Сексенбаева
А.Т., Кударинова А.С.
Е.А.Бөкетов Қарағанды
мемлекеттік университеті
Мүмкіндігі шектеулі бала
туған отбасы Мәселесі
Отбасында дені сау бала туылған
жағдайда отбасы үлкен бақытқа бөленеді,
қуанады. Егер бала ауру, я болмаса
толыққанды дамымай туса, бұл ата-ана үшін үлкен
сынақ. Олар қорқыныш пен рухани ауыртпалық, кінә
сезімі және агрессия сезінеді. Бұл үлкен дағдарыс,
өмірдің құнсыздануы мен мағынасын
жоғалтуға алып келуі мүмкін [1].
Қазіргі замандағы өмір
сүру жағдайында бәрінен бұрын отбасы зардап шегеді.
Қалыптасқан адамгершілік және этикалық нормалар, отбасы
дәстүрлерін әлсіретеді. Оның экономикалық
тұрғыдан жеткіліксіз қорғалуының салдарынан,
отбасындағы шиеленіскен жайлар арта түседі. Осының барлығы
отбасының тәрбилік әлеуетін төмендетеді, ал отбасы
мәселесі бүлдіршіннің дүниеге келу жағдайында,
оның сауықтыру және әлеуметтендірудегі алатын
рөлі маңызсыз болып қалады. Сондықтан да, отбасында
даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған
ата-ааларға тиісті әдістемелік көмек көрсету дефектологтардың,
логопедтердің, психологтардың негізгі мақсаттарының
бірі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі булдіршіндерді
үйде тәрбиелеу, көп жағдайда, ата- аналардың осы
қызметке калай карайтыны туралы және өз балаларын
тәрбиелеуде, әлеуметтік міндет іспетті жауаптылықпен карауды
қаншалықты түйсінетінімен белгіленеді. А.С. Макаренко, баланы
отбасында тәрбиелеу- ол тек қана, ата-аналардың жеке
басының жұмысы ғана емес, сонымен қатар,
қоғамға тікелей шыға алатын процесс деген ойды
дамытқан. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеумен
байланыстырылғанның барлығы да, бүлдіршіндерді
қалыпты жағдайда тәрбиелеудегі жағдайлармен
қамтамасыз етуге қарағанда, педагогикалык және сондай-ақ,
материалдық катынаста алып карағанда, әрқашанда
күрделірек болады. Мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасында,
білімін арттыру, ата-аналардың кәсіби және мәдени
белсенділігін арттыру кажет екендігі талап етіледі. Ата- аналардың
өздері және балаларының ішкі жан-дүниесін байытуға
және рухани өмірінің дамуына әкеп соқтыратын,
балалардың бос уақыты неғұрлым қанығулы
болатын орта қажет, ал жасампаз творчестволық кызметі, өз
кезегінде, отбасының бірігіп ынтымақтасуына ықпал жасап,
балаларды мәдениетке кірістіруге мүмкіндіктер жасайды.
Ұстаздық жэне тәрбиелік кызметтің бір аясындағы
белсенділік пен табыстылық, басқаларына
(ұстаздык,тәрбиелік) оң әсер беріп, ата-аналардың
ұстаздық мәдениетінің артуына ықпал жасайтын
болады.
Атап айтқанда, мүмкіндіктері
шектеулі бүлдіршіні бар отбасында, мүмкіндігі шектеулі
баланың мінез-құлқының сипатын, сенімдерін,
өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын калыптастыруда,
ерекше назар аударуды талап етеді. Осының бәрі, балаға осы
күрделі әлемде өмір сүріп, өзін қысылып
сезінуді үйренуге, жеке тұлға болып қалыптасуына
көмектеседі [2].
Баланың дамып-жетілуінде бұзылыстар
байқалатын отбасында, жиі жағдайда, отбасының барлық
мүшелері үшін сынақ болып табылатын ерекше жағдай пайда
болады. Ата-аналар өз үміттерін, оның ішінде,
өздерінің орындалмаған армандарын жүзеге асыруға
байланысты үміттерін балалармен байланыстырады. Мүмкіншілігі
шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы
екі ұғымнан тұрады. Олардың бірі - ата-анасы баланы
жан-жақты материалдық жағынан толық қамтамасыз
етеді. Бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани
қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді.Тіпті кейде баланы
жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске
түседі. Олардың көңіл- күйі түсіп,
сенімсіздік пайда болады. Ал психологиялық шеттету баланың зиятына
кері әсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді. Екінші бір
жағдай,ол- баланы шектен тыс қамқорлыққа алу.
Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп,
өздерін кінәлі сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді. Мұндай
атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне
сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік
даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына,
қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі
тиіс. Мүмкіншілігі шектеулі бала дүниеге келгеннен кейін оның
тәрбиесіне отбасының әр бір мүшесі жауапты.
Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды
өзімен бірге ала келеді. Ата- ана балаға қойылған
аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп,
қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін
кінәлі санау басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы
педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог, психолог,әлеуметтік-педагогтардың
көмектеріне зәру. Өйткені мұндай балалар ерекше
көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап
етеді. Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарым-
қатынасын және өзі қатарлас балалармен
қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде
араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту
және қоғамның болашақ өз-өзіне
сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен,
әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы
керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген
балалардың өздерін қоғамның
толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туатын
еді [3].
Сонымен, дамуында
бұзулушылықтарының болуымен балалары бар отбасындағы
қарым-қатынастар тұрақты болып тұрмайды.
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналары психологиялық
күйді бастан кешіріп, шамалап үйрене бастайды. Ата-аналар
түрлі мамандардың, медицина қызметкердерінің,
дефектологтардың, псхологтардың, әлеуметтік
қызметкерлердің көмегіне
мұқтаж болады [4].
Қолданылған әдебиеттер:
1. http://webcache.googleusercontent.com/
2. Власова Т.А., Певзнер М.С.
Дамуындағы ауытқулары бар балалар туралы- М.: Педагогика, 1973.
3. Социализация
личности: норма и отклонение.- М., 1996.-224 с.
4.Арнайы педагогика/
Н.М.Назарова.-2000.-247-278 бет