындырып, тұқым
қорын талап кетіпті [2.28].Албар - (Солтүстік
Қазақстан облысы: Қызылту ауданы, Қызылорда облысы:
Тереңөзек ауданы, Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Қостанай
облысы: Семиозер ауданы, Торғай ауданы, Жангелдин ауданы,
Қарағанды облысы: Қарқаралы ауданы) ашық
қора. [3.53]
Қора кертелеріне
сумаңдап сүймен
жүгірді [2.28].Керте – 1.
(Қостанай облысы: Жангелдин ауданы, Ресей Федерациясы, Орынбор) бір
нәрсені айналдыра қаланған қоршау, шарбақ; 2. (Қарағанды облысы:
Ұлытау ауданы, Қостанай облысы: Жангелдин ауданы) малға
шөп салатын тоқыма оттық, ақыр [3.345]. Сүймен деп Солтүстік
Қазақстан облысы: Қызылту ауданы, Қостанай облысы,
Торғай аудандарында жер
қазатын не мұз бұзатын құралды атайды[3.598].
Кеше ғана еңбекпен
тұрғызған мекен-жайлар
міне енді көз алдымда күтір-күтір, күрс-күрс
құлай бастады[2.16]. Жай – (Оңтүстік Қазақстан
облысы, Мақтарал ауданы, Түрікменстан Республикасы,
Қарақалпақстан) үй [3.251].
Битабар көктен іздегені жерден табылғандай,
бір аяқ айранды
қотарасалды да, шала жуынып байдың үйіне тартты[2.44] ]. 1.Аяқ – Қарағанды
облысы, Ұлытау ауданында кесе, ыдысты атайды.2. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қызылқұм ауданында атпен басатын қырман. 3.Түрікменстан Республикасы,
Красноводск ауданында мәшиненің, мотоциклдің
дөңгелегін атайды [3.101]. Аттанатын күні Әлім
ақсақал шапса үстінен су төгілмейтін құлын
мүше бір қара жорғаны дереге
әкеп байлады[2.51].Дере – 1. Қызылорда облысы, Арал, Қармақшы ауданы,
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, МАңғыстау облысы,
Шевченко ауданында үлкен астау орнықтыру үшін жасалған
орынды атайды. Ол көбінесе кірпіштен, тастан, ағаштан жасалады. 2. Ақтөбе облысы,
Қарабұлақ ауданы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Жамбыл облысы, Шу ауданында мал су ішетін науаны атайды [3.224].
2. Киім-кешек, мата атауларына қатысты диалектілер: шаршы, батсайы,
боқша, жадағай, шетен
қалпақ, шекпен т.б.
2. Құрал-сайманға байланысты
сөздерге: қалақ, сүймен, үскі, т.б.
Қора
кертелеріне сумаңдап сүймен
жүгірді [2.28] деп Солтүстік Қазақстан облысы: Қызылту
ауданы, Қостанай облысы, Торғай аудандарында жер қазатын не мұз бұзатын
құралды атайды [3.598].
Инеш қолына
кішкене ағаш қалақшаны
алды [1.13].
Берілген сөйлемдегі қарамен белгіленген қалақ – 1. Шығыс Қазақстан,
Күршім ауданы, Марқакөл ауданы, Семей облысы, Аягөз ауданы, Моңғол Халық
Республикаларында қасық, қалайы қасық; 2.
Жезқазған қаласы, Ұлытау аудандарында кәкпір,
кепсер; 3. Ресей федерациясы, Омбы қаласында ағаш қасық
мағынасында қолданылады. [3.401]
3. Жер бедері, оның ерекшелігіне қатысты
диалектілер
Кішкене машина әуелі жай ғана
қозғалды да, әп-сәтте тасты жолдың шаңдағын үйіріп
суырыла жөнелді [1.20]. Мұндағы, шаңдақ сөзі диалектологиялық сөздікте
– Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шевченко
аудандандарында түйенің жататын, аунайтын жерін атайды [3.701].
Қыс ау-жайы қалай болар екен? [2.15]. Аужай – (Ресей Федерациясы, Омбы)
ыңғай, рет [3.90].
Мезгілдің даласында жалғыз түп көде қалады деп ойлама! [2.15].Көде–(Оңтүстік
Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы) көлемді
шөп үйіндісі, мая [3.356].
Ондаған жыл бойы ұйысып жатқан
өлі қауға от тисе
бітті, ақырзаманның келгені деп түсіне беріңіз [2.66]. Мұндағы, қау көпмағыналы диалект сөз болып келеді.
1. Қостанай облысы, Федеровка жерлерінде – өткен жылғы
шабылмай, орылмай қалған шөп; 2. Оңтүстік
Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданында –
үйілген шөптің я бау-бақшаның айналасына
салынған қоршау мағынасында жұмсалады; 3.Жамбыл облысы,
Қордай аудандарында - сел, су тасқыны орып кеткен жер, су арнасын
атайды;4. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында - көп,қалың мағынасында
жұмсалады. 5.Оңтүстік Қазақстан облысы:
Түлкібас, Сайрам аудандарында - талдан, шыбықтан жасалған
қора [3.436].
Көлденең тұрған атжал, ақбайталдарға қиялап шыққанда жел
екпенімен әлсін-әлі аунап кете беремін [2.29].Атжал – 1. (Жамбыл
облысы: Шу ауданы, Меркі ауданы, Қордай ауданы, Солтүстік
Қазақстан облысы: Чкалов ауданы, Уәлиханов ауданы) айдалмай,
жыртылмай қалған жер; 2.
(Қарағанды облысы: Шет ауданы, Солтүстік
Қазақстан облысы: Рузаев ауданы, Қызылту ауданы, Щучье
ауданы, Еңбекшілер ауданы) тырмамен жиналған шөп
үйіндісі. [3.82] Ақбайтал
– 1. (Қостанай облысы:
Обаған ауданы, Торғай ауданы, Жангелдин ауданы) кесе қар,
қалың бораннан кейінгі күртік қар; 2. (Солтүстік Қазақстан облысы: Шучье ауданы,
Еңбекшілер ауданы) үскірік боран [3.38].
4. Мамандыққа қатысты кәсіби
сөздердің қолданылуы
Әлеуметтік
диалектілердің ішінде (арго және жаргон сөздерге
қарағанда) тек жергілікті кәсіптік мәні бар
сөздер ұлттық әдеби тілдің лексикасын байытуда,
жетілдіруде белгілі мөлшерде үлес қосады.
Cафуан Шаймерденов шығармаларында диалектілермен
қатар кәсіби сөздерді де (оның ішінде
мамандыққа қатысты сөздерді)өте шебер
қолдана білген. Оған жазушының шығармаларынан мысалдар:
Есепші әкемді осылай мақтаса, мен шешем үшін
қалай мақтануым керек екенін таба
алмай отырмын [2.24].Есепші – 1. Тоғыс есебін жүгізіп, ауа райы туралы болжам айтып
отыратын адам. 2. Шаруашылық
мекеменің кіріс- шығысын есептеп, санақ жүргізіп,
тіркеп отыратын маман [4.237].
Осындай шабыншылықтан ығыр болған
колхоз белсенділері күзетшілерді
сенімді деген адамдардан қояды [2.24].Күзетші – қарауылшы,
сақшы [4.424].
Өйткені бала деген тамыршы сияқты емес пе, өзіне деген
көңілдің ала-құлалығын дәп басып,
бірден біле қояды [2.33].Тамыршы – тамырды ұстап, ауруды
емдейтін адам [4.781].
- Тыңшы сияқтысын көрдің бе
өзінің! – деп ақырады [2.33].Тыңшы – тың
тыңдаушы, жансыз [4.839].
Қаһар Жүсіптің
қабағын бағып тұрған жүкшілер алашаны арқасына құлата бастады [2.27]. Жүкші
– жүк тиеуші адам [3.323].
Ақ таяғын әріге сілтеп, «дабырлап
сөйлеп қонақ тыныштығын бұзбаңдар, алыстан
орағытып жүріңдер!» - дегенді ыммен танытып,
жақынырақ келген малшы,
сауыншыны қуалайды [2.49].Малшы – мал бағатын кісі,
бақташы. [4.579] Сауыншы – мал
сауумен шұғылданатын кәсіп иесі [4.717].
Иманақ жақтан бір салт атты көрінді – жылқышы екен [2.58].Жылқышы
– 1. Жылқы бағатын адам; 2.ауысп.
жаңа туған жас бала, ұл [4.328].
Шешініп жатып даяшылармен
тағы да сөйлескен болды. [2.63] Даяшы
– 1. Асхана, мейрамханаларда ас-тағам тасып, күтуші. 2.
Ұлт ойындарын басқарушы.3. Көне. Қожайынының
жарлығын орындап отыратын басыбайлы қызметші. [4.190]
Автор
өзінің шығармалардында жергілікті тіл ерекшеліктерінің
қолдануда сол өңірдің колоритін беріп,
шығарманың шынайылығы арттыра түскен. Мұндай тәсіл, ең алдымен,
шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін
оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық
идеалы мен шеберлігіне байланысты. Орынды, мақсатты түрде
қолданылған жергілікті
ерекшеліктер тілдік экспрессияның тиімді құралы болып
табылатынына Сафуан Шаймерденов шығармаларын диалектологиялық
талдау барысында көз жеткіздік.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Шаймерденов С. Инеш. –Алматы: Жазушы, 1967. – 342 б.
2. Шаймерденов С. Өмір
нұры. Повестер мен әңгімелер. Алматы: Жазушы,
1972. –
424 б.
3. Диалектологиялық
сөздік. – Алматы: Арыс, 2007.
–800 б.
4.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.