Койбағарова С.Т., Егембердиев Р.А., Туралиева Н.
Жеке кәсіпкерліктің экономикалық механизмін жетілдіру
жолдары
Үкімет шағын және орта бизнестің дамуына
айрықша қолдау көрсетуде. Аталған саланы дамытуға
бағытталған көптеген жобалар іске қосылды.
Елбасының
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық
саланы одан әрі жетілдірудің басты көрсеткішіне айналды.
Сонымен
қатар, «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына
жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік
әлеуметтік саясаттың 20 басымдығы тұжырымдалды.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының
стратегиялық бағытын анықтайтын негізгі құжат
болып танылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14
желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында
«Қазақстан–2030» стратегиясының ережелеріне
тұжырымдамалық баға бере отырып,
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті
көзқарасын білдірді. Шағын бизнестің дамуы ел
экономикасының дамуы.
Республикамызда шағын бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды
жүргізу керек:
- салық салу базасын жетілдіру;
- салықтың түрлерін анықтауға қатысты
салық заңдарына өзгерістер енгізу;
- қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын
салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті
салықты төлеуді жетілдіру;
- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық
мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін
пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық
өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды
тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;
- шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін
лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен
бірге, кепілдік қорларды құру және өзара
несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.
Шағын кәсіпкерлікті
қолдаудың негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік-
экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер
жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына
ықпал ету.
Өтпелі экономикада шағын кәсіпкерлік пен бизнестің
біртіндеп қалыптасуы – заңды құбылыс. Мемлекет
тарапынан жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді уақыттың
өзі түзеп отыратыны да белгілі. Республикалық,
аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік
қолдау механизмдері нарық экономикасының ең белсенді
бөлігінің – шағын кәсіпкерлік пен бизнестің
дамуына даңғыл жол ашады.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті аймақтық дамыту,
ең алдымен, өндірістік секторды көтеруге, шағын
кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын
дамытуға, жаңа жұмыс орындарының неғұрлым
көп санын құруға, жергілікті атқарушы
органдардың кәсіпкерлік орта мен неғұрлым жоғары
деңгейде өзара іс-қимыл жасауына бағытталатын болады.
Аймақтарда шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту тек халықты
жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың
әлеуметтік, рухани, экономикалық іргелі мәселелерін шешуге
ықпалын тигізеді. Жастар арасында жұмыссыздық салдарынан
кездесіп жүрген нашақорлық, ішімдіктерге бой алдыру
сияқты қоғамға жат қылықтарды болдырмауға
шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың және
қолдаудың әсері мол деп санаймыз.
Жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес
арқылы қалыптастыру – халықты кәсіпкерлік қызмет
саласына да белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді.
Мұның өзі аймақтардағы өмір сүру
деңгейін көтеруге ықпал етіп, ондағы
тұрғындардың жұмыссыздық салдарынан ірі
қалаларға көшуін тоқтатады. Осыған орай
жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлік пен
бизнесті қолдау және дамыту үшін нақты іс – шараларды
дайындаумен қатар, алдағы жылдардағы оның даму
стратегиясын үкімет стратегиясы негізінде әзірлеуі тиіс.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуда мамандар даярлау,
олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау – кәсіпкерлік
тәуекел дәрежесін төмендетумен қатар, оның
нарық талаптарына сәйкес жоғары нәтижемен жұмыс
істеуіне көмектеседі.
Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты
жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу,
еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп
ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын
кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен
Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық
және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше
заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар
жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында
шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды.
Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске
асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке
тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып,
дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Шағын
кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір
қаржы-қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты
құралдардың бірі. Осындай кәсіпкерліктің
болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді.
Шағын кәсіпкерлік бәсеке күресін
қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез
келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық
экономикасы жағдайында бірінші кезекте тұратын маңызды
ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты
жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөль
атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның
үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің
50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді.
Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады.
Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір
бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында
немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті
қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік
субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын
барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол
қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ
ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет
атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір
тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.
ҚР Тұңғыш Президентінің
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа
Жолдауында «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау -
ұлттық экономиканың бастапқы қуаты» екендігін
атап өтті.
Ауыл аймақтарындағы,
сондай-ақ жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін
қаржылық қолдау көлемдерінің жыл сайынғы
өсуімен зор мүмкіндіктер ашылып отыр.
Қазақстан Республикасында
шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері:
шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты
жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын
шешу және еңбекке деген ынталығын дамыту, тұтыну
нарығын мол ассортиментті товарлармен және қызмет етумен
толтыру. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері:
Қазақстан азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына
қолайлы құқықтық және
экономикалық жағдайлар жасау мақсатымен мынадай шаралар
көзделген: - жеке адамның және семьялық
кәсіпкерліктерін, шаруашылық қожалықтарының
істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік
беретін заңдармен қамтамасыз ету; - шағын бизнес субъекттерін
мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу. Бұл
тіркеудің мерзімін және ақысын қысқарту,
қажетті жоғарғы қорының көлемін азайту,
шағын кәсіпкерлер меншігіне мемлекеттік меншікті ақысыз беру;
- мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес
субъекттерінен қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін
қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен
жағдайларды жою. Бұған тек заңда бекітілген айыптар,
өсімдер және басқа санкциялар жатпайды; - материалдық
өнімдер өндірісімен шұғылдалатын шағын бизнес
субъектілеріне салық және кеден ақысын төлеуге
жеңілдіктер беруді өрістету. айрықша қажеттіліктерді
(пәтерлерді жөндеу, ксерокөшірме, көлік жөндеу,
ұсақ сауда т.б.) қанағаттандыру мүмкіншілігі,
өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; жаңа тауарларды,
жұмыстардың жаңа тәсілдеріне тез Қазақстан
Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді
шаралар белгіленген.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың жолдауы;
2. ҚР №56-V26.11.2012 «Шағын қаржыландыру
туралы» Заңы;
3. Гатаулин А.М. Микроэкономика МСХА. 2014.