Тұлғаның логикалық ойлауын дамытудың     мәні мен сипаты

 

Халтаева Гульбахыт

«Туран –Астана» университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты

 

Білімнің аталған екі түрі – орталық, анық немесе шеткі және анық емес білімдер – бірін-бірі толықтырушы қатынаста болады. Анық емес білімнің эмпирикалық негізі түсініксіз қабылдау мен сезінуді тудырады. Санамен емес, сезім органдары арқылы алынатын бай мәліметтер арқасында адам өзі аузымен айтқанына қарағанда анағұрлым көп біледі. Анық емес білім өзіндік, ғылымның кез-келген термині анық емес біліммен жүктелген, объективтік маңызды ғана емес, өзіндік мағынасы бар [1 20 б.].

Философия ғылымында адам ұғымына бірнеше балама ұғымдар берілген. Оның алғашқысы дара адам. Дара адам көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Философ А.Спиркин: “жеке бастың даралығы өз пайымдауынша, сенімінде, көзқарасында дербестікке ие болып, басқаша айтқанда ми мүлдем жаттанды болмай, қайталанбас өрнектерге ие болғанда ғана білінеді”, – деген тұжырым жасаған [2, 14 б.].

Келесі мағынасы жақын ұғым ерекшелікті адам. Ол өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, түр сипаты, азаматтық қасиеті бар адам. Ерекшелікті адам сол қасиетімен феномен. Ол дүниеге бір-ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Тұлғаның қалыптасуы оның әрекеттену және басқа адамдармен ой алмасу процесінде өтеді. Бұл процесті тұлғаның әлеуметтену процесі деп атайды. Тұлғаның әлеуметтенуі оның белсенді іс-әрекетімен, қоғам талабына сай мінез-құлқымен, өзінің іс-әрекетін салыстыра бағалауынан, өзін-өзі тани білуінен көрінеді. Тұлғаның әлеуметтенуі оның кісілік қасиетінің қалыптасуынан көрінеді десек, оған бес түрлі фактор әсер етеді (3-сурет).

Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар

Білім

Әлеуметтік

орта

Тәрбие

Өзін-өзі тану

Тұқым қуалаушылық

 


    

                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар

Тұқым қуалаушылық ата-анасынан ұрпақтарына қандайда бір белгілердің ерекшеліктердің берілуі. Тәрбие жаңа тұлғаның адамның бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Әлеуметтік орта –адам әрекетінің әлеуметтік жақын болашақтағы әлеуметтік ортаға қарсы тұрушы ретіндегі күрделі және бір мәнді емес тұлға дамуының жағдайларының, сонымен қатар адамның өзінің өзгеретін әрекеттері мен қылықтарының жүйесі.

Білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының деректері мен пайымдарының жиынтығы. Өзін-өзі тану – тұлғаның өмірдің нақты жағдайларында өзін өзі жүзеге асырудың өзіндік ұстанымын, мақсаттарын тұлғаның саналы таңдау барысы және нәтижесі. Осы аталған факторлардың мән-мағынасы, өзара байланысы, тұтастығы мен бірлігі адамның кісілік болмысын анықтайды. Тұлғаның әлеуметтену процесінің негізгі факторы ретінде, оның қарым-қатынас жасайтын әлеуметтік ортасының элементтерін атап көрсетуге болады (2-сурет).

 

Тұлғаның әлеуметтік ортасының маңызды элементтері

 

Әлеуметтік рөлі, статусы

 

Әлеуметтік институттар, қоғамдық ұйымдар

 

Әсер етуші нақты оқиғалар

 

Әлеуметтік құндылықтар, талаптар, білім дағды

 

 

Сурет 2 – Тұлғаның әлеуметтік ортасының маңызды элементтері

 

Біріншіден, қоғамның адамға ұсынатын рөлдерінің, мәртебелерінің жиынтығы. Оқушы – оқу іс әрекетімен шұғылданатын тұлға. Екіншіден, жеке адамның әлеуметтік рөлдерді қабылдап, әлеуметтік мәртебелерді меңгерулеріне қатысы бар институттардың, қоғамдық ұйымдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың жиынтығы. Отбасы – үйелмендердің жанұялық бірлігі. Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру

бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым. Мектеп – мұғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәрбие мәселелері жүзеге асырылатын оқу–тәрбие мекемесі. Үшіншіден, қоғамда жеке адамның құндылық бағытының мінез-құлығының қалыптасуына нақты оқиғалар әсерін тигізеді. Қажеттілік пен кездейсоқтық – процесті негіздеуге оның жекелеген формаларының көріністерінің қатынасын білдіретін философиялық категориялар.

        Белгілі әлеуметтанушы М.С.Каганның пайымдауынша, тұлға өзінің құрылымын адамзат іс-әрекетінің түрлі құрылымынан алады және соған сәйкес: танымдық, құндылық, логика     , қарым-қатынас және көркемдік талғамдарымен сипатталады. Ғалымның пікірінше, тұлға өзінің сипатымен, темпераментімен, физикалық сапаларымен емес, ол нені және оны қаншалықты іске асыратынымен; ол нені және қаншалықты бағалайтынымен; ол кіммен және қалай қарым-қатынас жасайтынымен; оның көркемдік қажеттілігі қандай және ол оларды қалай қанағаттандыратындары өлшемдерімен белгіленеді [4, 55 б.]

Жеке адамның әлеуметтенуінің түрлі аспектілері қазақстандық социологтар Н.А.Аитов, А.И.Артемов , Қ.Ү.Биекенов, Г.Нұрышева, т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде қарастырылған. Социолог Г.Нұрышева тұлғаның әлеуметтенуінде ұлттық факторлардың атқаратын рөліне талдау жасаған. Автор қоғамда тұлғаның әлеуметтенуі процесінде этникалық ерекшеліктерін, ұлттық психологияның, сананың атқаратын рөлінің маңызына тоқталған [3, 78 б.].

Н.А.Аитов салыстырмалы тарихи әдістерді қолдана отырып, түрлі әлеуметтік жүйелерде жеке адамның әлеуметтену жағдайларындағы ерекшеліктерге тоқталған. Автор зерттеу еңбектерінде тоталитарлық қоғамнан нарықтық қатынастарға негізделген қоғамға өту жағдайындағы жеке адамның әлеуметтену процесіндегі өзгерістерді көрсете білген. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрініс табады

Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына қадір-қасиеттерді ұлттық сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдық және рухани  құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйтқы болады. Профессор Ә.Нысанбаевтың  пайымдауынша, “тұлғаны әлеуметтендіру процесі дегеніміз бұл тек индивидтің бойындағы табиғи қасиеттерді біртіндеп анықтап, қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге қоғамдық орта, әлеуметтік институттар, қоғамдық ұйымдар мен құқықтық құрылымдар ықпалының нәтижесі” болып табылады [4, 51 б.]. Әлеуметтанушы ғалымдар Р.Әбсаттаров, М.Дәкеновтар тұлға құрылымының негізгі алты элементін атап көрсеткен. Оны төмендегі 3-суреттен көруге болады.

Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның әлеуметтік сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны қалыптастыру процесі әрі қиын, әрі ұзақ процесс.

Логикалық ойлауын дамыту дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Логикалық ойлауын дамыту іс-әрекет – оқушының өзі жеке логикалық ойлауын дамыту қажеттігіне және логикалық ойлауын дамыту өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет деп санаймыз.

Логикалық ойлауын дамыту   бұл өзінің жеке тұлғалық қасиетін тереңірек, жаңа қырынан көрсете білу. Бұрын да логикалық ойлауын дамыту іс-әрекеттер аспектілерін психологиялық тұрғыдан қарастыру басым болса, бүгінгі таңда логика     тың философиялық-әлеуметтік теориясын жасауға баса мән беріліп отыр. Даму бар жерде логикалық ойлауын дамыту та бар. Іс-әрекет тіршілік етудің  әлеуметтік белсенділікті көрсетудің амалы. Шын мәнінде таным субъектінің объектіге қарым-қатынасы, бірақ ол логикалық ойлауын дамыту мүмкіншілікті кең көлемде көрсете алмайды. Тек еңбек әрекеті ғана адамның логикалық ойлауын дамыту мүмкіншілігінің ауқымын толық аша алады. Еңбек өмірлік кажеттілікке айналғанда ғана адам болып қалыптасады, еңбек логикалық ойлауын дамыту сипатқа ие болады. Бұдан біз табиғатында логика     тың әлеуметтік мәнін көреміз, ол жеке бастың жан дүниесімен шектелмейді, оның нәтижесі практика жүзінде қолданылады.

Біз ғалымның пікіріне қосыла отырып, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту іс-әрекетін қалыптастыру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекет түрлерін үйлестіре жүргізгенде ғана мүмкін болады деп санаймыз. Өйткені, біріншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін еңбек шығармашылығы ойында, еңбекте, оқудағы іс-әрекет үстінде көрінеді. Осы әрекеттердің қайсысын болса да оқушылар аса жауапкершілікпен орындайды.

Екіншіден, оқушының өз еңбегіне қанағаттану сезімі оның сабақтағы материалды меңгеруіне байланысты болады. Демек, өткен немесе жаңа сабақ бойынша берілген тапсырманы орындауы сапалы болады.

Адамның әрекеті оның біліміне негізделеді, оған ол білімді ақыл, ойлау береді. Ал ойлау адамды дүниені өзгертуге бастайтын ерікпен байланысты болады. Адамда белгілі білімді меңгеру үшін қажеттілік туады, одан кейін мотив пайда болып, іс-әрекеттер қызығушылықпен белсенді және логикалық ойлауын дамыту іс-әрекетке дейін көтеріледі. Философиялық сөздікте “мотив адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатқа итермелейтін сапалы әрекет”, - [4, 286 б.] деген анықтама берілген. Қажеттіліктің негізінде туа отырып, мотив оны бара-бара айтарлықтай дәрежеде бейнелендіреді. Мотив ерік күштерінің әрекетін белгілі бір түрде негіздеу болып табылады. Оның өзі адамның қоғам талаптарына деген қатынасын көрсетеді. Мотив адамның іс-әрекеті мен қылықтарына баға беруде маңызды рөл атқарады. Өйткені, адам іс-әрекетінің оның өзі үшін қандай субъективтік мәні болатыны осыған байланысты.

Логикалық ойлауын дамыту барлық танымдық процесті қамтиды. Субъектінің логикалық ойлауын дамыту белсенділігі тиімді ойлау сатысында, теориялық таным деңгейінде анық көрінеді. Бірақ та сезімдік сатыда да логикалық ойлауын дамыту болады. Бейнелеу ішкі жай ретіндегі, өзіне қарама-қарсылық пен диалектикалық жоққа шығару ретіндегі логика     тан тұратындығын есепке алады. Бір-біріне қарама-қарсы болғанымен, бейнелеу мен логикалық ойлауын дамыту бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, өзара бір-бірін толықтырып, бір-біріне енеді” [5, 31 б.].

  Логикалық ойлауын дамыту бірегей емес: логикалық ойлауын дамыту көрінудің көп түрліліг әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады..

Д.Маккинон логикалық ойлауын дамыту процестің бес сатысын атап көрсетеді.

1)    проблеманы қою үшін білім, дағды мен шеберлікті жинау;

2)    кей кезде проблеманы шешуге, кей кезде шаршау мен түңілуге әкелетін

“күш жігерді жинақтау” сатысы;

3)    проблемадан шығып, басқа іске көшіп кету; бұл саты инкубация кезеңі

деп аталады;

4)    “нұрға бөлену” немесе “инсайт”;

5)     верификация И.Тейлордың (Канада) ойынша, логикалық ойлауын дамыту процестің мынадай сатылары бар: 1) проблеманы қою; 2) проблеманың метафора мен  аналогияның көмегімен өзгеруі, “бағытын өзгертуі”; 3) логикалық ойлауын дамыту жемісін енгізу мен қолдану, яғни қоршаған ортаның қайсыбір бөлігін өзгертіп, қайта құруы [5, 149 б.]. Жоғарыда келтірілген логикалық ойлауын дамыту процесс құрылымы түсініктемелері проблеманы логика     тың ең негізгі сатысы ретінде белгілейді. Мұнымен біздің де логикалық ойлауын дамыту туралы ойымыз бекиді. Бұл бір жағынан, мәселенің пікірталас екендігін, ал екінші жағынан, құбылыстың өте күрделі екендігін көрсетеді.

А.Ф.Осборн ғылыми логика     ты жандандыру үшін “брейнсторминг” – “миға шабуылды” ұсынды. Оның мәнісі – проблеманы шешуші жеке адамға топтың ерекше түрде әсер етуінде.

Сөйтіп, логикалық ойлауын дамыту процестің екі сатысы – идеяларды ұсыну мен оларды бағалау – жасанды түрде бір-бірінен алшақтайды [156, 39 б.]. “Миға шабуыл” әдісі әлбетте талданғанға дейін іс жүзінде қолданылған; біз жоғарыда айтып кеткендей, бұл әдіс – ғалымдардың логикалық ойлауын дамыту процесті жандандыруы бойынша тәжірибелерінің жиынтығы болып есептелінеді.

Логикалық ойлауын дамыту әрекеттің өзінде қалыптасқан генетикалық құрастырушы ретіндегі логикалық ойлауын дамыту еркіндікті көрсету тән. Ол табиғи және әлеуметтік процестерді бақылауда, сонымен қатар өзін-өзі иелік етуде көрініс табады; логика     тағы еркіндік өз ойы мен әрекетін қойған мақсатқа бағындыру мен оған жетудің қолайлы жолдарын табу болып түсіндіріледі. Логикалық ойлауын дамыту актіде әрекет пен өзіндік әрекеттерді, басқару мен өзін-өзі басқаруды синтездеу жүргізіледі, міне, сондықтанда логикалық ойлауын дамыту әрекет демократиялық өзін-өзі басқару мен еркін жеке тұлғаны өзіндік реттеу болып табылады. Логика     тың феноменін зерттеудегі осы жай сөзсіз әрі қарай дамытуды қажет етеді.

                                                  Сонымен, логикалық ойлауын дамыту әрекет кейбір жеке проблемалық жағдайлар негізінде талқыланады, оның шешімдерімен тәмамдалады. Демек, логика     ты зерттеуді “есептеу жүйесі” үшін жаңа ізденуді белсендіруде өзінің ашылуын көрсетумен ерекшеленіп, нәтижесінде кенеттен ашылған жағдай туады. Әрекет тек “жауап” және “шешім” болуын тоқтатқанда логикалық ойлауын дамыту басталады. Яғни табылған шешімнен жаңа мәселеге көшу, табылған жауаптан жаңа мәселеге, жеткен нәтижеден-жаңа жол бастамасына көшу [6, 37 б.].

 Логикалық ойлауын дамыту деп саналатын әрекеттер түріне өнер, ғылым, философиямен айналысу жатады. Бұл орайда Л.Фейербахтың пікірі орынды: “Өнер, дін, философия мен ғылым адам мәнінің шын көрінуі мен ашылуын құрайды” [9,  232 б.]. С.Л.Франктың пікірінше, кез келген адам ең төмен дәрежеде де жасаушы. Әрекет мақсаты адам рухының тереңінен туындаса, сол жерде логикалық ойлауын дамыту орын алады. Кез келген қолөнерші өз ісін аса жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен істесе, жұмысқа өз болмысын салған болса, шабытпен жасаушы болып есептелінеді, бұл жерде қолөнерші мен суретші арасында ешқандай да айырмашылық жоқ та деген сөз. Оның мына пікірі өте маңызды: “Өзін қоршаған ортаға өзіндік таңба қосқан кез келген адам, отбасы өміріне өзінің адамгершілік үлгісі мен үй-ішіне өзінің әдемілік үлгісін қосқан кез келген әйел және ана, кез келген бала тәрбиешісі – оларды жасаушы” [7,  294 б.].

 Логикалық ойлауын дамыту іс-әрекеттің мәнінің өзіне тән ерекшеліктері айқындалды. Олар: әсерленушілік, белсенділік, логикалық ойлауын дамыту процесті жүргізетін жағымды әсерленушілік жағдай көрінісі. Жоғарғы әсерленушілік ынта-жігер тапсырманы шешуге деген қызу ізденісті ынталандырады, ал соңында, негізгі нәтиже жарыққа шығып, қиын мәселені шешетін пікір туындайды. Логикалық ойлауын дамыту процесінде адамның логикалық ойлауын дамыту ойды іске асыруға қажетті барлық рухани күштері, сонымен қатар оқу және практика кезінде алған тәжірибесімен шеберлігі түгел әрекетке қосылады.

 

Қолданылған  әдебиеттер:

1              Нұрышева Г. Адам өмірі мәні мәселесінің қазақ философиясындағы көрінісі. Алматы, 2002. – 278 б.

2              Аймауытов Ж. Психология. – Алматы, 1995. 44 б.

3              Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы: Білім, 1996. – 224 б.

4              Бердібаева С.Қ. Оқытушының кәсіби ойлауы оқыту процесі //ҚазҰУ хабаршы. Психология сериясы. 2001. № 1. – Б. 45-51.

5              Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, 1993. – 205 б.

6              Джакупов С.М. Психологическая структура в процессе обучения: автореф. ... дисс. д.п.н. – М., 1998. – 50 с.

7              Мұқанов М.М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы, 1962. 211 б.

8              Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Алматы, 2006. – 287 б.

9              Оразбекова К. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері.-Алматы: Комплекс, 2000.

10         Тәжібаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993. 235 б.

11         Шерьязданова Х.Т. Учебная программа курса «Самопознание» для студентов гуманитарных специальностей высших учебных заведений Республики Казахстан. - Алматы, 2002. – 18 с.

12         Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: в 2 томах. - М., 1980. - T. 2. – 320 с.