Психология/Педагогическая психология
Психол.ғ.к, доцент Абдрахманова
Р.Б,
«Педагогика және
психология» мамандығының
магистранты Сауданбекова С.А.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҮРДІСТЕРІНЕ МАЗАСЫЗДАНУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ӘСЕР ЕТУІ
Бастауыш сынып оқушыларының арасында өзара қарым
–қатынасына тән белгі – мазасыздану деңгейі болып табылады.
Мектептік мазасыздық – бұл бастауыш сынып
мұғалімдері мен мектеп психологы көп кездестіретін типтік
мәселелердің бірі. Ол ерекше көңіл аударуды қажет
етеді, себебі, баланың мектептік дезадаптация белгілерінің
айқын көрінуімен, яғни оның барлық өмірлік
іс-әрекеттеріне жағымсыз әсер етеді: тек сабағына
ғана емес, мектептен тыс жерлердегі қарым-қатынасына,
денсаулығына, психологиялық саулықтың жалпы
деңгейіне әсер етеді. Бұл мәселе мектеп өмірінде
мынадай жағдайда қиындай түседі, яғни
мазасыздықпен белгіленетін балалар мұғалімдер мен ата-аналар
үшін «ыңғайлы» болып келуі: олар әрқашан
сабақтарын дайындайды, педагогтардың барлық тапсырмаларын
орындауға тырысады, мектепте жүру ережесін бұзбайды. Бір
жағынан бұл мектепте жоғар мазасыздықтың
туындауының бір ғана түрі емес, сонымен қатар бұл
ата-аналар мен мұғалімдер «бағынбайтын»,
«алаңғасар», «тәртіпсіз» деп бағалайтын
"қиын" балалардың да мәселесі.
Мектеп психологтарының тәжірибесі бұндай
мәселелердің алыдн алу үшін бастауыш сыныптардан бастап
жұмыс жасау керек. Қазіргі заманғы мектеп балаға
жаңа, қиындатылған талаптар қоюда. Мектепке келу
сәті, бастапқы бейімделу кезеңі, білім беру мекемесі
көрсеткен ережелерді меңгеру, баланың эмоционалды
жағдайының тұрақтылығын бұзатын
стрессогенді факторлар болып табылады. Бастауыш сыныптағы
оқушыларға жүргізілген көптеген зерттеулер мектепке
дейінгі жаспен салыстырғанда невротикалық реакциялардың
жоғарылауына әкеліп соғады; сонымен қатар, мектепке
келгенде мазасыздық деңгейі сезіледі, яғни жаңа
жағдайға байланысты реакциясы – өзін жаңа өмір –
оқуға кірістіруі.
Мектеп бейімсіздіктің туындауына бастауыш сынып
оқушыларының әсеріне қарамастан, оқушылардың
нақты бір топтағы әлеуметтік және психологиялық
сипатының арақатынасын зерттеумен байланысты болатын жеке
сипаттағы сұрақтар әлі де болса жетік
қарастырылмаған.
Мазасыз балалар өздерінің сәтсіздіктеріне өте
сезімтал болып келеді, тіпті өзінің ссүйікті
іс-әрекетінен бас тартуға дейін барады. Мұндай
балалардың сыныпта және сыныптан тыс кездегі тәртібінің
айырмашылығын байқауға болады. Сабақтан тыс
уақытта олар, қарым-қатынасқа тез түседі, ал
сабақ уақытында тұйық әрі қысылып отырады.
Тәрбиешінің сұрақтарына ақырын дауыспен жауап
береді тіпті, кейде тұтығуы да мүмкін.
Олардың сөздері асығыс, тез болуы да және
ақырын, қиналған болуы да мүмкін. Ережеге сәйкес
ұзақ қозу пайда болады: киімдерін жұлқылайды, бір
нәрсемен айла-шарғы жасайды.
Мазасыз балалар невротикалық сипаттағы (тырнағын
тістелеу, саусағын сору, шаштарын суыру) зиянды әдеттерге бейім
болып келеді. Өзінің денесімен манипуляция жасау олардың
эмоционалды күйзелісін төмендетеді, тыныштандырады.
Мазасыз балаларды анықтауда сурет салу көмектеседі.
Олардың суреттері қатты басу, сызықшалар жүргізу
және суретті кішкентай мөлшерде салынуымен ажыратылады.
Мазасыз балалардың түрлері байсалды, көздері төмен
қараған, орындықта ұқыпты отырады, артық
қимыл жасамауға, шуламауға, басқалардың назарын
өзіне аудартпауға тырысады. Мұндай балаларды
ұялшақ, сыпайы деп атайды. Ата-аналар мұндай балаларды
өздерінің бұзық балаларына үлгі ретінде айтады.
Жаңа әлеуметтік өмір бала өмірін өзгертіп, ол
үшін күйзеліс ретінде әсер етеді. Әр баланың
эмоциялық күйлері өзгереді, психикалық күйзеліс артады және ол
баланың денсаулығы мен әрекетіне әсер етеді.
Баланың жаңа жағдайларға бейімделу сипаты мен
ата-анасының өзіне деген қатынасы тұлға сезімін
қалыптастырады. Осылайша, бастауыш мектеп жасында балада жаңа
мәртебесі пайда болуымен ерекшеленеді: енді бала – оқушы әрі
жауапты адам.
Мектепке
келген алғашқы күннен бастап, бала сыныптастарымен және
барысында бұл өзара әрекеттестік белгілі бір динамикаға
және дамудың заңдылықтарына ие болады.
Мектепке
бейімделу кезеңінде, жаңа мектептік әсерлердің
көптігінен І-сынып оқушыларында сыныптастарымен
қарым-қатынас жасау, әдетте, екінші жоспарға шегінеді.
Балалар өздерінің жаңа мәртебесі мен міндеттеріне
беріліп кететіндері соншалықты, сыныптастарын байқамайды да.
І-сынып оқушылары алғашқыда бір-бірімен
өзара тікелей байланысқа түсуден қашады, олардың
әрқайсысы «өзімен өзі» болады. Балалар өзара
байланысты, педагогтың көмегімен құрады. Я.Л.Коломинский І-сынып
оқушыларының мектептік өмірін бақылаудан
төмендегідей үзінділер келтіреді: «Егер оқушылардың
ішінен кімде-кім қаламсабын алып келуді ұмытып кетсе (ал
сабақта жазу керек болады), ол құрдастарының біреуінен
артық қаламсап берулерін өтінбейді. Оқушы әдетте
үндемей отырады, кейде, мұғалім оның шарасыз
жағдайын байқауынан үміттеніп, жылайды. Мұғалім
оны байқап, кімде артық қаламсап бар екенін сұрап,
сыныпқа қарайды. Артық қаламсабы бар оқушы оны
құрдасына өзі бермейді. Ол қаламсапты мұғалімге
береді. Мұғалім оны қаламсабын ұмытып кеткен
оқушыға береді».
Бастауыш мектеп оқушысы
– қарым-қатынас дағдысын белсенді меңгеретін адам.
Бұл кезеңде достық байланыс қарқынды
құрылады. Құрдастары тобымен әлеуметтік
өзара әрекет дағдысын жинау мен достар таба білу - бұл
жас кезеңіндегі дамудың маңызды міндеттерінің бірі
болып табылады.
5-7 жастағы балалар үшін
құрбылары – бұл ең алдымен, өздері ойнайтын,
өзгелерге қарағанда жиірек көретін балалар болып
келеді. Құрбыларды таңдау сыртқы себептермен анықталады:
балалар бір партада отырады, бір үйде көрші тұрады т.с.с.
Бұл жаста балалар тұлғаның
қасиетінен гөрі, оның мінез-құлқына
көп көңіл аударады. Бұл кезеңде достық
байланыстар берік емес және
ұзақ та емес, олар жеңіл пайда болып, тез үзіліп
қалады.
Сыныптағы жеке қатынастар
жүйесінде сәтсіз жағдайдағы оқушылар тобы да
кейбір ұқсас сипаттамаларға ие: мұндай балалар
құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге
қиналады, сыйыспайды, сотқар, тұрақсыз,
қырсық, дөрекі, тұйық болып келеді; өсекші,
мақтаншақ, сараң; бұлардың көпшілігі
ұқыпсыз, салақ. Аталған жалпы қасиеттер кіші
мектеп жасының түрлі кезеңдерінде нақты ерекшеліктермен
көрінеді.
Жоғары социометриялық мәртебеге ие
І-сынып оқушылары үшін төмендегідей ерекшеліктер
неғұрлым мәнді болып табылады: әдемі сыртқы
келбет, сынып белсенділерінің қатарында болу, заттарымен,
тәттілерімен бөлісуге дайын. Бұл жаста екінші орынды
жақсы үлгерім мен оқуға жақсы қатынас
алады. Сыныптағы танымал балалар
үшін дене күші де айтарлықтай маңызға ие.
Құрдастары үшін
«тартымсыз» бірінші сынып оқушылары: сынып белсенділерінің
қатарында жоқ, салақ, оқуы және
мінез-құлқы жаман, достықта тұрақсыз,
тәртіп бұзғыштармен достасатын, жылауықтық
сияқты ерекшеліктермен сипатталады.
Жасы өскен сайын балалар
құрдастары тобындағы өзінің жағдайын
дұрыс түсіне бастайды. Бірақ, бұл жас
кезеңінің соңында, ІІІ-сынып оқушыларында
өзінің әлеуметтік мәртебесін қабылдауының
дұрыстығы бірден төмендейді. Ол тіпті мектепке дейінгі
жастағы балалардың қабылдауынан да төмен болады: сыныпта
сәтті жағдайға ие балалар жеткіліксіз бағалауға
бейім болады да, керісінше, сәтсіз көрсеткіштерге ие балалар,
әдетте, өз жағдайларын қанағаттанарлық деп
есептейді. Бұл кіші мектеп жасының соңында
тұлғааралық қарым-қатынастың өзі де,
оны түсіну де өзіндік сапалы қайта құрылатынын
дәлелдейді. Мұның осы кезеңде құрдастары
тобында нақты бір жағдайға ие болуға
қажеттіліктің пайда болуымен байланыстылығы сөзсіз. Осы жаңа
қажеттіліктің ширығуы мен құрдастырының
пікірінің мәнділігі тұлғааралық
қарым-қатынас жүйесіндегі өзінің орнын
бұрыс бағалаудың себебі болып табылады.
Қарым-қатынастар жүйесі әрбір
адам үшін неғұрлым эмоциялық бояуға
қанық болып келеді. Өйткені ол адамның
тұлға ретіндегі бағалануы және мойындалуымен
байланысты. Сондықтан, құрдастары тобындағы
қанағаттанарлықсыз жағдайына балалар өте
терең қобылжиды да, бұл жиі бұрыс аффективті
реакциялардың себебіне айналады.
Бастауыш
мектеп оқушыларында пайда бола бастаған қарым-
қатынастардың қалыптасуында мұғалім шешуші
рөл атқарады. Мектепте оқытудың бастапқы
кезеңінде, балаларда әлі өзіне және сыныптастарына
өзіндік қатынасы мен бағалауы қалыптасып
үлгермейді. Осы кезде, олар сөзсіз мұғалімнің
бағалауын қабылдап, меңгереді. Бұл балалар үшін
жоғары бедел болып табылады.
Құрдастарымен достық қатынасты
орнату үшін балада дербестік, өзіне сенімділік, бастамашылдық
сияқты қасиеттердің болуының үлкен маңызы
бар. Олардың негізі жағымды өзін-өзі бағалау
болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балада, әдетте,
өзінің оқуға қабілетіне және жалпы
мүмкіндігіне қатысты белгілі бір өзін-өзі
бағалауы қалыптасады. Әрине, неғұрлым сәтті
нұсқа - өзін-өзі бағалауының жеткілікті
жоғары және дұрыс болуы. Мұның
шарты баланың өз қабілетін білуі мен оны іске асырудағы
мүмкіндігін шамалауы болып табылады. Баланың «мен мынаны
және мынаны істеймін және істей аламын, ал мынаны
басқалардың бәрінен жақсы істей аламын» дегенді білуі
өте маңызды.
Баланың іскерлігі түрлі салада
көрініп, түрлі сипатқа ие болуы мүмкін. Бастысы,
бұл іскерлік ересектердің де, құрдастарының да
алдында құнды болса болғаны.
Ересектердің міндеті - әрбір
балаға өзінің күш-қуат мүмкіншілігін іске
асыруға, өзі және сыныптастары үшін, әрбір
оқушының іскерлігінің құндылығын
ашуға көмектесу.
Бастпауыш
мектеп оқушысының қарым-қатынас аймағының
екінші бағытын ересектермен өзара әрекеттесу
құрайды. Мектепте «бала –
ересек адам» жүйесі екіге бөлінеді: «бала - мұғалім»
және «бала – ата-ана» жүйелері пайда болады.
«Бала - мұғалім» жүйесі
баланың ата-анасымен де және балалармен де
қарым-қатынасын анықтай бастайды. Мұны Б.Г.Ананьев,
Л.И.Божович, И.С.Славица да эксперименттік түрде дәлелдеген.
Жақсы мінез-құлық пен «бестік бағаның»
балалардың ересектермен де, балалармен де қарым-қатынасы
үшін маңызы зор. Ересектердің ең алдымен сұрайтыны:
«Сен қалай оқисың?» деген сұрақ. «Бала -
мұғалім» жүйесі бала өмірінің орталығына
айналып, өмір жағдайындағы барлық сәттіліктер
жиынтығы соған байланысты болып қалады.

Алғаш рет «Бала - мұғалім» қатынасы «бала -
қоғам» қатынасына айналады. Отбасындағы өзара
қарым-қатынас шеңберінде теңсіздік пайда болады.
Мектепте «заң алдында бәрі бірдей» деген қағида бар.
Мектепте ең басынан бастап, қабылданған ережеге
негізделген, анық айқындалған, қатынастар жүйесі
құрылған. Мұндай қатынастар жүйесін
құру өте қиын. Гегельдің сөзімен
айтқанда, мектепке келу – бұл адамды қоғамдық
нормаға әкелу. Мектепте заң барлығы үшін бірдей.
Д.Б.Эльконин: «Бала мұғалімнің өздеріне қатынасы
қандай екенін тез аңғарады: егер бала
мұғалімнің ерекше «сүйіктілері» бар екенін
байқаса, ол мұғалімнің сый-құрметі
түсті дей беріңіз» деп, дәріптеген.
Алғашқы уақытта балалар мұғалімнің
нұсқауларын бұлжытпай орындауға тырысады. Егер
мұғалім ережеге қатысты адалдықты бұзып алса,
онда ереже баланың ішінен де бұзыла бастайды. Бала өзге (сол)
балаға оның өзі мұғалім ендірген эталонға
(үлгіге), өлшемге қалай қарайтындығы
ұстанымында қарым-қатынас жасайды.
«Бала
- мұғалім» жағдаяты баланың бүкіл өміріне
енеді. Егер мектепте жақсы болса, демек, үйде де,
құрдастарымен де бәрі жақсы болады.
Алғашқы
белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы
кездерiнен iздеу керек.
Жалпы
жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның
қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен
қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және
оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала
мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары,
оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi
байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң
мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң
қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп
және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi.
Ересек адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен,
iс-әрекетпен әсер ете алса,бала
мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң
қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен
қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала
мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi.
Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа
адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында
пайда болады.
Баланың
мiнезiнiң қалыптасуына ересек адамдардың бiр-бiрiмен
қарым-қатынас жасау үлгісі, сонымен қатар
үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау
ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл
ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына
байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы
баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау
ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.
Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi
қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк,
көпшiлдiк, қайырымдылық және оған
қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық.
Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде
көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi
белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде
қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай
дамып, тұрақталады.
Бастауыш мектеп жасындағы
баланың
қарым-қатынасы оқу үрдісінде жүзеге
асады. Бұл жастағы балалар
өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте
ашық болады.
Бастауыш мектептегі оқушылардың
қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді.
Осы жастағы балаларды қандай
да болсын бір іске оп-оңай
тартуға жеңіл. Бұл
кездегі балалар қиын істерді
құштарлықпен орындайды. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле
қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады. Кеңестік
психологтар зерттеулері бойынша бастауыш мектеп жастағы оқушыға
мектептегі барлық
жағдайлар
қызықтырады, яғни жаңа адамдар (сыныптағы
оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп, сынып)
іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б.
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара
қарым-қатынасына тән белгі – олардың достығы,
әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен
кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш
мектеп оқушылары үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады.
Дамыған ұжымға баланың
қарым-қатынасының өріс алған жүйесі,
оның басқа адамға
ерекше қарым-қатынасы
іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының
сипатын сапалы өзгертуге
негізделген ұзақ үрдіс.
Бастауыш мектеп оқушылары арасындағы
қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық
таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық
тапсырманы бөлетін мұғалімдер болып табылады.
Оқушының қарым-қатынасының өріс
алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше
қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың
қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген
ұзақ үрдіс. 1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары
арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың
таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық
тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды.
Психологтар бастауыш мектеп жасындағы
оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы
оқу іс-әрекетінің мәніне
ерекше көңіл бөліп, осы
мәселенің "оқушының ішкі позициясын қабыл алу",
"оның
танымдық және адамгершілікті күштерінің дамуының
жаңа көздерін ашатын, мінез-құлық мотивтерінің
өзгерісі".
Н.Ф. Добрыниннің ойынша баланың" мектепте оқу
міндетін" сезінуде қамтылған қоғамдық орнының
өзгерісі сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді.
Бастауыш сыныптағы
оқушыларды
зерттейтін кеңес
психологтары (Л.С. Выготский, И.В. Дубровина, Н.Ф. Добрынин) теория
және эксперимент жүзінде, осы
жастағы балалардың жеке
тұлғасының дамуын, оның оқуға қатысы
мен балаларың танымдық қызығушылықтарының
адамгершілік қасиеттерінің, қабілеттерінің, эмоционалды
сферасының дамуы арқылы
ересектермен, құрдастарымен өзара қатынастары
арқылы жүзеге асатындығын дәлелдеген.
Әдебиеттер:
1. Астапов В.М. Функциональный подход к
изучению состояния тревоги // Психологический журнал. - 1992. - № 5. - С.
111-117.
2.
Божович Л.И.,
Личность и ее формирование в детском возрасте. — СПб.: Питер, 2008. —
400 с.
3. Выготский Л.С. Педология подростка.
М.: Педагогика, 1982. 480 с.
4. Формировшше личности в переходный период от
подросткового к юношескому возрасту Под ред И.В.
Дубровиной. М., 1987. 231 с.
5. Лисина
М.И. Формирование личности в общении
ВКН. Психолого педагогические проблемы
становления личности и индивидуальности в детском возрасте (под.ред.
В.В.Давыдова, И.В.Дубровина) М. 1980. – 146 б.