УДК 37.013:7.071
Гуманитарлық колледжінің
музыка пәндерінің оқытушысы.
Астана қаласы,
Қазақстан
Қазіргі
таңда арнайы кәсіби білім
беру оқу орындарында музыкант-педагогтарды
даярлаудың практикалық тәжірибелері жеткілікті.
Еліміздің қоғамдық өміріндегі барлық саланы қамтитын жаңартылған
әлеуметтік-экономикалық серпілістермен
қатар музыкалық-педагогикалық дайындық
жүйесіндегі оқытуды жақсартуды ұйымдастырудың да
маңызы ерекше.
Хормен
жұмыс жасаудың теориясы мен
іс-тәжірибесін көптеген педагог-ғалымдар өз
еңбектерінде көрсеткен (Г.П.Стулова, К.Пигров,
М.Б.Теплов, В.П.Морозов және т.б.). Хор класындағы қызмет
түрлеріне сипаттама берумен
қатар, олардың еңбектерінде хорда ән айтудың
дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері мен хор
жетекшісіне қажетті кеңестер берілген.
М.Березовский, Д.Бортнянский,
С.Дегтярев, Г.Лоакин, А.Архангельский, В.Орлов,
В.Калинников, П.Чесноков, Н.Данилин, К.Пигров, А.Егоров,
В.Степанов, Г.Дмитриевский, А.Свешников және көптеген басқа орыс-совет хор өнерінің шеберлері
жоғарғы квалификациялы хорларда ән салып, хор
тәрбиесінің нағыз мектебінен
өткенін білеміз.
Орыстың атақты хор мектептері Москвадағы Синодальдық училищеде және Петербургтағы Сарайдың
әншілер капелласында үнемі
творчестволық ынта, жоғарғы
кәсіби тәртіп билік жасаған.
Олардың бастауында хор өнерінің
өркендеуіне аянбай еңбек еткен хор өнерінің майталман
қызметкерлері тұрған.
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ.
бастапқы кезеңінде Синодальдық училищеде
В.Орлов, А.Кастальский және С.Смоленскийлер
жұмыс жасаған. Осы тұлғалардың аяусыз творчестволық қызметтерінің
арқасында 4 жылдық курсы бар әншілік мектеп…
9 класстық курсы бар, көлемі жағынан консерваториямен
теңесе алатындай салмақты
музыкалық-педагогикалық институтқа айналды
(1.21 б).
Арнайы
музыкалық пәндердің ішінде хор класы хор дирижерлары-регенттерді
тәрбиелеудің орталығы болды.
«В.Орлов басқаратын хорға білім
жинақтауға Болгариядан және Якут облысынан жастар жіберіліп отырды… Тіпті Синодальдық хордың қарапайым
сабақтарына Москвалықтар және басқа
қалалардың тұрғындары әдейі келіп
қатысуы үйреншікті көрініске айналды…
В.С.Орловтың таланты, білімі, талғамы,
сезімталдығы барлық шіркеулік -
әншілік Россияны үйретіп
тәрбиеледі» (2.30б).
Осы хор дәрістерінің
аумағында болашақ ән сабағының
мұғалімдері, дирижер-регенттер, опера
әншілері вокал өнерін меңгеріп, тамаша
вокалист-педагогтарға айналған. «Шіркеулерден
бастауын алған a,capella –
барлық жағынан алғанда әншіге пайдалы
болды: ұзақ, мықты және
бірқалыпты демді қалыптастыруда
оның пайдасы зор”
(3.26б). Октябрь революциясынан
кейін хор өнерін көтеру мәселесі
қайтадан алға қойылды. Совет музыканттары
мұның сәтті шешілімін болашақ
хормейстерлерді кәсіби орындаушы
хордың негізінде тәрбиелеумен байланыстырды.
ХХғ. 30-жылдары Одесса
консерваториясының профессоры, белгілі хор
дирижеры К.Пигров хор ұжымын
жоғарғы музыкалық оқу орнының жағдайында
ұйымдастырудың тамаша көркемдік
нәтижелер беретінін шынайы
тұжырымдай отырып, консерватория жанынан аралас хор
ұйымдастыруға қол жеткізді (4.11
б).
К.Пигров:
“Оқу хоры педагогикалық тәжірибе алу
үшін ғана қолданылмауы керек.
Болашақ хормейстерлерді жоғарғы
орындаушылық мәдениетті меңгерген ұжымның атмосферасында тәрбиелеу керек”,
деп шешкен (4.128 б).
Осындай
үзіліс 50-жылдары хор дирижерларын оқыту
жүйесіндегі құлдыраушылық элементтерден
байқалды. Мысалы бітіруші
студент мемлекеттік емтиханда
хормен жүргізілетін дайындық
жұмысының машықтықтарын емес,
теоретикалық жазбаша дипломдық
жұмысты қорғаған. Студенттің хордағы тірі орындаушылығының және хормен жұмыс жасаудың орнына
онымен жүргізілетін жұмыстың жалпы теоретикалық “әдістерін”
оқытқан хор класындағы оқу-лабораториялық
жүйе де оның орындаушы ретіндегі жеке
тұлғасын анықтап бере алмады. Нәтижесінде, жас маман алған азды
көпті теоретикалық білімімен
болашақта өзінің аспабы хорды
жасауға, алған вокалдық хор дағдылары мен
машықтықтарын іс жүзінде
қолдануға қабілетсіз болып
шықты.
Жоғары оқу орындарында болашақ музыка
мамандарын даярлау жоспары олардың алатын теориялық білімдерімен
қатар көптеген мамандандырушы пәндерден тәжірибелік
сағаттарды да қарастырған. Студенттерді осындай біліктілік
іс-тәжірибесінен өткізетін шеберхананың бірі – хор класы.
Студенттердің оқу хорымен іс-тәжірибеден өту процессі
оқу жоспарымен 2,3 курстар үшін оқу семестрлерінің
бірінде аптпсына 1 сағат, ал бтіруші студенттерге жыл бойы аптасына бір
сағат аумағында қарастырылады. Оқу хорымен байланыста
болу болашақ музыкант мұғалімдердің хорды дирижерлеу,
хортану, хорды әрлеу, хор әдебиеті пәндерінен және т.б.
мектеп хорымен жұмыс жасаудың әдістемесіне байланысты арнайы
курстардан алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде
кеңінен қолданып,
кәсіби біліктіліктерін ұштауға,
толықтыруға зор мүмкіндіктер береді.
Музыка
мамандығында оқитын студенттердің мектеп
оқушыларының ән айту қызметін оқу хорымен
іс-тәжірибе өтуінің негізінде меңгеруін
қалыптастыруды мұғалімнің анықталған
қызметтік құрылымын ескере отырып жүзеге асыру
қажет. Нәтижеге қол жеткізу үшін ең
қарапайым бір этаптық тәсілдерден бастап (яғни,
орындаудың тек қана бір түріне негізделген жұмыспен –
хордың дауыс қыздыру кезенінен, бөлек партияларды талдаудан
немесе дирижирлеу), біршама күрделілеу, екі-үш элементті
тәсілдерді (хордаң екі немесе одан да көп партияларының
ансамблімен жұмыс жасау, әртүрлі қызмет түрлерін
біріктіру – бір қолмен фортепианода партияны орындап, екінші қолмен
дирижерлеу немесе жалпы хор партитурасын дирижерлеу) меңгеру.
Студенттердің мектеп
оқушыларының әншілік қызметін басқару
дағдыларының кезеңділігін анықтауда біз көптеген
фундаменталды педагогикалық зерттеулерге сүйенеміз.
Студенттің хормен жұмыс жасау процессін хор
жетекшісі, педагог-хормейстер мұқият қадағалап, хор
мүшелерінің дыбыс жүргізу мәнеріне, демдік
жүйесіне, әншілік қалпына, орындаушылық-техникалық
машықтықтарына үнемі бағыт беріп отыруының
маңызы зор. Хор шығармасын талдау барысында: дыбыстың биік
позициясын ұстау, демді белгіленген заңдылығына сай алу,
әншілік позицияны ұстану, дыбысты бұзбай айту сияқты
жалпы хор қойылымының заңдылықтарын еске салып отыру
хористтердің дауыс гигиенасын дұрыс сақтауына зор
ықпалын тигізері сөзсіз.
Көтерілген мәселе
қазіргі кезеңде де өз актуалдығын жоғалтқан
жоқ. Сапалы музыкант- педагогтар
даярлау қазіргі күннің өзекті
мәселелерінің бірі. Мектептерге
теоретикалық және әдістемелік білімді,
бойындағы қабілеттерін іс-тәжірибе жүзінде
ұштаған, бәсекеге қабілетті, білікті
мамандар өте қажет. Сондықтан да
болашақ музыкант-педагогты даярлауда
ең алдымен оның кәсіби
даярлығына терең мән беру қажет.
Хор класы - студенттердің
музыкалық циклдағы барлық арнайы пәндерден оқу
процессінде жинақтайтын білімдерін, қабілеттерін және
машықтықтарын синтездейтін күрделі пән.
Хор класында іс-тәжірибеден
өткен студент - болашақ маман хор партитураларын оқу
және талдау машықтықтарын иеленеді, хормен жұмыс
жасаудың іс-тәжірибесін жинақтайды, хормейстерлік
жұмыстың спецификасымен жақын танысады. Хор класында студент
іс жүзінде жүйелі вокалдық жаттығулардың
мәні мен маңызын терең түсінеді, сол арқылы
бірте-бірте IV курсқа қарай өзінің вокалдық
мүмкіндіктерін дамытып, дұрыс әншілік дағдыларды
иеленеді.
Болашақ хор жетекшісінің
дауысы хор ұжымына творчестволық ойды білдіру және жеткізу
үшін қолданатын икемді аспапқа айналуы керек. Сондықтан
студент жұмыс барысында деммен және оған қол жеткізу
жолдарын меңгереді. Хор жетекшісі хорға шыққан
студенттің талдауға түсірген шығармасын
партитурасының жағдайын, талдау жоспарын партияларын жатқа
білуін талап етеді.
Хор класында студенттер хор
әдебиетінің тамаша нұсқаларымен танысу арқылы
жан-жақты бай хор репертуарын меңгеруге мүмкіндіктер алады.
Жас хормейстерлердің кәсіби қалыптасуына хор класының
концерттері ерекше пайдалы. Хор өнері қоғамның рухани
тынысының бір көрінісі болғандықтан, тыңдаушысыз
өмір сүріп даму мүмкін емес. Концерттік қызмет
арқылы хор ұжымының көркемдік орындау шеберлігі
ұшталады. Мұндай концерттердің
қоғамдық-тәрбиелік маңызы зор және студент
хоровиктерге тәртіптік әсер береді, ұжымның үнемі
кәсіби қалыптасуына көмектеседі, әншілерге үлкен
іс-тәжірибелік пайда әкеледі, сонымен қатар хор музыкасын
насихаттауға ықпалын тигізеді. Хор класының жетекшісімен
қатар концерттерде бітіруші-студенттер де шығарманы дирижерлейді.
Олар дайындық кезінде де жетекшінің көмекші ролін
атқарады. Даярлық кезінде техникалық жағынан ұшталған
ұжыммен қарым қатынаста болу, болашақ мамандардың
өзіне және өзінің шығармашылығына деген
талапқойлығын талап етеді.
Хор класында студенттердің алатын білімдері мен
машықтықтары жақсы ұйымдастырылған
іс-тәжірибелік жұмыстармен ұштастырылған
жағдайда, оның болашақ музыкант мамандардың
кәсіби тұлғасына қосар үлесі мол болмақ.
Библиографиялық
тізім:
1.
Финдейзен
Н. Степан Васильевич Смоленский – Муз.старина, спб., 1903. №5.
2.
Стороннее извещение:
(памяти В.С.Орлова). – Баян, 1908. № 12.
3.
Нежданова А. Материалы и
исследования – М.: Искусство, 1967.
4.
Птица К. К.К.Пигров (Очерки жизни и творческой деятельности). – В
кн.: К.К.Петров. Руководство хором. М.: Музыка, 1964.