Асетова Ж.Б., Бошатаева А.Ж.
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Бастауыш мектепте жаңа
ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Бүгінгі
білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым
мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің
барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып
білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып
табылады. Соған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі
кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық
қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ
нәрсе емес.
Қазақстан Республикасының
«Ақпараттандыру» Заңында ақпараттандыру саласындағы
мемлекеттік реттеу ақпараттық қызмет көрсету
нарқын қалыптастыру үшін жағдайлар қамтамасыз
етуге, электрондық құжат айналымы жүйесін дамыту,
электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін
жағдайлар жасауға, ақпараттандыру саласындағы
бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты
ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік
деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және
жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді [1].
Бiлiм беру жүйесiндегi мекемелердiң (мектеп,
колледж, жоғары оқу орындары, бiлiм жетiлдiру институттары т.б.)
алдында қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде бiлiм беру сапасын
арттыру мәселелерi тұр. Азаматтарды сапалы бiлiммен қамтамасыз ету дәстүрлi бiлiм беру
жүйесiне ақпараттық технологияларды енгiзу негiзiнде жүзеге асырылады.
Ақпараттық технологияларды оқыту процесiнде қолдануға бағытталған
оқыту-тәрбиелеу мәселелерiн ұйымдастыру жан-жақты
қамтылуы керек. Бiлiмдi ақпараттандыру процесiнде
жетiстiктерге жету үшiн, мектептердi, жоғары оқу орындарын
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
жеткiлiксiз. Ол ақпараттық
технологияларды оқу-әдiстемелiк,
басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиiмдi пайдалану әдiстерiн
жетiлдiру, болашақ мамандарды жан-жақты даярлау нәтижесiнде жүзеге асырылады.
Білім мазмұнын
жаңартудың маңызды аспектілерінің бірі бастауыш
мектепті ақпараттандыру болып табылады.
Бастауыш мектепті
ақпараттандыру дегеніміз – бұл бастауыш мектепте оқу
құралы есебінде және бастауыш мектеп оқушыларын
тәрбиелеу, дамыту үшін, сондай-ақ оқу процесі мен
мұғалімнің кәсіби жұмысын талапқа
сәйкес ұйымдастыру мақсатында оқу үрдісіне
ақпаратты, коммуникациялық құралдарды енгізу.
Ақпараттық – коммуникациялық
технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге,
оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік
материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Мектептердің білім деңгейін
көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану
арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге
көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының,
педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған
бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану
негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін
оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі
түрде іске асады деуге болады.
Оқушылардың интерактивті
құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге
асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы
берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау
қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте
сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру
білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы
жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың
қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі
өзгерістер болды. Ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті
сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам
үшін қажетті шартқа айналды.
Кез келген сабақта электронды
оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау
жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек
етуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулықпен
оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз
және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар
ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Оқушылар
электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете
отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал
электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген
тест және жеңілдетілген тест түрінде болады.
Тәжірибемізде
қолданып жүрген интерактивті
оқыту әдістерін оқыту үрдісіне пайдалану
оқушылардың мынадай қабілетін дамытады: өзінің
жеке көзқарасын қалыптастырып, оны жеткізуге,
қорғай алуы; басқа адам көзқарасын сыйлау білуі;
оқу материалдарын толық білуге; оқу материалдарына
шығармашылықпен қарауға; ақпаратпен жеке
жұмыс істей алуы; өзінің жеке бағытын көрсете
алуы; өзінің білім мен біліктерін өмірдің түрлі
ситуацияларында пайдалану арқылы дамытуы.
Қорыта келгенде қазіргі ақпараттық технологияны
қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте
қажет. Ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді
оқытуда тиімді пайдалану - жаңа білім берудің бірден-бір
шарты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының
«Ақпараттандыру» Заңы. – Астана, 1994. – 44 б.
2. Медешова А.Б. Бастауыш сынып оқушыларының
оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы
дамытудың педагогикалық шарттары. -
пед.ғыл.канд. ...автореф. - Алматы, 2008. – 22 б.
3. Сарбасова
Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар. - Алматы:
Атлас-2001 баспасы, 2006. – 175 б.
4. Тәжіғұлова Г.О., Мәлібекова М.С.
Ақпараттық технологиялар теориясы. – Қарағанды:
ҚарМУ, 2002. - 183 б.
5. Нұрғалиева
Г.Қ. Электронды оқулықтар - мұғалiмдер мен
оқушылар қызметiн iзгiлендiру құралы//Компьютер
әлемi, 2002. -№2. -Б.20.