ТYРКI ТIЛДЕРIНДЕГI
САН ЕСIМНIҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Мажитаева Ш.М., Хасенов Б.Р., Айгазы
Мадина, Kыпшакова Айгерим
Е.А.Букетов
ат.Қарағанды мемлекеттік университеті
Сан
есім-есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі,заттың сан
мөлшерін,ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз
табы.Сан есімдер сан мөлшерін абстракт түрде атайтын сөздер
болғанымен,олар семантикалық,морфологиялық және
синтаксистік жағынан іштей алды-алдына жеке категориялар ретінде
таңырлықтай бірнеше топқа бөлінеді.Сан есімдердің
осылайша іштей жіктелетін топтарының кейбіреуі затты,зат есімнен
туған сынның немесе амалдың дәл санын я есебін
білдіретін болса, кейбіреуі ретін білдіреді, ал үшінші бір тобы заттарды
топтап көрсету деген сияқты әр қилы жақтарын
қамтиды. Осындай тұрғыдан қарағанда,сан есімдер
есептік сан,реттік сан,болжақтық сан,топтық
сан,бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді. [1,197]
Тіліміздегі
сан,санақ,мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сөздер
бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан да
әртүрлі сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше
қалыптасқан,көпшілігінде бір-бірінен алшақ,бір-біріне
сай түспей жататын да осы сан есімдер.Орхон Енисей жазбаларында сан
есімдердің көптеген түрлері де кездеседі.Сан есімдер әр
уақытта зат есімге байланысты жасалады. [2,167]
Тіліміздегі
сан есімдерді басқа тілдер (туыс тілдер)материалдарымен
салыстырғанда,сондай-ақ,ескі түркі фактілермен
салыстырғанда,олардың бәріне ортақ кейбір жайлар
анықталады.Сан есімнің көпшілігі өздерінің
қалыптасу негізі жағынан басқа сөз таптарымен (есімдер,етістік)тығыз
байланысты болып келеді.Орхон Енисей бойларынан табылған жазуларда,одан
кейінгі ғасырларға қатысты ұйғыр,араб
жазуының ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан
есімдердің қысқа тізімі
мынандай:бір,ики,уч,дөрт,бичи,бечи,алты,ийті,секиз,токуз,он,ийгирми,отуз,елиг,йетмиш,т.б
Түркі
тілдеріндегі сан есімді салыстыру ба- рысында көне түркілік
қолданысты сақтаған тілдер де, жаңаша сипатқа
енген тілдер де кез- десетін болса, басқа түркі тілдеріне
қарағанда якут, чуваш тілдері ерекшілігімен көзге
түседі. Бұны зерттеушілер аталған тілдердің даму,
қалыптасуымен байланыстырады.Мысалдар: «Кодекс
Куманикуста» болжалды сан есім- дерді жасауда, біріншіден, түбір
сөзге –ар/-ер жұрнағы жалғану арқылы жасалса,
екіншіден, есептік сан есімдердің басқа сөздермен
(көбіне сілтеу есімдігі мен шылау) тіркесіп келуі ар- қылы
жасалады: бірер, бір анча-бір қатар т.б. Болжалдық сан
есімнің көне түркі тіліндегі тұлғасын
қазіргі біраз тілдер сақтағандығы байқалады.
Биэс уон
түөрдүм – Мен елу төртке толдым (якут). Перремешесем
пахантарасшан пулна, иккемешесем паханасшан пулман – Біріншілері
жөндемекші еді, екіншілері бағынғылары кел- меді. Вун ике сын – Он екі адам. Сакар вун вис тенке – Сексен үш
теңге. Сичче вис те, перре
кас – Жеті рет өлше, бір рет кес. Иккен
икерче джиме, сакаран аван джапма
лаййах – Екеу болып құймақ жегеннен,
сегіз болып бөлшек- теген жақсы чуваш). [3,200-201]
Зерттеушілердің айтуына
қарағанда,сан есім мағынасын беретін сөздердің
шығу тарихы әр түрлі.Мысалы, «екі»сан есімнің
арғы түбірі мағынасы көмескіленіп кеткен екі сөзі
болу керек және сол екінді сөзімен түбірлес деп
қарайды. «Үш» сөзін Г.Рамстедт монғол тіліндегі «аз»,
«кіші» сөздерімен,ал К.Фдахин бір
нәрсенің соңы,ұшы сөздерімен байланыстырады.
«Төрт» сөзі ескі жазбаларда төрт,дөрт,түрінде
дыбысталған. Г.И. Рамстедт пен А.Н.Самойлович түркі тілдеріндегі
төрт сөзін монғол тіліндегі дәрбен сөзімен
байланыстырады.Төрт сөзінің тарихы төртінші
саусаққа сай болып, «түрт»сөзімен төркіндес болуы
мүмкін деген де жорамал бар. Қазіргі түркі тілдеріндегісінде
көнелікті фонетикалық өзгерістерімен сақтағандары
да, жаңаша қолданыстары да бар. Қазақ, ноғай,
түрікмен тілдерінде –ау, -еу (біреу, екеу, үшеу); ноғай,
құмық тілдерінде -ав, -ев (бирев, экев, учов);
қырғыз тілінде оо, өө (бирөө,
экөө, үчөө); якут тілінде -ыа, –ыан, –йақ
(алтыа, алтычан, алтау-ақ); тува тілінде –елээн, -алаан, –елээ, -алаа
(үжелээ-үжелээн; бежелээ-бежелэ- эн); шор тілінде –ала, -еле
(пежеле, ужеле); өзбек тілінде –ов (биров, эков); ұйғыр
тілінде – үлән, -лән (үчүлән,
бешүлән иккилән); чуваш тілінде -ан, -ен (иккен, таваттан)
түрінде қолда- нылады. [4,167] «Бес»
сөзі қол мағынасындағы білек сөзімен ұялас
дейтін пікірді біраз зерттеушілер қолдайды.Егер осы этимологияны
жобаға соғады деп қарасақ,онда сөз түбірі о
баста беш не біл түрінде емес,пел түрінде айтылса керек.Чуваш
тілінде пеллек «бес»мәнін береді. Л-Ш сәйкестігі монғол
тілдері мен түркі тілдерінің арасында да кездесетін
құбылыс қазақ тілінде бес сөзі бүтін
қол мәнінде жұмсалады.[3,202] «Алты»сөзінің
этимологиясы М.Хартман ,Г.Рамстедт пікірлерінше,ал етістігімен байланысты.
«Жеті» сөзін «же»сөзімен және «жеті»сөзімен
сәйкестендіреді. [4,170] Алты,жеті сан есімдерінің арғы
негізі «ал»және «же» байырғы етістіктер болуы керек.
Түркі
тілдерінің дамуы сонау көне заман- дардан басталып, қалыптасу
кезеңіне дейін бірнеше дәуірлерді бастан өткерді. Туыстас
тіл- дердің фонетикасы, лексикасы немесе грамма- тикасына қатысты
жалпы түркі тілдеріне тән ортақ заңдылықтармен
қатар, әрбір тілдің өзін- дік ерекшелігіне
қатысты даму сатысы болды. Бұл – түркі тілдерінің даму,
қалыптасу дәуір- леріне байланысты ерекшеліктердің бірі.
Қазір- гі түркі тілдерінің өзіндік табиғатын
тануда са- лыстырмалы-салғастырмалы әдіс арқылы зерт- теу
жүргізу – ерекше маңызы бар өзекті мәселе.
Қазіргі түркі тілдерінің лексикалық құра-
мында, грамматикалық құрылысында өздеріне тән
түркілік тектестік, ұқсастық болғанымен, кей
тілдерге қатысты елеулі ұқсастықтарымен қатар
айырмашылықтары да бары байқалады. Сондықтан да белгілі бір
тілдік ерекшеліктері арқылы олар бір-бірінен ажыратылып отырады.
Әрине, бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл тіл-
дердің әрқайсысының бойында әр түрлі сипат
болуы заңды да.
1.Қазіргі
түркі тілдерінде сан есімнің мағыналық топтарына
қатысты ерекшеліктер де,ұқсастық пен
айырмашылықтар да бар.Мысалы,бүкіл түркі тілдерінің
ішінде өзбек тіліндегі есептік сан есімдер –та жұрнағы
арқылы да қолдану бар: бир-битта,уч-учта,турт-туртта,беш-бешта.
2.Қазақ
тілінен ерекшелік ретінде ұйғыр-оғыз тобындағы кей
тілдердегі 20,30,40,50 сандарын білдіретін сөздер 2,3,4,5 сан
атауларының негізінде пайда болғандығын айтуға болады.
3.Реттік сан есімге
қатысты ерекшелікті чуваш,тува,туфалор,тілдерімен байланысты.
Тіліміздегі сан есімдерді басқа
түркі тілдері материалдарымен салыстырғанда,ескі түркі
фактілермен салыстырғанда,олардың бәріне ортақ кейбір
жайлар немесе жеке тілдерге тән айырмашылықтар байқалды.
Сондықтан
да белгілі бір тілдік ерекшеліктері арқылы олар бір-бірінен ажыратылып
отырады. Әрине, бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл тіл-
дердің әрқайсысының бойында әр түрлі сипат
болуы заңды да. Себебі олардың арғы тегі бір болғанмен,
әрқайсысының өзіндік мекені, қалыптасу, даму
жолы, тұрмыс-тіршілік, ғылым- білім, мәдениеті,
салт-дәстүрі бар. Яғни олар- дың әрқайсысы
– жеке ұлт ретінде өзіндік тіл иелері болып табылады.
Сондықтан бұлардың тілінің өзіндік ерекшелігі
болмауы мүмкін емес
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Айдаров
Ғ.,Құрышжанов Ә.,Томанов М. Түркі жазба
ескерткіштерінің тілі.
Алматы: Мектеп,1971. -272б.
2.Ысқақов А.
Қазіргі қазақ тілі.Алматы: Ана тілі,1991.-280 б.
3.Мұсабаев Ғ.
Қазақ тілі тариханан. Алматы: Мектеп,1988. -186 б.
4.Нұрмаханова Ә.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.Алматы: Мектеп,1971. -290б.