Әбіләкім
Г.Ә.
Ғылыми
жетекшісі Аужанова Н.Б.
І.
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Казахстан
БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ УЛЫ ӨСІМДІКТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанның келешегін айқындайтын
қабылданған ұзақ мерзімді бағдарламалар мен
стратегиялық жоспарлардың ең айшықтысы
«Қазақстан – 2050» бағдарламасындағы
басымдылықтың бірі – «Жасыл экономика» табиғи ресурстарды
тиімді пайдалану және қорғау. Табиғатта жабайы
өсетін улы өсімдіктердің ерекшеліктері, олар әрі
дәрілік қасиеттерге де ие. Улы өсімдіктер жүрек
қан тамырлары, жүйке жүйелері, асқазан-ішек
құрылыстары, қатерлі ісік ауруларына ем ретінде қазіргі
таңда таптырмайтын ем ретінде қолданылады [1].
Өздерінің құрамдарындағы биологиялық
белсенді заттарға байланысты көптеген, яғни медицинада,
ветеринарияда, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде
және т.б. пайдаланады.
Мектеп мұғалімдері
ғалым-ботаниктермен бірігіп түрлі іс-шараларды өткізу
қажет. Мысалы: «Жас экологтар», «Жас натуралистер», «Жаратылыстанушылар»
т.б. үйірмелерін өз мектептерінде жүргізу.
Бірақта улы өсімдіктер
жөніндегі деректер әр жерде шашыраңқы баяндалған.
Ұсынылып отырған әдістемелік мақалада улы
өсімдіктердің сипаттамалары, олардың адам мен малды уландыру
дәрежесі, уланудың кейбір белгілері және уланған мал мен
адамға көрсетілетін алғашқы жедел көмек
түрлері баяндалады. Әсіресе, Қазақстан Республикасында
өсетін улы өсімдіктер жөнінде көптеген мәліметтер
жоқ. Рас, улы өсімдіктер жайлы 9 томдық «Қазақстан флорасында» біршама толық
баяндалған. Дегенмен, бұл 9 томның ішінен тек улы
өсімдіктер жөніндегі аздаған деректердің өзін
жинап алу оңайлыққа соқпайды. Оның үстіне
аталған еңбектердің бәрі орыс тілінде жазылған.
ІХ сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы
жануарлардың тіршілік үрдестерін оқытудың моделі
ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні,
дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны; өмір
сүруінің мақсаты, құндылығы, т.б.
қазіргі замандағы адамтану аса маңызды мәселелері мектептегі
бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Осыдан, мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру
ұстанымын жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ,
оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін
қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып,
экологиялық мәдениетін тәрбиелейтіндей ойлауын дамытатындай
білім берілуі тиіс. Мәселен, табиғат алуан түрлі
өсімдікке бай. Бірақ солардың бірқатары хош иісімен,
әсем түсімен жанға шипа әкелсе, бірқатары адамды
да, жануарды да қатты уландырып, қайғылы халге душар етуі мүмкін.
Улы өсімдіктер құрғақ,
қараңғы, таза жайда сақталуы керек. Өсімдіктер
өркендерін жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін
сақтау 2 жылдан аспау керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды
және қабығын сақтау -3 жылдан аспауы керек.
Көрсетілген мерзіммен ұзығырақ сақталғанда
дәрілік шикізат өзінің
белсенділігін жоғалтады.
Кептірілгеннен кейін улы өсімдіктердің дәрілік шикізаттар
стандарттық күйге келтіріледі. Яғни сапасы жағынан ГОСТ
(КСРО кезінде бекітілген мемлекеттік стандарт), ФС (фармакопиялық
статья), ВФС (уақытша фармокопиялық
статья) стандарттарының талабына сай болуы керек. Улы өсімдік
шикізаттарының сапасы Мемлекеттік органдар бекіткен стандарттардың
талабына міндетті түрде болуы керек. Бұл жоғарыда келтірілген
талаптар біздің Қазақстанда күшін жойған
жоқ. Өйткені дәрілік шикізат дегеніміз ол бүкіл
дүниежүзілік маңызы бар нәрсе. Сондықтан
оған қойылатын талап өте жоғары болуы керек. Улы
өсімдік шикізаты туралы фармакопеялық мақала
жазылғаннан кейін оның ішінде шипалық қасиеті
жоғары болып медициналық практикаға ендірілгендері
мемлекеттік фармопияға ендірілді.
Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні
мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартып,
қайта құрудың көкейкестілігін көрсетеді.
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны,
құрылымы, ең алдымен, қоғамның
әлеуметтік сұранысын, биология ғылымының методологиялық
ұстанымдары мен жүйесіне және оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты таным мүмкіндіктеріне сай анықталады.
Қазақстанның барлық жерінде өсетін
өсімдіктердің де түрлеріне байланысты қасиеттерін
үйрету. Сол
қасиеттердің бірі – кейбір өсімдіктердің тірі организмдерді
яғни адам мен жануарларды уландыратындығы. Сондықтан
бұл улы өсімдіктерден сақтану үшін, ең алдымен
олардың түр-түрін, улылығы дәрежесін және
оның адам мен малға тигізетін кері әсерін білу керек. Осындай
мәселелерге байланысты оқушының ізденушілік қасиетін
қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен
әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Биологияны оқытудың мақсатын жүзеге асыру, оны
оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты [2].
Биологияны оқытуға қажетті оқу-әдістемелік
кешеннің құрамын анықтау ең алдымен, білім
мазмұнын, оның білімдік, тәрбиелілік, дамытушылық, т.б.
мақсат, міндеттерін жүзеге асырудағы әр
оқу-әдістемелік құралдың орны мен атқаратын
қызметін бір-бірімен үйлестіріп, біртұтас әдістемелік
жүйе түрінде жасауды бағдарлауға мүмкіндік береді.
Жұмыс барысында оның құрамы жаңа
құралдармен толығып отырады.
Жетінші сыныпта өсімдіктану пәнінен «Қазақстанның улы өсімдіктері»
тақырыбында өткен зертханалық сабақ үлгісін
ұсынып отырмын [3].
Сабаққа оқушыларды улы өсімдіктер улы өсімдіктер
түрлерімен таныстыру, олардың қай
тұқымдасқа жататын ажырату, салыстыру мақсаты
қойылып, ұлғайтқыш әйнек (лупа),
үлестірмелер, өсімдіктердің өсімдіктердің суреті
бар альбом, сызбанұсқа, Қызыл кітапша, дүние жүзі
өсімдігі картасы, оқушылардың өздері жасаған
кеппешөптері, т.б. көрнекіліктер пайдаланылды.
Оқушылар өздері ізденіп, түрлі басылымдардан хабарлама
әзірлеп, осы улы өсімдіктердің дәрілік қасиетін,
қолданылуын кезекпен әңгімелейді.
Ақ алаботаға, адыраспанға сипаттама беріп, оның
қай ауруға қолданылатыны, құрамы жайлы айтып
берді. Мысалы, алаботаны баспа және іш ауруларына пайдаланылады.
Адыраспан тұқымнан гармин алколоидын алады. Қолданылуы:
суық тигенде, безгекпен ауырғанда адыраспан тұнбасын
пайдаланады.
Жантақ құрамында С дәрумені, каротин, иілік заттар,
эфир майы барын айтып, сипаттама береді. Қолданылуы: тұнбасын
жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке,
қуыққа тас байланғанда пайдаланады.
Дәл осылай оқушылар ошаған, итмұрын, т.б.
өсімдіктерге сипаттама беруін жалғастырды.
Дүние жүзінің өсімдіктер және жануарлар
картасын пайдаланып, улы өсімдіктердің таралуы, тарихи зерттеу
жұмыстарын жүргізген ғалымдары жайлы қысқаша
анықтама берілді. Қазақстанда өсетін 6000-ға
жуық өсімдік түрінің 500-і улы өсімдіктерге
жататынын айта келіп, оқушыларға алдыларындағы
үлестірілген өсімдіктер кеппешөбін
тұқымдастарға бөліп, жапырағын, сабағын,
гүлін, тамырын көріп, бір-бірінен ажырата білу тапсырылды.
Оқушылар ұлғайтқыш әйнегімен өсімдіктер
мүшелерінің құрылысын қарап, дәптерге
қорытынды жазды.
Бұл сабақтың ерекшелігі – оқушылар өз
ауласынан күнделікті көріп жүрген жабайы шөптесін
өсімдіктер жайлы, олардың дәрі-дәрмек жасауға қолданылуы
туралы өздігінен ізденуі. Өсімдіктану пәнінен
өсімдіктермен жүргізілген зертханалық жұмыстар
оқушылардың табиғатқа көзқарасын дамытады.
Қорыта айтқанда, улы өсімдіктер бүгінгі күні
дәрі ретінде денсаулық сақтауда маңызды орын алады.
Дүниежүзілік денсаулықты заттардың 60%-ын
құрайтын болады. өсімдіктерді дәрі ретінде
қолдану көптеген уақыт эмпирикалық болып қала
береді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет
көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау
қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін
түпкіліктіөзгертуге мүмкіндік береді. Дұрыс
жоспарланбаған және дайындықты ұқыпты,
тиянақты өткізбеу жеке ғана емес, кейбір жағдайларда
түгелімен үлкен апаттық жағдайларға
ұшыратуы мүмкін. Шектен тыс ұрпақтарды жинау,
өсімдіктердің жер асты мүшелерін, тамырларын,
тамырсабағын жинау өсімдік популяциясының толық
жойылуына алып келеді. Улы өсімдіктерді жинауға денсаулық
сақтау қажеттілігіне және жеке қолданысқа дайындау
арнайы рұқсатпен және бұл жұмыстың
техникасына сәйкес білімі болған жағдайда ғана
рұқсат беріледі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы
17 желтоқсан. – Алматы: Юрист, 2014. – 5, 6, 8 бб.
2.
Қисымова
А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы білім.
Оқу құралы. – Алматы, 2010.
3.
Аужанова
Н.Б. «Өсімдіктер форумын» өткізу әдістемесі. Алматы. Мектептегі сыныптан
тыс жұмыстар. - 2014. - №7. - с.2-13.