Қамысбаева Ж.Қ. Мустафина Қ.Қ.
Қазақстан, Тараз, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАР-МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ БАРЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
Еуропа
мен Азияның ортасында жатқан ұлан-ғайыр жерді
жайлаған қазақ халқының басынан талай замандар
өткен. Батысы – Шығысқа, Шығысы көз
алартқан қиын қыстау кезендерде ортада жатқан
қазақ жұрты этникалық бітімі екі бөлек
дүниенің екеуінің де мәдениеті мен бітім-болмасын
бойына шым-шымдап сіңіре берген деуге болады.
Халқымыздың
рухани тіршілігі, әдет-ғұрпы, ұлттық өнер
әуелден өзімен қоян-қолтық араласып жатқан
Кіші Азия Үндістан, Қытай, Орталық Азия
халықтарының мәдениетімен тығыз байланыста дамып
келеді.
Қазақ
халқының қанына сіңген қасиеті – ешкімді
ешқашан бөтенсіп, алалап көрмеген. Қазақтар
көршілес, тағдырлас тығыз қарым-қатынаста
болған. Сондықтан да шығыс халықтарының кейбір
ұлттық мәдени үлгілерін өз тіршілігін бейімдеп,
бойына сіңіріп отырған. Қазақ мәдениетінің
өзіндік ерекшілігі, өнеріміздің алуан түрлі болып,
жан-жақты кең таралуы – сол аралас-құраластықтан
белгісі. Жүздеген жылдарға созылған тарихы бар
ел-жүртымыз өзін қоршаған табиғатпен дәйім
тікелей байланыста болды. Сол табиғаттың бір бөлшегі бола
отырып, онымен өзара бірлесіп әрекет етті.
Жас
сәбиді бесікке салғанда бесік жырын айтудың, одан кейінгі
түсау кесу, сүндетке отырғызу, күрестіріп ерлікке
баулудың өзі қазақ халқының ежелгі
әдет-ғұрпын, ұлттық еренкшілектерін жастай
сәбидің құлағына құйып, бойына
сіңіре өсіргенін көрсетеді. Ер баланың төр-бес
жасқа келгенде ат қуалап ойнауы – «Ата көрген оқ жанар,
шеше көрген тон пішер» деген қағидаға сай болса керек.
Бала
өсіп бозбала болған шақта халқымыз оны әр
түрлі ұлттық ойындар арқылы сынап, баулып
отырған. Кейбір мықты жігіттер үшін жылқының
жілігін, қалғандары үшін қойдын жілігін
қазанға бітеудей салдырып, астан кейін соны қолдын
күшімен бүрап, немесе жүдырықпен ұрып
сындырғандарға әр түрлі тарту берген. Сондай-ақ,
малдас құрып, оң жағында отырған адамды – сол
жағына, сол жағында отырған адамды оң жағына
көтеріп отырғызып та «қалжындысқан». Ұлттық
сауық-сайран үшін ішкен асын жерге қоятындар
көкпарға құнан өгіз, тана тартқан деседі…
Қазақ
халқының кең де, дарқан даласындай, кең пейіліне
орай өнерінің де өрісі кең, рухани өмірінің
де ұшан теңіз болатыны – оның табиғи байлығы мен
шаруашылығының осы кең даланың табиғатымен
ұштасып жататынында болса керек. Көшпелі тұрмыс,
шаруашылықтың осыған орайласуы, жалпақ жатқан
далада еркін өмір сүруі, арнайы заңдасқан
тұрақты оқу орындарының болмауы, халықтың
өз қалауынша өмір сүруі, өзінің
жасампаздық ішкі өмірінің күшті топтасуы -
әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрі,
ұғымнанымы тудырған өмір салты-тәрбиенің
басты құралы болған. Қазақ
халқының ұлттық ойындарының
қай-қайсысы болмасын әлеуметтік-педагогикалық белгілі
бір мақсатқа негізделіп келеді. Қай халықтың
ойыны болса да оның негізінде ұжымдық, топтасып ойнау
мақсаты болса, қазақ ойындарында белгілі бір әлеуметтік
мақсат пен тәрбиелік ниет астасып жатады. Солардың
қайсысы болмасын адамның жасампаз қиялын оятып, өнерге
үндеп, өз жанынан суырып салып айтуға,
жаңалыққа еркін ойға жетелейді. Осы
тұрғыдан алғанда, әр ойынның ойналатын
өзіндік орыны, көздейтін мақсаты бар. Осыны есепке
алған халық ұлттық ойынға үлкен мән
беріп, оның әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиелік
мәнін дұрыс пайдалануға тырысқан және орынды
қолдана білген. Сол ойындарға жеке-жеке ат қойылып,
өзіндік ойнау мәнерін, өзіндік ережесін, ойынға
қойылатын талап-талғам, жеңімпазға қойылатын
міндет секілді әлеуметтік мәселелердің жүктелуі
күн ілгері ойластырылады. Мұның бәрі, шын мәнінде
ойынның еркін бәсекеге негізделгенін көрсетсе де,
ойынға қатынаушылардың айқындай түседі.
Осының өзі тек әлеуметтік-педагогикалық талаптың
жоғары екенің ғана көрсетіп қоймайды, сол
әлеуметтік ортаның ұлт ойындарының бойына
әлеуметтік-педагогикалық идеяны жоғары деңгейде
сіңірудің өзі өнер деңгейіне көтерілу
екенін де білдіреді.Ұлттық ойынға қатынасу
құқығына ие болу үлесі сол ойыншы бойына
мысқалдап даритындығын еске алсақ, алдымен оны сол
әрекетте итермелетін мақсатшыл ойдың ынтаықыласы болса
керек. Ал іс-әрекет үстінде адам бойындағы әлі
ұйықтап жатқан қасиеттер оянып, адамгершілік
қасиетке ұласуы, және ерік-жігердің
өссіп-жетіліп, күш-қуаттың қалыптасуы
арқылы жеңіске бастап баратын қасиеттердің неше алуаны
бас құрап, адамның жеңіс деген арманды
үмітінің отын жағады, жігерін шыңдай түседі.
Қазақстан
Республикасының оқу-тәрбие жұмысындағы негізгі
принциптері – ілім мен тәжірибенің бірлігі мен үндестігін,
оқытудың ғылымилығы мен жүйелік заңдылықтарының
сақталуын, оқушылардың білім негіздерін саналы, және
белсенді қабылдауын қамтамасыз ету. Ол үшін
дидактикалық принциптің бүгінгі талаптарына байланысты
қоғамдық құрылыстың әлеуметтік
негізінде орын алып отырған өзгерістерді есепке ала отырып,
сабақтың көрнекілік, жүйелік принциптерін, оның
оқушы психологиясына етер әсерін, бала ағзасында
үздіксіз болып туратын өзгерістерді, физиологиялық,
медициналық, гигиеналық принциптермен ұштастыруды есепке алу,
сабақтың логикалық түтастығын сақтау,
оларды салауатты өмір салтына бағыттай отырып, кәсіби мамандық
алу принципіне негіздей білу, сөйтіп оқушыны жеке дара
тұлға дәрежесіне жеткізуге бағыталған
тәрбие принципін іске асыру.
1. Еңбек-тұрмыс ойындары; 2
2. Денешынықтыру спорт ойындары;
3. Ойлау арқылы орындалатын ойындар. Бұларға тән
қасиет жедел және баяу қимылды ойындарға
бөлінетіндегі.
Қазақтың
ұлттық ойындарының
түлғалық-салауаттылық принципі бойынша классификациясы.


Адамгершілікке, адам арасындағы
қатынасқа, өнерге, оны сезініп, бағалауға
үйрету, өзін-өзі тәрбиелеп, өзін-өзі
білім беріге, өін-өзі танып білуге жетелейтін ойындар

Көшпелі
қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор
мән берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін
жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне
айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың
құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты.
Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің
еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі,
мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын,
ойынсыз әзіл - қалжың бола берді. Ойын-сауық қара
күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын
жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз
өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын
серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам
қарсыласының олқы және оң жақтарып
дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш
қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда
қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында
ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруына
өз үлесімізді қосайық.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың
бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.
2. Несіпбаев
Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.
3. Атабаев А.С.
«Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275
б.
4. Наурызбаев Ж.
«Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995
жыл,98б.