ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Шынтаева Н.А., п.ғ. магистрі

Халыкова Г. №10 «Наурыз» балабақшасы

Тараз мемлекеттік педагогикалық институт

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық  желілерге шығу»  - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектепке дейінгі мекеме ұжымдарының, әр тәрбиешінің  күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

          Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында терезесін тең ететін-білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Ал технолгия түсініктемесінде сөздікте қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту –үйретудегі амалдардың жиынтығы деп, ал педагогикалық технология  - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу болып табылады.

           Қазақстанда педагогикалық инновация туралы С.А.Абдыманапов, Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараевтың, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Т.О.Балықбаев, Б.А.Тургунбаева,  М.М. Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, К.Бұзаубақова  және Қ.М.Нағымжанов секілді біршама ғалымдар  зерттеген. Ал, білім беру саласындағы инновациялық технологияларға А.А.Абдукадыров, Ж.А.Караев, Б.Баймуханов, К.З.Халиковалардың еңбектерінде кеңінен зерттелген. Жанашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, негізделген педагогикалық өрісін табады.Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектепалды даярлау үздіксіз білім беру, жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет,мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер,инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалар жатады.

         Ал, Қ.Құдайбергенова «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп төменднгідей аудармалар жасаған «инновация»-жаңалық, «нововедение»-енген жаңалық, «новое»-жаңа, «новшество»- жаңалық, «инновационныйпроцесс» - жаңарту үдерісі. Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғалымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория жуырда ғана қолданысқа енгізілді.Мектепке дейінгі білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

        Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Инновациялық технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдануда ең алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиеші төменде көрсетілген технологиялардың ішінен іріктеп, қарапайым түрін, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттеріне сай сауатты түрде жоспарлап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуі тиіс. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.

          Алғашқы ойындар әлеументтік эканомикалық міндеттерді шешу үшін  қолданды. 1932 жылы Ленинград инженерлік-эканомикалқ институтында М.Бирштейннің басшылық етумен Львов машина зауытының іске қосу үшін іскерлік ойыны өткізілді.1960 жылыдары басқару және педагогика саласына тарады. Ойын түрлерін Н.Грейф, Р,Уорфорд, Г.Шедровский еңбектерінде дамыды. Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінде ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері көрсетілген.

Ойын технологиясы

Баланың бойында

Ұйымдас-тырушы-лық қасиеттері дамиды.

Тапқырлық,

шыдамды-лық

Белсенділік қабілеттері  дамиды.

Есте сақтау қабілеті, зейіні, тілі дамиды.

         Әдіскер-ғалым Ж.В.Арутюнян бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда ойынды қолдану әдістемесін жасады, бұл жобаны мектепке дейінгі мекемелерде мектепалды даярлық тобында пайдалануға болады. Ол «оқытуда ойынды қолдану әдістемесі компоненттерінің белгілі бір жүйесінің жиынтығы»,-деп түсіндіреді. 

      Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсаты алынады. Оған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысын 4-кестенден байқауға болады. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылысы(Ж.В.Арутюнян әдістемесі)

Ойын

Мазмұны

Нақты мақсаты

Ұйымдастыру формасы

Түрлері

Құралдары

 

 

 

 

 

 

 


«Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істің, үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз!»  Қазіргі заманда білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым қатынас пайда болды. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетінде инновациялық техналогияны қолдану тиімді болады. Баланың сана-сезімі, ойлау қабілетті, сөйлеу әрекеті қалыптасады,өздігінен еңбек ету әрекеті пайда болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің стандарты. - А. 2016.

2. К.Ж.Бұзаубақова Инновациялық педагогикалық технология – А. 2009

3. Корикова Н.А. Инновационные формы работы с родителями. «Бала мен балабақша», 2011-№6. 11-13б

4. Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика. – А. 2012 ж