Педагогика/Современные методы преподавания
П.ғ.магистрі, оқытушы Жаксылыкова М.Т.,.
п.ғ.магистр., аға оқытушы Абилова Г.А.,
п.ғ.магистр. аға оқытушы Салгараева Г.И.
ҚазМемЖенПУ
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы
ЖОО-да
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕІКТЕРІ
Инновациялық
үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру,
қолдану, жүзеге
асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа
әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни,
бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа
мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Елбасымыз
Н.Назарбаевтың "Қазақстан—2050"
Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында "Біздің жас
мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.
Олар өз ұрпағын жауапты
да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты
өкілдері болады. Олар
бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып,
қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар
бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы
өз елінің патриоттары болады " деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден
гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті
күш — білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы — бүгінгі
мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың
табиғи қабілеттерін,
нақты мүмкіңдіктерін анықтап, соған негіздеп
оқыту — бүгінгі күннің
өзекті мөселесі. Сондықтан да студенттердің ой-өрісін,
үлттық мәдениетін, үлттық рух пен сана-сезімін дамытып,
алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие
жүйесіндегі инновациялық
іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
Жас ұрпақ
біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі
ғана емес, еліміздің тірегі,
мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын
аттаған жас өркеннің
ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен
ұстаздар қауымының арасында мәңгілік
таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен
тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті
де білім беру жүйесінде жалпы
азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін
қажетті жағдайлар жасалуда.
Бүгінгі
мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен
мәдениеттің негіздерін беру және олардың
жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
"Инновация"
ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де
жасала қойған
жоқ. Ш. Таубаева мен Қ.Құдайбергенованың берген анықтамасына
сүйенсек "инновация" — бұл нақты қойылған
мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже.
Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай
әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының
жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана
отырып, педагог өз
еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға
мүмкіндік алады. Демек, мақсат
пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновация
мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар
ғалымдардың еңбектерін,
жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл
үғымның түп-төркінін
белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау,
жаңалау деп айтқанды
жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі
қолданылып жүрген
идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі
инновациялы деп аталған. Осыларды
негізге ала отырып, инновацияны "жаңалық",
"жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме",
"жаңашылдық", ал инновациялық үрдісті
"жаңа әдістеме құралы" деп ұғатын боламыз.
Инновация
білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Кейінгі кезеңде
ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне
жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда
оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен байланысты.
«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген
сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет
ету дегенді білдіреді.
Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін
білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса
әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады.
Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен,
сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен студенттің
өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Бұл өзара
әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:
* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке
келуі;
* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды
бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық
кеңістікке қосылу;
* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен
құралдарды таңдауда келісушілік;
* жақын эмоциялық жағдайларда онсол күйге бірге
түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда
болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.
Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс
жүзінде барлық студенттер таным үрдісіне тартылатындай болып
ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі,
нені ойлайды түсінуге және
рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде студенттердің
біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара
үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді,
білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу
жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара
бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана
жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным
әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен
кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.
Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы –
бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір
бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы,
қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық,
рухани бірігуі.
Мемлекеттік
білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану
ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі
нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу
орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа
байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген
үлгі бойынша қызмет
етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің
әр түрлі нұсқадағы
мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге
негізделген жаңа идеялар,
жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту
технологияларын оқу мазмұны мен студенттердің жас және
психологиялық ерекшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты,
жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Жаңа
педагогикалық технологиялар студенттің шығармашылық
қабілеттерін арттыруға
өз үлесін қосады.
Жаңа
технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске
асады:
I кезең - оқып үйрену; II кезең —
меңгеру; III кезең —
өмірге ендіру;
IV кезең - дамыту.
Жаңа
технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы
шарттар қажет: оқу
үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; студенттердің
сабақтастылығын болдырмау
шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік,
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын
оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу,
білімді деңгейлеп беру технологиясын
игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт
деңгейінде игертуге қол
жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды
үнемі басшылыққа
алу. Өйткені оқыту — тәрбиенің негізі.
Сондықтан
оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады.
Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады.
Біріншісі - мектепте арнайы пәндерді оқыту.
Екіншісі - өмірде оқыту, өмірге үйрету.
Тәрбиелеу, оқыту - егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып
оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету
арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы.
Оқыту
-
тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар
көзі, жүйелі түрі. Оқьпу арқылы
тәрбиенің саналылығын,
руханилығын, әсемділігін, әсерлігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілдігін, т.б.
айқындап толықтыруға болады. Оқыту –
тәрбиенің интеллектуалды
түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы
мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер
түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді
оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын,
белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы
нәтижесінде студенттің өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық
қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай
туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Оқу-тәрбие
үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп
жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып
оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза
отырып оқыту (С.Лысенкова);
іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы
оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды
оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта
оқыту; жобалап
оқыту технологиясы.
Жаңа
технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
балаға ізгілік тұрғысынан
қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың
танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз
бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық
және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік
деңгейіне орай оқыту; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
оқу үрдісін студенттің сезінуі.
Дамыта
оқыту — күрделі құрылымды, біртұтас
педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр студенттің
өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту
барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:
көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың
негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде,
әдіс-тәсілдерінде, студенттің білім алу белсенділігінің түрінде, оқу
үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың
қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру
түрлерінде, т.б.
Білім
беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі
үшін басқаруға ықпал
жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және
өзінің басқарушы ішкі
жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас
жүйе болғандықтан,
инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс
нәтижесі білім беру мекемелері
үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа
қайшылықтардың көздері болады. Сонымен
қатар басқарудағы маңызды орын үнемі
қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар
ұжымының қажеттілігіне
беріледі.
Интерактивті оқыту
әдістердің қажеттілігі сыртқы себептермен де
анықталады, мынадай бірқатар
себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп
оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары
сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену
қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның (бір нәрсеге әсерін тигізетін
жағдайлардың кездесу мұқтаждығынан
пайда болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге
дайындық деңгейімен, педагог қызметкерлерінің
кадрлық әлеуетімен және басқа да факторлармен
анықталады. Технологияны,
ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында
ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын
нығайта алады. Сондықтан да мектеп басшылары үнемі
өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін
мойындаулары қажет. Жаңалық енгізу кез келген білім беру
мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі
факторы болып табылады.
Бүгінгі
таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке
күшейіп отыр, тұтынушылардың
дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз
өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз
қызметін жақсартуға
және қайта құруға, оқу-тәрбие
үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім
беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда
өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі
қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады.
Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі
қоғам мен оның дамуына ықпал
етеді. Ол қоғамдық дамуды
тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі
бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып
қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа
Жолдауы “Қазақстан-2050”.
2.
Қазақстан
Республикасының “Білім беру туралы” Заңы, 2007
3.
Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы, 2004.
4.
Айтмамбетова Б.
Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері, Алматы. 1991, 238 б.
5.
Бұзаубақова К.Ж.
«Мұғалімнің инновациялық даярлығын
қалыптастыру»,Алматы, 2002
6.
Мейірманқұлова Т. Білім
берудегі инновациялық технологиялар, Алматы, 2000