Заң ғылымдарының
магистрі Абенова Г.А.
Инновациялық Еуразия университеті,
Қазақстан Республикасы
Сақтандыру шартының ұғымы және оның жалпы сипаттамасы
Сақтандыру
шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге
міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде
сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалган өзге
тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін
төлеуге міндеттенеді. Сактандыру шарттық қатынастарының
ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде керсетілген жағдайларға
сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның
барлык талаптарының және оның кызметін тұтынушылардың
мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының кызметін
бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе,
онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия
(рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.
Сақтандыру ережелері сақтандырушымен
сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және
сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін
лицензияны (рұқсатты) беру құқығы
өкілетті мемлекеттік органымен келісуге жаткызылады. Шартта қарастырылмаған
жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа
сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс.
Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:
1)
сақтандыру
объектілерінің тізімін;
2)
сақтандыру
сомаларын анықтаудың тәртібін;
3)
сактандыру
тәуекелдерді;
4)
сактандыру
жағдайларының қатарынан алып тастаулар және
сактандыруға шек қоюлар;
5)
сақтандыру
шарты қолданылуының мерзімі мен орнын;
6)
сақтандыру
шартын жасаудың тәртібін;
7)
тараптардың
құқықтары мен міндеттерін;
8)
сақтандыру
жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс
әрекеттерді;
9)
сақтандыру
жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;
10)
сактандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен
тәртібін;
11) сактандыру төлемі немесе сақтандыру
төлемінен бас тарту жөнінде шешім
кабылдау мерзімін;
12) сақтандыру шарты
жағдайларының тоқтатылуын;
13) дауларды шешудің
тәртібін;
13) сақтандыру тарифтерін
және оларды экономикалық негіздеу;
14)
ерекше
жағдайлар.
Сактандыру ережелеріндегі жағдайларды
сақтандырудың әдет ғүрып нормаларына жатқызуға
болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 825- -бабының 4-тармағының мазмұны осыны
дәлелдейді. Келісім бойынша сақтанушы мен сактандырушының арасында
қосымша жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты жасалуы мүмкін.
Қосымша
жағдайлар үш еседен көп
қайталанса, сақтандырушы заңнамада қарастырған
тәртіпте сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгертуге
міндетті. Яғни, бұл жағдайлар, сақтандырушының тұрақтанған
тәжірибесінің бөлігі ретінде қарастырылады.
Сақтандыру шартының сипаттамаларын
қарастырайық.
Шарттың бірінші түрі нақты және
консенсуалдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін
мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап
жасалынған болып саналады.
Азаматтық
кодексітің 393-баптың-тармағында нақты шарттың
жасалу кезі туралы сөз болады. Шарттардың көпшілігі
консенсуалдық болып
табылады (латын тілінен — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса
жеткілікті. Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден
бастап сатып алу - сату шарты жасалды деп
саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа
әрекеттер жасалынып
қойған шартты орындау мақсатында атқарылады.
Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем,
жүк тасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп
саналады. Мұндай шарт нақты (латын тілінен - зат) деп аталады, ол заң
актілерінде бекімін табуға тиіс. Шарттың консенсуалдык немесе нақты сипаты, әдетте,
шарттың анықтамасының
өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша калыптасады: сатушы
затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге
міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай орындалуы тиіс.
Нақты
шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтау шарты
бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сактауға міндетті,
тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын
жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты
бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт
жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуалдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді,
бірақ тараптар сатып алу - сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен
сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу - сату
шарты нақты шарт бола алмайды.
Шарттың келесі түрі өзара келісілген
шарттар және қосылу шарттары болып
табылады.
Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін
тараптардың екеуі аныктайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін
тараптардың біреуі дайындайды,
екініш тарап ол ережелерді құптайды.
Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы
жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт
ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол
стандартты нысандарда
(бланк, формуляр) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды.
Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартка айналады.
Қосылу
шарты әкономиканың әртүрлі салаларына таралды.
Оның мысалы
ретінде әлектр және жылу қуатын, газды және
коммуналдық кәсіпорындардың
басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды атауга болады.
Көптеген
жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып табылады. Мысалы, затты
пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасканда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен
қатар, шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері
келтірілген бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе
қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер косатын болса
онда ол жай шартқа айналады.
Азаматтық
кодекстің 389-бабының-тармағы
шартқа қосылушы тарапты қорғауға бағытталған. Бұл
тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау
келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың
ауырлығы сол тараптың
ақылға қонымды мүдделерін ескеру арқылы
анықталады. Мысалы,
қосылу шартында қосылған тарап шартты бұзуға
немесе сотка жүгінуге кұқылы емес, немесе шартты
дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір
бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген.
Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын
жағдайлар да бар, ол — қосылған жактың кәсіпкерлік
қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа косылуы. Егер кәсіпкер
шарт тараптарының қандай екендігін білмеген болса және білуге тиіс болмаса
ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын канағаттандыра алады.
Бірақ оны дәлелдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.
Бір
жақты және өзара шарттар тараптардың
құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай
ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек кұқық, екіншісінде тек
міндет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың
әрқайсысында құқық болады, олар
міндеттемелер де
көтереді. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының
ақша төлеуін талап етуге құқылы және
өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы
заттың өзіне берілуін талап етуте құкылы және сол зат үшін
ақша төлеуге міндетті. Сақтандыру шарты өзара шарт, оны
сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары
мен міндеттеріне
назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру 19 сыйлыкакыларын
төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге кұкылы. Тиісінше
(өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның
сақтандыру төлемін жасау бойынша міндеті орындалуын талап ете
алады.
Шарттың
келесі түрі ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз
міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы
шарт болып табылады. Азаматтық кодекстің 384-бабы бойынша бір тарап
екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені
ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.
Ақылы
және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз міндеттерін
орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну
-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден
басқа) материалдық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне
бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге
болатын кез келген әрекетті жасау жатады.
Шарттардың
көпшілігі ақылы. Азаматтық кодексте бекімін тапқан акысыз шарттардың ішінен
сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.
Кейбір
шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем).
Сондықтан да, Азаматтық кодекстің 284-бабында кандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп
танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол
заңнамадан, шарттың мазмұнынан
немесе мәнінен туындайтын болса. Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың
болуы елімізде қалыптасып келе
жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Мысалы, кайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа
қоғамдық қорлардың кызметі, демеушілік жасау, еркімен қайыр-садақа беру және
осыларға үқсас кызмет,
әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары
көбіне олардың құқықтық формасына
айналуда.
Шарттың келесі түрі еркін және
міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың калауына байланысты шарт еркін шарт
деп аталады. Міндетті шартты
жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады.
Нарықтық әкономика жағдайында шарттардың
басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті
шарттар (мысалы, мемлекеттік
кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт). Міндетті
шарттар арасында жария шарттардың орны бөлек.
Коммерциялық
ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына
қарай оған өтінішпен келетін
әркімге тауарларды сату, жүмыстарды атқару немесе кызмет
көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария
шарт деп аталады (мысалы, бөлшек
сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс
қызметін көрсету, энергиямен
қамтамасыз ету, медицина,
мейманхана қызметін көрсету және тағы басқалары).
Азаматтық
кодекстің 387 - баптың мазмұнынан
жария шарттың белгілері туындайды:
- оны коммерциялық ұйым жасайды;
- коммерциялық ұйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе кызмет
көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді;
- ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне жүгінген әр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;
- коммерциялық ұйым, заңнамада көзделген
жағдайлардан басқа реттерде, шарт
жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылықт беруге құқылы
емес. Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан өзінде ондай
мүмкіндік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және
тағы басқа) жағдайларда ғана бас тартуға
құқылы. Мысалы, бөлшек сауда дүкенінде сатып алушы, егер
сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының витринадағы тауарды алуды немесе
қоймадан алып келуін талап ете алады.
Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған
жағдайда, шарт жасасудан бас
тартқандағыдай салдар болады. Тұтынушы тауар, жұмыс, кызмет көрсетуді ұсынуға межбүрлеу
туралы және содан келген зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы (мысалы, сатып алатын тауарын алып кетуге
дайындаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе сондай
тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған
шығынды өтеу және тағы баска).
Шарттың
келесі түрі өзінің қатысушыларының пайдасына
жасалған шарттар
мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар.
Әдетте шарттар шарттан
туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге
құқылы адамдардың
— өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен
катар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын
талап етуге құқығы
бар адамдардың — үшінші жақтың пайдасын көздейтін
шарттар да бар.
Азаматтық
кодекстің 391-бабына сәйкес тараптар несие берушіге емес, шартта
көрсетілген немесе көрсегілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің
пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші
жаққа борышкер
орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтын пайдасына жасалған шарт деп танылады. Үшінші адамның пайдасына жасалған
шарт, бұл — азаматтық құқықтың
дәстүрлі институты, үшінші жақ қатынасқан
талаптар көрініс табатын жағдайлардың бірі.
Үшінші
жақтың пайдасына жасалатын шарттардың ең көп
таралған түрлері мыналар:
- жүкті тасымалдау шарты,
оған сәйкес тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтушінің
сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға оны беруге
мідеттенеді;
- үшінші жақтың
пайдасына сақтандыру шарты;
- үшінші жақтың
пайдасына банктік салым шарты.
Үшінші жақ өз
құқығын пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге
дейін тараптар
өздері жасасқан шартты бұза да, өзгете де алады. Ал
үшінші жақ ондай ниетін қандайда бір тәсілмен жеткізгеннен кейін
борышкер мен несие беруші оның ырқына тәуелді болып
қалады, бүдан былай оның келісімінсіз шартты бұза не
өзгерте алмайды. Ондай
жағдай заңнамада бекімін табуы мүмкін.
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың
заңдылығы ол үшінші жактың шартта арнайы көрсетілген -
көрсетілмегеніне байланысты емес.
Дегенмен,
үшінші жақтың міндеттеменің өз пайдасына
орындалуын талап етуге құқылы мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Мысалы,
тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартын
орындалуын талап етуге құқылы.
Үшінші
жақтын пайдасына жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау туралы шарттан ажырату
керек, соңғы жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанымен, оны борышкердің
орындауын ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар сатып алу - сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар
жеткізуде сатып алушы тауарды өз
мекен жайына емес, үшінші ұйымның
мекен -жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады). Үшінші жақтың
пайдасына жасалатын шарттың ерекшелігі сонда -үшінші жак шарт бойынша
өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап ол несие бер үшіні
алмастырады.
Сондықтан да
Азаматтық кодекстің 391-бабының 3-тармағында борышкер
шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын
үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға
құқылы деген ереже көзделген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген
жүктің сапасына катысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк
сапасынның жүкті тиеп жіберген адамдардың кінәсінен
нашарланғанына сілтеме жасай алады.
Бірақ, үшінші жақ, өзіне шарт
бойынша берілген құқықтан бас тартса, несие беруші
өз орнын қайта алады және егер бұл заңнамаға
және шартқа кайшы келмесе,
сол құқықтарды пайдаланады.
Мысалы, Азаматтық кодекстің
815-бабының 7-тармағына сәйкес, сактандырылған адам шарт
бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса,
сақтандыру өтемін алу құқығы
сақтандырушыға көшеді.
Сонымен
қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап
ету құқығынан
бас тартуының өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында
пайданы иемденуші сақтандыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол өтемнің
сақтандырушыға төленбейтіндігі көзделуі мүмкін.