Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны
пайдаланудың тиімділігі
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер
қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр.
Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны
оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың
шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін
жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын
алады. Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық
жағына жаңаша көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған,
ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда
ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның
қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі
білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару
оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық
жемісімен келмек. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, Қазақстан әлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда.
Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер
түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда.
Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен
айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің
тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі
туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық
іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану
міндетті деңгейдегі білімді
қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық
педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі
педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының
өмір сүру деңгейінің жоғарылығы,
дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен
салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен
анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны
енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне
келіп тіреледі. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен
өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі
дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық
құралдары жәрдемге келеді.
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән
мұғалiмдерiне, әдiскерлерге жаңа ақпараттық
технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына
үлкен талап қояды.
Оқытушы –
ақпараттанушы емес, білім алушының жеке тұлғалық
және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан
жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық
қабiлеттiлiктi, студенттердің қазiргi
қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық
бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын
талап етедi.
Білім беруді ақпараттандыру – бұл
ақпараттық-коммуникациялық технологияның
құралдарын білім беру саласына қолданудың әдіснамалық
және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп,
оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және
педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету
процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша
жетілдіріледі:
- білім беру жүйесінің басқару механизміндегі
ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен
ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру
арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және
басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
- ақпараттық қоғам жағдайында жеке
тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге
ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны
ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның әдіснамасын
жетілдіру;
- үйренушінің интеллектуалдық қабілетін
дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі
ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты
әрекеттерге бағытталған оқытудың
әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық
технология арқылы құру;
- үйренушінің білім деңгейін бағалау мен
бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді
құру мен оны қолдану.
Қазақстан
Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк
бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде
мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және
қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi
жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру
және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны
өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру
мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге,
басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай
мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде
дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiмге өз
қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк
ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық
мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге,
бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды
оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн
игеруде қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi
педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға
мүмкiндiк бередi:
- студенттің дайындық деңгейiн, ынтасын және
қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды
меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және
оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның
мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын
(проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк
компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу
әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi
жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын
(жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және
мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң
материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Бiлiм беру мекемелерiнiң
қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау
мiндеттерiн шешуде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды
сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.
Қазiргi кезеңде бiлiм
берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта
даярлауда ерекше роль атқарады.
Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың жаңа инновациялық педагогикалық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа
педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының
зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық
және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына
көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты
өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді
қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына
байланысты.
Әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. 2011-2020
жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы.
3. Мұхамбетжанова
С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж.
4. Жолдасова
Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, № 5,
2007ж.