Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

 «Психология және коррекциялық педагогика»

кафедрасының  оқытушысы. Педагогика ғылымының магистры

Камзина Әйгерім Мейрғалиқызы

Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Дефектология» мамандығының 3-курс студенті

Елубай Айгүл Елубайқызы

Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептерде балаларды, қоғам-еңбек іс-әрекетіне дайындап, оларға білім мен дағдыны ғана қалыптастыру емес, сонымен қатар, адамгершілікке, әлеуметтік ортадағы, ортадағы адамдардың жақсы қасиеттерін, яғни еңбек сүйгіштікке, коллективте және коллективпен жұмыс істеуге, тәртіптілікке, қоғамдық мүліктерді қастерлеуге көзқарастарын қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, табиғатты қорғауға, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, жан-жануарлармен өсімдіктерді қастерлеуге үйрету- мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің міндеттері. Арнайы мектептегі тәрбиелеу мен оқытудың объектісі ол қалыпты жағдайдан және психикалық дамуы бұзылған балалар,яғни естімейтін және нашар еститін балалар. Бұл міндеттерді шешу үшін жүйелі түрде коррекциялық шаралар жасау, есту кемістігі бар балалардың кемістігін жақсарту, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін жоспарлап жүргізу керек. Естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің өмірін жаңарту, әлеуметтік, әдептілік үшін күресте қандай да болмасын қиыншылықтарға мойымай, дұрыс берілген тәрбие арқылы жеңуге болады. Адамгершілік нормалар, ұғымдар мен мәселелер естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің мінез-құлқына терең әсер ете отырып, олардың сезімін оятып, рухани дүниесіне, танымына ықпал етеді. Естімейтін және нашар еститін оқушылардың абзал адамгершілік саналарын қалыптастыруда әлеуметтік орта, адамдармен қарым-қатынас, теледидар, әдебиет,өнер, тағы да басқалар әсер етеді. Әдетте бұл процесті орындауда жанұя, ата-ана, мұғалім, тәрбиешілер маңызды рөл атқарады.

Жанұя ортасы- әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Гүл күнге қарап өсетін сияқты, бала да тәрбиешінің мінез-құлқына қарап, ер жетеді.

Тәрбиешілер, ең алдымен, өзі үлгі болатындай етіп, өз-өзін тәрбиелеуі керек. Әр баламен жеке дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласу тәрбиешінің ғанибетті ісі. Әр тәрбиешінің бойында, естімейтін және нашар еститін балаларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі, елеулі рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығының, өмірдің әр қырының жағымды үлгі-өнегесі болуы қажет.

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің тәрбие принциптері. Тәрбие принциптері- тәрбиеші басшылыққа алуы тиіс тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбие принциптері бірнеше түрге бөлінеді:

·                        Тәрбиенің идеялылығы, мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады.

·                        Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен қоғам құрылысының практикасымен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні- қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдау болып табылады.

·                        Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.

·                        Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптармен көрсетілетін құрметтің бірлігі.

·                        Тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі.

·                        Тәрбиенің оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептерде балаларды, қоғам-еңбек іс-әрекетіне дайындап, оларға білім мен дағдыны ғана қалыптастыру емес, сонымен қатар, адамгершілікке, әлеуметтік ортадағы, ортадағы адамдардың жақсы қасиеттерін, яғни еңбек сүйгіштікке, коллективте және коллективпен жұмыс істеуге, тәртіптілікке, қоғамдық мүліктерді қастерлеуге көзқарастарын қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, табиғатты қорғауға, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, жан-жануарлармен өсімдіктерді қастерлеуге үйрету- мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің міндеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.                     « Сурдопедагогика» под.ред. А.И.Дьечкова.

2.                    « Специальная дошкольная педагогика» Н.И.Белова. Москва Просвещение 1985 год.

3.                    « Обучение и воспитание глухих детей» под.ред. С.А.Зыкова Москва 1963 г.

4.                     « Развитие, обучение и воспитание глухих детей»

5.                     « Воспитательная работа» под.ред. С.Б.Хмырова Москва 1962 год.