ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛА
ТӘРБИЕСІ
Айтжанова Р.М., Шыникұл Ұ.К
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Шығыс
халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел
затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін
халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», - деп
айтқан. Қыз - өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен
қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз
балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді
келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға
қырық үйден тыйым» жасайды.
Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрсеге
зәру болмай өсуін қадағалайды. Өйткені
«Қызға бергенді қызыр өтейді» деп біледі. Сонымен
қатар халқымыз «қыз қонақ» деп, төрінен
орын берген. «Тәрбие - тал бесіктен басталады» демекші жалпы бала
тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте
көп көңіл бөлген. Сонымен бірге қазекем
қызды бетімен де жібермей «Қызға қырық
үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген.
«Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып,
оларды қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп
санаған. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында
дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген
сұлу жорғаларды қыздарына мінгізу, киімнің
әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың
жақсысын қыздарына арнау - ежелгі дәстүр [1].
Қыздың бойындағы ізеттілік, қарапайымдылық,
көргенділік сәби кезінен ана сүтімен берілеі.
Қазақ қыздарының менталитетіне қатты
күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу,
үлкендерден жоғары отырмау, сыпайылық, улкенге
құрмет, кішіге ізет көрсету, имандылық,
инабаттылық сияқты қасиеттер жатады. Қазақ
отбасыларында қыз баланың тәрбиесіне аса көңіл
бөлінетін. Ата-аналары мен жақындары оларға ерекше
қамқорлықпен, мейірімділікпен қарайтын, бұл
өмірге қажетті оң қасиеттердің қалыптасуына
мүмкіндік жасап, қыз балаға тән қалыптасқан
мінез-құлық нормаларының бұзылуынан
сақтайтын. Қыз бала тек өз отбасында ғана емес,
барлық ауылда да өзіне ықылас көп бөлінетінін
сезінген. Осылайша, қыз бала дербес, еңбекқор болып, үй
шаруашылығын жүргізу дағдысын ерте меңгеріп, тамақ
дайындауды, балаға қарауды үйреніп өсетін [2].
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын
еді. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрседеді. Ана –
барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі.
Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен
тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз
басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу сияқты
өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай
тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы
отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дарытып, психологиялық
жағынан даярлай бастаған [1,5б.].
Қыз баланың абыройы – болашақ отбасының беріктігіне
тікелей қатысты мәселе. Қыздың абыройы оның
ақылына, білімділігіне, махаббатты жоғары бағалауына
байланысты. Ата-ана, ағайын-туыс, бауыр өз қыздарының
абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды.
Әсіресе, қыз
тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың
алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойп, орындап отыруды
қыздың абыройы деп санаған. Олар: әкені күту,
шешені сыйлау, мәдениетті сөйлеу, ұқыптылық,
біреуді жамандамау, әдемі киіну, ізетті болу, үлкендердің
алдын кесіп өтпеу, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ана
тілін құрметтеу, салт-дәстүрімізді
құрметтеу, орынсыз сөз айтпау, қабақ шытпай
жүру сияқты мінез-құлықтық қасиеттер.
Тарихқа көз жүгіртсек шығыс әйелдерінің
патшайымы Тұрқан, Шыңғыс ханды бұлтартпаған
қоңырат қызы Бөрте ханым, Низами ғашық
болып жыр арнаған қыпшақ қызы Әппақ
сұлу, бүкіл Ұлы жүздің ұлы анасы
Домалақ ананың, Найман елінің текті анасы
Айсұлудың қасиетті есімдерін білмейтін қазақ
жоқ. Сол сияқты Ақсақ Темірді тезге салған
белгісіз ана, Әз-Жәнібекті ақылмен тоқтатқан
Қарашаш, құдірретті Құнанбайды
қаймықтырған анасы Зере, ру атын алған
Қарқабат, Дәулетбике, Ақбикеш сынды терең ойлы,
батыл да батыр мінезді қазақ әйелдері көп болған.
Міне, бұл әйел баласының бойына берілген
қамқорлық қасиеті мен ақыл парасаты болып
табылады [3].
Бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген
ұлы даладан шықан сақтың батыр қыздары Тамирис
пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі
Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі
Бопайдың, күні кеше Әлия мен Мәншүктің
ерлігіне ұласты. Кеңес үкіметі күйрердегі жолында ерліктің туын
жықпаған қыздарымыз қаншама. Бұның
бәрі ата салт-дәстүріміздің, тәрбие жолының
дұрыстығын көрсетсе керек [4].
Қыз тәрбиесін ұйымдастырушылық жолдары туралы XI
өкілі Кейкаус та өзінің «Кабуснама» еңбегінде
ұсыныстар береді. Кейкаус ер бала тәрбиесіне қарағанда
қыз бала тәрбиесіне деген көзқарастың
әлдеқайда күрделі екендігін түсіндіреді. Кейкаус
қыз бала табиғатының ерекшелігін ескере отырып, оларға жақсы
тәрбие беруде жақсы ұстаздарды таңдаудың
қажетігін айтады. «Қыз деген – ата-ананың
мұңдығы. Сондықтан қыз балаға мейірім,
шапағат жасағын. Ұл атамыз болса да өзіне іс тауып
алады. Ал, қыз бір ғаріп, мұңлық, бейшара деуге
болады. Не нәрсе қолыңа түссе, алдымен
қызыңа бер» дейді [2,75б.].
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан
қоғамға тоқталсақ – тәуелсіз, еркін еліміз
осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді.
Алдағы мақсат – дамыған елу елдің қатарына ену.
Ал, қоғам да уақыттан қалмай, ортамызға келген
жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Уақыт
талабы – жарнамалық технология. Сондықтан қоғам
уақыт талабына сай өмір сүру үшін заман адамдардан жеке
тұлғалық факторларды талап етеді. Ұлттық
сана-сезімге сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан адами
қасиеттерімізді жойып алмауды қажет еткендей [5].
Артымызда өсіп келе жатқан жас ұрапақта сезім емес,
ақша деген сенім қалыптасқан. Тәрбиені ата-анасынан
емес, теледидар, интернет желісінен алып келе жатқан жастар буыны
көбеюде. Кейбір ата-ананың балсына қарауға уақыты
жоқ. Тәрбиенің не екенін білмей, ата-ананың
жылылық мейірімін көрмей, ана махаббатын сезінбей өскен
баланың қатыгездікпен өспесіне кім кепіл? Сондықтан
бұл жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Бірақ, бұл
жағдайға кімді кінәлаймыз? Соқыр желді айдаумен бірдей
ғой. «Қасқырың аяғы асырайды» демекші,
қазіргі заманымыз жанталас заманына айналды.
Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз
жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер
киімер киіп, қымбат алтын әшекейлер тағып, бет-ауыздарын
бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан,
жастық жарасымдылығынан айрылады. Табиғаттың өзі
қыздардың дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп
жаратқанына олар мән бермейді. «Жастықтың өзі
жастығыменәдемі» дегендей, жас қыздардың
өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем
ғой. Табиғат берген сымбат пен көріктен артық не бар.
Бірақ, ең бастысы тәрбиенің кемшілігі екенінде дау бола
қоймас. Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін
адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан
ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық,
мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің
иесі бола алады [1,5б.].
Жоғарыдағы қарастырған мәселелерді
қорытындылай келе айтпағымыз, болашақ жас ұрпақты
өнегелі, өнерлі, иманды етіп тәрбиелеу – отбасына үлкен
міндет. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі
оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық
салт-дәстүрмен тәрбиеленген қыздар ел
қорғайтын, ұлт жанды, елін сүйер жас
ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мейірханова.З. Қыздың жолы жіңішке: Ересек
балаларға арналған. – Алматы: ''Балауса'' 1994. –Б.1-5.
2. Мирза.Н.В., Айтжанова.Р.М. Отбасы тәрбиесінің педагогикасы.
– Қарағанды, 2015. – Б.169.
3. Сарыбекова.Ж.Т. Оқу құралы. – Қыздар
тәрбиесі. Алматы, 2014. – Б.16-75.
4. https://infourok.ru/doklad-na-temu-kiz-796373.html
5. http://bankreferatov.kz/psihologiya/1288-iz-bala-ltti-yati-haliti-shirayi.html