Мектеп жасына дейінгі
балаларға адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктері
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
кафедрасының оқытушысы
Минайдарова М.И.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған
«Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың
бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен
салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан
өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын,
бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты
қазақстандықтардың жаңа ұрпағын
тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы
Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында,
«Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра»
бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру
жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты
тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын
жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи
мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].
ХХІ-ғасыр балаларының тәрбиесінің өзекті
мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттың
мәдени мұралар арқылы қоғамда руханилықты
қалыптастыру болып табылады.
Мұндай аса жауапты міндеттердің баянды болуы үздіксіз
білім беру жүйесінің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі
оқыту мен тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан
алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде
адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты
бала бойына қалыптастырады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне
жүгінсек, «адамгершілік» сөзі: ар-ұжданның тазалығы,
адамшылдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік,
әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т.б.
қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса,
олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын
өмірдің өзі дәлелдеуде [5].
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа ғылыми
білім берумен шектелу жеткіліксіз, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, бала
бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық құндылықтарды
қалыптастыру керек.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқудың
мазмұны, формалары мен әдістері мәселесін дамытуға
үлес қосқан ғалымдар Е.А.Аркин, Н.А.Ветлугина,
Р.И.Жуковская, А.В.Запорожец, А.М.Леушина, Т.А.Маркова, В.Г.Нечаева,
Н.Н.Поддьякова, Н.А.Сакулина, А.И.Сорокина, Е.И.Тихеева, А.П.Усова, Е.А.Флерина
т.б. болды [6].
Қазақстандағы адамгершілік тәрбиесінің
дамуын республикамыздағы педагогика тарихының зерттеу
мәселесіне және білім-тәрбиелік жүйеге негізделмейінші
қарастыру мүмкін емес.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға
ұлттық тәрбие беруге байланысты бірнеше шетел және
отандық ғылыми зерттеулерді атап өтуге болады: Т.В.Черник,
О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова, Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков,
К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, Е.Ф.Вертякова,
Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнары, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева, О.И.Давыдова,
Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, М.Б.Қожанова, Ж.С.Хасанова,
Ж.М.Акпарова, К.Т.Жаңабаев, А.Ә.Қапенова,
Ұ.Т.Төленова [7].
Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, баланы
балабақшада тәрбиелеуде, оның денсаулығын сақтау,
табиғат арқылы бала болмысының адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру жөніндегі алғашқы еңбекті
жазған Нәзипа Құлжанова болды. Оның тарихи
кезеңдегі жазған еңбектері бүгінгі күні де
құндылығын жоғалтқан жоқ.
Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеудің теориялық мәселелері, оқыту
мазмұны, формалары мен әдістері арқылы тәрбиелеу
В.Н.Андросованың, Б.Б.Баймұратованың, Л.А.Давиденконың,
Р.М.Жұмағожи-наның, Ф.Н.Жұмабекованың,
А.Қ.Қаржаубаевтың, А.М.Меңжанованың, Ш.С.Сапарбаеваның,
М.Т.Тұрыскелдинаның, Р.Қ.Керімбаеваның, К.Метер-баева,
А.А.Искакова және тағы басқа ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған [8].
Осыған байланысты біз, мектеп жасына дейінгі балаларға
адамгершілік тәрбие беру мәселесін арнайы зерттеу қажет деп
білеміз. Сондай-ақ жоғарыда аталған зерттеулердің
барлығы мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
мәселесінің мазмұны толық ашпайды, яғни елімізде
бүгінде көптеген деректерді талдауға, қорытындыларды
жаңаша қарауға, кейбір тарихи және
теориялық-әдістемелік зерттеулерге негізделуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика
Алматы 1992.
2. Балбөбек бағдарламасы-Алматы 2000.
3. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика
Алматы.1982