ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС НЕКЕГЕ
ТҰРУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ, ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ
БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРІ
Абсаматова Эланора Орынбасаровна
Халықаралық Гуманитарлық-
Техникалық Университеті
Некенi заңды
түрде ресiмдеу дегенiмiз халықаралық жеке
құқықтағы отбасы және неке
қатынастары туралы заңнамалар мен Қазақстан
Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтық хал
актiлерiн жазу органдарында тiркеу болып табылады. Тек белгiлi бiр тәртiппен тiркелген
некенiң құқықтық күшi болады.
Ерлi-зайыптылардың заңдық құқықтары
мен мiндеттерi неке АХАЖ-да тiркелгеннен кейiн ғана ерлi-зайыптыларды
қорғау туралы мiн-деттеме алады, оларды ерлi-зайыптылар ретiнде
ресми таниды, сондай-ақ сол отбасыға қамқорлық
көрсетедi. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар
азаматтардың кемелденуiнен сондай-ақ қоғамның
өнегелi отбасы – игiлiк негiзi мүдделерiнен туындайды.
Сондықтан халықаралық жеке
құқықтағы отбасы және неке
қатынастарын реттейтiн заңдар бойынша отау тiгу үшiн
заңда көзделген шарттарды сақтау керек.[1].
Қазақстан
Республикасында некенi дiни жолмен бекiту қандай да бiр
құқықтық салдарға жетелемейдi, бiрақ
бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкiн.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келiсiм некеге
тұрушылардың өздерiмен жасалуы тиiс болып табылады.
Бiрқатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенiм-хат
берiп, өкiл арқылы некеге тұруларына жол берiледi.
Бiздiң заң мұндай өкiлдiк етуге жол бермейдi.
Мәселен, қазақстандық неке және отбасы
заңнамасына сәйкес некеге отыру үшiн екi жақты келiсiм,
белгiлi бiр жасқа толу және тағы басқа талаптар
қойылады.
2011жылғы 26
желтоқсан «Қазақстан Республикасының неке және
отбасы туралы» кодекстің 11-бабында «Егер тұлғалардың
бiрi басқа некеде тiркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра
алмайды» делiнген, яғни егер шетелдiктiң ұлттық
заңы көп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол
бiздiң республикамызда некеге
отыра алмайды.
Қазақстан
Республикасы азаматтарының
шетелдiктермен басқа мемлекетте некеге отыруы.
Қазақстан
Республикасының азаматтары шетелдiктермен бiздiң аумақта да,
сонымен қатар, басқа мемлекет аумағында да некелесуi
мүмкiн. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттiң
заңдарының талаптарымен қойылған неке нысанына
сәйкес болуы шарт. Тиiстi мемлекеттiң муниципалитетiнде, мэриясында
немесе басқа да органдарында және дiни ғұрыптарды
сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, кейiннен,
бiздiң мемлекетте танылуы мүмкiн бе деген сұрақ туады.
Бiздiң заңнама бұл орайда нақты жауапты берiп отыр
Қазақстан
Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің
ережесiне сәйкес, егер неке Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс, сол тиiстi мемлекеттiң заңнамасы бекiт-кен
нысанда тiркелетiн болса және ол Қазақстан
Республикасының некенi тiркеуге байланысты заң талаптарына
қайшы болмайтын болса, ол неке заңды деп танылуы ықтимал
болып табылады.
Басқаша
айтқанда, мұндай неке заңды болып танылуы үшiн
бiздiң мемлекеттiң некелесу бойынша заңының
материалдық нормалары бұзылмауы тиiс болып табылады. Бұл сөздердің мазмұнын ашатын
болсақ, бiздiң мемлекеттiң азаматтығында
тұрған тұлғаның некесi жарамды болуы үшiн
ол бiздiң заңнаманың қоятын материалдық шарттарын
сақтауы керек. Шетелдiкке қатысты айтар болсақ,
қазақстандық азаматпен некеге тұру үшiн
оған бiздiң заңнаманың талаптарын сақта деп айта
алмаймыз, өйткенi, ол неке бiздiң мемлекеттiң аумағында
емес, басқа мемлекеттiң аумағында жасалуы тиiс. Осыған
сәйкес некенiң жасалған орнының заңы
қолданылуға жатады. Некенiң нысанына байланысты, оның
жарамды деп танылуының негiздерi басқа да болды [2].
Сот талап
қоюшының пайдасына iстi шешедi. Егер
Қазақстан Республикасының азаматы мен шетел азаматының
некесiн тиiстi мемлекеттiң жергiлiктi органдарында тiркеу кезiнде
бiздiң азаматтың шетел азаматымен некелесуге
құқығын танитын қағазды талап етсе, онда
мұндай анықтама қағазын Қазақстан
Республикасының тиiстi мемлекеттердегi елшiлiгi бере алады. Сонымен қатар,
жоғарыда атап кеткенiмiздей, консулдық конвенцияларда
консулдың мемлекетiнiң азаматы некеге тұрғандығын
тiркеп тұру мiндетi көрсетiледi. Мысалы, кейбiр
мемлекеттердiң консулдық жарғылары мұндай мiндеттi
тiкелей көрсетуi мүмкiн. Мысалы, бұрынғы Кеңес
мемлекетiнiң заңнамасында бұл тiкелей көзделген
болатын. Қазақстан
Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некенi бекiту.Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының арасындағы неке тиiстi мемлекеттегi
Қазақстан Республикасының елшiлiктерiнде жүзеге
асырылады. Некенi тiркеу азаматтық хал жағдайының бiрден-бiр
актiсi болып есептеледi. Қазақстан Республикасының
консулдықтарында шетел аумағында некенi бекiту кезiнде
толығымен бiздiң мемлекеттiң заңдары басшылыққа
алынуы тиiс, өйткенi екi азамат та Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады. Консулға
мұндай некелердi бекiту құқығы бiздiң
заңнама бойынша анықталады. Ол дегенiмiз: а) бiздiң елшiлiкте
немесе өкiлдiктерде тiркелген неке азаматтық хал актiлерiн жазу
органдарында некенi тiркеумен бiрдей күште танылады; ә) некенi
консул тiркеген кезде ол бiздiң заңнаманың бекiтетiн
материалдық талаптарын сақтауға мiндеттi. Мұндай некенi
келушi мемлекетте (қабылдаушы мемлекет) тану ол мемлекеттiң
материалдық нормаларының сақталуына тiкелей байланысты Шетелде жасалған шетелдiктердiң некесiн Қазақстан
Республикасында тану. Оған
сәйкес, егер жасалған неке бiздiң Қазақстан
Республикасының негiзгi құрылысына қайшы болатын болса,
онда шетелде шетелдiктердiң арасында неке танылмауы мүмкiн. Осы
ережеге сәйкес, жекелеген жағдайларда сауал туып отырады:
шетелдердiң заң талаптарын сақтай отырып жасалған
полигамдық неке бiздiң мемлекетте танылуы мүмкiн бе?
Бiздiң заңнама бойынша, мұндай неке бiздiң мемлекетте
танылмайды деп айтуға болмайды, бiрақ мұндай некенiң
болуы, кез келген басқа некенiң болуы сияқты
Қазақстан Республикасында некенi жасауға кедергi болып
табылады. Некенi жарамсыз деп тану. Қазақстан
Республикасында шетелдiк пен бiздiң азамат арасында жасалған неке
бiздiң заңнама ережелерiне сәйкес жарамсыз болып табылуы
мүмкiн, өйткенi бұл тұста некенiң жасалу орны
үлкен маңызға ие болып табылады. Кейбiр жағдайларда
жалған(фиктивный) некелер де кездесiп қалады. Ол бiздiң
заңнаманың талаптарын айналып өту мақсатында жасалады.
Мысалы, Қазақстан Республикасына кiру-шығу ережелерiн айналып
өту мақсатында.
Ерлі –
зайыптылардың жәке және мүліктік
құқытық қатынастарының тоқтатылуын
некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда
айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына
байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің
бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені
тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады: Ерінің қайтыс
болуы соттың ерлі – зайыптылардың
біреуін өлді деп жариялауы
некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің
тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады. Ері
қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі
өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен
тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге
тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің
өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де
жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін)
өлді деп жариялау жөніндегі шешімге негізделеді. Ол адамның өлгені
туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.
Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат
тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы
ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі
төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде
жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда
хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша
сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты
қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен
бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды
деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып
шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған
жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады,
бірақ тоқтатылған неке өздігінен
қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен
өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі
мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі –
зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке
тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа
некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке
қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры
түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе
бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін
тіркеуге мүмкіндік береді.Ерлі – зайыптылардың көзі тірі
кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу
арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта
заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен
және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың
біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі.
Ал сотта некені бұзу ерлі –
зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ
жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле
береді.
Некені бұзу үшін мынадай
үш шарттың болуы қажет:
1. АХАТ
органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі
өзара келісімі;
2. Кәмелетке
толмаған балаларының болмауы;
3. Бір – біріне
мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында
мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу
жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде
жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға
қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып –
тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен
айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі
ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі – зайыптылардың
өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен
қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші
бойынша некенің бұзудың қарабайыр
оңайлатылған тәртібін де белгілейді. АХАТ
органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың
себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін
мерзім беруге қақысы жоқ.
Некені сот тәртібімен бұзу.
Ол мынадай жағдайларда іске
асырылады:
1. Ерлі –
зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ
балаларының болуы;
2. Ерлі –
зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің
болмауы;
3. Егер ерлі –
зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан
жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса,
т.б.;
4. Ерлі –
зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
Некелік одақтың
тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан
да соттарға заң арқылы ерлі
– зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану
міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру
мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана.
Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және
балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін
болса, онда сот некені бұзады. [3].
Егер сот неке біржолата
бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол
істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға
татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады.
Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына
қарай бегілейді. Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары
нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің
бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске
асырылады. Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке
толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың
кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда,
бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының
біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата –
анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде
(егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның
өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың
мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың
мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын
қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай
қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде
және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде
әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды». Айырылысатын
жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі
мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ
ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді
бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі.
Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі
қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың
не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.Сот
тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу
туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.
Некені тоқтатудың
құқықтық салдары.
Жоғарыда айтылғандай, некені
бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған
кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады.
Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара
қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір
құқықтық қатынастар бірден
тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін.
Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері
бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен
байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік
тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген
жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың
ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды.
Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан
кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы
жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның
орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.
Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру
құқығын туғызады. Ажырасу жолымен
некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты
құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды. Қазақстанда
тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы
ғана неке деп танылады.
Болашақ ерлі – зайыптылардың
өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке
қиюдың басты шарты болып табылады.
Ерлі – зайыптылар арасындағы
қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік
қағидаларына негізделеді Азаматтық
некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты
заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар
әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды. Мемлекет аналар мен балалары қолдайды,
отбасын қорғауға алады.
Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік
құқытық қатынастарының тоқтатылуы
некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда
айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не
ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей
қалауымен тоқтатылады. Ажырасу
жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп
бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Алматы, 1995ж 30тамыз. (1998 және 2007ж өзгертулер мен
толықтырулар енгізілген).
2.«Неке және отбасы туралы»
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 321-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
3. А.М. Нечаева.
Новый семейный кодекс. Государства и право