Қамысбаева Ж.Қ., Мустафина Қ.Қ.
Қазақстан, Тараз, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
САЛАУАТТАНУДЫҢ ДАМУ НЕГІЗДЕРІ
Салауатты өмір сүру
салты дегеніміз – био-әлеуметтік категория
Салауатты өмір сүру салты – интегратифті түрде
қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты
болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық
күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру
үшін қоғамдық
ұйымдарда өзін-өзі
ұстай білу,
қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз
саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге
шағыстырмау, өзін
ақылды деп есептеп,
басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі
қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды
тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен
шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір сүру
салтын сақтау әр
азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында
2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге
көтерілу үшін рухани байлықтың,
денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені
мәлім. Сондықтан Жолдаудағы
салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын
белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас
ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру
– біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі -
балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты
өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен
тән саулығы жан-жақты
даму, қабілетін көтеру,
ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді
атқару үшін оқу орындары оқытушыларының ,
әсіресе дене шынықтыру пәні оқытушыларының басты
міндеттері болып табылады.
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және
сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы
адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған
ортаның тазалығына
байланысты.
Өмір сүру салты
дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның
қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос
уақытында демалатыны, қысқасы, олардың
қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның
өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір
сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің
прогресті даму көрсеткішінің категориясы. Салауатты
өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде
болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты
болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның
функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты.
Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты
бір келкі болады. Әр адам өзіне тән қалыптасқан
өмір салтымен тіршілік етеді. Ол
ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы
мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3
категорияға бөлінеді:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория.
Адамның материалдық және моральдық-рухани
қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты
өмір сүру сапасы -
әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар
(оқу орындар, мектептер) неше
түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер
мен лабороториялық жабдықтармен
қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық
категория – адамның қоғамдық орындарда өзін
-өзі ұстап және көрсете білу .
Салауатты
өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы
эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының
жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне
байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және
ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы
қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне
байланысты болады.
Салауатты
өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері:
Биологиялық
принцип:
- Салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;
- Салауатты өмір
сүру салты энергетикаға;
- Салауатты өмір
сүру салты эстетикалық қызметке;
- Салауатты өмір
сүру салты ритмикалық үрдістерге;
- Салауатты өмір
сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.
Әлеуметтік принциптер:
- Салауатты өмір
сүру салты және эстетикалық қызметті;
- Салауатты өмір
сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;
- Салауатты өмір
сүру салтының еріктігін дамытуды;
- Салауатты өмір
сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын
қамтамасыз ету.
Сонымен,
еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін
парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе
денсаулық жайында білімді болғаны жөн.
Биологияда,
медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары
таңқаларлық. әрине, адам миының жұмысын
түсіндіру қиын: 15 миллиард жүйке жасушалары бар,
олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті
миллиондаған басқа жасушалармен байланысқан және
жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не жазылғанын
оқу да оңай емес.
Адам
үшін денсаулықты сақтап қалу – мақсат.
Дәмді тамақтану – мақсат, әрекет жасау – мақсат.
Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі.
Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бәсекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен
өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып
кербездену ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз.
Ертедегі
ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер
немесе психика қалды. Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру
болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана
ерекше: олар ешбір
мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.
Екінші кемшілік
– қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат
табу – аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді
тамақ ішіп, оны басқа
сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам
әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету
тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ
сіңіру орталығын жаттықтырады.
Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда
адамда қорқыныш
күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды,
оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны
өзінің ауырулары ғана
емес, басқа біреулерден көргені,
оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.
Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ
жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ
және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол
және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда
демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер
алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе, оның көлемі тым көбейіп
кетуі ықтимал. Дене азабы
өркениет игілігінен келген барлық
рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық
сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп
санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін
жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас
үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге
болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға
жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың халыққа
“Қазақстан – 2030” жолдауына сәйкес біздің елде де адам
денсаулығының ең
маңызды, ең басты екендігі
жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда. Осы игілікті істің айғағы
– денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта
құру арқылы мектептегі адамдардың барлығын
салауаттылыққа жеткізу жұмыстарының басталуы.
Атап
айтатын болсам, өзім жұмыс атқарып отырған М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ-да студенттер,
оқытушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды
бірінші орынға қойған. ТарМУ-да «Сұңқар»
спортклубы жұмыс атқарады. Студенттерге әртүрлі спорт
түрлерінен қатысып өз денсаулықтарын
сақтауға, спорт түрлерінен күнделікті қатысып
облыс, республика, халықаралық дәрежеде өз
мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасалған.
Бүгінгі жастар – ертеңгі
болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп
қызметкерлері жылылық
нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің
денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға
ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір
салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға
жететіндігіміз айқын.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Тұрыскелдина М.Т. Дене шынықтыру: Жалпы білім беретін мектеп.
Алматы: Атамұра, 1999 жыл
3. Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері Алматы: Санат, 2000 жыл.
4. Ахмедов. К Дене
тәрбиесі және спорт Алматы:
Санат, 1997 жыл.
5. Энциплопедический словарь по физической культуре и спорта.
Гл. ред. Кукушкин., Аксельрод С. Л. Бункин Н. А. Зимскин Н. Москва, 1978
ж.
6. Сотникова М. П. Ходьба для здоровья. Москва: Физкультура и
спорт, 1982.