ЖЕДЕЛ -
ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ
САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
з.ғ.к. Гасанов Айвазхан
Асанханұлы
Халықаралық
гуманитарлық-техникалық университеті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты
қадам» – Ұлт Жоспарында ішкі істер органдарына маңызды
жауапкершілік артылып отыр.
Соның
нақты айғағындай, ағымдағы жылдың 1
қаңтарынан бастап «5 институтционалдық реформаны
жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын
орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті,
экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты
жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59
заң актілері күшіне енді[1].
Бүгін
біз үшін құқық қорғау
жүйесінің кешенді реформаларының аралық
қорытындыларын шығару маңызды. Жетістіктерге сыни
тұрғыдан баға беріп, өзекті мәселелерді
айқындап, құқық қорғау жүйесін
одан әрі жаңғырту жолдарын белгілеу қажет, - деді
Нұрсұлтан Назарбаев[2].
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген
кезеңіне көз жүгіртіп, өткен мен бүгінгіні
салыстыра қарап отырсақ, саясатта, экономикада, мәдениетте,
құқық қорғау саласында жер мен
көктей айырмашылықты байқаймыз. Соның ішінде елдегі
тәртіпті сақтау мен адам құқығын
қорғауда біраз жетістіктерге жеттік.
Бұл орайда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың
құқық қорғау бағытына ерекше
мән беруінің нәтижесі орасан зор болды.
Мемлекет пен
құқық қорғау органдарының
қызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның
және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан
Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге,
Қазақстандық қоғам мен мемлекеттің
тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық
аренада Қазақстанның қызметін
құқықтық қамтамасыз етуге
бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру
орын алатыны белгілі.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 1-бабында “Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемелекет
ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы -
адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары” деп айқын жазылған[3].
Бұл
мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдары атынан
өз қызметін құқықтық нормалар,
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның
құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заңды
жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асырылатынын
айғақтайды.
Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған жаңа құқықтық саясат
тұжырымдамасын қабылдау келесі кезең болып табылады, онда
құқық қорғау мен сот жүйелерін,
сондай-ақ құқық қорғау институттарын
дамытудың негізгі бағыттары айқындалады[4].
Қылмыстық
заңнаманы ізгілендіру Қазақстанның
құқық қорғау жүйесін реформалауда
бастапқы іс-шаралардың бірі болды. Қылмыстық істерді
тергеу тәртібі оңтайландырылды, құқық
қорғаудың бүкіл қызметін үйлестіру
қамтамасыз етілді, құқық қорғау
органдары құзыретінің аражігін нақты ажырату және
оларды өздеріне тән емес функцияларды орындаудан арылту
жүргізілді, құқық қорғау органдарында
қызмет өткерудің бірыңғай стандарттары белгіленді.
Қазақстан
Республикасы Президентінің ««Қазақстан-2050» Стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы
құқықтық реформа процесіне айтарлықтай
серпін мен нақтылық берді, онда құқық
қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы
бағдарламасы негізінде құқық қорғау
органдарын жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті
қойылған.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 449 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14
желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы
ұлттық іс-шаралар жоспарының 80-тармағы негізінде
Қазақстан Республикасының құқық
қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы адам
құқығының бастау тұғырына айналып,
негізгі орын алатын, әлемдік стандарттарға жауап беретін сенімді
құқық қорғау жүйесінің
құқықтық негізі қаланды.
Бағдарлама
қоғамның құқық қорғау
жүйесіне сенім деңгейін арттыру және
құқық қорғау органдар мен сот-сараптама
қызметі жұмысының тиімділігін арттыруды мақсат етіп,
оған жету үшін мынадай міндеттерді алға
қойды:құқық қорғау органдарының
беделін арттыру;халықтың, азаматтық қоғам
институттарының құқық қорғау
органдарымен өзара іс-қимылының нысандарын
дамыту;халықты құқықтық тәрбиелеу,
құқықтық мәдениеті мен
құқықтық санасын арттыру жөніндегі шаралар
жүйесін жетілдіру;сот актілерін және өзге де актілерді
орындаудың тиімді жүйесін құру; құқық
қорғау органдарының нақты міндеттерді орындаудың
тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметін
оңтайландыру; пенитенциарлық сипаттағы шаралардың,
оның ішінде қоғамның құқық
қорғау органдарымен топтасуы кезінде тиімділігін арттыру; ювеналдық
әділет жүйесін жетілдіру; құқық
қорғау органдарының ақпараттық-талдамалық
жүйелерін жетілдіру; жоғары кәсіби кадр құрамын
қалыптастыру; құқық қорғау
органдарындағы ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру; сот-сараптама
қызметін аккредиттеудің халықаралық стандарттары
деңгейіне дейін жетілдіру.
Құқық
қорғау органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер
стандартталатын болады, сондай-ақ халықты
құқықтық тәрбиелеу,
құқықтық мәдениеті мен
құқықтық санасын арттыру жөнінде іс-шаралар
жүргізілетін болады. Халықтың, азаматтық
қоғам институттарының құқық
қорғау органдарымен өзара іс-қимылының жаңа
нысандары одан әрі дамытылады.
Бағдарламаны
жүзеге асыру 2020 жылға қарай азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын, қоғам
мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сондай-ақ
елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті
қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау
жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. Бұл ретте, бүкіл жүйенің жұмыс істеуі
халықтың сенімділігін арттыру мақсатында ашықтық
пен айқындылық призмасы арқылы жүзеге асырылады.
Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға
бастайтын жол» атты мақаласындағы екінші реформаға
құқық тәртібі және заңдылық
мәселелері еніп отыр. Онда «Бізге барлық
құқық қорғау органдарының және
бәрінен бұрын полицияның адамдардың мүддесі мен
құқықтық тәртіпті нығайту қызметінде
тұруына қол жеткізуіміз қажет делінген.
Қазіргі
таңда Қазақстан Республикасында қоғамның
экономикалық және әлеуметтік дамуындағы,
халықтың өмір сүру деңгейін көтерудегі
міндеттері белсенді түрде шешілуде,
құқықтық тәртіпті қорғау,
соның ішінде түрлі құқықбұзушылықтармен
және қылмыстармен күресу саласындағы саясат
орнығу үстінде. Осы міндетерді шешу үшін
заңшығарушы, атқарушы және сот органдары тарапынан
ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық,
тәрбиелік, құқықтық сипаттағы
әрекеттер кешені жүзеге асырылады.
В.
Плетневтің айтуынша, «құқық қорғау
органы – Жедел-іздестіру қызметінің субъектілерінің
құзырына жатқызылған тәртіп,
қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды және
қылмыстылықпен күресті
қамтамасыз етудің жалпы мәселелерін шеше отырып,
маңызды міндеттердің қатарынан түрлі
құқық бұзушылықтардың, соның
ішінде криминалдық сипаттағы
құқық бұзушылықтардың алдын
алу бірінші орынға жылжиды.
Жедел-іздестіру
органдары қызметкерлерінің қылмыстардың алдын
алуға байланысты міндеттерін шешу мақсатында мынадай негізгі
бағыттарда жүзеге асырылады: тиісті құрылымдық
бөлімшелерді анықтау және құру, оларды
өкілеттіктермен қамтамасыз ету. Мысалы, қазіргі кезде
ауылдық жерлерде мал ұрлау көбейіп кеткен. Бұл
криминалдық әрекеттермен күрес үшін аумақтарда
арнайы жедел-іздестіруші топтар жергілікті халықтың көмегімен
жағымды нәтижелер алған; территорияларды, аумақтарды,
объектілерді, қызметтің жеке салаларын, жолдарын жедел
қамтамасыз етілуін рационалды түрде ұйымдастыру; жедел-іздестіру
қызметінің жария және жасырын қайнар көздерін,
күштерін, құралдарын, әдістерін, нысандары мен жолдарын
қолдану арқылы жедел ақпараттарды іздестіруді тиімді
ұйымдастыру; оны сапалы тексеру және негізді шешімдер
қабылдау; қылмыс жасауға әсер ететін мән-жайларды
анықтау және жою; құқыққа қайшы
қылықтарға жақын келетін тұлғаларды
анықтау және олармен жеке тәрбиелік жұмыстар
жүргізу; қылмыс жасауға дайындалып жатқан
тұлғаларды анықтау, қылмыстардың алдын
алуға шаралар қабылдау және т.б[5].
Жария
және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді
қарастыруда біз аталған жария және жасырын жедел-іздестіру
әрекеттерінің барлығын қарастырмаймыз. Оның
ішіндегі кең танымал жедел-іздестіру әрекеттерін
қарастырамыз. Алдымен жария да, жасырын да жедел-іздестіру
әрекеттері бола алатын жедел-іздестіру әрекеттерін
қарастырайық. Олардың ішінде азаматтарға, лауазымды
адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу;
мекемелердің, кәсіпорындардың және
ұйымдардың есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер
жүргізу; зерттеу үшін үлгілер мен сынамаларды іріктеп алу;
бақылау үшін сатып алу.
Азаматтарға,
лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан
хабарламалар алу. Азаматтарға, лауазымды адамдарға
сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу–жедел
уәкілдінің немесе оның тапсырмасымен өзге
тұлғаның жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін
шешу үшін маңызы бар адамдар, фактілер және мән-жайлар
туралы мәлім болуы мүмкін адаммен тікелей сұхбаттасу кезінде
ақпарат жинаудан тұратын жедел-іздестіру әрекеті.
Бұл
жедел-іздестіру әрекеті іздеу, барлау сипатына ие және жедел
уәкілінің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін
маңызы бар жасырылған немесе жасырын ақпаратты табуға
бағытталған.
Сұхбаттасу
нысаны ретінде азаматтарға, лауазымды адамдарға
сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу құпия
да, ашық та сұралып жатқан мен сұрап жатқанды
тікелей көріп қабылдау арқылы да, олсыз да – техникалық
құралдарды пайдалану арқылы да жүргізілуі мүмкін.
Азаматтарға,
лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан
хабарламалар алу әрекетін жүргізу кезінде техникалық
құралдарды қолдану, жеке тұлғаларды
қатыстыру сұхбаттасудың
жанама нысанын құрамайды. Азаматтарға, лауазымды
адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар
алудың ажырамас өзіндік белгісі болып субъект ретінде – жедел
уәкілдінің өзі немесе оның тапсырмасымен өзге
тұлғаның қатысуына қарамастан субъектінің
объектімен тікелей қатынасуы табылады.
Азаматтарға,
лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан
хабарламалар алу кезінде аудио-бейнежазу
және өзге ақпаратты жазатын аппараттарды ашық та,
сұралушыдан құпия да пайдаланылуы мүмкін, аппаратураны
пайдалану азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ
қою, олардан хабарламалар алудың мәнін сипаттамайды,
керісінше тек ақпаратты бейнелейтін құрал болып табылады,
яғни оны пайдалануға келісімнің қажеті жоқ.
Мұнда полиграфты пайдалану ерекше жағдайды құрайды,
өйткені оны пайдалану кезінде сұралушының жазбаша келісімі
қажет.
Азаматтарға,
лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан
хабарламалар алуды жүргізу уақыты, орны, нақты
мән-жайларға байланысты – ол жедел-іздестіру органдарының
қызметтік бөлмесінде де, сұралушы адам орналасқан кез-келген өзге жерде
де жүргізілуі мүмкін. Азаматтарға, лауазымды адамдарға
сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алуды жүргізу
үшін адамдарды мәжбүрлеп әкелуге жалпы тәртіпке
сәйкес жол берілмейді. Оған қылмыс жасады деп сезік
келтірілген адамдарды
ұстаудың алдында болған жағдайлар қосылмайды.
Бірінші
жағдайда сұхбаттасу қажет адамның жеке басы, оның
қызығушылықтары, зерттелуші оқиғаға
қатынасы, әлсіз және күшті жақтары және
т.б. зерттеледі. Осы мән-жайлар туралы ақпарат алу жария немесе
жасырын жолмен болуы мүмкін. Жария жолды пайдалана отырып,
қызметтік мінездемелер, еңбек кітапшасындағы жазулар, ауру
тарихы, бұрынғы сотталғандары бойынша үкімдері, бас
бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың жеке істері
және т.б. зерттеледі. Жасырын жол заңды әдістермен
алынған деректерді байқау, телефон сөйлесулерін тыңдау
және т.б. көмегімен қайта тексеруге мүмкіндік береді.
Азаматтарға
сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алуды тек ерікті
келісімімен ғана жол беріледі. Жедел уәкілді азаматтарға,
лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан
хабарламалар алуды өзі жеке, тікелей жүргізуі немесе оны
жүргізуге аталған қызметкердің тапсырмасымен
әрекет етуші жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы
органдардың өзге лауазымды адамына тапсырылуы мүмкін.
Сұралушы адамның өтінуімен жедел бөлімше
қызметкері азаматтарға, лауазымды адамдарға
сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алудың
құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс, бірақ
мұндай әңгімелесу кезінде жедел-іздестіру
қызметінің міндеттерін шешу үшін қажет
мәліметтерді білетін, бірақ жедел бөлімше қызметкеріне
бергісі келмейтін адамдардан ақпарат алу мақсатында
құпиялау әрекеттері пайдалануы мүмкін.Тактикалық
тұрғыдан азаматтарға, лауазымды адамдарға
сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алудың шын
мақсаттары шифрлануы мүмкін немесе сұраушы өзінің
кәсібін жасыруы мүмкін. Сұраушыдан хабарланатын
мәліметтердің құпиялық сипаты туралы өтініш
түскен жағдайда, ол туралы деректер жарияланбайды және
бұл тұлғадан кейін куә ретінде алдын ала тергеу немесе
сот тергеуі кезінде жауап алынбайды.
Азаматтарға,
лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар
алуды жедел-іздестіру әрекеті ретінде қылмыстық іс бойынша
жүргізілетін жауап алудан ажырата білу қажет. Жауап алу –
тергеушінің немесе анықтаушының ерекше құзыреті.
Ол белгіленген нысандағы хаттама жауап алынып отырған куәні
немесе жәбірленушіні жалған жауап бергені үшін
қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескерте отырып
міндетті түрде толтырылуымен жүзеге асырылады. Жедел
қызметкер жауап алуды тек өндірісінде қылмыстық іс бар
лауазымды тұлғаның тапсырмасымен жүргізе алады.
Сауал-сұрақ қою жедел уәкілдінің
артықшылығы деуге болады.
О.А. Вагин
мен А.П. Исиченко сауал-сұрақ
нәтижелерін рәсімдеу мәселесіне былай
тоқталған: «Сауал-сұрақ қою нәтижелері
жедел-іздестіру әрекеті ретінде жедел уәкілдінің
анықтамасында көрініс табады. Бұл құжат дербес
дәлелдеу мәнге ие болмайды. Анықтама жедел-іздестіру
ақпаратының негізі болып табылады, бірақ азаматтарға
сауал-сұрақ қою жария сипатқа ие болса да, ол
дәлелдеме-құжат бола алмайды. Бұл анықтама тек
бағыт-бағдар беруші ретінде ғана қолданылады.
Сонымен,
сауал-сұрақ қою нәтижесінде алынған
мәліметтер жедел-іздестіру органы қызметкерлерінің
анықтамасымен немесе рапортымен, ал сұралушы адамның келісімі
болса – оның түсініктемесімен, арызымен, кінәсін мойындап
келу хаттамасымен рәсімделеді.
Дәлелдеу
процесінде сауал-сұрақ қою нәтижесінде алынған
мәліметтерді пайдаланудың екі нұсқасын
ұсынуға болады: бірінші жағдайда құрастырылған
құжат қылмыстық іс материалдарымен қоса тігілуі
мүмкін және нәтижесінде сұралушы тұлға
қылмыстық іс бойынша куә ретінде жауапқа алынады. Екінші
жағдайда алынған мәліметтер бағыттаушы ақпарат
ретінде тергеушінің немесе жедел уәкілдінің тергеу барысында
болжамдар мен жоспарлар құруына әсер етеді»[6].
Заңмен
қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен
сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері
құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйді қол
сұғудан қорғау құқығын
қозғайтын жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін
жүргізудің шекті мерзімдерінің заңмен белгіленбеуінде.
Әрине, ондай мерзімдер құпия ведомстволық нормативтік
актілермен белгіленуі мүмкін, бірақ олар заңмен
қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен
сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері
құпиясы, сондай-ақ тұрғын үйді қол
сұғудан қорғау құқығы
бұзылған азаматтар үшін ол жабық, қол жетерліктей
емес. Байқау, тұрғын жайларды, ғимараттарды, жер
учаскелерін және көлік құралдарына кіру және
тексеру; пошта жөнелтілімдерін бақылау; телефонмен және
өзге де сөйлесулерді тыңдау; байланыстың
техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге
техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау сияқты
жасырын жедел-іздестіру әрекеттері азаматтардың жеке өміріне
тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен
пошта жөнелтілімдері құпиясы, тұрғын үйді
қол сұғудан қорғау конституциялық
құқықтарын шектеуге әкеліп соғатыны
белгілі. Осының өзі мұндай әрекеттерді
жүргізудің мерзімдерін шектемеу жоғарыда аталған
азаматтардың конституциялық құқықтарының
шектелуінің жүйелі түрге айналуына әкеп соғуда.
2014 жылғы 4
шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексі қабылданып, оның
30-тарауында жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің
тәртібі реттелген. Қылмыстық процеске сәйкес, Жасырын
тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
бұйрық қабылданады. Қазіргі уақытта
қабылданған заңдаразаматтардың
құқықтарымен бостандықтарын қорғау,
халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкестендіруге
бағытталған.
Елбасымыз құқық
қорғау жүйесін әлемдік стандарттарға,
қазіргі нарықтық жағдайларға
сәйкестендіретін өзгерістерді нақтылап берді. Біздің
ендігі міндетіміз Мемлекет басшысының сол тапсырмаларын орындап,
тәртіп пен әділеттілікті орнықтыруға атсалысуымыз
керек. Сонда ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1 Ұлт
жоспары-Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге
асыру жөніндегі «100 нақты қадам». 30.11.2015
2
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың. Қазақстан халқына жолдауы.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 14.12.2012.
3
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995 жыл.
4 Қазақстан Республикасының
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған
құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы
N 858 Жарлығы
5 В. Плетнев.
Оперативно-розыскная деятельность. Курс лекц. Алматы, 2001г.
6 Под общей редакцией
К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, О.А. Вагин,
А.П. Исиченко Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная
деятельность. Учебник. Москва, 2004 г.