12 жылдық мектепке балабақшадағы
балаларды даярлау ерекшеліктері
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» кафедрасының оқытушысы Минайдарова.М.И
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығының студенті Амангелдиева А.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаев:
«Жаңа
онжылдық-жаңа
экономикалық
өрлеу-қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
халыққа жолдауында балаларды мекепке дейінгі оқыту
мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан»
арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске
асыруға, 2020
жылға қарай орта
білім беруде 12
жылдық оқыту моделінің табысты
жұмыс істеуі үшін
Үкімет барлық қажетті
шараларды қабылдауы тиіс
деген.[1]
Ертеңгі
күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал
етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші
құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге
заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы
қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық
мәселе.
ХХІ
ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші
ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін мектепке дейінгі
білім беру, жалпы және орта білім
беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық
мектепке дейінгі, жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса
назар аударарлық мәселе.[2]
Қазіргі
өткізіліп жатқан мектепті жетілдіру реформаларына байланысты орта
мектеп 12 жылдық болып анықталуда. Балаларды мектепте
оқытуға даярлау - білім беру жүйесінде кызмет атқаратын
педагогтардың және психологтардың міндеттерінің
бірі. Орта мектеп 12-жылдыққа көшуімен байланысты 5-6
жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұны
тереңдетіліп, бағдарламасы көптеген өзгеріске
ұшырады. Осыған байланысты мектепке қабылданған балалар
мектепке даярлық тобында бастауыш сыныптар бағдарламаларын
меңгеруге дайындықтан өткізу ұйымдастырылуда. Ол
топтардың балалары бастауыш мектепте оқытатын білім мазмұнын
толық меңгеруге даярлықтан өткізу жұмысы тиімді
болуының ең сенімді жолы балаларды психодиагностикалық
зерттеуден өткізіп, оқытуға даярлығы төмен
балалармен арнайы дамыту жұмысын жүргізу. Осы психологиялық
проблемаларды тиімді шешу үшін мектепалды тобында
педагог-психологтың қызметі аса қажет. Қазақстан
Республикасының Білім беру жүйесін реформалау
барысында әрбір баланы мектептегі оқу және
әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай
жасау аса маңызды міндет.[3]
Демек, қазіргі талап бойынша мектептің
бірінші сыныбына
келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты,
адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері
мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие,
білімге қызығушылық сипаттары
мол болуы қажет.
Сондықтан да
мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің,
ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі
оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Балаларды мектепте
оқытуға даярлығын зерттеу негізінде олардың
отбасындағы және мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде
алған тәжірибесімен тікелей байланысты екендігін ескере отырып,
олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын
анықтаған. Балалар іс-әрекетінің психологиялық
құрылымының дамуы әр жас кезеңінде әр
түрлі жолменен жүреді. Қандай да іс-әрекет бір
қатар элементтерді қамтиды. Олардың бәрі бірге
іс-әрекетінің құрылымын сипаттайды. Осы іс-әрекет
не үшін жасалынып отырғанын білдіретін көрсеткіштер -
іс-әрекет мотивтері, іс-әрекетті орындау нәтижесінде
алынуға тиіс деп есептелетін мақсаты, осы нәтижеде жетуге
қажетті операциялар мен тәсілдері, өзгеруі тиісті
нәтижеге әкелетін материал-объектіні құрайды.[4]
Балалардың
дамуының оқыту процесіндегі ең басты және
анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістері
күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген
зерттеушілер, ең алдымен кеңес психологтары, оқыту
мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және
іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын
елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.
Мектепке
психологиялық даярлық, оны қай қырынан алсақ та,
баланың бұған дейінгі бүкіл психикалық
дамуының қорытындысы, отбасы мен балабақшадағы
тәрбие мен үйретудің бүкіл жүйесінің жемісі
екенін оңай көруге болады. Нәтижелі оқытуға
қажетті сапалар бірден пайда болмайды. Олар баланың өмірге
келген сәтінен бастап біртіндеп қалыптасады. Бұл сапаларды
қалыптастыру үшін ойын, сурет салу, конструкциялау т.б.
сияқты іс-әрекет түрлерінің маңызы болатынын атап
керсеткен жөн. Өйткені тап соларда алғашқы рет
мінез-құлықтың қоғамдық мотивтері
пайда болып, мотив сатылары қаланады; қабылдау мен ойлау әрекеттері
қалыптасып, жетіледі, балалар арасындағы өзара
қарым-қатынас дамиды. Әрине ол өздігінен жүзеге
аспай, өскелең ұрпаққа қоғамдық
мінез-құлық тәжірибесін беріп, тиісті білімдерді
жеткізіп, дағдыларды үйрететін үлкендердің
балалар іс-әрекетіне үнемі басшылық жасауы кезінде болады.
Оқу әрекеті саласындағы қарапайым іскерліктер, таным
процестеріндегі тиісті дәрежедегі өнімділік сияқты кейбір
сапалар мектеп жасына дейінгі баланы сабақ үстінде жүйелі
оқыту процесінде ғана қалыптасады.[5]
Баланың мектептегі
оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын
аса күрделі үрдіс және
бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден
бір жолы - ата-ананың, тәрбиешінің,
мұғалімнің және
психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала
балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес
дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір
сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни,
баланың мектеп өміріне еніп және өзінің
әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан
көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі
игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл
баланың жеке тұлғасының қалыптасуы
және ақыл-ойының, таным үдерістерінің
дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі
өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді
қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала
бермек.[6]
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы
«Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Қазақстан халқына Жолдауы.
2. 12
жылдық білім №8 2006 37–бет
3. Білім
беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өтудің
көкейкесті мәселелері. Қазақстан мектебі № 11 2001ж
4. Педагогика.
Бейсенбаева А.А. Калиева С.Ш Алматы.2003ж
5. 12
жылдық білім № 9 2006 39 – бет
6.12
жылдық білім беру және жаңа мұғалім
Р.К.Алшоразова