Тоқтыбаева
Гүлжахан
Сәулебекқызы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті,
аға оқытушы, педагогика ғылымының
магистры
Заман талабына сай студенттерге білім беруде жаңа оқыту
технологияларын қолданудың
инновациялық бағытын жасау
Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы
– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдағы
дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді, денсаулығы мықты
азаматтар.
Заман талабына сай білім беру жүйесін
жаңашаландыруда оқытудың жаңа технологияларын
меңгерудің орны бөлек. Жоғары оқы орны
студенттерін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды
қолдануда интерактивті техникаларды, мультимедиялық
презентацияларды, арнайы сайттарды құру, сеттік жүйелерді
пайдалана білумен байланысуда. Интерактивті техника және
технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді,
әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты
міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттаңдыру
процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді.
Осыған орай Қазақстанның
бәсекеге сай білімді ұрпақты даярлаудағы білім беру
реформасы, нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды кұралдардың бірі.
Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізу, Оn-line тәсілінде оқыту
тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру,
оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте,
математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе
пәндер енгізу қажеттігін баса айтты.
Еліміздің барлық оқу
мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр.
Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында
білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған
орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да
өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу
орындарында оқытудың инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан
жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе
негізінде оқу орынның студенттерінің белсенділігін арттыру,
өзіне сенімділігін қалыптастыру,
танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың
белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық
әдіс-тәсілдермен анықтауға, аудиториялық
сабақта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда
болып жатқан оқиғаларға қатысты
көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп
нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға
көмегін тигізеді.
Болашақ маман иесіне бірден-бір әсер
ететін орта – жоғары оқу орны. Ал мектеп – елдің
болашақ әлеуеті бастау алатын негізгі және басты орын,
өйткені, білім беру жүйесіндігі нақты жетістіктер тек
мектепте ғана болуы мүмкін. Демек, жеке тұлғаны
қалыптастыру міндеті мектепке, жоғары оқу орнына да
жүктеледі.
Жоғары оқу орнының білім
деңгейін көтеру үшін оқу үрдісіне
инновациялық педагогикалық технологияны кеңінен енгізіп, барлық
ұйымдастырушылық, білімділік, дамытушылық сапасын
көтерудің тең жолдарын, әдіс-тәсілдерін
қалыптасыру қажет. Ол үшін білім беру жүйесінің
мазмұны жаңа міндеттерімен толықтырылып, өмір
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде теория жүзінде
анықталып, практикада қолданыс тапқан әрі оқыту
үрдісінің тиімділігін арттыратын жаңа әдіс – амалдарды
инновациялық тәсілдер деп атайды. «Инновация» ұғымы
білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,
яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды,
құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану
дегенді білдіреді. Білім беру процесіне енгізілген инновация адамның
кәсіптік қызметіне тән болғандықтан, ол
табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және
тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен
пайда болмайды. Ол ғылыми ізденстің, жекелеген оқытушы мен
тұтас ұжымның озық педагогикалық
тәжірибесінен туындайды. Бұл процесс өздігінен
дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді [1].
«Инновация»
сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен
құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген
мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу
кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да,
бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға
жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені,
инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп
және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар
қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге
асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ
ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа
енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың
мағынасының түрліше түсінілуінде. Қазіргі
кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу
үшін «білім беру технологиясы» - ұғымы пайдаланылып
жүр. Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең,
білім берудің түрлі салаларында қолданылатын кез келген
технологияны қамти алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» -
терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру
заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты
қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше
бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту процесі
төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр [2].
Оқытудың
кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді,
маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді,
оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру
технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін
қолдануды атап айтуға болады. Еліміздегі жоғары оқу орындарында
білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және
болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары
ендірілуде. Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы
мұғалімнің әдістемелік дайындығы және
сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне,
инновациялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған
әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары
әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын
және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық
іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа
педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау –
оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі
және педагогтың жеке тұлғасын
қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің
нәтижесі болып табылады.Қазіргі кезде егемен елімізде білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда. Ғылым мен техниканың жедел
дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі
ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Сондықтан да мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу
үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны
ендіруді міндеттейді [3].
Оқу-тәрбие
процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің
алғы шарты оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін
қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны
меңгерген әрбір оқытушы өз сабағын нәтижелі
даму жағынан көре алады. Оқытушы алғаш
педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден,
меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық
технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны
дамытып, нәтижесін тексереді. Жаңа инновациялық оқыту
технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін
педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет.
Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық
технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және
өзін-өзі қалыптастырады. Осыған байланысты
педагогикалық технологияларды қолдану, жаңа білім мазмұнын,
инновациялық әдіс-тәсілдерді, жаңа оқу жоспары
мен оқу бағдарламаларын ендірудің тиімді құралы
болып отыр. Педагогикалық технологияларды енгізуде оқытушы
іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру
оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі”, – деп көрсетеді С.В.Селевко [4].
ХХІ
ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби
бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін
өзекті қоғам талабы. Сондықтан болашақ
педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық
технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық
технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына
көрсеткіштерді қамтиды: [3].
Оқытушы сабағында
ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде
көрсете біледі. Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника
және технологияларды қолдану іс-тәжірибесі тиімді әдіс
деп ойлаймын.
Қазіргі қоғамның даму
болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі
өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі
тегімен анықталады Студенттерге білім беруде жаңа оқыту
технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс
жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде арнайы
пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды
тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай
оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, студенттердің өз
бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып,
шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің
мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын
ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Қолданылған
әдебиеттер:
1
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы.
2 Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. - М., 2002. - С.
12.
3
Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық-технологияны
меңгеру – міндет // Қазақстан мектебі. – 2005. - № 9-10. -
25-26 бб.
4 Камзина Б.М. Жаңа инновациялық
технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің
педагогикалық шарттары // Валеология. – 2006. - № 3. - 4-5 бб.