Ағылшын тілінің тарихы және қызықты мәліметтер
Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Жұмаш Гүлназым Фархадқызы, Өтеулиева Эльмира ,
Одилова Айгерім , физика мамандығының 2 курс студенті,
жетекшісі:
Пазилова Б .А., п.ғ.м., аға оқытушы
Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) —Үнді-еуропа тілдері жанұясының батыс герман
тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол
қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып
алған Англосаксондардың тілі, бірақ
жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.Ағылшын тілі — халықаралық
тіл, әлемдегі
ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі
халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын
тілі Ұлыбритания, Америка
Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген
мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі
болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. А. т.
құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып
табылады. Канада да (француз тіліменқатар), Ирландияда (ирланд
тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да
қабылданған ресми алты тілдің негізгісі . Алты
құрлыққа кең тараған бұл тілде
қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да
20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атында. Қазақ
мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем
тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу
орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке
пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің
түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс
аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт
(бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы
ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және
жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге
бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол
уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа,
ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да
ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан
шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері
дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж.
Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі
қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды.
1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды.
Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба
әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық
және американдық болып екі түрге бөлінеді.
Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық,
солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге
жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған:
нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын
тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде
дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе
қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз
мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б)
морфол. саласындағы өзгешелік: сын
есім мен сан есімнің
барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат
есім мен етістік аффикстерінің
көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен.
Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді
байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік
сияқты жаңа тұлғалар, формалар пайда болған.
Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында
айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша
бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі
дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.
Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі
қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас
тілі жəне дүние жүзіне кең таралған тіл болып
танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания,
Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған
мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ-ның алты ресми
тілінің біреуі. Дамыған отыз елдің ішіне кіру үшін бəсекеге
қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп
мəн берілуде. «Ағылшын тілі бізге əлемдік аренаға шығу
үшін қажет. Бүгінгі таңда əлемдегі
шығарылатын оқулықтардың 85 %-ы ағылшын тілінде.
Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істеуде.
Біз олармен қандай тілде сөйлесеміз? Үштілділік біз
үшін қалыпты жағдай болуы тиіс», — деді Елбасы Н.Ə.
Назарбаев. Расында да, ағылшын тілін білу жастарға əлемнің
ең үздік ЖОО-да білім алуға, алдыңғы
қатарлы мемлекеттерде тəжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл əлемнің əр түкпірінде кəсіпкерлікпен
айналысудың, іскерлік қарым-қатынас жасаудың
маңызды талабы болып табылады. Бірнеше тілді меңгерген
азаматтардың өз елінде де, шетелде де бəсекеге қабілетті
тұлғаға айналары сөзсіз. Қазіргі уақытта
қазақстандық қоғамда ағылшын тілін білу жас
ұрпақтың жаңа ақпарат алуында үлкен мүмкіндіктер
береді деген пікірмен де келісуге болады. Тəжірибе көрсеткендей, тіл
– мəдениеттің кілті, ұлттық бірліктің жалпы
механизмі, ұлттың əлеуметтік құрылым
болуының басты құралы. «Тілі бірдің – тілегі бір», «тіл
тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел
бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет
ету – парыз», — дейді Д. Ғаббасова. Сондықтан да, «жас
ұрпақтың қазақ тіліне деген
сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтары
мен ұмтылысын арттыру арқылы олардың Отанға деген
махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке
байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу
басты міндетіміз болып табылады» — деп жалғастырады осы отандық
ғалым. Жоғарыда айтылғандырдың барлығын ескере
отырып, тіл тағдыры – ел тағдыры деп айтсақ қателеспейміз.
Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі
қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.
Өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың
лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы
бола қоймайтыны анық. Əлемдегі мүйізі
қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген
халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тəрбиелеу
болып табылады. Ол дегеніміз – өз ана тілін терең меңгерген,
сол тілде еркін сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше
халықтың тілін білетін ұрпақты тəрбиелеу. Білім
мен ғылымның, инновацияның, жалпы
Қазақстанның дамыған жағдайында Елбасы
біздің алдымызға үш тілді меңгеру қажеттігін
қойды. Қазақстан азаматтарының, яғни,
біздің парызымыз – «өзге тілдің бəрін біл, өз
тіліңді құрметте» дегендей, мемлекеттік тілді меңгеріп
қана қоймай, шет тілдерді де білу деп ойлаймын. Сонымен, біз
көрсеткендей тілдердің үштұғырлылығы –
уақыт талабы. Үш тілді білу жас ұрпақтың білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. «Үш тұғырлы
тіл» идеясы – жарқын болашақтың кепілі. Тілдердің
үштұғырлылығы мəдени жобасында көрсетілгендей
«қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық
қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіру тілі». Біз осы істің тек жанашыры
ғана емес, орындаушылары болуымыз керек.
Біздің
қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем
болғанымен, әлемде танымалдылығы бойынша үшінші орынды иемденіп
отыр. Бірінші
орында – қытай тілі, екінші орында – испан тілі. Ағылшын тілі
сөздік қоры ең көп тіл саналады. Тілде 800 000-нан астам
сөз бар. Және синоним сөздер қатары да көп.
Америка президенті Бенджамин Франклин «мас» (ағыл. drunk)
сөзінің 200-ге жуық синонимін тапқан екен. Енді,
өзіңіз ойлай беріңіз. Мұның тиімділігі – керек
сөзді еске түсіре алмаған жағдайда, басқа
сөзбен оп-оңай алмастыра аласыз.
Иллинойс штатының
заңына сәйкес, мұнда ағылшынша сөйлеуге тыйым
салынады. Себебі, штаттың ресми тілі – американ тілі. Ағылшын
тіліндегі тыныс белгілер XV ғасырда пайда
болған.Ағылшын тілінің ең кәрі сөздері
14 000 жасқа жеткен. Олардың көпшілігінің
негізі үндіеуропалық тілдерден бастау алады. Бұл
сөздердің қатарына apple (apal), bad (bad), gold (gold)
сөздерін жатқыза аламыз.Ағылшын тіліндегі ең қысқа
сөйлем үш
әріптен тұрады (I am/I do), ал егер I am-ді I´m-ға
қысқартса, онда тіпті екі әріптен тұрады.
Ағылшын
тіліндегі ең ұзын сөз –
pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis. Бұл тыныс жолы
ауруының атауы.
«Set» сөзі мағынасы
ең көп сөз болып табылады: етістік ретінде 44 мағынасы,
зат есім ретінде 17 мағынасы, сын есім ретінде 7 мағынасы
және т.б. қосымшалар ретінде жиі пайдаланылады.
Ағылшын тіліндегі ең кең
таралған әріптер: R,
S, T, L, N, E.
Ал Q - ең сирек
қолданылады. Яғни, сөз арасында өте сирек кездеседі.
Ағылшын тіліндегі ең көне
сөздердің бірі -
town (қалашық).
Goodbye - қоштасу
сөзі бір кездері «God be with ye» деп толық айтылатын болған.
Көне ағылшын тілінде ол «Құдай жар болсын!» деген
мағынаны береді.
Slave (құл)
ағылшын сөзінің славяндар ға қатысы бар: ежелде неміс тайпалары
славян өкілдерін римдіктерге құл ретінде сатқан.
Ағылшын тіліндегі month,
orange, silver, purple - осы 4 сөзге ғана ұйқас табу
қиын екен. Кейбір ақындар ізденістерінің арқасында
orange сөзін courage, porridge, arrange және т.б. ұқсас
сөздермен үйлестіріп көрген екен, бірақ мағынасы
жағынан бұл қисынсыз болып шыққан.
«The sixth sick sheik‘s sixth
sheep‘s sick» жаңылтпашы ағылшын тіліндегі ең қиын
жаңылтпаш болып саналады. Тіл
сындырғыңыз келсе, осы сөзді қайталаңыз.
Indivisibility сөзінде I әрпі 6 рет қайталанады
Ал Goddessship сөзінде 3 қана
дауысты дыбыс бар. Немесе rhythm сөзі - 1 ғана дауысты дыбысы бар
ең ұзын сөйлем.
«The quick brown fox jumps over the
lazy dog» сөйлемінің ерекшелігі сол, ағылшын
әліппесіндегі барлық әріп кездеседі.
«і» әрпінің үстіндегі нүкте «TITTLE» яғни,
тамшы деп аталады.
& нышаны бір кездері ағылшын тілінің әліпбиінде
болған екен. Ал қазір
таңбаға «амперсэнд» деген атау берілген.
Ағылшын тілінде
құрлық атаулары басталған әрпімен
аяқталады.
Айда айтылған алғашқы
сөз: «ОК». Қазір бұл сөзді
айтып көрмеген адам кемде-кем.
Пайдаланылған әдебиеттер: Білесіз бе, оқиғаны
ағылшын тілінде баяндау үшін 1500-2000 аралығындағы
сөздерді білу жеткілікті. Алайда, көп білгеніңіз
өзіңізге жақсы. Айта кетейік, ағылшындардың
өзі шамамен 12000-20000 аралығында сөз біледі, бұл
оның біліміне, ортасына байланысты. Атақты Шекспир
шығармаларында 30000 сөз қолданған.
1.«Қазақ
Ұлттық Энциклопедиясы» , 1 том
2.http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/alem-alaqanda/18381/
3.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%88%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96
Резюме
В статье рассматривается история английского языка и интересные данные
о языках. Хотя английский язык занимает только третье место в списке
самых популярных, общее число людей, говорящих по-английски, составляет более
миллиарда. Это примерно каждый седьмой землянин
Summary
The
article is considered the history of the English
language and interesting data about the languages. Although English is only the
third place in the list of the most popular, the total number of people
speaking in English, more than a billion. That's roughly one in seven earthling