МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҒЫЗДЫЛЫҒЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының оқытушысы Минайдарова.М.И

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенті  Кеңесбекова С.

        Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ  ұрпақ  қолында. Бүгінгі  күннің айдарындағы  басты  мәселе  балалардың білім жүйесі. Бала тәрбиесі  тәрбие  жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс  үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен  білім  өмір  жолындағы үзіліссіз  процесс.

       Егемен  еліміздің ертеңіне өз үлесімізді  қосқымыз келсе, балабақшадан  бастау алып, бала  бойына  танымдық қабілет   дарыту міндетіміз. [1]

     Білім, ғылым, тәрбие барлығы бірігіп интеллектуалды құндылықтарды құрайды. Қазақстандағы халықтар интеллектуалды өресі артуы тиіс. Әрбір жас адам өз білімін арттырып, жетілідіріп отыруы керек. Сонда ғана біз интеллектуалды ұлт бола аламыз.[2]

      Қазақстанның интеллектуалды қоғам құру бағытындағы міндеттерін, осы мәселелерді шешу жолдары ретінде жастар мынадай ұсыныстар білдірді.

Осы орайда өз пікірін білдірген А. Оспанова мынадай ұснысты ортаға салды. Интеллект дегеніміз адамға берілетін ерекше қасиет. Оны 6 қағида бойынша қарастыру керек.. Осы қағиданың барлығы бір арнаға тоғысқан жағдайда ғана адам өзін интеллект деп санай алады.[3]

Халықтың арасынан ой-өрісі жоғары, білімді балаларды  қолдау қажет. Олардың білімін жетілдіруге аса мән берілгенде ғана бастамашысы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынған  «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы өз жүйесін табады.Балалармыз – болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, саналы,жеке тұлға болып қалыптасқанына дамығанына не жетсін. Қашан,  қай жаста болса да бала дамуына аса мән берген абзал.Бұл төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: баланың қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, оқу дағдысын игерту, белсенділігін, мақсат қою біліктілігін және шығармашылығын тәрбиелеу.[4]

 Компьютер   әлемімен   таныстыру;   жаңа технологиямен оқу  іс-әрекетін өткізу, балаларды  жаңа  технологиялық ақпаратпен таныстыра  отырып, интеллектуалды дамытумен қатар балалар қызығушылығын арттыру;

      Инновациялық білім беру құралдарына аудио, видео құралдары, компьютер, интерактивты тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, оқу әдістемелік көмек, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт жатады.

       Сондықтан инновациялық технология  негізінде баланың интеллектісін дамыту  бағыты,деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе.

       Инновациялық процесс-педагогикалық жаңалықтарды енгізу болып отыр

халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу» деп көрсеткен.        

     Сол себептен  қазіргі  таңда  даму кезеңі  білім беру  жүйесінің  алдында оқыту мен  тәрбиелеу  үрдісін технологияландыру,интеллектуалды бала қалыптастыру   мәселесін  қойып отыр.

Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады.

Қазіргі таңда дамыта оқыту тұжырымдамасы шеңберінде мақсаттық бағдарлары, мазмұны және әдістемесімен ерекшеленетін бірқатар технологиялар дайындалған. В. В. Давыдовтың пікірінше, дамыта оқыту ұғымы астарында түсіндірмелі-иллюстративті тәсілдің (тип) орнына келетін жаңа, белсенді әрекет тәсілі (тип) ұғынылады. [5]

      Интеллектуалды  толық  дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде   зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға  көп көңіл бөлінеді.  Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа деген қызығушылықтары артады.  Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды.

Білім беру қызығушылығын «Мультимедиа» (Қытай) технологиясы ұсынады. «Мultimedia» – көп орталылық немесе ортаның көптігін білдіреді. Орта деп дыбыс, видео, мәтін және басқалары да түсіндіріледі. Мультимедиа деп персоналды компьютерді мәтінмен ғана емес, сонымен бірге дыбыспен, графикамен, анимация және видеомен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдар мен кешенді түсінуге болады.
Балабақшада ақпараттық  технологияны пайдалану - бала интеллектуалды  жан-жақты дамытудың  шешуші  құралы.
[6]

     Ақпараттық-технологияларды  пайдалану тәрбиеленушілердің   танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін  қалыптастырады,  шығармашылықпен  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды      Қазіргі  қоғам алдында  тұрған  өзекті  мәселелерді шешуде, яғни  жан-жақты көп мәдениетті,шығармашыл,әлеуметті бейімделген  тұлға  қалыптас-тыру үшін  ұстаз өзі де  шығармашыл тұлға  болуы  тиіс.

       Сондықтан     жаңа    стандарт    негізінде    баланың    танымын қалыптастыру   бағытында  тәрбиешілердің өз білімі мен  кәсіби  деңгейін жетілдіру  кезек  күттірмес   мәселе.

Қазіргі  уақытта   оқытудың  50-ден  астам  технологиялары  бар. Олардың  бала  интелектісін   қалыптастырып  тұлғаретінде дамуы  үшін  маңызы  зор.

     Олай болса келешек ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді, яғни 

 интеллектаулды деңгейін жоғары болуына  қойылатын талап зор.

Заман  талабына   сай  жаңашыл  тұлға   тәрбиелеуде  нәтижелі   жұмыс  жасау  алға   қойған   басты   мақсатымыз.

 

                         Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

2. К.Ж.Бұзаубақова Инновациялық педагогикалық технология – А. 2009

3. Корикова Н.А. Инновационные формы работы с родителями. «Бала мен балабақша», 2011-№6. 11-13б

4. Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика. – А. 2012 ж