Музыка и жизнь/1.Музыка: изучение и преподавание
Абдуллина
Э.С.
Домбыра сыныбының ұстазы
Қазақстан,
Қарағанды қаласы, № 2 Өнер мектебі
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру.
«Еңсесін
енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды
ұрпақтың орны мүлде бөлек», -
Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан
Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму
бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу
үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа
талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай
бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана
және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу
жолдарын айқындау қажеттігі айқын. Қай елдің
болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік
орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің
қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да,
мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін
көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас
дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы
орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік
білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми
ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық,
дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс
жүргізуі тиіс. Дарындылық – баланың алғырлығы,
зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс
болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен
нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың
интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық
тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты
қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше.
Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып,
дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын
талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен
дарындылық ұғымын анықтап алсақ.
«"Дарындылық"» ұғымы "сый"
("дар") деген сөзден шыққан, дамудың
алғышартын білдіреді. "Дарындылық - белгілі бір
іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті
дамуының жоғарғы деңгейі". Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде
ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту»
сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы
мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы
шарт. Дарындылық - жеке тұлғаның өте
күрделі, көп аспектілі қыры. Дарындыларды
шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу
және ғылыми - білім кеңістігінде қалыптасқан жеке
тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы
ескеруі керек. Міндеттері: - оқу процесін тиімді ұйымдастыру;-
өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру; - жеке
тапсырмалар беру арқылы оқыту; - жеке тұлғаның
қасиеттерін, қабілетін анықтау. Осы міндеттерді орындау
үшін және оқушылардың дарындылығын
анықтауға қойылатын талаптар: 1.Шығармашылық: -ойлау;
-қабілет.
2.Мотивация
(жеке-мотивациялы ерекшелік). • күрделі тапсырмаларды шешуге
ұмтылыс; • пәнге қызықтыру.
3.Оқушылардың
әлеуметтік үйренуі: • сөйлесуде; • тәртібінде.
Келесі
кезең - бағалаушылық болып табылады. Бұл
кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс
кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған.
Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік
зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала
туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне
қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең
танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып,
балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі.
Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі
бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің
қосымша кепілі қызметінде атқарады.
1. Дарынды
оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу
үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол
ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы
белгіленеді.
2.
Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл
сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту
технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық
жүйесі жасалды. Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері,
әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының
даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз.
Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен
логикалық іс-әрекетке келтіру, одан
шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні
қамтығаны дұрыс.
1. Танымдық - оқу материалдарын игеруі,
қызығуы, танымдық белсенділігі.
2. Логикалық - оқу материалдары бойынша
логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы
тапсырмаларды орындау.
3.
Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері
игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру,
ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу.
Оқушыларды
шығармашылыққа баулу үшін тағы бір
қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу.
Психологиялық дайындық, яғни педагогтің
псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде
баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады.
Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға
ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ
керек деп ойлаймыз:
-
"сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен
қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп,
баланың еркін билеп, сенім білдіру;
-
оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап,
мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең,
әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
-
шығармашылық сәтте оқушыға
құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін
бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық
ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене
отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында
өздерінің «шығармашылық қабілеттерін»
қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер
мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз
мүмкіндіктерін көрсетеді. Бала бойындағы дарындылық,
ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық
қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал
оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей
алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын,
қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар
іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру.
Қолданылған материалдар: ustazbol.kz
Tarbie.org