Право/12. Предпринимательское и банковское право
Косжанов А.С., з.ғ.к., доцент
Копбулов Р.А., құқық магистрі
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТТІ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау саласындағы қатынастарды «Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңымен реттеледі.
Инновациялық қызмет шағын кәсіпкерлік
субьектілерінің жаңа өнім өндіру немесе өндірісте
өнімдердің сапасын жақсартып, шығынын оны өндіру
әдістерін жетілдіру мақсатымен ғылыми білім және
жаңа техникаларды пайдалануға бағытталған қызмет.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялар – ҚР
Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың
жанынан құрылатын консультациялық кеңесші органдар.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі
қағидалары: - шағын кәсіпкерліктің
дамытудың басымдығы; - мемлекеттік қолдаудың
кешенділігі; - оны қолдау инфрақұрылымының және
жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің
барлық субьектілері үшін қол жеткізерлік болуы;- оны
қолдау мен дамыту саласындағы халықтық
ынтымақтастық болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті
қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық
бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдануға бағытталған
шаралар кешені болып табылады. Аймақтық
бағдарламалардың ережелері – шағын кәсіпкерлік
қызметінің басым түрлері халықтың
әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын
тартуға бағытталған; шағын кәсіпкерлікке несие,
қаржылық және мүліктік қолдаулар көрсетіп
оны қорғау жөніндегі шараларды қамтиды. Салалық
бағдарламалардың ережелері - өнеркәсіп орындарын
дамытуды ынталандыру, өндірістік техникалық процестерін
әзірлеу, ірі өнеркәсіп орындарына инвестициялауға
қаражат шеңберінде қаржыландыру жөніндегі шараларды
көздейді. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге
асырылатын уәкетіоргандар: шағын кәсіпкерлікті
қолданатын дамытудың мемлекеттік бағдарламаның
орындалуын ұйымдастыруды және нормалық
құқықтық актілерді әзірлеп үкіметке
табыс етеді; халықтық ынтымақтастықты жүзеге
асыруда; инфрақұрылымдарды дамытуда жәрдемдеседі,
кәсіпкерліктің құқықтарын
қорғауға бағытталған заңдардың
орындалуын жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік кодексінің 11-бабында жеке кәсіпкерлік
субъектісі туралы ақпаратты қорғау туралы көзделген.
Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық
құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз
алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны
құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу
құқығы бар адамдар тобын айқындайды және
оның құпиялылығын қорғауға шаралар
қолданады[1]. Ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу
тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын
ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке
кәсіпкерлік субъектісі айқындайды. Коммерциялық
құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз
әдістермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар
келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті. Жеке кәсіпкерлік
субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз
қызметкерлерінен коммерциялық құпияны
құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын
талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапкершілік туралы ескертуге құқылы. Міндетті түрде
жариялануға не акционерлердің, шаруашылық серіктестік
қатысушыларының немесе өзге де белгілі бір адамдар
тобының назарына міндетті түрде жеткізуге жататын
ақпараттың тізбесі Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің
құрылтай құжаттарымен белгіленеді. Жеке
кәсіпкерлік субъектісі тіркеу, бақылау функцияларын орындау кезінде
және басқа да іс-әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік
органдарға және лауазымды адамдарға Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген, оларға
жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті
ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны
құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы.
Мемлекеттік орган өзіне жүктелген функцияларды іске асыру барысында
алған жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы кез келген ақпарат,
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын
қоспағанда, жария етілуге және таратылуға
жатпайды.Құқық қорғау органдары прокурор
санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық іс
қозғау туралы қаулысы негізінде не сот қаулысының
негізінде жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, мұндай
ақпаратқа ие мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты,
соның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын
ақпаратты сұратуға және алуға
құқылы. Заңды күшіне енген сот шешімі бар
ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және
заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектісінің
келісімінсіз жария етуге болмайды. Жеке кәсіпкерліктің нақты
субъектісінің қызметі туралы мәліметті ашпайтын,
жинақталған ақпарат жалпыға қолжетімді болып
табылады. Кәсіпкерлік кодексінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдаудың негізгi бағыттары туралы көзделген:
1. Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар
бойынша жүзеге асырылады: жеке кәсіпкерлікті реттеу
мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру; жеке
кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды,
технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және
жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да
объектілерін құру және дамыту; бюджет қаражаты есебінен
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін
оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және
ақпараттық қамтамасыз ету.
2. Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту: мемлекеттік
органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу
және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі
ғылыми-зерттеу институттарын құру; орталық мемлекеттік
және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы
сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру; жеке
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын
құру; бизнес-инкубаторлардың және индустриялық
аймақтардың қызметін ұйымдастыру; жер учаскелерін,
ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын
үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен
жүзеге асырылады.
3. Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды: шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық,
статистикалық, материалдық-техникалық және
ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ
ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы
үшін жағдайлар жасауды; шағын кәсіпкерлікті
дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және
өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді; шағын
кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және
таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді;
оңтайлы салық салу режимін белгілеуді; шағын
кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын
қабылдауды; шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту
мен пайдалану жүйесін жасауды; мемлекеттік мұқтаждар
үшін тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді)
сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуді;
жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу
орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту
және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды,
қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды
ұйымдастыру жүзеге асырылады.Жеке кәсіпкерлік туралы
заңның 11-бабында жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы
ақпаратты қорғау туралы көзделген [1].
Мемлекет
бәсекелестікке және монополияға несие – ақшалық
және салық саясаты, мемлекеттік тапсырыстарды бөлудің,
фундаментальды және қолданбалы ғылыми зертеулерді
қаржыландырудың көмегімен жанама әсер етеді және
де монополияға қарсы заңдылықтар арқылы тікелей
әсер етеді. Бәсекелестік - көп түрлі мағынаны
береді. Ол қоғамның және адамзаттың
әрекеттерінің түрлеріне көп немесе аз мөлшерде
болады. Кең мағынада бәсекелестік бір мақсатқа
жетудегі әр түрлі тұлғалар арасындағы жарыс.
Кәсіпкерлікте бәсекелестік шаруашылық нарығының
қатысушыларының арасындағы өндірістің оң
жағдайлары, тауарларды сатып алу және сату және бұл
негізде жоғарғы пайда алу үшін бәсекелестік. Оны
өндірушілерінің арасындағы тауар - ақша
нысандарының жүзеге асырушы негізгі механизмі, нарық
экономиканың негізгі механизмі, шаруашылық механизмі негізгі
элементі, нарықтың қасиеті, белгісі, атрибуты, қазіргі
прогрестің қозғаушысы деп атайды. Бұл келтірілген
сипаттамалардың әрқайсысы осы күрделі құбылыстың
сол не басқа жақтарын білдіреді. Бәсекелестіктің
қалыптасу және даму тамырлары тауар өндірісі және
нарық табиғатынан алынады. Бәсекелестік өндірістегі
кәсіпкердің шаруашылық өзіндігіне негізделген
және табыс үшін күрес шаруашылық конъюнктурадан тәуелділігіне
байланысты. Осылардың әрқайсысының пайданы
өсіруге талпынысы шаруашылық қызметтің
масштабының кеңеюіне әкеліп соқтырады,
нәтижесінде кәсіпкерлер бір-біріне қатынасы бойынша
бәсекелестер ретінде қатысады. Еркін бәсекелестікке аса
қауіптісі монополия болып табылады – оның тікелей қарсыласы.
Монополия грек сөзі, «жалғыз сатамын» деген мағынаны
білдіреді. «Монополия» түсінігі кәсіпорын капиталы бір немесе
бірнеше шаруашылық субъектілері болады. Бәсекелетікке сәйкес
монополия нарықтық экономикада соңғысының
дамуымен объективті негізделеді [2].
Монополиялық
процесстерді мемлекеттік реттеу қажет етеді: шаруашылық
субъектілерінің операцияларына бақылау үшін
нормативтік-құқықтық база құру
және нарықтағы тауар деңгейіне бақылау құру.
Екіншіден, монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыруда
«қиянат келтірме» қағидасын есте сақтау керек.
Заңдылық нарық қатынасындағы өзгерістерге
жылдам көңіл аударуға бағытталған. Осыған
байланысты құқық нормаларын қатаңдату
және либерелизациялау керек. Үшіншіден, бәсекелестікті
және монополизацияны реттейтін нормативтік
құқықтық актілер жүйесі әр
түрлі болады. Бәсекелестік бойынша бөлек және монополия
бойынша бөлек заңдар қабылдану керек. Төртіншіден,
арнайы мемлекеттік монополияға қарсы органдар құрылады.
(мысалы, Германияда – картательдердің федеральдық қызметі,
Жапонияда - әділ сатып алу-сату бойынша бас директорат, Канадада –
бәсекелестік трибуналы). Монополияға қарсы органдар осы
аталған құзіреттерін іске асыра отырып келесідей
құқықтарға ие:
- атқарушы
органдардың тиісті органдарына, лицензиялауды тоқтату не кейінге
қалдыру, кедендік тарифтерді өзгерту, квоталарды алып тастау,
салық жеңілдіктерін ұсыну, кредиттік жеңілдіктер
және өзге де мемлкеттік қолдауларды алып ұсыну туралы
ұсыныстарын енгізуге;
- тиісті
құқыққорғау органдарына монополияға
қарсы заңдылықтың бұзылуымен байланысты
қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау
туралы сұрақтарды шешу үшін материалдар
бағыттауға;
- сот немесе арбитражды
сотқа монополияға қарсы заңдылық бұзылуы
туралы арызбен, сондай-ақ монополияға қарсы
заңдылыққа қайшы шартты жартылай немесе толық
жарамсыз деп тану туралы, басқа шаруашылық субъектілерімен шартты
бекіту міндеттілігі туралы, арызбен жолдануға және
монополияға қарсы заңдылықтың бұзылуымен
байланысты істерді сот немесе арбитражды сот қарауына қатысуға
құқылы.
Монополияға
қарсы органдардың өкілеттіктері тек бақылау-жазалау
акциясымен жүзеге асырылып қана қоймай, сондай-ақ адал
бәсекелестікпен және монополиялық қызметке тікелей
қатысты емесэкономикалық қалыптасулармен жүргізілетін
кәсіпкерліктің тиімділігін өсіруге олардың
салымдарының салмағымен де сәйкестендіріледі. Монополия
қарсы органдар тауарлық нарықтарды, бәсекелестікті
дамыту, кәсіпкерлік және демонополизациялау қолдау
мақсатында атқару органдарына, жергілікті өзін өзі
басқару органдарына ұсыныстар жіберіп отыруы мүмкін:
- белгілі бір
тауарлық нарыққа жаңадан еніп жатырған
шаруашылық субъектілеріне жеңілдік кредиттер беру, салықты
азайту немесе оларды салық төлеуден босату туралы;
- еркін, реттелетін,
бекітілген бағалардың қолданылу аясын өзгерту туралы;
- бөлек
басыңқы жағдайдағы шаруашылық субъектілерін
шығару мақсатында тауар шығаруды кеңейту шараларын
қаржыландыру туралы;
- экспорттық –
импорттық операцияларды лицензиялау және кедендік тарифтерді
өзгерту туралы;
- лицензиялауға
жататын әрекеттер түрлері туралы және оларды лицензиялау
тәртібі туралы [2].
Монополияға
қарсы органдардың өкілеттіктері қажетті
ақпараттарды жинауға олардың
құқықтарын бекіткен. Монополияға қарсы
органдардың қызметкерлері өздеріне жүктелген функциялар
негізінде атқарушы билік органдарына, жергілікті өзін өзі
басқару органдарына кедергісіз кіруге құқылы. Ішкі
істер органдары оларға практикалық көмек көрсетуге
міндетті. Алынған мәліметтер коммерциялық құпияны
құрайтын болса, ол жариялануға жатпайды. Егер ол жарияланса,
кәсіпкер немесе басқа да тұлғаларға келтірілген
шығындар азаматтық заңдылықтарға сәйкес
өтелуге жатады [3].
Тұтынушылардың
құқығын қорғау жоспары әрбір
тұтынушы үшін мемлекеттік қолдау қажет. Мемлекет
заң арқылы тұтынушылардың
құқығын кәсіпорындарға сапалы өнім
шығаруды талап ете отырып жүзеге асырды. Бұндай
заңдылық тұтынушылардың қатысуымен реттеліп
және тұтынушылардың құқығын
және оларды іске асыру механизмін анықтайды.
Тұтынушылардың заңды құқығы
біздің елде келесідей жүзеге асырылады: ҚР-ның
Конституциясы - сәйкес азаматтар өмір сүруге
қоғамдық ұйымдарды құруға, демалуға,
денсаулық сақтауға, таза қоршаған ортаға
білім тағы басқаларға құқығы бар.
Бұл құқытар бұзылғанда азаматтар
сотқа жолдана алады [4].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан
Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы. 31.01. 2006.
2. Қазақстан
Республикасының «Бәсеке және монополистік қызметті
шектеу туралы» Заңы. 07 07. 2006.
3. Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексі. 05.06.
2014.
4. Қазақстан
Республикасының Конституциясы. Астана. 2014.