ҚР ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сабирова Айгерим Ильясхановна

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

 

Кәсiпкердiң дамуының әлемдiк тарихы көптеген халықтардың бұрынғы өткен тарихынан бастау алады. Бұл жұмыста мен АҚШ шағын және орта бизнестiң дамуына тоқтап өтсем деймiн. Яғни бұл елдердiң тәжiрибелерiнiң жағымды жақтары ҚР шағын немесе орта бизнестiң дамуына қолдануға оң мүмкiндiкте бередi деп айтсақта болады. Бұл елдердi таңдауымызға бiрiншiден олардағы жинақталған үлкен тәжiрибенi ескеремiз немесе шағын және орта бизнестiң дамуына құқықтық реттеуге мемлекеттiң көңiл бөлуiн атап өтуiмiз керек. Оларда ай-сайын ондаған мың шағын немесе орта бизнес кәсiпорындары ашылады. Әрбiр американдық өз бизнесiнiң болғанын армандайды, егер 30 жасқа дейiн орташа американдықтың өз бизнесi болмауы басқаша көзқарас тудырады, ал жаңа iстi ашу тәртiптегi нәрсе секiлдi түсiнiледi. Бiрақ кәсiпкердiң банкроттыққа ұшырауы сондай бiр үлкен қиын жағдай деп саналмайды.

         Қазақстанда кәсiпкерлiк туралы 90-шы жылдардың басында айтыла бастады. Бұл кезеңде “комсомолдық кәсiпкерлiк” деп аталатын кәсiпкерлiк басталады. Ол кезде несие бiреудiң жеңiлдiк жағдайлары жасалмады. Мiне осы кезеңде инфляцияның өсуi алғашқы кәсiпкерлердiң аяқтан тұрып кетуiн ғана қамтамасыз етiп қоймай. алғашқы капиталын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi, өйткенi несие қымбат боп берiлiп, керi арзан болып қайтты.

    «Кәсіпкер» ұғымына анықтама беруден әңгімені бастаудың  мәні бар. Ұлыбритания заңнамасы бойынша «өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам» кәсіпкер деп есептеледі.

    Белгілі бір себептерден бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады, басқалары оларға жұмысқа жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың бәріне өз қызметінде басшылыққа ала алатындай білім керек. Алайда кеңестерге өтпес бұрын, Қазақстанда кәсіпкерліктің  қалай дамығаны туралы  қысқаша сөз етейік [1].

Қазақстанда соңғы жылдары кәсiпкерлiк динамикалық дамуы жолына түсiп, яғни ол азаматтар мен заңды тұлғалардың өз атынан, өз тәуекелiне алып мүлiктi жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылып, кiрiс алуға бағытталған әрекетi. Алдымен «кәсіпкерлік» ұғымына  қазақстандық заңнамаға сәйкес  анықтама береміз, себебі кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілер содан туындайды.

    ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-бабының 1 бөліміне сәйкес «Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады».  Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің  төмендегідей  белгілерін атауға мүмкіндік береді:

    1. Дербестік. Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын  заңдық атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай мүліктік,  бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік —  кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық – құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін  таңдау – мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көрінуі.

    2. Тәуекел. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі  болған зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік - жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта.

    3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.

    4. Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сәйкес субъектілер табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді  талап етеді. Істің мәні мынада, кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім арқылы ұсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену құқығын іске асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау - иелік ету және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде алады, басқа дамдарға өзінің зияткерлік қызметі нәтижесін пайдалануына  құқығын беріп, лицензиялық шарттар жасасады.

    5. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.

    Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық. Оларға мыналар жатады:

    1.  Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі. Бұл негізгі принцип. Ол ҚР  Конституциясы 26-б. 1-т.-да: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз  мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға  құқығы бар" деп бекітілген.

    Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де,  заңнамалық актілерде таба аламыз. Ол кәсіпкердің мүліктің  қолдана (айналымнан шығарылмаған) кез келген түрлерін отырып және т. б. кәсіпкерліктің  кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген нысанда өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді.

    Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам мүддесіне орай  конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау,  елдің қорғанысы мен  мемлекет қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада  шектелуі мүмкін. Сонымен, ол шаруашылық қызметтің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектеледі.

    2. Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-б.-да бекітілген: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады". Оған сәйкес заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық,  коммуналдық немесе жеке меншіктегі  мүлік қолданып, жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі  бір түрлеріне  қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды.

    3. Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз бәсекеге   бағытталған (Конституцияның 26-б-ы) экономикалық қызметке жол бермеу  принцип. Бұл принцип сақтау – нарықтық  экономиканы дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 19-қаңтардағы "Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы" заңына маңызды рөл беріледі.

    4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында Кәсіпкерлік және мемлекеттің  жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.

     5. Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы  
- құқықтық  мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық  актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.

6. Кәсіпкерліктің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бұл принцип түпкі мақсатты - тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға   мұқтаж болады. Дәп осыған ҚР АК 10-бабының,  1992 ж. 4- шілдесіндегі "Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы"; 1997 ж. 19-маусымдағы "Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы"; 1997 ж. 19-маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы"; 1998 ж. 31-наурыздағы "Шаруа (фермер) қожалығы" және кәсіпкерлік қызметті реттейтін  басқа заңдардың нормалары бағытталған [2].

Қазақстанда жүргiзiлген экономикалық реформы кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн жаңа перспективалар ашты. Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк-экономикалық маңызы мынаған байланысты көтерiлiп отырады. Ол нарықтық экономикаға халықтың қаржы немесе өндiрiстiк ресурстарын айналымға шығарады, ол өзiнде антимонополиялық потенциялды қамтиды. ғылыми техникалық прогрестiң даму бағытына өзгерiс жасауға негiз жасайды, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етедi және нарық шаруашылығының басқа да әлеуметтiк мәселелерiн шешедi.

ҚР кәсiпкерлiк қызметтiң заңи негiздерi 90 жылдары құрыла бастады. ҚР кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау шаралары кең шеңберде жүзеге асырылып жатыр десек артық айтпаған болар едiк.

Бiрақ отандық кәсiпкерлiктiң даму жолындағы кездесетiн кедергiлер толық жойылды деп айтуға болмайды. Қазiргi күнде кәсiпкерлiк саласының динамикалық дамуына әсер етушi механизмдер тұрақты жасалып оның нәтижелiлiгi мен дамуын жоғарылатады.

Қазiргi жағдайда кәсiпкерлiктiң жаңалықсыз. шығармашылық iзденiссiз болуы мүмкiн емес, өйткенi ол бәсекелестiк күресiн демейдi. Бәсекелестiкке тек жоғары сапалы өнiм шығаратын немесе өнiмдi тұрақты жаңартып тұратын кәсiпорындар ғана шыдай алады. Өндiрiс саласындағы кәсiпкерлiктiң негiзгi мазмұны өнiмге деген сұранысты тауып қалыптастыруда жатыр

Кәсiпкерлiк қызметтiң коомерциялық емес құрылымынан айырмашылық есебiнде пайда алу болып табылады. Кәсiпкерлiк өз биiгiне қарызға алынған меншiктi иеленiп жаңа өнiмдi шығаруды ұйымдамтырады. нәтижесi коммерциялық байланыстарды қалыптастырады. айналымға өзiнiң немесе басқа бiреудiң капиталын енгiзедi және өзi үшiн бұдан кiрiс алады. Сонымен кәсiпкер қалыптасушы немесе дамушы өндiрiсте нарықтық байланыс жасаушы активтi агент болып табылады [3].

Шағын кәсiпкерлiк дегенiмiз – нарық экономикасының анықталған субъектiсiмен жүзеге асырылатын. заңмен анықталған критерилерге ие болатын. осы ұғымның мәнiн ашып көрсететiн кәсiпкерлiк қызмет болып табылады. Әлемдiк және отандық тәжiрибе көрсетiп отырғандай шағын кәсiпкерлiк субъектiсiн анықтаудағы ереже оларды жұмыс iстеушiлердiң санынан туындайды. 1997 жылы 19 июньдегi ҚР “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” заңының 3 бабына сәйкес шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiкпен айналысушы жеке тұлғалар танылады. Бiрақ онда жұмыс iстеушiлердiң саны 50 ден аспауы керек және бiр жыл iшiндегi активтiң жалпы құны 60 мың есеп көрсеткiшiнен аспауы тиiс.

Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiсi заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсiпкерлер, сонымен қатар төмендегi ұйымдық құқықтық нысандағы заңды тұлғалар бола алады:

                          толық серiктестiк;

                          сенiм серiктестiгi;

                          жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;

                          өндiрiстiк кооператив.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмысшыларының бiржылдық орташа саны барлық жұмысшыларды есепке ала отырып (оның iшiнде шарт бойынша. мердiгерлiк шарты бойынша, филиалдар мен өкiлдiкте жұмыс iстейтiндердi қосқанда) анықталады. Ал бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шаруашылық серiктестiгiн құрайтын болса немесе ол шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қатарына жатқызылатын болса, құрылатын субъектiнiң жарғылық қорындағы үлесi 75 пайыздан аспауы керек 

Кәсiпкерлiк жақсы дамыған елдерде кәсiпорынды шағын деп танудың бiрiншi критерийiне ондағы жұмысшылар саны жатқызылады.

Бiз “шағын бизнес” деп айтқан кезiмiзде жалпы ұғым бойынша шағын немесе орташа кәсiпорындар жиындығының белгiлi бiр шекте iрi бизнеске қарсы тұруын түсiнемiз. Бiз бұл жағдайда шағын және орта бизнестi макроэкономикалық тұрғыдан қарағымыз келдi. Бiз бұл жерде шағын немесе орта бизнеске әсер етушi сыртқы ортаның жалпы факторларын қарастырамыз. Оларды төрт iрi факторға бөлуге болады:

1.  экономика мен нарық конъюктурасының жағдайы;

2.  шағын бизнестiң дамуы үшiн сәйкес келетiн инфра құрылымының болуы;

3.  мемлекеттiң шағын бизнеске қетысты саясаты;

4.  жағымды немесе жағымсыз әлеуметтiк орта.

Бiрiншi топ факторлары – экономика және конъюктура жағдайы болып табылады. Бiзге мәлiм болғандай капиталистiк экономика циклдi дамиды. яғни жоғары көтерiлу құлдыраумен алмасуы, кризистер жанданумен, мiне осының барлығы экономикаға әсер етiп қоймай, шағын кәсiпкерлердiң жағдайына әсерiн тигiзедi. Бiрақ ғалымдар арасында мұндай цикл кезеңiнде шағын бизнестiң дамуына жағымды жағдай туады деген пiкiрлер де бар. Кейбiреулер шағын бизнестегi тәуекел экономиканың жандануы мен көтерiлуi кезiнде пайда болады дейдi. Өйткенi осы кезеңде өндiрiс дамиды, кiрiс немесе еңбекақы көтерiледi, сұраныс көбейедiдi де бағада көтерiледi. Жағымды конъюктуранарықтың кеңейуiне алып келедi де шағын бизнестiң дамуына кең көлемде ықпал етедi.

Ал басқа ғалымдар шағын бизнес құлдырау немесе кризис кезеңдерiнде көтерiледi дейдi. Бұл кезеңде өндiрiс қысқарып. көптеген кәсiпорындар банкроттыққа ұшырайды. үлкен фирмалар өндiрiстiк күштiң кемшiлiгi көтередi де өз жұмысшыларының бiр бөлiгiн жұмыстан босатады. Мұндай жағдайда еңбек нарығында қысым туындайды немесе адамдар бұл жағдайдан шығудың жолы өз жұмысын ашу болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 С.П. Мороз. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. – Алматы, «Бастау» баспасы.    2009ж.

2  Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995ж 30тамыз. (1998 және 2007ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

3 Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР Заңы. 2006ж. 31 қаңтар (2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)