ҚҰРЫЛЫС  САЛАСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ  БӘСЕКЕГЕ

 ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

 

Әлібекова А.Б.- аға ақытушы, э.ғ.к., Алибеков Н.Б. – докторант, Примжанова А.А.- аға оқытушы, Ахметова Г.Я.- аға оқытушы

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты

 

 Құрылыс – бұл мемлекет экономикасының өзіндік жеке саласы, яғни әрекетке жаңа объектілерді, сонымен қатар, өндірістік және өндірістік емес объектілерді қайта құру, кеңейту, жөндеу және техникалық жабдықтарды енгізу болып табылады. Бұл ел экономикасының динамикалық дамуы үшін құрылыс саласында шарттарды құруын қарастырады.

Материалды өндірістің саласы ретінде құрылысты басқа салалардан өзгешелейтін бірнеше ерекшеліктері бар: оның соңғы өнімі, еңбектің  арнайы шарттары, қолданылатын арнайы техникасы, технологиясы, өндірісті ұйымдастыру, басқару және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Көрсетілген ерекшеліктер жабдықталатын объектілердің белгісіне тәуелсіз барлық салаға тиесілі жалпы және бөлек құрылыс министрліктеріне сипатты, арнайы болып бөлінеді.

Құрылыстың дамуы оның тиімділігін жоғарылату жолдарын құру негізінде жүргізіледі. Оның негізгі бағыттары келесілер болып табылады: салынатын ғимараттар мен мекемелердің жинақтылығын жоғарылату мақсатында өндірістің стационарлы шарттарына, технологиялық бөлігінің орындалуын құрылыстық алаңдардан зауыттарға ауыстыру; ғимараттар мен мекемелердің технологиялық-жобалық шешімдерін жақсарту, оларды әрі қарай түрлерге бөлу және біріктіру; құрылыстың дайындығының жоғары деңгейі мен құрылыс ұйымдарының зауыттарында немесе қосалқы цехтарында  құрылғыларды, бұйымдарды, бөлшектерді және материалдарды механикаландырылған ағымдық өндіріс; технологиялық операцияларды және ғимараттар мен мекемелерді салу үрдістерін механикаландырылған ағымдық орындау, құрылыстық жұмыстардың үздіксіз өндірісін қамтамасыз ету мақсатында құрылыстық материалдарды және құрылғыларды жеткізу [1].

Құрылыс кәсіпорыны көбінде өз қызметінің мақсаттары мен міндеттерін дербес анықтайды және қалыптастырады, дамудың стратегиясы мен тәсілін өңдейді, қаржылық қаражаттарды іздейді, еңбектік ұжымды қалыптастырады, еңбектің қаражаттары мен заттарын иемденеді, сонымен қатар, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру, өзінің бөлімшелерінің қызметін реттеу, әлеуметтік шиеленісті төмендету бойынша көптеген ұйымдастырушылық сұрақтарды шешеді.

Құрылыс саласындағы кәсіпорындар нарықтық экономиканың келесідей қағидаларын қолданады: кәсіпкерлік еркіндігі, толық шаруашылық дербестігі; жеке меншіктің әр түрлі формаларын қолдану; еркін бағалар; монополияға қарсы әрекет; ішкі нарықтың мүмкіншілігі (сыртқы нарыққа шығу еркіндігі); шаруашылық қызмет субъектілердің арасындағы келісім-шарт түрлері.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа шарттарында құрылыс кәсіпорындарының стратегиясын және әдісін таңдау мынадай көрсеткіштермен шарттастырылған: құрылыс өнімінің тапсырыс берушілер тарапынан ресурстардың жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеуі; құрылыстық материалдар, энергия, көлік және тағы басқа қызмет көрсету бағасының өсуі құрылыс-монтаждық жұмыстардың қымбаттауына және құрылыс объектілерін салу мерзімі ұзаруына әкеледі.

Құрылыс нарығының барлық субъектілері мен оның инфрақұрылымның элементтері өзара байланыста және өзара қатынаста болады. Құрылыстық кешен нарығы, бұл нарыққа қызмет көрсететін жетілдірілген ақпараттық жүйе кезінде ғана тиімді жұмыс жасайды. Осыған ұқсас жүйені жетілдіру қажеттілігі құрылысты материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімінде қажет етеді. 

Құрылыс нарығының ақпарат жүйесінің басты міндеті мыналар болып табылады:

- тапсырыс берушілер (инвесторлар) жағынан құрылыс өнімдеріне қажеттіліктерін білу;

- банктік ақпаратарға қатысты құру;

- құрылыс-монтаждық ұйымдардың өндірістік мүмкіндіктері туралы олармен орындалатын жұмыстарының ерекшелігі, олармен жасалатын жұмыстарының құны туралы (құрылыс-монтаждық ұйымдар бойынша банк мәліметтері) ақпаратқа ие болу;

- жобалық жұмыстардың құндылығы туралы, жобалық және іздестірушілік ұйымдардың мүмкіндіктері туралы ақпаратқа иелік ету;

- шығарылатын құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкция (құрылыстық материалдар өнеркәсібінің кәсіпорын банкі) бағалары, сапасы, номенклатурасы және көлемдері туралы ақпаратқа ие болу;

- құрылыс машиналары мен механизмдердің нарығы бойынша ақпаратқа ие болу;

- құрылыстағы еңбек нарығы бойынша ақпаратқа иелік ету;

-коммерциялық дәлелділігі бар инвестициялық жобалар туралы ақпаратқа иелену;

- жылжымайтын мүлік нарығымен өзара байланысы;

- орталықта және жергілікті жерлердегі құрылыс өнімі, механизмдер, машиналар, құрылыс материалдары, қаржылық (инвестициялық) ресурстар, жобалары бойынша тендер (сауда-саттықты) өткізу үшін жағдай жасау;

- орталық және жергілікті әкімшілік мекемелермен өзара әрекеттесу [2].

Демек, құрылыс нарығының ұйымдық құрылымы, біріншіден, өндірістік құрылым ретінде көрінбейді, ол құрылыс қызметі аумағындағы ақпараттық қызметті ұсынатын ұйым ретінде көрінеді. Бұл жаңа ұйымдық құрылымдарға жергілікті және орталық әкімшілік мекемелерімен, коммерциялық  құрылымдарымен, банктермен және экономикалық ынтымақтастық түрлерін қарастырады. Бұл мемлекет субъектілерінің тиімді инвестициялық саясатын және ипотекалық қызметін жетілдіруге көмектесер еді.

Құрылыс кәсіпорнының басқару стратегиясы тіркелген кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және оған мемлекеттік реттеудің негізіне тәуелді болып келеді.

Құрылыстағы бәсекелестіктің негізгі мақсаты тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға негізделген. Кәсіпкерлердің тиімді бәсекелестігі үшін тек жоғары сапалы өнім шығару қажет емес, сонымен бірге оның техникалық деңгейін жоғары көтеру қажет.

Құрылыс саласын мемлекеттік басқарудың инновациялық саясатын өткізу шараларын қабылданған мемлекеттің құрылымдық саясатының баға саясатымен үйлесімі және қаржылық өндірістік топтардың қалыптасуымен негіздеуге болады. Құрылыс саласындағы инновациялық-индустриалды қызметтің стартегияларын жүзеге асырудың негізінде қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық және техникалық нәтижелер жиыны бизнес жоспарлардың күрделі бөлігі болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер:

1. Государственная Программа развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы. -Строительный Портал Казахстана. 2006. – С.9.

2. Проект программы «Основные направления градостроительного развития Республики Казахстан на период до 2010 года», Астана. 2008. –С.17.

3. Масянова Н.Н. Рынок недвижимости: вопросы теории и методологии. автореф. … к.э.н.: 08.00.01. 2004. –С.30.