Жалпы сөйлеу тілі  дамымаған балалардың

фонематикалық түсінігінің ерекшеліктері.

Еркебаева Г.А., Қыстаубаева Ә.Қ.

№8 «Арнайы логопедиялық балабақша» МКҚМ, Қазақстан             Жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық  естіп  қабылдауы  және  сөйлеу  тіл  анализаторының  өзара  әсер  ету мәселелерін  зерттеу  барысында  ауызша  сөйлеу  тілін  қабылдау  үрдісінде, сонымен  қатар  дыбыстарды  игеру  динамикасы  барысында  барлық  күш  акустикалық  және   артикуляциялық  сөйлеу  тіл  қасиеттерін  зерттеуге жұмылдырылған  болатын. Психолингвистикалық  әдебиеттерде адамның  есту  және  сөйлеу  тіл  жүйесі бір – бірінен  ажырамайтын  бөлік  екендігі туралы айтылып өткен.

        Фонематиканың толық дамымауы дегеніміз – ол қабылдау түйсігі мен дыбыстарды айтуындағы ақаулықтың салдарынан болған сөйлеу тілінің әр түрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы.

Сөйлеу тілінің жеткілікті дұрыс дамуына фонематикалық есту қабілетінің  тигізетін әсері өте зор. Фонематикалық есту дыбыстарды, сөздерді, фразаларды анық, дұрыс айтуын қамтиды. Фонематикалық естудің арқасында сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы меңгеріледі. Ал бұл ана тілінің жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен Р.Е. Левина ең алғаш фонематикалық қабылдау мен дыбыстық талдаудың  фонематикалық жүйенің бір-бірінен ерекше екі қызмет екенін көрсетті. Р.Е. Лалаева да осы пікірді қоштап, фонематикалық дислексияда фонематикалық қабылдау, фонематикалық дау мен жинақтауы бұзылады; осы қызметтер жеке бұзылуы да мүмкін, бірақ олардың бірдей дамымауы да мүмкін деп айтты. Фонематикалық түсініктің қалыптаспауы дыбысты айтудағы кемшіліктер мектепте оқып білім алуына үлкен кедергі және қиындықтарға ұшыратады, бұған қоса баланың жеке тұлға болып дамуына кері әсерін тигізеді.          Фонематикалық  қабылдауын  дамыту  логопедиялық  жұмыстың  алғашқы  кезеңінен  басталады  (Н.А. Чевелова). Бұл  жұмыс  сөйлеу  тіліне  қатысты  емес  дыбыстардан  басталып  кейін  сөйлеу  тіліне  қатысты  бала  айта  алатын дыбысты, кейіннен  қойған  дыбыспен  аяқталады. Сонымен  қатар  алғашқы  сабақтан  бастап  фонематикалық зейін  мен фонематикалық  есті дамытуға бағытталған  жұмыс  жүргізіледі, бұл  фонематикалық қабылдауды  тез  және  нәтижелі  дамытады.

        Автор  фонемаларды  ажырату  қабілетін  дамытудағы  логопедиялық  жұмысты  алты (6) кезеңге  бөліп  қарастырады:

1.   Сөйлеу  тіліне  жатпайтын  дыбыстарды  тану;

2.   Дыбыстың  әуезділігіне, күшіне  байланысты  бірдей  сөздерді, фразаларды, дыбыстарды  ажырату;

3.   Дыбыстық  құрамы  жақын сөздерді  ажырату;

4.   Буындарды  ажырату;

5.   Фонемаларды  ажырату;

6.   Дыбыстық  талдау  дағдыларын  дамыту.

Кезектілікпен  жүргізілген ойындар  мен  жаттығулар  Н.А. Чевелованың  айтуы  бойынша  балаларда  фонематикалық зейін мен  фонематикалық  есті айналасындағылардың  сөйлеу  тілін  түсінуге  көмектеседі. Осылардың  көмегімен  фонематикалық  қабылдауының  дамуынан  дыбыстық  талдауға  көшеді.

       Фонематикалық  есту – сөйлеу  тіл  дыбыстарын  адамның  анализ және  синтездеу  қабілеті, яғни  есту, белгілі бір тілдің  фонемаларын  қабылдауды  қамтамасыз  етеді.

       Бала дыбыстың дұрыс айтылуын және жазылуын меңгерген соң, осы дыбысты басқа акустикалық және артикуляциялық ұқсас дыбыстардан ажырату бойынша жұмыс жүргізіледі. Балаларға дыбыстарды артикуляциялық және акустикалық құрамы бойынша салыстыруға осы дыбыстарды сөзде және жүйелі мәтіндерде ажыратуға жаттығулар беріледі.

Бұл сөйлеу тілінің ауыр кемшіліктерін жою фонематикалық қабылдаудың арнайы түзетуінсіз мүмкін емес. Ана тілінің фонемаларын естіп, анық ажырату біліктілігінсіз дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын меңгерусіз болмайды, ал бұл сауаттылықты толық меңгеру мүмкін емес. Осылайша, сөйлеу тілі бұзылған балаларда фонематикалық естуін қалыптастыру мәселесі логопедияда маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

        Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  сөйлеуінің, естуінің, талдау  мен  жинақтау  әрекеттерінің  жетілмеуі  ауызша  сөйлеу  тілін  қабылдау  салдарынан  ысқырық  дыбыстарды  айтуда  көптеген  бұзылыстар  байқалады.

         Оқу және жазу дағдыларын меңгеру дыбыс айту қалпымен, сөйлеу тілдің лексика-грамматикалық құрылымен байланысты. ЖСТД бар қазақтілді балаларың сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптаспауы олардың мектепке дайындығының көрсеткіші болып табылады және ана тілінің бағдарламасын менгеруінде қиындық туғызып, келешекте жазуы мен оқуына әсер етеді дейді Өмірбекова Қ.Қ, Балқыбекова В.С, Тулебиева Г.Н.

      Сонымен фонематикалық есту қабілетінің жетілмеуі  дыбыс айтуының бұзылуына әкеледі және болашақта фонематикалық процестерінің дамымауы жазу мен оқуды менгеруін қиындатады. Сондықтан фонематикалық жетіспеушілікті жою логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Әдебиеттер

1. Мовкебаева З.А. Формирование готовности старших дошкольников с ОНР к школьному обучению, Алматы, 2010.

2. Дубова Н.В. Об особенностях навыков общения дошкольников с ОНР//Логопед в детском саду, №3 2006.